Қаңлылар. саяси тарихы. шаруашылығы. мәдениеті


ҚАҢЛЫЛАР. САЯСИ ТАРИХЫ. ШАРУАШЫЛЫҒЫ. МӘДЕНИЕТІ
Қаңлылар б. д. д. 3-2 ғасырда үйсіндермен бір кезеңде сақтарды тарих сахнасынан ығыстырып, Қазақстанның оңтүстігінде үлкен тайпалық бірлестік құрды. Қаңлылардың ұлы билеушісіне бес иелік бағынышты болған. Территориясы: Қаратау жотасынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі жерді мекендеді. Қытай деректерінде халқының саны 600 мың немесе 120 мың үй делінген. Астанасы: Битянь қаласы.
Б. з. б. ІІ ғасырдың екінші жартысында қаңлылардың солтүстік жерлері ғұндарға, оңтүстігі - юечжилерге тәуелді болғаны туралы мәліметтер кездеседі. Б. з. б. 101 ж. Қаңлылар Қытай әскерлерінің басқыншылық шабуылына қарсы ферғаналықтарды жақтады. Б. з. б 85 ж. Шығыс Түркістан жерлерін иемденбекші болған қытайлықтарға қарсы көтеріліске шыққан Қашғар билеушісіне әскер жібереді. Мұндағы қаңлы саясатының жалпы бағыты Ферғана арқылы Шығыс Түркістанға өтетін сауда жолына ықпалын сақтап қалу еді.
Б. з. б 47-46 жж. каңлылардың билеушісі үйсіндерге қарсы күресте солтүстік ғұн шаньюі Чжи Чжимен одақтасқан. Оған өз қызын ұзатып, өз иеліктерінің шығыс шептерінен жер бөледі, өз әскерінің бір бөлігін оған басқаруға берген. Бірақ Чжи Чжи үйсін жерлеріне бірнеше рет шабқыншылық жасағанымен, оларды жеңіліске ұшырата алмайды. Соның нәтижесінде қаңлылар мен ғұндар арасында өзара келіспеушілік пайда болады.
Ү ғ. ортасында қаңлылардың күш-қуаты әлсіреп, Эфталит мемлекетінің құрамына енеді.
Шаруашылығы. Қаңлылар мал шаруашылығымен ( жылқы, қой, сиыр, түйе және ешкі өсірді) және суғармалы егіншілікпен айналысты. Сонымен қатар қосалқы шаруашылық ретінде аң аулап, балық ұстады. Қаңлылар Ұлы Жібек жолын өз бақылауында ұстап, Қытай, Парфия, Рим, Кавказ елдерімен тығыз сауда- саттық жасап тұрған .
Қоғамдық құрылысы. Қаңлылардың қоғамдық құрлысында мүлік теңсіздігінің шығуына байланысты Ру басшылары, ақсақалдар мен әскери көсемдер байып, үстем тапқа айнала бастады. Сонымен қатар еңбекші бұқара дәулеттілерге тәуелділікке түсіп, ал соғыста қолға түскен тұтқындар құлға айнала бастады. Қаңлы тайпаларында билік мұрагерлікпен берілді.
Мәдениеті. Қаңлыларда қабырғалы бекіністер мен лайдан салған үйлері бар қала мәдениеті дамыды. Мысалы: Ақтөбе, Көкмардан т. б. көркемдік талғаммен металл, керамикалық ыдыстар жасаған. Ыдыстар айналып тұратын тұғырда таспалау әдісімен жапсырып жасалған. Безендіру және сапасын жақсарту үшін ангобтық қаптама, жылтырату, ойып өрнектеу қолданылған. Темір ұсталығы, қола құю, зергерлік іс дамыған. Сүйектен ою оятын қолөнер де дамыған.
Археологиялық ескерткіштер: Мардан- күйік, Қауыншы, Жаушықұм, Жамантоғай, Төребайтұмсық, Алтыасар, Ақтөбе, Қарауылтөбе т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz