Этика термині туралы


СӨЖ
- Этика терминінің мәні мен мазмұны.
- Аристотель іліміндегі этика мен адамгершілік ұғымы.
- Ойшыл ғалымдардың этика және мораль терминінің тарихы жөніндегі теориялық пікір.
- Әл-Фараби этикасының негізгі нысандары.
1. Этика (грек. ethos - дағды, әдет-ғұрып) - зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Этика терминін б. з. д. 4 ғасырда Аристотель енгізген. Термин айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. Ол бұл ғылым адамгершілік пен мораль туралы ғылым деп көрсеткен. Этика ұғымын мораль туралы ғылым деп қарастыра отырып мораль түсінігіне анықтама бере кеткен жөн. Мораль - адамдардың әрекеттерінде және қозғалыстарында айқындалатын, жеке сенімдерінен, әдеттерінен, тәрбиелерінен, қоғамның, нақты кластардың немесе әлеуметтік топтардың әсерінен көрініс табатын, олардың арасындағы бір-біріне деген, қоғамға деген, мемлекеттің нақты әлеуметтік топтарына деген қатынастарды реттейтін нақты тарихи айқындалған көзқарастардың, нормалардың, бағалаулардың, сенімдердің жүйесі.
2. этика мен адамгершілік ұғымы жөнінде Аристотельдің «Этика» еңбегінен бастау алатын адамгершілік ілімі ауқымында жан-жақты қарастырылған.
Ойшыл танытуында қайырымдылық - екі шеткі кемшіліктің орта тұсы. Осы орта тұсты сақтап, қайырымды болу оңай шаруа емес. Таразының бір басына тасын, екінші басына затты қойып, екеуінің дәл тең тұсын табудың қиындығы секілді, жан деңгейіндегі халдің қайырымдылық күйін сақтау да оңай емес. Мысалы, мырза, жомарт болу оның қайырымдылық халін қадағалап, мұқият сақтаумен келеді. Әйтпесе осы жомарттық қайырымдылық шегінен асыңқырап кетсе, ысырапқорлыққа, кеміп кетсе, сараңдыққа ойысып кетеді. Адамгершілік негізі - қайырымдылықтарды қалыптастырып, орнықтырудың әрі сақтаудың осындай ыждаһатты әрекет, бейнетпен келетін сыры бар. Ойшыл негіздеген қайырымдылықтарға қатысты орта тұс жайы мына өлең жолдарымен ұштасады.
Ат болсын, киім болсын, мінез болсын,
Құба төбел істі қыл жарасымды.
. . . Артық алу,
Не кем салу,
Қапы қалу жарамас.
Адамгершілікті құрайтын қайырымдылықтар Аристотель бастаған ойшылдар еңбектерінде ақыл мен жан деңгейіне қатысты екі топқа бөлінеді де, олардың адам болуға қосатын қомақты әрі өзіндік үлесі сараланады. Этикалық деп аталатын қайырымдылықтар нұрлы ақыл, жылы жүрекпен, таза ақыл, ақ жүрек және осылардан өрбитін ақыл, ой, білім, әділет, рахым, қанағат, тағы басқа қасиеттер арқылы көрініс табады.
“ Этизм” термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының (“Никомах этикасы”, “Евдем этикасы”, “Үлкен этика”) атауына кірген. Аристотель Этизм жайлы сөз қозғағанда негізгі үш мәселеге тоқталып, этик. теория, этик. кітаптар, этик. іс-тәжірибе туралы айтады. О баста грек тіліндегі Этизмның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде Этизм - ілім мәнінде, мораль - оның пәні ретінде қарастырылды. Әдетте, Этизмлық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Аристотель адамзаттың ұмтылып, өмірінде тұтынатын барша игіліктерін үш-ақ топқа бөліп, олардың арасынан ақыл мен өзге әр түрлі қайырымдылықтарды бәрінен де артық асыл, биік санаған.
3. Сократ әр-түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді. Платон адам жан-жақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғ. мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға Этикалық нормалармен жетекшілік жасайды. Этизм ұғымы жайлы Д. Юмның “Адамның табиғаты” туралы трактатында жан-жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Этизм ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынған.
4. Әбу Насыр әл-Фараби этиканы жақсылық пен жамандықты айыруға мүмкіндік беретін ғылым ретінде қарастырды. Оның түсінігінше, адам жаратылыстағы ең қасиетті жан. Сондықтан оған үлкен құрметпен қарау керек. Ғұлама данамыз Әл-Фараби «Қайырымды қаланың бірінші басшысы, қайырымды халықтың басшысы және жер жүзін мекендейтін елдің басшысы өз бойында туа біткен 12 қасиетті ұштастырған адам ғана бола алады деген. 1) Бұл адамның мүшелері мүлде мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелерінің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек, сонда егер адам әлдебір мүшесінің жәрдемімен әлденедей бір іс істемек болса, ол мұны оп-оңай атқаратын болады; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек;
2) өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардан ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек;
3) әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып-үйренуден шаршап-шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болу керек;
4) тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болу керек, жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ болып, бұдан алатын ләззатқа жирене қарауы шарт;
5) шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік-жалған мен суайттарды жек көру керек;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz