Психикалық аурулар сипаттамасы, ерешеліктері жайлы


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атандағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Психикалық аурулар сипаттамасы, ерешеліктері
Тексерген: Тезекбаева М. Ж.
Орындаған: Еренғайып Д.
Семей 2015ж
Жоспар:
- Психиатрия
- Психикалық аурулар көріністері
- Психикалық аурулар
Психиатрия медицинаның - медицина пәнінің бір бө-лігіне жатады. Өз ішінен ол бірнеше салаға бөлінеді.
Психикалық аурулар көрінісі психикалық процестердің әр алуан өзгеріске ұшырауынан байқалады. Бұл жағдайларда нақты қабылдау бұзылады, ой ағымы өзгереді, пайымдау бұрмаланады, ес әлсірейді, объективтік сылтаусыз-ақ көңіл-күй езгереді, дәлелденбеген іс-қылықтар жасалып, сана тұмандана түседі.
Ауру психикалық кызметті өзгертеді, ал кейде әлсіретіп, тіпті мүлде жоқ қылып та жібереді. Сондықтан да психикалық ауруларды жеке адамының аурулары ретінде айтамыз. Мұның себебі, еңбек процесі мен қоғамдық өмірде пайда болған адам психикасы - мидың айрықша қызметінің, оның өмірлік қызметінің нәтижесі болып саналады. Мұның бәрі мидан тыс өмір сүре алмайды. Ми-психикалық қызметтің органы, сыртқы дүние - оның қайнар көзі. Мидың рефлекстік қызметі сонымен бірге, бұл - нервтің де, психиканың да қызметі, сол сияқты бейнелеу де мидың қызметі. Психикалық қызмет (түйсіну, қабылдау, елестету, ойлау) рефлекстік қызмет процесінде пайда болады, оның барысында өзіндік сапалық өзгешеліктері бар психикалық құбылыстардың пайда болуы заңды жүріп жатады. Психикалық кызметтің рефлектік табиғатына сәйкес психикалық аурудың кез кел-ген көрінісі ол қаншалықты күрделі болғанымен, жоғарғы нерв қызметі бұзылуының нәтижесінде пайда болады.
Психикалық аурулар кезінде жоғарғы нерв қызметінің бұзылуы - негізгі ми процестеріндегі әр алуан зақымданудың ара салмақтарына - қозу мен тежелуге, бірінші және екінші сигнальдық жүйелердің, ми қыртысы мен қыртыс астының өзара қарым-қатынасына, мидың жүйелі қызметінің зақымдалуына байланысты. .
Қазіргі кезде әр түрлі психикалық аурулар кезінде жоғарғы нерв қызметі кеселденуінің ерекшеліктері өте шектеулі мөлшерде, кейбір жағдайларда жалпылама белгілері тұрғысынан ғана зерттелген. Кейбір психикалық бұзылулар жануарлардың белгілі бір түрлерінің жоғарғы нерв қызметін кеселге шалдықтыру арқылы бірнеше мәрте тәжірибе жасау арқылы алынды. Көп жағдайда мұндай бұзылулар жоғарғы нерв қызметі кеселінің сипатын білуге сүйенген арнайы емдеу әдістерінің нәтижесіне негізделіп, таралып отырылды. Зерттеудің мұндай түрі жекелеген психикалық аурулар кезінде жоғарғы нерв қызметі кеселдерінің кейбір ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Алайда зерттеудің бұл әдісін барлық психикалық ауруларға қолдану мүмкін емес. Жануарларға жоғары нерв қызметінің ең бір қарапайым бұзылулары ғана байқау түрінде ғана жүргізіледі. Мұндағы патофизиологиялық заңдылықтар адамға шартты түрде ғана қолданылады. Көптеген психикалық ауруларда жоғарғы нерв қызметі бұзылуының ерекшеліктері әлі де нақты зерттелген жоқ. Өйткені мұндағы міндет күрделі әрі аса көп, қиын еңбекті талап ететін зерттеулерді қажет етуде.
Психикалық аурулар кезіндегі патология ми қызметімен шектелмейді, ол бүкіл ағза қызметінің бұзылуынан байқалады. Психикалық аурулар - көбіне ми зақымға ұшырайтын бүкіл ағзаның аурулары. Ми алғаш рет зақымға ұшырағанда (мысалы, жарақаттанғанда) оның қызметі ғана емес, сондай-ақ көптеген жүйелер мен мүшелердің қызметі де бұзылады. Әр түрлі жалпы аурулар да мидың екінші рет зақымдануын туғызады (мысалы, улану нәтижесінде) .
Осы айтылғандарға сәйкес психикалық аурулар патогенезін зерттеу жоғарғы нерв қызметі бұзылуларының ерекшеліктерін белгілеуді ғана қамтымайды, сондай-ақ төменгі нерв қызметін зерттеуге, оның бұзылуының жоғарғы нерв жүйесімен өзара байланысына да негізделеді. Сол сияқты бұл мәселеге биохимиялық, биофизикалық және морфологиялық зерттеулер де енеді.
Шизофрения (грекше shizo - бөлемін және phren - парасат. ) - созылмалы психикалық ауру. Шизофренияның пайда болу себебі әрі толық зерттелмеген, дегенмен шизофрения әр түрлі жағдайдың, түрлі аурулардың адам психикасына әсер етуіне байланысты пайда болыды деген ұғым бар. Ауру кейде ұзақ, кейде ұстамалы түрде тез өтеді. Шизофрения негізінде жоғары нерв жүйесі қызметінің бұзылуынан болады. Шизофрения кезінде сандырақ, галлюцинация, еліру, мелшиіп қозғалмай қатып қалу сияқты психикалық өзгерістер аурудың үдеуіне қарай күшейе түседі. Ауру күшейген кезде науқас сөйлеспейді, оның ой-сезімі, түсінігі өзгереді, сөйлеген сөзі, айтқан пікірі басқаларға түсініксіз болады. Шизофренияның белгілері кейде өте тез айқын білінсе, кейде өте баяу бірнеше жылдан кейін байқалуы мүмкін.
Невроз (лат. neurosіs - жүйке тозуы) - адамда болатын психикалық-жүйке жүйесінің өтпелі психогенді, созылмалы аурулар тобы. Невроз шамадан тыс психикалық жағдайдың себепші болуынан дамитын, өте жиі таралған дерт. Негізінен жүйке жүйесі әлсіреген адамдарда байқалады. Жүйке жүйесінің іштен туа біткен әлсіздігі жүктілік кезіндегі жеріктіктен, ал жүре пайда болатын әлсіздік бала кезінде алған жарақаттар мен әр түрлі аурулардың салдарынан пайда болады. Кейде адамдардың өмірінде неврозға ұқсас жағдайлар байқалады. Мысалы, адам ерекше бір хабар күткенде, уайымға батып, сабырсыздық танытады, жүрегінің соғуы жиілеп, денесі дірілдейді, қатты тер басады. Психикалық жарақаттардан кейін болатын Невроздың белгілері: жабырқау, ренжу, үрей, титықтап қажу, тұйықтан шыға алмау. Кейде невроздың белгілері ішкі органдар қызметінің бұзылуынан да болады. Мұндай кезде науқаста жазылмайтын аурумын деген қорқыныш үрей пайда болады. Мысалы, жүрегі шаншыса - инфаркт, асқазаны ауырса - қатерлі ісік (рак) болдым деп, ауру бірнеше дәрігерге қаралумен болады. Клиникалық белгілеріне қарай невроздың: неврастения, истерия деген түрлері ажыратылады
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz