Шизофрения мен эпилепсияның клиникалық-патопсихологиялық сипаттамалары жайлы ақпарат


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы : Шизофрения мен эпилепсияның клиникалық-патопсихологиялық сипаттамалары
Орындаған : Токтарбекова М. Н.
Топ : ПХ-315 .
Тексерген: Тезекбаева М. Ж.
Семей - 2015
Жоспары:
- Шизофрения және эпилепсияның психикалық ауру
- Шизофрения және эпилепсияның ағымдары
- Шизофрения және эпилепсияның клиникалық көріністері.
Шизофрения тек психиатриядағы маңызды проблемалық ауру емес жалпы медициналық сырқат. Шизофрения ауруымен көбінесе жас адамдар ауырады. Сол себептен бұл ауруды айқындап танудың тәжірибелік маңызы зор. Шизофренияның басталу мерзімінің шегі жоқ. Ол бала кезде де, ересек кезде де болуы мүмкін. Шизофрения ұзақ мерзімді ауру. Көп уақытқа созылған аурулардың жартынан көбі шизофрения. Шизофрения жиі ақылдың кемістігімен аяқталатындықтан бұл қауіпті дерт болып саналады. Осы уақытка дейін шизофренияның пайда болу себептері анық емес. Психиатриядағы көптеген өткір теориялық және тәжірибелік сұрақтар шизофрениямен байланысты. Шизофрения клиникасында әр түрлі формаларды жалпы байланыстырып тұратын бірнеше психикалық белгілер бар. Аурудын пайда болу тегі, оның бірнеше түрге бөлінуі жағынан көптеген пікірлер бар. Бірак барлық психиатрлар шизофрениядағы негізгі клиникалық белгі ретінде бөлшектену бар екеніне күмәнданбайды. Бұл аурудын атын швейцар психиатры Э. Блейлер қойды. Бөлшектену белгісі төмендегідей болады. Қалыпты жағдайда барлық психикалық процестер өзара байланысты. Сезіну, қабылдау, ойлау, жүріс-тұрыс психиканың әр түрлі жақтары болып саналады.
Шизофренияда осы көрсетілген біртұтастық бұзылады, яғни психикалық қызметін тұтастығы, бірлігі бұзылады. Бұл әрине ауру адамның жүріс-тұрысынан білінеді. Басқаша айтқанда шындықпен байланыстан білінеді. Бірте-бірте ауру адамдар босаңсып, ынтасыз бола бастайды. Олар өздерінің әр түрлі әрекеттері басқа біреудің ықпалымен болатынын, айтады. Ауру адамдарға символдық ойлау өте тән нәрсе. Мысалы, ауру өзін бір шеңбердің ішіне сурет қылып салып, ”өзім жасаған шеңбер ішінде қауіп мүлде жоқ”деп түсіндіреді. Егер ауру өзінін салған суретін жазбаша түсіндірмесе, оның не салғаны түсініксіз болар еді. Бұл шизофрениядағы символды суреттер. Кейде ауру адамда көрмей оның салған суреттері бойынша диагноз қоюға мүмкін. Шизофрениямен ауырған балалардың суреті қызық болады. Оларда сөйлеу нашар дамығандықтан суреттерінде символизм мен бөлшектену білінеді. Кейде аурулар өз ойларын кәдімгі сөздер арқылы бере алмай, жаңа сөздерді ойлап табады. Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, шизофрениямен ауырған кезде ойлау мен эмоция бұзылып, психикалық қызметтің тұтастығы бөлшектенеді. Әуелгі кезде интеллект қызметінің бұзылуы формальды түрде дұрыс болады. Ауру адам өз жұмысын одан әрі атқара береді. Бірақ туыстары мен қызметтес адамдардың бақылауы және айтуы бойынша, психиканың бұзылуы нақтылы болғандықтан аурудың диагнозын қоюға болады.
Біздің елде шизофренияның түрлерге бөлінуі аурудың клиникалық ерекшеліктерімен өтуіне байланысты. Аурудың үш негізгі түрі бар: үнемі болатын, ұстамалы-прогредиентті және рекурентті. Үнемі ағымды шизофрения ағымды болады. Белгілерінің ерекшеліктеріне байланысты қатерлі, параноидты және жай ағымды түрлері болады. Ұстамалы прогредиентті шизофрения бұл түрінде дерттің ағымы өзгерісті болады. Немістің “шуб “ деген сөзі жылжудың, өзгерісті көрсетеді. Бұл дерттің қозуынан ауруда шизофренияға тән өшпейтін өзгеріс болады. Рекурентті (мерзімді ) шизофренияның бұл түрінде ұстаманың соңынан ауру мүлде жазылып кетеді. Мұнда онейройдты кататониялық, депрессивті-параноидты және аффективті белгілер болады.
Шизофренияның қатерлі түрі жасөспірім кезінде басталып, үш негізгі бөліктен құралады: психикалық өнімділіктің төмендеуі, эмоциональдық өзгерістердің пайда болуы және бұрмаланған пубертатты дағдарыстың құбылыстары. Бұдан басқа мезгіл-мезгіл рудиментті сандырақ ойлар, жекеленген елестетушіліктер пайда болады. Ойлаудың бұзылуы, қиындауы, оқу үлгерімінің нашарлағаны байқалады.
Қазіргі көзқарас бойынша шизофрения тұқым қуалаушылық жағынан тез қабылданатын ауруларға жатады. Мұның айғағы ретінде шизофрениямен ауырған отбасында шизофрениялық психоз және адамның жеке басының өзгеруі жиі кездеседі. Шизофренияның пайда болуын биогендік аминдер мен олардың ферменттерінің, катехоламиндер, индоламин т. б. алмасуының бұзылуынан деген қағидалар бар. Қазіргі кезде шизофренияны емдеудің негізгі тәсілдері: антипсихотикалық, антидепрессивті, транквилизаторлы жіне стимуляциялық әрекетті психотроптық заттардың қолданылуы. Бұрын емдеудің естен тандыру әдістері аурудың ем қонбайтын түрлерінде кеңінен қолданылды. Емдеудің барлық биологиялық түрлері психотерапия және еңбек пен әлеуметтік бейімделу шараларымен қатар өткізіледі. Емдеудің барлық кезеңінде жеке адамның белсенділігін сақтап қалу негізгі принцип болып саналады. Әрбір ауырған адамды емдеуде өзіне тән шаралар қолданылуы
Эпилепсияның көрінуі балалық шақта байқалады: балаларда садисттік ойлар болады: жануарларды қинағанды ұнатады, әлсіздер мен көмексіздерді мазақтап күледі. Сондай-ақ олар өзіне деген заттарды: киімдерді, ойыншықтарды, мектеп заттарын ұқыптап және осы заттарға тиіскендерге ашуланып жағымсыз реакция көрсетеді.
Эпилептоидты жасөпірім өздерінің ызаларын түсіру үшін аффект жағдайы кенеттен болмай, ұзақ уақыт жалғасады және өз-өздеріне бірден келе алмайды. Аффект кезінде ерекше күш пайда болады. Оларда жыныстық қызығушылық қатты байқалады. Садисттік және мазохисттік түрінде көрінуі мүмкін. Алькоголді қолданған кезде тым ызалы болып төбелескіш келеді, сондай-ақ іс-әрекеттері мүлде есінде қалмайды. Олар алькоголге тым беріліп, асқынған түріне әкеледі. Олар азартты ойындарға беріліп, баюға деген құштарлығы артады.
Эпилептоидты тұлғалардың өз өздерін бағалау бір жақты: тиянақты, өз денсаулықтары алаңдатады, қызғаншақ болып келеді, өздерін комформды деп есептейді. Аффект жағдайында өз іс-әрекеттерін басқара алмай, криминальды жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Олар көбінесе жағымсыз нәрселерге агрессиямен жауап береді. Истероидты типтің басты ерекшелігі-эгоцентризм, қоршаған адамдарды өздеріне қаратып алу, өзіне деген таңғалу, қызығушылық, құрмет көрсету байқалады. Қоршаған орта адамдарын өзіне қаратып алу үшін өтірік айтып және ойдан құрастыру истеройдты типке тән. Истероидтың эмоциясы театрды ойнағандай жалған. Ал шын сезімдері жоқ.
Истеройдты типтегі балалар көрермен залында тақпақ айтып, өлең айтқанды ұнатады. Жас өспірім кезде өздеріне назар аудару үшін алькоголді қолдануы, мінез құлқының өзгеруі байқалады.
Үйден қашу балалық шақтан болады. Истероидты балалар үйден қашқаннан кейін, оларды іздейтін жерге барады, милицияға хабар береді. Наркотик туралы көп естіп, өздерін наркоман ретінде көрсетеді. Бірақ тексерген кезде ол жалған болады. Ойдан құрау арқылы көптеген адамдарды алдайды. Ерекше байқалатыны деперсонализация және дерелазациялық уайымдау. Жағымсыз жағдай болғанда суйцидтық әрекеттерді демонстрациялайды. Истероидты акцентуация психикалық инфантилизммен сәйкестелініп келуі мүмкін. Құрдастарымен болған сәтсіздіктерді өзінің ата-анасына шығарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz