Әлия Молдағұлова (1924-1944): Қазақтың қаһарман қызы және Кеңес Одағының Батыры


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Әлия Молдағұлова

1924-1944 ж

Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры. Әлия Ақтөбе облысының Қобда ауданында дүниеге келген. Бала кезінде жетім қалып, туыстарының қолында тәрбиеленді. Оның майданнан жазған хаттарынан мәлім: ата - анасы, ағайын - туғандары ұжымдастыру науқанының алғашқы кезеңінде аштан өлді. Кішкентай Әлия Ленинградқа барып, соғысқа дейін сонда тұрды. 9-сыныпта оқыды. Бірге оқыған сыныптастарының естелігіне қарағанда, өзіне өте сенімді һәм төңірегіндегілерге талапшыл жас болған. Оны мақсаткерлік пен адалдық және адамгершіл сергектік қасиеттербасқалардан айрықша ерекшелендірілген. Алыс ауылдан келе салып, бәрімен де тез тіл тауып кетті, зерделі зейінімен, білімпаз біліктілігімен түгел баурап алды.

1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін командование алғы шептегі атыс - шабыс алаңында білім - білігін іс жүзінде көрсетуге рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазды. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын - ды.

Ашық шайқасқа ол 1943 жылы маусымда 2-Прибалтика майданының 26 - атқыштар дивизиясы құрамына ірі - ірі айқастарға қатысып, құралайды көзінен атқан нағыз мергенлігімен дараланды. 1944 жылы Новосокольники стансасы маңындағы ауыр шайқаста Әлия қаһармандықпен қаза тапты. Көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Бүгінде Ә. Молдағұлова есімінде республикамызда көшелер, мектептер бар. Оның өшпес ерлігін өзек етіп жазылған өлең кітаптары мен роман - хикаятар да көп. Өткен жылы Алматыда Шығыстың қос шынары атанған Әлия мен Мәншүкке көрнекті жерге ескерткіш орнатылды.

Тақырыбы: Әлия Молдағұлова

Орындаған:

Тексерген:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлия Молдағұлова (1925-1944): Кеңес Одағының Батыры және снайпердің өмірі мен мұрасы
Әлия Молдағұлова: Ұлы Отан соғысының мергені және Кеңес Одағының Батыры
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова: өмірі, ерлігі және тарихи-мәдени мұра
Әлия Молдағұлова (1924-1944): өмірі, ерлігі және мемориалдық мұрасы
Әлия Молдағұлова (1925-1944): өмірбаяны, соғыстағы ерлігі және тарихи маңызы
Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова: өмірбаяны, майдандағы ерлігі және халық жауының қызы ретінде айыпталуы
Әлия Молдағұлова (1925-1944): Ұлы Отан соғысындағы мергеннің өнегелі өмірі мен тарихи мұрасы
Әлия Молдағұлова: өмірбаяны мен майдандағы ерлігі
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова: өмірбаяны мен соғыс ерлігі
Мәншүк Мәметова: өмірбаяны, майдандағы ерлігі және Кеңес Одағының Батыры атағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz