Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жайлы мәлімет



• Аддиктивті жүріс.тұрыспен психологиялық жұмыс
• Қорытынды
• Пайдаланылған әдебиеттер
Аддиктивті мінез-құлық тұлға ауытқушылықтарының бір формасы, ол бейімделу мен өзін реттеу мақсатында белгілі бір нәрсені мөлшерден тыс қолдану. Әртүрлі тәуелділік формалары бір түрден екіншісіне немесе қатар байланыста ұстауы жүреді. Мысалы: темекі шегуші көп жылдардан кейін шылымнан бас тарту кезінде тамақтануға құмарлана түседі. Тұлғаның мінез-құлқы психофизиологиялық қалыптың өзгеруімен сипатталады. Сырттай бұл көрініс өз- өзімен күрес, өз-өзіне бақылау жасаудан арылу есебінде көрінеді Аддиктивті мінез-құлық бірден пайда болмайды, ол үздіксіз процесс процесс, тәуелділіктің дамуымен қалыптасады. Аддикцияның бастапқы кезі, индивидуалды ағымы және аяқталуы болады. Мысалға, анашаға тәуелділік келесі стадияларда жүруі мүмкін:
1) Анашамен танысу эпизодтық қолдану фонында, өзін бақылай алу кезінде жүреді.
2) Біртіндеп өзін бақылау үстінде ұстай отырып,тұтынудың тұрақты индивидуалды ритмі қалыптасады.
Бұл кезең психологиялық тәуелділік болып есептеледі, өйткені мұнда объект шынымен де белгілі бір уақытта психофизиологиялық қалыпты жақсартады.
Аддиктивті мінез-құлқы бар индивидтің күнделікті өмірдегі белсенділігі төмендейді. Сонымен қатар, аддиктивтік сипатты таңдау адамның өміріндегі өзін қанағаттандыратын саласында әрекет етуге алып барады, нәтижесінде мақсатына жетуде күтпеген белсенділікті көрсетеді. Мұндай мінез-құлыққа аддиктивтік түрлерінің көрініс беруіне байланысты келесі психологиялық ерекшеліктер тән:
- Қиыншылықтарды бастан кешіруге төзімділігінің төмендігі;
- Сыртқы ортаға икемделу келбетінің толыққанды еместігі;
- Тұрақты эмоциалық жағдайда қорқыныш сезімінің басым болып, социабильдікпен үйлесетіндігі;
- Көп жағдайларда өтірік айтуы; - Айыпты болмаса да басқаларды айыптауы; - Шешім қабылдауда жауапкершіліктен бас тартуы;
- Жағымсыз стереотиптік мінез-құлықты қайталауы;
- Өзгелерге тәуелділігі;
Зейгарник Б.В. "Патопсихология",М., 1987
Лебединский М.С. "Нарушения психического развития у детей", М.
1985
Поляков Ю.Ф. "Патология познавательной деятельности при
шизофрении" М. 1986
Рубинштейн С.Я. "Психология умственно отсталого школьника", М.
1985

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс

Орындаған: Советханова С.С
Топ: ПХ-315
Тексерген: Абдуллина Г.К

Семей-2015ж

Жоспар:
* Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс
* Қорытынды
* Пайдаланылған әдебиеттер

Аддиктивті мінез-құлық тұлға ауытқушылықтарының бір формасы, ол бейімделу мен өзін реттеу мақсатында белгілі бір нәрсені мөлшерден тыс қолдану. Әртүрлі тәуелділік формалары бір түрден екіншісіне немесе қатар байланыста ұстауы жүреді. Мысалы: темекі шегуші көп жылдардан кейін шылымнан бас тарту кезінде тамақтануға құмарлана түседі. Тұлғаның мінез-құлқы психофизиологиялық қалыптың өзгеруімен сипатталады. Сырттай бұл көрініс өз- өзімен күрес, өз-өзіне бақылау жасаудан арылу есебінде көрінеді Аддиктивті мінез-құлық бірден пайда болмайды, ол үздіксіз процесс процесс, тәуелділіктің дамуымен қалыптасады. Аддикцияның бастапқы кезі, индивидуалды ағымы және аяқталуы болады. Мысалға, анашаға тәуелділік келесі стадияларда жүруі мүмкін:
1) Анашамен танысу эпизодтық қолдану фонында, өзін бақылай алу кезінде жүреді.
2) Біртіндеп өзін бақылау үстінде ұстай отырып,тұтынудың тұрақты индивидуалды ритмі қалыптасады.
Бұл кезең психологиялық тәуелділік болып есептеледі, өйткені мұнда объект шынымен де белгілі бір уақытта психофизиологиялық қалыпты жақсартады.
Аддиктивті мінез-құлқы бар индивидтің күнделікті өмірдегі белсенділігі төмендейді. Сонымен қатар, аддиктивтік сипатты таңдау адамның өміріндегі өзін қанағаттандыратын саласында әрекет етуге алып барады, нәтижесінде мақсатына жетуде күтпеген белсенділікті көрсетеді. Мұндай мінез-құлыққа аддиктивтік түрлерінің көрініс беруіне байланысты келесі психологиялық ерекшеліктер тән:
- Қиыншылықтарды бастан кешіруге төзімділігінің төмендігі;
- Сыртқы ортаға икемделу келбетінің толыққанды еместігі;
- Тұрақты эмоциалық жағдайда қорқыныш сезімінің басым болып, социабильдікпен үйлесетіндігі;
- Көп жағдайларда өтірік айтуы; - Айыпты болмаса да басқаларды айыптауы; - Шешім қабылдауда жауапкершіліктен бас тартуы;
- Жағымсыз стереотиптік мінез-құлықты қайталауы;
- Өзгелерге тәуелділігі;
- Өзінен күштілерге алаңдаушылығы.
Қазіргі кезде шынайы міндетке - қылмыстың өсу қарқынын төмендетуді және оны белгілі бір деңгейде ұстап тұруды әлеуметтік, саяси шыдамдылықпен бақылауға алуға жұмылдыру қажет. Ішімдікке салыну (алкоголизм). Бұл девианттық мінез-құлықтың келесі формасы. Ежелгі қоғамдарда ішімдік және кейбір есірткілер (мысалы, улы саңырауқұлақтар), наным-сенімдер мақсаттарында қолданылған. Ежелгі гректер мен римдіктерде тіптен шарап Құдайы (Вакх және Либер) болған. Антикада шарапты ішудің алдында оның жартысына су қосқан. Ішімдікті ішуге тек 30 жастан асқан ер адамдарға рұқсат етілген.Орта ғасырда күшті ішімдіктер байлардың иелігінде болған. Шаруалар мен қолөнершілер негізінен мейрамдарда ішетін еді. Этил спиртін өндіру ашылғаннан кейін (ХVІІІ ғ.) дамыған елдердің төменгі топтары ішімдікті жиі тұтынуға мүмкіндік алды.Ішімдікті тұтыну деңгейінің көрсеткіші тұтыну құрылымы туралы мәліметтермен үйлестіргенде ғана мағынаға ие болады. Сондай-ақ мысалы, тұтынудың жиілігі, ұзақтығы, ас қабылдаумен байланысы сияқты бірқатар сипаттамаларды да ескеру қажет. Халық арасында ішімдіктің жалпы көлемін бөлу ерекшеліктері де: ішетіндердің, ішпейтіндердің, орынды ішетіндердің саны мен құрамы; ер адамдар мен әйел адамдардың арасында, жасына қарай және басқа да әлеуметтік-демографиялық белгілері бойынша ішімдікті тұтынуды бөлу де маңызды. Бір дәрежеде мас болудағы мінез-құлықты және осы мінез-құлықты бағалауда социомәдени және этникалық топтарда мәнді айырмашылықтар бар. Жоғарыда айтылған барлық сипаттамалар ішімдікті тұтыну моделі ұғымына кіреді. Ішкіштікпен күрес тарихы кейбір елдердің аумағында (Англия, АҚШ, Финляндия, Ресей) құрғақ заңды енгізуге тырысудың болғанын да біледі. Олардың бәрі де өз мақсаттарына жетпеді, өйткені ішімдіктің болуы ішімдікке салынудың бір ғана және басты себебі ғана емес. Маскүнемдік пен ішімдікке салынуды жою проблемасы аса күрделі болып табылады, ол экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық, демографиялық, заңдық және медициналық аспектілерді қамтиды. Тек қана барлық аспектілерді есепке алып, оны табысты шешудің мүмкіндігі бар. Осылайша, ішімдікке салынумен күресті мемлекеттік құрылымдар, қоғамдық және медициналық ұйымдар жүргізеді. Ішкіштерге олардың туыстары мен жақындары үлкен ықпал ете алады. Өзін-өзі тежеу өте маңызды. Оған ішімдіктің денсаулық үшін зияны туралы және маскүнемдіктің әлеуметтік салдарлары жөніндегі дер кезіндегі ақпаратта ықпал етеді.
Есірткі. Есірткі тұтыну девианттық мінез-құлықтың келесі бір формасыболып табылады. Наркомания термині гректің narke - естен айырылып қалушылық және mania - құтыру, есалаңдық сөзінен шыққан. Есірткіні өсіру мен тұтыну дәстүрінің кем дегенде 2,5 мың жылға жететінін айту керек. Скифтердің шарап сияқты жемістер түтініне мас болғаны жөнінде кезінде Геродот та жазып кетті. Есірткіні тұтыну мәдениеті Шығыста - Үндістан, Қытайда, Араб елдерінде көбірек тараған. Еуропа мен Америкада есірткі заттарын тұтыну отарлық дәуірде тез тараған еді. Бұған химияның, көліктің дамуы, адамдардың көші-қоны, медицинадағы табыстар ықпал етті. Қазіргі кезде есірткі заттарын өсірудің ірі орталықтары Үндіқытайда, Колумбияда, Ауғанстанда жұмыс істейді. Дамыған және дамушы елдердегі он миллиондаған адамдар есірткіні тұтынады. АҚШ-та, мысалы, олар 30 млн. адамнан асады. Есірткі проблемасы Ресейді де айналып өтпеді. Сарапшылардың бағалауы бойынша 2002 жылдың соңына қарай нашақорлардың саны 3-3,5 млн. адамға артқан, ал есірткінің дәмін алғаш татқандардың жас мөлшері 11 жасқа дейін төмендеген. Бұл ұлттың денсаулығы мен генофонына өте қауіпті. Есірткі проблемасы балалар өлімі, жаңа туған балалардан бас тарту, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жайлы
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жайлы ақпарат
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жасау
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс туралы ақпарат
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жайында
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс туралы
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс
Жасөспірімдердің есірткі қолдануына қарсы кеңес берудің психологиялық маңыздылығы
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
Қазақстандағы жастардың девианттық мінез - құлықының статистикалық мәліметтері
Пәндер