Тірек-қимыл жүйесі,жас ерекшелігі туралы ақпарат


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ№4

Тақырыбы: «Тірек-қимыл жүйесі, жас ерекшелігі. Баланың аяқ киіміне, жеке басына қойылатын гигиеналық талаптар. »

Тексерген: Кунанбаева Н. С.

Орындаған: Омарова А. Х.

Тобы: П-409

Семей-2015

Жоспар:

1. Тірек қимыл жүйесі, жас ерекшелігі.

2. Баланың аяқ киіміне қойылатын гигиеналық талаптар.

3. Пайдаланылған әдебиеттер.

Қаңқаның құрылысы . Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен тұрады.

І. Бас сүйектері- ми сауытынан және бет сүйектерінен тұрады.

Ми сауыты- маңдай, жұптасқан төбе, шүйде, екі самай, негізгі және көз торы сүйектерінен тұрады. Ми сауыты сүйектері бір-бірімен жіктесе байланысқан.

Бет сүйектері- жоғарғы және төменгі жақ сүйектері, бет, таңдай сүйектері, кеңсірік, мұрын сүйегі, көз қуысы сүйектерінен тұрады.

Бас сүйектерінде бір ғана қозғалмалы сүйек (төменгі жақ сүйегі) болады.

Кішкентай балалардың ми сауыты бет сүйектерінен ертерек дамиды. Бет сүйектері 1 жаста, жыныстық жетілу кезінде жақсы дамиды. Ми сауытының көлемі бет сүйегінің көлемінен (нәрестеде) 8 есе, ересектерде 2-2, 5 есе артық.

Жаңа туған сәбидің ми сауытының сүйектері бір-бірімен жұмсақ дәнекер ұлпадан тұратын қабықшамен жалғасады. Бұл қабықша бірнеше сүйектерден қосылатын жерінде үлкен болады. Оны баланың еңбегідеп атайды. Оның саны төртеу. Маңдай еңбегі 1 жаста, қалғандары 2-3 айда бітеді.

Нәрестенің жақ сүйектерінде тістері болмайды. Ең алғаш сүт тістері 5-6 айда шыға бастайды. 6 жасқа жақындағанда сүт тістері түсіп, тұрақты тістері шыға бастайды.

ІІ. Тұлға сүйектері -омыртқа жотасы, көкірек қуысы сүйектерінен (12 жұп қабырға, төс сүйегі) тұрады.

Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады: 7 мойын омыртқасы, 12 арқа омыртқасы, 5 бел омыртқасы, 5 сегізкөз омыртқасы, 4-5 құймышақ омытқасы. Сегізкөз және құймышақ омыртқалары бір-бірімен бірігіп кеткен.

Әр омыртқаның денесі, доғалары болады. Омыртқаның тығыз жері денесі. Омыртқа денесі мен доғасы омыртқа каналын құрайды. Доғасынан 7 өсінді шығады: 1 артқа қараған, 2 жоғары қараған, 2 төмен қараған, 2 бүйір (горизонтальды) .

Омыртқалардың өзіндік ерекшеліктері болады:

І-ші мойын омыртқасы тікелей бассүйегімен жалғасып кеткен, денесі және өсінділері болмайды және омыртқа тесігі басқа омыртқалардан кеңірек. І-ші мойын омыртқасын атлант немесе ауыз омыртқа деп атайды.

ІІ-ші мойын омыртқасының денесінен жоғары қарай бағытталған тісшесі болады. Тісшедегі бетімен ауыз омыртқамен жалғасады.

ҮІІ-ші мойын омытқаның арқа өсіндісі ұзын болады.

-Көкірек омыртқаларының алдыңғы бүйір бетінде және көлденең өсінділерінде қабырға ойыстары деп аталатын буын беттері болады.

-Ауыртпалық көп түсетіндіктен бел омыртқаларының денесі жақсы жетілген және ірі болады.

-Сегізкөз омырқалары бірігіп кеткен. Оның алдыңғы және артқы бетінде жүйкелер мен тамырлар өтетін тесіктері болады.

Омытқа жотасының өсуі алғашқы 1 жасында жедел жүреді. Омыртқа арасындағы буындардың шеміршектері қалың және серпімді келеді. Сондықтан балалардың омыртқа жотасы ересектерге қарағанда жеңіл қимылдайды. Жаңа туған сәбидің омыртқа жотасында физиологиялық иілімдер болмайды. 2-3 айда мойны бекігеннен кейін мойын лордозы (лат. алға иілу), 6 айдан кейін отыра бастағанда арқа және сегізкөз кифозы (лат. артқа иілу), 1 жасқа жақындап, жүре бастағанда бел лордозы пайда болады. 2-3 жаста омыртқа сүйектене бастайды. Омыртқа жотасының физиологиялық қалыпты иілімдері күшейе түскенімен, әлі де тұрақсыз болады. Баланың бойын таңертең өлшегенде 5-6 см (ересектер 2-3 см) ұзын болса, кешке соншалықты қысқа болады. 4-5 жсқа дейін омыртқалар тез өсіп, иілімдері толық қалыптасады. Осы жастан бастап балалар мен ересек адамдардың омыртқа жотасында 2 лордозы (мойын, бел) және 2 кифозы (арқа, сегізкөз) түзіледі.

Көкірек қуысы сүйектері- 12 жұп қабырға, төс сүйегі.

Адам денесінде 12 жұп қабырға бар. Қабырғаның басы, мойны және денесі болады. Омыртқамен жалғасқан жерін басы, жіңішке жерін мойны, төс сүйегімен жалғасқан жерін денесі деп атайды.

Әр қабырғаның пішіні мен құрылысында өзіне тән ерекшеліктері бар. Жоғарғы ҮІІ жұп қабырғаны шын қабырға деп атайды. Олар тікелей шеміршек арқылы төс сүйегіне бекиді. ҮІІІ-Х жұп қабырғлар ұзын шеміршек арқылы алдыңғыларымен жалғасады. Оларды жалған қабрғалар деп атйды. ХІ-ХІІ жұп қабырғалардың алдыңғы ұшы бос қалады. Оларды босқабырғалар деп атайды.

Қабырғалардың сүйектенуі баланың 2 айлығында ҮІ-ҮІІ қабырғаларда басталады, 3-4 жасқа келгенде қабырғааралық ортасы мен бұрышында тығыз сүйектері болады.

Аяқ-қол сүйектері -адам денесінің екі белдеуін құрайды: иық және жамбас белдеулері.

Иық белдеуінжауырын және бұғана сүйектері құрайды. Жауырынның сыртқы бұрыштары иықбасы сүйктері арқылы қол сүйектерімен жалғасады. Алдыңғы жағында бұғана сүйегімен жалғасады. Жауырын- жалпақ қос сүйек, ол омыртқа және қабырға сүйектерімен бұлшықет арқылы жалғасқан. Жауырын сүйектері жігіттерде 19-20, қыздарды 18 жаста қатаяды.

Бұғана латынның S әрпі тәрізді иілген сүйек. Бала туар алдында оның төс жақ ұшынан басқа жері сүйекке айналып үлгереді. Ал төс жақ ұшының сүйектенуі жігіттерде 24, қыздарда 23 жаста аяқталады.

Қол сүйектері- тоқпан жілік, білек (шынтақ пен шыбық сүйектен құралған), қол басы (білезік, алақан, саусақ) сүйектерінен тұрады.

Тоқпан жілік 20-25 жаста қатайып, екі басында тек шеміршектері қалады. Бұл жіліктің ұзарып өсуі оның басындағы өсу нүктелеріне байланысты болғандықтан, 22 жасқа дейін жілік басын кесуге болмайды. Кессе, жілік өспей қысқа болып қалады.

Кәрі жіліктіңқатуы 20-25 жаста жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады.

Білезік сүйектерініңқатуы 14-16 жаста аяқталады.

Саусақ сүйектері 16-18 жаста қатып аяқталады.

Жамбас белдеуінің сүйектерін - сегізкөз, жамбас сүйектері (мықын, шат, шонданай) құрайды.

Аяқ сүйектерін - ортан жілік, асықты жілік пен шыбығы, табан сүйектері құрайды.

Ортан жілік адам денесіндегі ең ірі сүйек. Оның жілік басы, мойны, денесі болады. Бала туғаннан кейін алғашқы 5 жылда ортан жілік тез өсе бастайды да, 5-9 жас арасында қыздардың ортан жілігі жылдан жылға баяулап, ер баланың жілігі бір қалыпты баяу өседі. Ортан жілік 18-20 жаста өсуін тоқтатады.

Асықты жілік пен шыбығықыздарда 16-17, жігіттерде 19-20 жасқа дейін өседі.

Бұлшықеттердің құрылысы мен қызметі. Жаңа туған сәбидің бұлшықеттері толық қалыптаспағанымен, дене салмағының 20-22%-дай ғана (ересек адамда 40-45%) болады. Адам денесінде 600-ден астам бұлшықеттер бар. Бұлшықеттердің екі түрі бар: көлденең жолақты және бірыңғай салалы бұлшықет. Қаңқа бұлшықеттері көлденең жолақты бұлшық ет. Бұлшықеттердің сүйекке бекитін сіңір бастары, денесі болады. Бұлшықеттердің пішіні әртүрлі болып, өзінің атқаратын қызметіне байланысты қалыптасады. Бұлшықеттің екі басы болса қарапайым, үш немесе одан да көп болса күрделі бұлшықет деп атайды. Қозғалтатын буындардың санына байланысты бір буынды, қос буынды, көп буынды деп бөлуге болады. Орналасуына қарай бас, мойын, арқа, кеуде, құрсақ, қол-аяқ еттеріне жіктеледі. Қызметіне қарай бүгілдіргіш, жазылдырғыш, айналдырғыш т. б. болып бөлінеді. Жалпы, адам денесінде 327 жұп және 2 сыңар бұлшықет бар.

Бұлшықеттердің қызметі - жиырылу. Бұлшықеттің жиырылуы нерв импульстерінің орталық жүйке жүйесінің әр жерінен келіп бұлшықетті қоздыруынан болады. Бұлшықеттің қызметі оның лобильділігіне де байланысты. Ұлпаның лобильділігі деп оның қозуды өткізу жылдамдығы мен қозу уақытын айтады. Бұлшықеттер жиырылғанда көп күш жұмсалады. Жиырылу күші еттің талшықтарының санына және қалыңдығына байланысты. Еттің күші деп оның ширау қабілетін айтады. Бұлшықеттің күші оның құрылысына да байланысты. Бұлшықеттер көп ядролы жуандығы 0, 1 мм, ұзындығы 2 мм - 12 см ет талшықтарынан тұрады. Олардың сыртын фасция деп аталатын ет қабығы жабады.

Бұлшықеттерде көптеген нерв ұштары - рецепторлар орналасқан. Олар еттің қозуына байланысты жиырылу және созылу дәрежелерін сезеді.

Бұлшықеттердің өсіп жетілуі әртүрлі. Ең алдымен құрсақ еттері дамиды, кейіннен шайнау еттері жетіледі. Еңбектеу мен жүруге байланысты аяқ-қол, арқа еттері дамиды. Бұлшықеттердің дамуы 25-30 жасқа дейін байқалады.

Балалардың аяқ киімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар

Аяқ киім - киім комплектісінің негізгі бөлігі болып табылады. Ол организмдерді салқын тиюден, ыстық өтуден қорғайды, табанды механикалық жарақат алудан сақтайды, аяқтың бұлшық еттері мен буындарына табан құрамын дұрыс ұстау үшін көмектесу арқылы аяқтардың рессорлық, амортизаторлық функциясын атқаруға жағдай жасайды. Аяқ киім жүрудің дұрыстығына, балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігіне әсер етеді, табанның көптеген ауруларының және деформациясының себебі болып табылады. Балаларға арналып әр түрлі аяқ киімдер шығарылады: жыл бойы киюге болатын, жаздық, қыстық, көктем-күздік. Сонымен қатар күнделікті киетін, сәндік, үйде киіп жүретін, жолға киетін, ұлттық, спорттық т. б.

Балалар мен жасөспірімдердің аяқ киімдеріне арналған гигиеналық талаптар өсу кезеңіндегі табан құрылысының ерекшеліктерімен анықталатын аяқ киім конструкциясына қойылатын талаптардан және аяқ киім жасалатын материалдарға қойылатын талаптардан тұрады.

Балалардың табаны бақайларының басы өте кеңейіп келетін, доғалдау формамен сипатталады. Балалар табанының, өкше мен аяқтың басына қарай алынған қатынас ересектердікіне қарағанда басқаша, яғни, өкше жағы ұзындау болып келетіні, аяқ киімін жасаған кезде (әсіресе балалар аяқ киімі үшін қалыптар жасағанда) ескерілуі керек. Балалардың табанының қаңқа сүйектері, негізінен шеміршектен тұрады. Сүйектенуі бой өсуінің жетілуіне қарай аяқталатындықтан, баланың табанына берілетін механикалық әсерлер оны жылдам деформацияға ұшыратуы мүмкін. Сондықтан, аяқ киімнің қалыңдығын, иілгіштігін, сапасы мен жылу сақтау қасиетін гигиеналық нормаландыру қажеттігі туады.

Балаларға арналған аяқ киімдер табан ұзындығына сәйкес анықталатын өлшем арқылы (өкшенің ең дөңестеу келген шетінен бастап, ең ұзын бақайдың басына дейінгі аралық) алынады Өлшем бірлігі ретінде миллиметр алынған, нөмірлер арасындағы айырмашылық 5мм болуы мүмкін.

Аяқ киімнің негізгі элементіне аяқ киімнің үсті (басы, қонышы, балтыры) және асты (табаны, ұлтарағы, өкшесі) жатады. Балалар аяқ киімнің бас жағы, бақайларға дейінгі буындардан кеңірек болуы керек. Табанының (ұлтарақ, табан, өкшелері) қаттылығы дұрыс деңгейде болуы керек, қарсыласуы (килограммен алынған) І және Ү- бақайға дейінгі сүйектерді қосатын иілу сызығы бойынша пайда болған бұрыш, 250 - қа дейін жетуі керек.

Табан - аяқ киімнің төменгі бөлігінің негізгі элементі болып табылады және оның иілгіштігі, қалыңдығы, массасы және жылу сақтау қасиеттері өте жақсы болуы қажет. Аяқ киімнің иілгіштігі регламенттеледі және сәбилерге арналған аяқ киімдерге - 7H/см, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған аяқ киімдерге - 10H/см, ұл балаларға арналған мектептік аяқ киімдерге - 9-13H/см, қыз балалардың мектептік аяқ киіміне 8-10H/см есебінен алынады. Табанның қалыңдығы пайдаланылған материалдар мен аяқ киім түріне байланысты алынады. (25 кесте) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі сабағындағы көрнекілік қағидасы
Адам анатомиясын оқыту әдістемесі
Мәтіннің функционалдық-семантикалық түрлері
Тірек - қимыл жүйесі, жас ерекшелігі, Баланың аяқ киіміне, жеке басына қойылатын гигиеналық талаптар туралы ақпарат
Т. Ахтановтың Шырағың сөнбесін шығармасының тілдік ерекшелігі
Адам қаңқасының негізі сүйек
Сенсорлық бұзылыстары бар балаларды оқыту ерекшеліктері
Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары
Көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушылар
Жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды оқытуды әдістемелік ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz