Қазақстан облысы


Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы Семей және Шығыс Қазақстан облыстарынан құралады. Жері 276, 9 мың км 2 (бұл республика жерінің 10, 2 % - і) халқы 1947 мың (1979) 25 ауданға бөлінеді, 9 қаласы, 29 қ. т. поселкесі бар.
Табиғаты. Аудан республиканың шығыс бөлігіндегі солтүстүк оңтүстүкке 600 км-ге шығыс батысқа 800 км-ге созылған өңірді алып жатыр. Таулық рельеф басым Батыс Алтайдың биік сілемдерін, Алтай етегіндегі далалық алқапты Сарыарқаның шығыс қиыр шетін, Балқаш - Алакөл облысының солтүстік жағын, Ертіс маңын, Зайсан қазан шұңқырын қамтиды. Ең биік жері - Мұзтау, 4506 м Ертістің сол жағын Қалба жотасы Шыңғыстау, Сарыарқаның белесті жазық шығыс жиегі алып жатыр. Оңтүстік - Шығысында Тарбағатай және Сауыр жоталары орналасқан. Оңтүстік Алтай мен Тарбағатай - Сауыр аралығында Зайсан қазан шұңқыры (терең жерінде Зайсан көлі қалыптасқан) жатыр. Геологиялық құрылымының күрделілігіне қарамастан ауданның жер қойнауы жан - жақты зерттелген. Мұнда қорғасын, мырыш, мыс, алтын, күміс, вольфрам, молибден т. б. металл рудалары; тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақта тас, асыл және әшекей тастар, түрлі құрылыс материалдар қоры мол. Климаты тым континенттік оңтүстік-шығысына қарай континенттік арта түседі, таулы өңірінде ылғалды климатты. Қысы суық, қарлы. Ауаның қаңтардың ортасында t Өскеменде - 16, 2 0 С, Семейде - 17, 1 0 С, жазы ыстық, Батыс жағы қуаң. Шілденің ортасында t Өскеменде - 21, 2 0 С, Семейде - 22, 2 0 С. Жауын - шашын мөлшері ең қуаң бөлігінде (Зайсан шұңқырында) 150 - 165 мм, ең ылғалды жерінде (биік тау жоталары беткейлерінде) 1000 - 1500 мм территориясы су қорына бай. Маңызды өзендері - Ертіс, Күршім, Нарын, Бұқтырма, Үлбі, Уба, Шар, Қызылсу. Қазақстан гидроэнергия қорының 40 % - і Ертіс алабында, Ертіс бойында Бұқтырма, Өскемен бөгендері салынған. Ірі көлдері - Зайсан көлі, Марқакөл, Алакөл және Сасықкөл. Жазық бөлігі қоңыр және сұр, тау беткейлері қара қоңыр топырақты келеді.
Аудан орман массивіне бай (2094, 5 мың га) таулы өңірінде таутеке, суыр, елік, марал, қоңыр аю, сілеусін сияқты қазақстанның басқа бөлігінде сирек кездесетін аңдар түрі тараған.
Халқы Шығыс Қазақстанда республика тұрғынының 12 % - і қоныстанған халық еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілген. Халықтың орташа
1 км
2
жерге 6 адамнан; Шығыс Қазақстан облысында 9 адаманан; Семей облысында 4, 3 адаманан (1977) . Әсіресе, халық ауд. солтүстүк - батыс жағы мен Кенді Алтай аңғарларында тығыз қоныстанған. Өскемен атырабында халықтың
60 адамға дейін. Қуаң, шөлейтті оңтүстік - батыс бөлігінде халық сирек орналасқан. Қала халқы 901 мың (1979), бұның 335 мыңы Шығыс Қазақстан (274), Риддер (69 мың), Зырян (51), Аякөз, Серебрянск. Экономикасы Республиканың еңбек бөлінісінде аудан экономикасы түсті металлургия (әсіресе, қорғасын, мырыш, титан, магний) энергетика, жеңіл, тамақ өненркәсіптеріне және мал шаруашылығына мамандалған. Адам халық шаруашылығында ірі тау кен металлургиялық (Шығыс Қазақстан облысында) және агроөнеркәсіптері қалыптасқан түсті металлургия, жергілікті пайдалы қазбалар және электр энергиясы қорына негізделген және аудан республикадағы ең маңызды түсті металлургиялық қос аймақтың бірі. Қазақстандық мырыш, титан, магний, теллург сияқты сирек металдар өнімдерін шығарудағы үлесі едәір. Бұл саладағы ірі кәсіпорындарды - Өскемен қорғасын - мырыш комбинаты, Өскемен титан магний комбинаты, Белогор кен байыту (Асу-бұлақта) және Шығыс Қазақстан мыс - химия (Усть-Таловкада) комбинаттары. Өскемен қорғасын - мырыш комбинаты (1943 ж Ордженикидзе қаласынанан осында көшірілгелі шағын завод негізінде қалыптасты) елімізге түсті. Металлургия- өнеркәсіптің аса ірі кәсіпорындарының бірі. Түсті металдар өнімдерінің 26 түрлі шығарады. Шикізатты құрамындағы 17 элементін 16 таза бөлініп, таза күйінде алынады (1978) .
Ауадағы электр энергиясын өте көп тұтынатын түсті металлургия және басқа өнеркәсіп салалары жергілікті электр қуатымен толық қамтамассыз етілген. Мұндағы Лениногор каскады, Өскемен, Бұқтырма су және Семей, Өскемен жылу электр станциялары біртұтас Алтай энергетикалық жүйесіне біріктірілген. Шығыс Қазақстан электр энергиясы еліміздің бұнымен көршілес аудандарына шығарылады.
Аудан экономикасында жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің де маңызы күшті. Жалпы өнеркәсіп өнімінің 47 % - і осы салалардың үлесіне тиеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz