Майлау


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Майлау

Тексерген: Бауыржанова. А. З

Орындаған: Тоғызбаева. М. А.

Семей 2015

Жоспары:

1. Майлы заттар сипаттамасы

2. Майлау тәсілдері

3. Майлауды бақылау

Майлау. Майлау кезінде тері тканіне енген майлар оның құрылымындағы талшық топтарымен жеке талшықтарды жұқа қабыршақпен қаптайды. Тері тканінің құрылымындарындағы майлар талшықтардың бір-біріне желімденіп қалуынан сақтайды, және өзара қозғалуына жағдай жасап тері тканінің иілмелік, жұмсақтық және беріктік қасиеттерін арттырады.

Майлы заттар сипаттамасы. Мех өндірісінде: жануарлар майлары, өсімдік майлары, олардың өңделген өнімдері, минералды заттар, синтетикалық майлар қолданылады. Қолданылатын майлы заттар негізінен глицериннің және жоғары молекулалы май қышқылдарының күрделі эфирлері болып келеді. Химиялық құрамы жағынан көмірсутектері мен оттегінен тұрады. Майларды жалпы мынандай формуламен сипаттауға болады.

CH 2 - OR 1

CH - OR 2

CH 2 - OR 3

Мұндағы R 1, R 2 , және R 3 , май қышқыл қылдықтары. Май сипаттамасының негізгі көрсеткіштері:тығыздығы /0, 91-0, 97/, балқу температурасы және сәуленің сыну коэффициенті. Осы көрсеткіштерді пайдаланып, майдың тазалығын, кейде түрінде қарап анықтауға болады. Сонымен қатар майлардың химиялық қасиеттерін:майдағы байланыспаған қышқылын немесе қыщқылдық санын, сабындану санын, иодтық санын, анықтайды. Мал майларынан сиыр, қой, жылқы, шошқа майлары қолданылады. Теңіз жануарлары, балық майлары кеңінен қолданылады. Теңіз жануарлар майлары /ворвандар/киттердің, дельфиннің, тюленнің денесінен сығып алынатын сұйық майлар. Акуланың және т. б балықтардың бауыр майлары қыздырылып алынады. Балық майлары сығылып та, қыздырылып та алынады. Өсімдік майларынан зәйтүн /косторка/ майы көп қолданылады. Майлау мен эмульсия алу қасиетін жақсарту үшін майлағыш заттарды модификациялайды. Өңделген модификацияланған майлар қолдануға тиімді болғандықтан кеңінен қолданылады. Модификациялауды сульфаттау, сульфиттеу, гидрогендеу, қышқылдау т. б жолдармен жүргізеді. Теңіз жануарлары майын 25-40 0 С температурада күкірт қышқылымен өңдегенде құрамы және қасиеттері жағынан да өзгешелінетін сульфатталған ворвань деп аталатын май алынады. Бұл май суда жақсы ериді, басқа майлармен жақсы араласады. Осының негізінде сульфатталған ворванға, сульфатталынбаған ворван техникалық және веретен майын қосып, майлауға дайын, дегрин деген май қоспасы алынады. Зәйтүн майын сульфаттау нәтижесінде химиялық құрамы өте күрделі қою, сарғыш-қоңыр түсті, суда жақсы еритін ализарин майы алынады. Мұндай өнімдеріне жататын синтетикалық /жасанды/майлар мал майларын алмастырады.

Синтетикалық майлағыш заттарды көмірсутектілеу, хлорлау мен күкірт қышқылымен өңдеу жолымен алады. Мех өңдірісінде, майлауға алдын-ала дайындалған өңдіріске тиімді майлағыш заттар қолданылады. Әдетте олар майдан, эмульгатордан және пластификатордан тұрады.

Майлау тәсілдері. Майлағыш заттар терінің жүн жабынын белгілі дәрежеде ластайтын болғандықтан, тері тканін жақсы майлап, жүн жабынды мүмкіндігінше таза сақтайтын тәсілді таңдау қажет. Бұл тұрғыдан қарағанда суда майдың бөлшектеніп біркелкі еріген май эмульсиялары тиімді. Эмульсия жасау үшін май мен суға эмульгаторлар қосу қажет. майлардан эмульсия жасау арнайы жабдықтарда /эмульгатор/жүргізіледі. Суға эмульгаторды қосқан соң бірқалыпты белгілі температурада үздіксіз араластыра отырып май мен аммиак қосады. Әдетте, 40-45 0 С температурасында жүргізеді. Эмульсияның майлағыштық қасиеті көптеген факторларға байланысты. Әлбетте алғашқы кезекте майлағыш және эмульгаторлық заттарға тікелей байланысты. Қолданылатын майлағыш заттар түрлері өңделетін өңімнің түріне де байланысты. Май қоспаларына балық майы мен жануарлар майын қосып дайындаған тиімді. Ақ және ақшыл түсті жүні бар терілерге жүн реңін өзгертпейтін жануарлар майы мен минералды майларды пайдалану керек. Эмульгатор орнына сульфатталған ворвань мен ализарин майын қосқан дұрыс. Майға эмульсия жасауға мүмкіндік беретін және эмульсияға тұрақтылық беретін сілті мөлшерін дұрыс таңдап алғанда, эмульсия тері тканімен әрекеттесе келе, өзінің эмульсиялық қабілетін жоғалтады да, май құрылымының элементіне сіңіп байланысады. Эмульсия тұрақтылығы кем болса тері тканіне сіңбей беткі қабаттарына жабысып қалып қояды. Эмульсия тұрақтылығы өте жоғары болса эмульсия бұзылмастан майлағыш зат байланысқа түспейді. Сондықтан бұл екі жағдайды да майлау процесі дұрыс жүрмегендіктен қолдануға болмайды. Әдетте, эмульсия тұрақтылығы 2 сағатқа жететіндей етіп дайындалады. Ол үшін сілті, негізінен аммиак қосады. Май эмульсиялар дайындау үшін арнайы жабдықтар қажет. Кейбір кәсіпорындарда оңдай мүмкіндіктер бола бермейді. Эмульсиялардың тұрақсыздығына байланысты ұзақ сақтауға болмайды. Бұл көп уақытты талап етеді. Сондықтан майлағыш қоспалар жасалынады. Өндірісте қолданылып жүрген дигрен М қоспасы 23, 5% - сульфатталған балық майынан, 21, 6 % - N2 веретен майынан және 3, 4% - нафтен қышқылының аммонийлы тұздарынан тұрады. Дегрин М қоспасын қолданғанда жақсы сапалы тоңдық терілер алынады. Тотыққан және сульфатталған балық майынан алынған липодермликер 2 қоспасы да қолданылады. Бұл қоспа балық майы иісі шығатын қоңыр түсті қоймлжың май. Тері тканіне сарғыш-қоңыр өң береді.

Липодермликер 0 қоспасы табиғи май қоспалары, тері тканінің реңін өзгертпейді. Сондықтан да боялмай өндірілетін өнімдер өңдеуге қолданылады. Майлаудың жағу және батыру тәсілдері қолданылады. Жағу тәсіліне май эмульсиясы илеуден соң тері ткані жағынан жағылады. Жағуды қолмен немесе арнайы жабдықтармен жүргізеді. Май жағылған терілер кептіруге жіберіледі. Толық біркелкі майлану үшін терілерге белгілі мөлшерде май эмульсиясын жағу қажет. Ауданы орташа терілерге 40мл, үлкен терілерге 100мл эмульсия жағу қажет. Жағып майлау үшін арнайы қоңдырғылар да қолданылады. Мысалы, қоян терілерін жағып майлау үшін өтпелі МЖ-260-ПС қоңдырғысы жасалынған. Транспортер лентасының үстіне көлденең щеткалы цилиндр орналастырылған. Жұмыс күнінің еңбек өнімділігі 11000тері. Жағып майланғанда терілер біркелкі майланбайды, жұмысы ауыр, еңбек өнімділігі төмен. Бұл кемшіліктер малып немесе батырып майлағанда жөңделеді. Бірақта бұл жағдайда жүн жабынының ластанбауын қадағалау қажет. Ол үшін май мөлшеріне, сапасына көңіл аудару керек. Негізінен синтетикалық майлар мен сульфатталған майлар қолданылады. Есте сақтайтын жәйт, жүн жабыны қышқыл ортада майды жақсы сіңіреді, сондықтан да майлауды сілтілі ортада жүргізген дұрыс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Майлау жүйесі
Майлау жүйесінің құрылысы
Майлау жүйесінің құрылымы
Автомобильдің майлау және май құю қондырғылары
Қозғалтқыш картерінің вентиляциясы
Майлау жүйелерінің ақаулары мен оны жөндеу тәсілдері
Майлау жүйесінің құрлысы
Автомобиль және оны пайдалану, жөндеу
Автоматқа (пулеметке) күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау
Майлау материалдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz