Психосоматикалық аурулармен ауыратын пациенттердің ерекшеліктері жайлы ақпарат


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Психология кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Психосоматикалық аурулармен ауыратын пациенттердің ерекшеліктері

Орындаған : Сатиева М. А.

Топ: ПХ-315

Тексерген: Абдуллина Г. К.

Семей-2015ж.

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

2. 1Психосоматикалық аурулармен ауыратын пациенттердің ерекшеліктері

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері тән саулығының 50 % -адамның күнделікті ұстанатын образына, 20%- тұқымдағы генетикалық ерекшеліктерге, 20% ы - экологияға, 10% ы- медициналық көмекке тәуелді екенін айғақтайды. Ал тікелей психика мен аурудың арасындағы байланысты арнайы зерттеген мамандар индустриалдық дамыған мемлекеттердегі бүкіл органикалық аурулардың 50 %- психосоматикалық патологиялардың үлесіне тиетінін алға тартады. Демек, ол деген өркениетті мемлекеттердегі бүкіл ауру біткеннің тең жартысы басқа емес, тек, таза психологиялық факторлардың салдары екенінен хабар береді. Кейінгі кездері мәлім бола бастаған гипертония, бронхиалдық астма, полиартрит, нейродермит секілді аурулардың механикалық немесе химиялық себептерден емес, рухани әлсіздіктен екендігі де осы ойды растайды.

Осындай негіздер мен осындай себептер денсаулық сақтау мәселесін жаңа қырынан тану қажетігіне әкеліп тіреді. Адам емдеу ісінде жаңа тұжырымдама болмайынша денсаулық сақтау жұмысындағы келеңсіздіктер ұшы-қиыры жоқ салдарларға созыла беретіні көріне бастады. Рас, бұл ретте ізденіс жұмыстары жасалмай жатыр деуге болмас. Мысалы, әлі медициналық айналымға толыққанды ене қоймаған су терапиясы. Судың құрылымдық және энергетикалық қасиеттері көптеген аурулардың емдеудің оңай жолын, тиімді тиімді техногияларын жарыққа шығарып келеді. Сонымен қатар, осы жолы әңгіме еткелі отырған психотерапия әдісі де бұл реттегі мәселені төте және дұрыс шешу принциптерін ұсынады. Өйткені, психотерапия өзге түгіл адамның өзіне жасырын болып келетін ішкі дүниесіндегі алауыздық пен соматикалық симптомдардың арасындағы байланыстарды тауып, оларды жөндеуге, қалыпты биохимиялық балансты ретке келтіруге жұмыс істейді.

Адамның денесінде бой көрсеткен ауру құбылысы ағзаның бір немесе бірнеше мүшелерінің дұрыс істемей тұрғанынан хабар береді. Басқаша айтсақ, ауруды ағзаның белгілі бір деңгейдегі индикаторы деп қарауға әбден болады. Сол белгілерді сауатты тани білу оларға қолданатын шараларды табу көп қиындық тудырмайды. Бастысы - дұрыс ұстанымды басшылыққа ала білуде.

Біздің ішкі эмоцияларымыз үйлесімсіз ұйымдастырылған болса жан күйзелістерінің көлемі мен шамасы ұлғая береді. Егер оған дер кезінде көмек ұсынылмаса жан күйзелісі бара-бара тән ауруына жалғасады. Мұндайда алдымен ауруға ағзаның әлсіз жері шалдығады. Мәселен, біреулер қатты стресс кезінде жүрек қан тамырлары жүйесіне зақым түсіріп алса, енді біреулер асқазан-ішек жолдары кеселіне бой алдырады. Ол енді әркімге әр түрлі. Өйткені, әр адамның өзінің ағзалық реакциясы бар. Соның ішінде генетикалық тұрғыдан бұл соматикаға икем келетіндері де кездеседі.

Медициналық теориялардың бірі психосоматикалық ауруларды индивидтің ішкі дүниесіндегі алуан бағытты ниет пиғылдардың өзара сәйкестенбей, бір бірімен қақтығысуынан деп байлайды. Осындай әрекеттің салдарынан біз кейде өзіміздің ішкі дүниеміздегі арымызға қарсы шыға отырып, өз бөлшегімізді жоғалтып, аурудың ырқына еркімізбен барып жығыламыз. Бұл көбіне ізгілік заңдарының аяқ асты етілуінен болып жатады. Бір қарағанда ізгілік талаптарының белінен ашық немесе құпия түрде басылуы ақырзаманға тіремейді:біреудің басы жарылып, аяғы сынбайды. Жинақталған материалдық құндылықтар да жоғалып кетпейді. Бірақ, көзге бірден көріне қоймайтын салдары оның уақыт өте бірнеше еселенген шығын көлемімен соққы беретіні ескеріле бермейді.

Руханият заңдарының бұзылуы алдымен рухани, содан соң барып тән ауруына соқтыратыны өмір шындығымен дәлелденген жайт. Рухани құрылым күйреуінің физикалық ахуалға ауысуы ауру болып есептеледі. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: ауру ­- бұл ең алдымен адамның рухани әлемі мен эмоциялық күйлерінің деңгейінде болып жатқан процестердің салдары. Көзге көрінбейтін механизмдердегі қозғалыс динамикасы дұрыс бағытта болса, ауру, сырқат дегендер болмайды. Ал патологиялық процестердің жиі орын алатын жерлерінде жоғары адамдық қасиеттердің дисгармониясы көрініп жатады.

Осы себептен де Ежелгі грек медицинасының қағидалары да адамның бойындағы тәндік және психологиялық құбылыстарды бірін бірінен ажырамайтын тұтастық деп қарастырған. Оның бірі ақсаса міндетті түрде екіншісі де сондай ахуалға тап болады деп түсіндірген. Өз кезегі денедегі ауру ағымы адамның рухани жағдайына әсер етіп, қажытып жіберетінітән мен рухтың тұтастығын дәлелдейтін құбылыс болмақ. Негативтік сезімдер мен пассивтік эмоция физикалық аурудың өршуінің алғышарты болып табылады.

Нақты адамның психологиясы мен психосоматикалық аурулардың арасындағы байланыс қалыпты схемаға сәйкес келе бермейді. Психосоматикалық ауытқушылықтың патогенезі көбіне мына негіздермен айқындалады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психосоматикалық аурулармен ауыратын пациенттер ерекшеліктері
Психосоматикалық аурулармен ауыратын пациенттердің ерекшеліктері туралы ақпарат
Психосоматикалық аурулармен ауыратын пациенттердің ерекшеліктері туралы мәлімет
Психосоматикалық аурулармен ауыратын пациенттердің ерекшеліктері жайлы
Психосоматикалық аурулармен ауыратын пациенттердің ерекшеліктері
Психосоматикалық аурулармен ауыратын пациенттердің ерекшеліктері жайлы мәлімет
Психосоматикалық аурулармен ауыратын пациенттердің ерекшеліктері туралы
Сана бұзылуының критерийлері
Кәсіби күйзелістің нәтижесі ретіндегі күйзеліс синдромы және оның белгілері
ЭПИЛЕПСИЯМЕН АУЫРАТЫН ПАЦИЕНТТІҢ ӨМІР САПАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz