Баға саясаты жайлы



1. Баға жасау процесінің кезеңдері
2. Баға саясаты және тауардың өмірлік циклы арасындағы байланыс
3. Баға саясатының стратегиялық және тактикалық ерекшеліктері
4. Баға жасау әдістері
а) Мақсат қою. Тауар шығару мақсатын, оның нарықтағы орнын анықтау қажет. Жалпы алғанда үш басты мақсат болады: фирманың қызметін сақтау (нарыққа ену бағалары); пайданы өсіру (сұраныс пен ұсынысқа қарай); нарықтағы орнын сақтау (бағаны бір қалыпты ұстау).
б) Сұранысты анықтау (бағаның максимальды деңгейін көрсетеді).
в) Шығындарды талдау (бағаның минимальды деңгейін көрсетеді)
г) Бәсекелестердің бағаларын талдау.
д) баға жасау әдісін таңдау
е) соңғы бағаны анықтау
Баға белгілеудің әсіресе кең таралған әдістеріне келесілер жатады:
1.Тауар бағасын өндіріс шығындарына негізделіп анықтау
2.Капиталға саналған табыс әдісі
3.Сұранысқа бағытталған бағаларды анықтау
4.Ағымдағы бағалар деңгейіндегі бағаларды белгілеу
Бірінші әдіс толығырақ жеке тақырыпта қарастырылады.
Екінші әдіс бойынша өнім бірлігіне кеткен шығындарға салынған капиталға саналған процент қосылады. Өнім рентабельділігі келесі формула бойынша анықталады: Рентабельділік = (салынған капиталдың пайда нормасы*баланс активының жиыны+тұрақты шығындар сомасы)/(өткізілетін өнім көлемі*өнім бірлігіне саналған өзгермелі шығындар) Инфляция кезінде бұл әдісті қолдану қиынү Көбінесе оны ассортименті кең және жаңа тауарлары бар кәсіпорындар қолданады.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Баға жасау процесінің кезеңдері
2. Баға саясаты және тауардың өмірлік циклы арасындағы байланыс
3. Баға саясатының стратегиялық және тактикалық ерекшеліктері
4. Баға жасау әдістері

1. Баға жасау процесінің негізгі кезеңдері
а) Мақсат қою. Тауар шығару мақсатын, оның нарықтағы орнын анықтау қажет. Жалпы алғанда үш басты мақсат болады: фирманың қызметін сақтау (нарыққа ену бағалары); пайданы өсіру (сұраныс пен ұсынысқа қарай); нарықтағы орнын сақтау (бағаны бір қалыпты ұстау).
б) Сұранысты анықтау (бағаның максимальды деңгейін көрсетеді).
в) Шығындарды талдау (бағаның минимальды деңгейін көрсетеді)
г) Бәсекелестердің бағаларын талдау.
д) баға жасау әдісін таңдау
е) соңғы бағаны анықтау
Баға белгілеудің әсіресе кең таралған әдістеріне келесілер жатады:
1.Тауар бағасын өндіріс шығындарына негізделіп анықтау
2.Капиталға саналған табыс әдісі
3.Сұранысқа бағытталған бағаларды анықтау
4.Ағымдағы бағалар деңгейіндегі бағаларды белгілеу
Бірінші әдіс толығырақ жеке тақырыпта қарастырылады.
Екінші әдіс бойынша өнім бірлігіне кеткен шығындарға салынған капиталға саналған процент қосылады. Өнім рентабельділігі келесі формула бойынша анықталады: Рентабельділік = (салынған капиталдың пайда нормасы*баланс активының жиыны+тұрақты шығындар сомасы)(өткізілетін өнім көлемі*өнім бірлігіне саналған өзгермелі шығындар) Инфляция кезінде бұл әдісті қолдану қиынү Көбінесе оны ассортименті кең және жаңа тауарлары бар кәсіпорындар қолданады.
Үшінші әдіс тұтынушылардың тауарға берген бағасы (реакциясы) зерттеледі. Бұл әдіс тауарлардың дифференциясы жоғары болатын нарықта көп қолданылады.
Төртінші әдіс бүкіл саланың тәжірибесін жинақтауға негізделген. Бұл әдісті таза немесе олигополиялық нарықта қолдануға болады. Әр кәсіпорын бәсекелестің өз бағасын өзгерту себебін тыңғылықты талдау қажет және сәйкес жауап беру керек. Мысалы, бәсекелес бағаны азайтқанда, оның себебін, жасау мерзімін және нарыққа ықпалын қарастыру қажет.
2. Баға саясаты және тауардың өмірлік циклы арасындағы байланыс
Тауардың әртүрлі өмірлік циклының кезеңдерінде әртүрлі баға саясаты қолданылу мүмкін.
1) Эксперимент фазасындағы баға саясаты. Жаңа өнімге баға деңгейін анықтағанда шекті шығындардың тұрақтылығын атап өту қажет, яғни өндірістің кеңеюіне ешқандай кедергі болмаса, шекті шығындар да өспейді (берілген фаза шектерінде). Кәсіпкер үшін негізгі мәселе - жаңа тауарға жаңа сұранысты туындату, яғни тұтынушылардың жаңа тауарға сенімін жасау үшін қосымша шығын болуы мүмкін. Тауарға сұраныс өскен сайын олар да кеми бастайды. Бастапқы баға неғұрлым жоғары болған сайын сұранысты туындатуға кеткен шығындар да (шекті шығындар) өседі, яғни бұл жерде сұраныс жасауға кеткен шекті шығындар өнім бағасының функциясына айналады. Кәсіпкердің басты міндеті тауардың бағасын анықтағанда ол түсіретін табыс мөлшері мен сұранысты жасауға кеткен шығындар арасындағы айырманы максимальды етіп жасау. Егер сұраныс жасауға кеткен шығындар табыстан жоғары болса, онда керісінше ең аз айырма беретін (яғни минимальды шығын әкелетін) баға деңгейін қою қажет.
2) Экспансия фазасындағы баға саясаты. Бұл кезеңде сұраныс дамуы жаңа тұтынушыларды келтірумен байланысты болады. Экспансия фазасы басқа сөзбен айтқанда потенциальды сұранысты іске қосу процесін аңғартады (тұтынушылардың берілген тауарды сатып алу қабілетіне қарай). Баға деңгейін осы фазада өсірген сайын бұл фазаның уақыты төмендейді, және керісінше бағаны төмендету арқылы бұл фазаны ұзартып, көбірек тұтынушыларды келтіруге болады. Жалпы алғанда сұраныстың өсуі баға деңгейінен дербес автономды процесс ретінде қарастырылады, яғни кейде сұраныс аномалиясы деген құбылыс болуы мүмкін (баға өскенде сұраныс өсе беруі мүмкін (бірақ жаңа нарықтарда)). Бұл фазада кәсіпкер жаңа нарықтарды іздеп, өз тауарының сапасын көтеруге, жаңа түрлерін шығаруға көп көңіл бөлу қажет. Берілген фазада өндірісті тиімді жасау және шығындарды азайту мерзімі ретінде де қарастыруға болады (өндірістік қуат өседі, жаппай өндіріс артықшылықтары іске асады). Нәтижесінде баға деңгейі бұл фазада азаюы мүмкін. Егер эксперимент жасау фазасында негізгі міндет жаңа сұраныс жасау болса, экспансия фазасында даму бағытын анықтау мәселесін шешу қажет, яғни сұранысты өсіру, өнімнің сапасын көтеру, шығындарды азайту. Өндірісті кеңейту қосымша күрделі шығындарды талап етеді, яғни бұл кезеңде үздіксіз инвестициялық саясатты жүргізу қажеттігі туындайды. Ол үшін кәсіпкер өз мүмкіндіктерін және сұраныстың өсу потенциалын дұрыс бағалау қажет. Бұл кезеңдегі негізгі қиындық, кәсіпкерде берілген тауар және оған арналған сұраныс дамуы жайында өткендегі мәлімет жоқ, яғни тәжірибе жоқ болуында айқындалады. Кәсіпкер негізінен өзінің субъективті көзқарасына, интуициясына негізделеді. Кәсіпкер тек баға икемділігін ғана емес, сондай-ақ, дербес дамитын сұранысты дұрыс бағалау қажет, оларды ол бір-бірімен кейде шатыстыруы мүмкін. Шығындар саясаты бойынша нарықта ең тиімді орынды, шекті шығындары ең төмен өндіруші алатынын атап өту қажет, яғни ол басқаларға баға деңгейін белгілей алады. Экспансия фазасында шығындар деңгейі өте өзгермелі болғандықтан бұл фазадаға баға бәсекелесі өте қатал және шиеленіскен болады (сапа бойынша да тура осылай).
3) Қанығу фазасы. Бұл фазаға ауысу процесі көбінесе көрінбей өтеді. Өндіріс кеңеюі аяқталмайды, бірақ қарқыны әлдеқайда төмен. Бұл фазада барлық өткізу нарықтары тауармен толтырылады. Жаңа тұтынушыларды келтіру өте қиын, яғни сұраныс жасауға кеткен шекті шығындар өсе бастайды. Бұл кезеңде баға икемділігі алдыңғы фазаларға қарағанда төмендеу болады. Шығындар деңгейін төмендету мәселесі де бұрынғыдай жеңіл шешілмейді, яғни шығындар өзінің тиімді көлеміне жақын болады. Сапаны өсіру мүмкіндіктері де төмендейді. Сонымен, қанығу фазасы динамикасы ең аз және баға теориясында қарастырылатын ең жетілген нарық құрылымына сай келеді. Бұл жағдайда нарықтық процестер стандартты экономикалық теориямен толық қарастырылған. Баға бәсекесі бұл фазада төмендейді. Бұл кезеңде өнімнің өзін дифференцияциялау мерзімі пайда болады, яғни берілген, қалыптасқан қажеттілікті қанағаттандыру деңгейін жақсарту. Нәтижесінде кәсіпкер жаңа нарықты ашып, ескі тауарға бәсекелес тауар жасайды. Кәсіпкердің басты міндеті келесі, жаңа тауарды шығарудан түсетін табыс мөлшері, ескі тауарға сұраныс азаюынан болатын пайда жоғалтуларынан артық болуын қамтамасыз ету. Бұл фазада бағалардың бір - біріне сәйкестігі өте маңызды орын алады.
4) Стагнация, түсу фазасы. Бұл фазада берілген тауар нарығының дамуы жалпы экономикалық дамудан төмен бола бастайды. Баға икемділігі күрт төмендейді және бұл процесс дербес, сатушылардың бағаны өзгертуіне тәуелсіз өтеді. Көбінесе, тұтынушылар табыстарының деңгейі өскен сайын тауар бағасы да өсе бастайды. Оған себеп ретінде кәсіпорынның шекті шығындарының өсуін де атауға болады. Стагнация фазасы біртіндеп өндірістің төмендеуі фазасына ауыса бастайды, жаңа тауарлар нарықтарына жол беріледі. Жаңа бәсекелес тауардың пайда болуы ескі тауардың нарығына сәйкес әсер береді (жаңа тауардың баға деңгейіне байланысты). Көбінесе, берілген фазада бағалардың сәйкестігінен бағалар дербестігі жоғарырақ болады, яғни тәжірибе бойынша анықталған тұрақты ара-қатыстар сақталынады.

3. Баға саясатының стратегиялық және тактикалық ерекшеліктері
Баға саясатының стратегиялық және тактикалық аспектілері Баға саясаты деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік бизнестің бухгалтерлік есебі
Бизнес-жоспар жасау. Бизнесжоспарлаудың мәні мен мақсаты
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛАРЫ
Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне теориялық көзқарастар
Қаржы саясаты жайлы
Экономика пәнінен дәрістер
Нарық қатынастарының теориялық аспектілері
Қазақстанның халықаралық деңгейдегі қадамдарын талдау
Нарықты экономиканың қажеттілігі, мәні және қазақстандағы оған өту жолдары
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жайлы ақпарат
Пәндер