Ішкі энергия туралы



1. Ішкі энергия.
2. Идеал газдың ішкі энергиясы.
3. Газдардың ішкі энергиясының өзгеруі.
4. Қортынды.
5. Пайдаланған әдебиеттер.
Iшкi энергия туралы түсiнiк. Макроденелердің механикалық энергиямен қатар, өздерiнiң iштерiне тұйықталған энергияға ие. Ол – iшкi энергия. Ол барлық энергетикалық түрленулердiң балансына кiредi. Механикалық жұмыс жасамай-ақ денелердi қыздырғанда, олардың iшкi энергиясы ұлғаяды. Ішкі энергияның механикалық энергияға айналуының кері процесі болатыны сөзсiз. Молекулалық-кинетикалық теория көзқарасынан макроскопиялық дененiң iшкi энергиясы барлық молекулалардың ретсiз қозғалыстарының кинетикалық энергиялары мен олардың бiр – бiрiмен өзара әсерiнiң потенциалдық энергияларының қосындысынатең.
U = 3mRT/2M.
Бiр атомды идеал газдың iшкi энергиясы, молекулаларының өзара әсерлесуiнiң потенциалдық энергиясы нөлге тең болғандықтан, көлемге (қысымға) байланысты емес. Тек газ температурасының өзгеруiнiң есебiнен ғана газдың энергиясы өзгередi. Нақты газдар және сұйықтар үшiн молекулалардың орташа потенциалдық энергиясы нөлден өзгеше. Газдарда ол кинетикалық энергиямен салыстырғанда өте аз, ал сұйықтар мен қатты денелер үшiн кинетикалық энергиямен шамалас болып келедi. Демек, жалпы жағдайда, iшкi энергия потенциалдық энергия сияқты қозғалмалы ортаның көлемiне, температурасына тәуелдi болады.
Ішкі энергия– дененің (жүйенің) тек ішкі күйіне байланысты энергия. Ішкі энергияға дененің барлық микробөлшектерінің (молекулалардың, атомдардың, иондардың, т.б.) ретсіз (хаосты) қозғалыстарының энергиясы, микробөлшектердің өзара әсерлесу энергиясы, атомдар мен молекулалардың ішкі энергиясы, т.б. жатады. Ішкі энергия ұғымын 1851 жылы У.Томсон енгізген.Дененің бір күйден екінші күйге ауысу барысындағы Ішкі энергиясының өзгерісі (ΔU) мынаған тең: ΔU=ΔQ–A, мұндағы Q – жүйенің қоршаған ортамен алмасқан жылу мөлшері А – істелген жұмыс. Бұл теңдеу жылу алмасу процесі басты рөл атқаратын жүйелердегі энергияның сақталу және айналу заңын (термодинамиканың бірінші бастамасын) өрнектейді. Энергияның сақталу заңына сәйкес Ішкі энергия физикалық жүйе күйінің, яғни осы күйді анықтайтын тәуелсіз айнымалылардың (мысалы, температура, көлем не қысым), бір мәнді функциясы болады.
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
Физика және астрономия" Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық Р.Башарұлы; У.Тоқбергенова; Д.Қазақбаева. Алматы "Атамұра" 2012ж.
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы Бас редакциясы, 1998 ISBIN 5-89800-123-9, X том;

Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Инженер-техналогиялық факультет

СРО
Тақырыбы: Ішкі энергия

Орындаған: Румиев А.Т ТЭ-417
Тексерген: Шалаганова А.Н

Семей қаласы 2015 жыл

Жоспары:
1. Ішкі энергия.
2. Идеал газдың ішкі энергиясы.
3. Газдардың ішкі энергиясының өзгеруі.
4. Қортынды.
5. Пайдаланған әдебиеттер.

Iшкi энергия.
Iшкi энергия туралы түсiнiк. Макроденелердің механикалық энергиямен қатар, өздерiнiң iштерiне тұйықталған энергияға ие. Ол - iшкi энергия. Ол барлық энергетикалық түрленулердiң балансына кiредi. Механикалық жұмыс жасамай-ақ денелердi қыздырғанда, олардың iшкi энергиясы ұлғаяды. Ішкі энергияның механикалық энергияға айналуының кері процесі болатыны сөзсiз. Молекулалық-кинетикалық теория көзқарасынан макроскопиялық дененiң iшкi энергиясы барлық молекулалардың ретсiз қозғалыстарының кинетикалық энергиялары мен олардың бiр - бiрiмен өзара әсерiнiң потенциалдық энергияларының қосындысынатең.
U = 3mRT2M.
Бiр атомды идеал газдың iшкi энергиясы, молекулаларының өзара әсерлесуiнiң потенциалдық энергиясы нөлге тең болғандықтан, көлемге (қысымға) байланысты емес. Тек газ температурасының өзгеруiнiң есебiнен ғана газдың энергиясы өзгередi. Нақты газдар және сұйықтар үшiн молекулалардың орташа потенциалдық энергиясы нөлден өзгеше. Газдарда ол кинетикалық энергиямен салыстырғанда өте аз, ал сұйықтар мен қатты денелер үшiн кинетикалық энергиямен шамалас болып келедi. Демек, жалпы жағдайда, iшкi энергия потенциалдық энергия сияқты қозғалмалы ортаның көлемiне, температурасына тәуелдi болады.
Ішкі энергия - дененің (жүйенің) тек ішкі күйіне байланысты энергия. Ішкі энергияға дененің барлық микробөлшектерінің (молекулалардың, атомдардың, иондардың, т.б.) ретсіз (хаосты) қозғалыстарының энергиясы, микробөлшектердің өзара әсерлесу энергиясы, атомдар мен молекулалардың ішкі энергиясы, т.б. жатады. Ішкі энергия ұғымын 1851 жылы У.Томсон енгізген. Дененің бір күйден екінші күйге ауысу барысындағы Ішкі энергиясының өзгерісі (ΔU) мынаған тең: ΔU=ΔQ - A, мұндағы Q - жүйенің қоршаған ортамен алмасқан жылу мөлшері А - істелген жұмыс. Бұл теңдеу жылу алмасу процесі басты рөл атқаратын жүйелердегі энергияның сақталу және айналу заңын (термодинамиканың бірінші бастамасын) өрнектейді. Энергияның сақталу заңына сәйкес Ішкі энергия физикалық жүйе күйінің, яғни осы күйді анықтайтын тәуелсіз айнымалылардың (мысалы, температура, көлем не қысым), бір мәнді функциясы болады. Q және шамаларының әрқайсысы жүйені Ішкі энергиясы U1-ге тең күйден U2-ге тең күйге ауыстыратын процестің сипатына тәуелді болады, ал ΔU=U2 - U1.Жүйе бастапқы күйіне қайтып келетін (U2-U1) кез келген тұйық процесс үшін Ішкі энергияның өзгерісі (ΔU) нөлге тең және Q=A (қ. Дөнгелек процесс). Адиабаттық процесте (қоршаған ортамен жылу алмасу болмаған, яғни Q=0 жағдайда) жүйенің Ішкі энергияның өзгерісі жүйенің істеген жұмысына не жүйеге жасалған жұмысқа тең. Газдардың кинетикалық теориясы бойынша Молекула - кинетикалық теория тұрғысынан алғанда ішкі энергия денені құрайтын бөлшектердің өздік әсерлесуінің потенциалдық энергиясының және олардың бейберекет жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясының қосындысынан тұрады.
Идеал газдардың iшiнде өзiнiң физикалық қасиеттерi бойынша қарапайым болып табылатын газ - бiр атомды газ (гелий, неон, аргон және т.б.).Егер молекулалардың әсерлесуінің потенциалдық энергиясы нөлге тең болса, идеал газдың ішкі энергиясы оның барлық молекулаларының жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясының қосындысына тең:
идеал газдар Ішкі энергиясының өзгеруі нәтижесінде, температураға байланысты молекулалардың кинетикалық энергиясы өзгереді. Сондықтан идеал газдың (немесе қасиеттері сол идеал газға жуық газдардың) Ішкі энергиясының өзгерісі тек оның температурасының өзгерісімен анықталады (Джоуль заңы). Бөлшектері өзара әсерлесетін физикалық жүйелерде (реал газдарда, сұйықтықтарда, қатты денелерде) молекулааралық және молекула ішіндегі өзара әсер энергиялары да Ішкі энергияға жатады. Мұндай жүйелерде Ішкі энергия температурамен қатар қысым мен көлемге де тәуелді болады. Абс. нөлге жуық ( - 273,16°С) төмен температуралар аймағында конденсацияланған жүйелер (сұйық және қатты дене) Ішкі энергиясының температураға тәуелділігі жойылып, ол белгілі бір тұрақты мәнге (U0) - "нөлдік энергия" дейтін мәнге ұмтылады (термодинамиканың үшінші бастамасы). Ішкі энергия негізгі термодинамиқалық потенциалдардың бірі болып есептеледі. Көп атомды газдың ішкі энергиясы[өңдеу]Көп атомды газдың ішкі энергиясы дегеніміз - серпімдішариктер деп қарастыруға болатын молекулалардың ілгерілемелі қозғалыстың орташа кинетикалық энергиясы. Егер екі атомды газды алсақ, онда бізге атомдармен емес, молекулалармен жұмыс істеуге тура келеді, ал олар түрлене де алады.
Сондықтан, екі атомды идеал газдың ішкі энергиясы молекулалардың ілгерлемелі қозғалысының кинетикалық энергиясы мен айналмалы қозғалысының кинетикалық энергиясының қосындысына тең. Қаралып отырған процесстің қиындауынан ішкі энергияның кеңею құбылысы жүреді. Сонымен, газды ағынның өту кезіндегі зерттеуде, химиялық процесстермен, диссоциациямен, ионизациямен немесе ядролық реакциямен еріп жүретін, ішкі энергияны анықтауға арналған формулаларға, қосымша анықтаушы көрсеткіштер енгізіледі. Құбылыс саласындағы техникалық жылудинамикасының зерттеуінде, ішкі энергияны молекулярлы көзқараспен, кинетикалық және потенциалды энергияның қосындысы ретінде қарастырады, дененің молекулаларының өзара әрекеттігі мен қалай болса солай қозғалысы себепші болады. Газ энергиясының басқа түріне ие болуын есепке алмайды, себебі, қаралып отырған техникалық жылудинамикасындағы температураның, газ жағдайындағы өзгеру эсерін ескермейді.
Бiрақ, газ жұмысы бұрынғысынша сандық түрде бастапқы және соңғы күйлердегi p1 және p2 қысымдарына тең AV1 және AV2 кесiндiлерiмен және P-ның - Vға байланысты графигiмен шектелген фигураның ауданына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектептегі физика курсында "жұмыс" және "энергия"ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі
Көп атомды газдың ішкі энергиясы
Физика курсындағы Жұмыс, қуат және энергия тарауын оқыту әдістемесі
Энергия тарауының есептерін шығаруды оқыту
Электр энергиясының түрлену және тұтыну процесі
Орта мектепте физика курсында энергияның сақталу заңдарын оқыту
Термодинамика. Термодинамиканың бірінші заңы табиғаттың жалпы заңдарының бірі
Кәсіпорынның энергетикалық балансына шығындарды жіктеу
Күн энергиясын тұрмыста қолдану
Химиялық реакциялардың энергетикасы
Пәндер