Сауу қоңдырғыларының дезинфекциясы. Сою пунктіндегі дезинфекция


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

МӨЖ 5-6

Тақырыбы: Сауу қоңдырғыларының дезинфекциясы. Сою пунктіндегі дезинфекция

Орындаған : Таукебаева Н. Б

Топ: МВС-401

Тексерген: Байғазанов А. Н

СЕМЕЙ - 2015

Қазақстан Республикасының егеменді ел болу кезіндегі, әлеуметтік-экономикалық реформаны дамутыда ветеринарияның маңызы зор.

Ветеринарияның міндеті мал шаруашылығының ветеринарлық тазалығын сақтау, адамдардың денсаулығын мал мен адамға ортақ аурулардан қорғау, жоғары сапалы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және территорияны малдардың аса қауіпті ауруларының енуінен қорғау болып табылады.

Сондай-ақ қазіргі таңда еліміз БСҰ-на кіруді жоспарлап отырғанда ауылшарушылық өнімнің - әлемдік сауда бәсекелестікке және жоғары сұранысқа ие болу керек.

Мал шаруашылығын жедел өрге батыру негізінде елімізді сүт, май мөлшерін жасау, халқымыздың өскелең талабы мен талғамын мейлінше толық өтеп жеңіл өнеркәсіпті малдан алынатын шикізатпен қамтамасыз ету күн тәртібінен түспейтін қиын мәселелердің бірі болып табылады. Осы тарпта малшылар бұқарасымен мал мамандарының, мал дәрігерлік ғылым мен практиканың, шаруашылық құрлымын басшыларының алдында үлкен бөгет, зор кедергі тұр. Ол мал аурулары, шынымен шаруашылықтың дағдылы шырқын бұзатын мал шаруашылығында орын толмас экономикалық зиян келтіретін қаншама індет, қаншама мерезді инвазия бар десеңізші.

Мал өнімдерін дайындау кезеңінде, оларды өңдегенде, тасымалдағанда, сақтағанда, сондай-ақ тамақ кәсіпорындарында тағамдар мен жартылай фабрикаттар (бифштекс, котлет, тұшпара т. б. ) дайындағанда және колхоз базарларында сатылғанда тиісті ережеге сай май дәрігерлік санитарлық сараптау жүргізіледі. Дұрыс ұйымдастырылған және мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттардың талаптарына сай жүргізілген жұмыстар санитарлық-тазалық сапасы жоғары, тағамдық қасиеті мол, адамның денсаулығына ешқандай нұсқан келтірмейтін тағамдық өнімдерді дайынауды қамтамасыз етеді.

Болашақта біз бүкіл әлемдік сауда ұйымына қатысуды көздеп отырмыз, осыған орай алдымыздағы тұрған үлкен мақсаттардың бірі ол - елеміздегі экспортқа шығаратын өнімдеріміздің сапасын арттыру, сонымен қатар оларды неғұрлым өтімді тауарға айналдыруға өз үлесімізді қосамыз.

Республикада Президенттің жарлығымен 2003-2005 жылдар «Ауыл жылдары» болып жарияланды.

Еліміздегі азық түлік қауіпсіздігі ең алдымен халықты әр түрлі азық түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған, ауыл шаруашылық саласын қолдауға байланысты.

Үкімет ұсынған ауылды қайтадан жандандыру бағдарламасы барлық жерде жаппай өз жемісін бере бастады. Осы жағдайда құс шаруашылығы саласы қайтадан жандандырып, оны одан әрі өркендетудің маңызы зор.

Сүт ыдыстары мен жабдықтарына қойылатып талаптар, жуу және дезинфекциялау

Сүт ыдыстары мен жабдықтарына, сауу аппратына қойылатып талалтар, жуу және дезинфекциялау. Сапалы сүт дайындауда сүт ыдыстары мен жабдықтарына қоса сауу аппаратының тазалыгы шешуші орын алады. Сөйтіп, сауу машиналарын және оның жабдықтарын да жұмыс аяғында жуып, оқтын-оқтын дезинфекциялау керек. Сүт таза болса одан алынатын май да таза болатынын ұмытпау керек

Сүт жабдыктарын шаюға, сондай-ақ жуатын немесе дезинфекциялайтын суға қойылатын талап, ауыз суға мемлекеттік стандарт қоятын талаппен бірдей.

Кальций содасы - ақ түсті ұсақ кристаллы ұнтақ, суда жақсы ериді. Оның 2-5%-тік ыстық ерітіндісімен сүттің майы мен белогын жақсы жууға болады. Оның ыстығы 30-40°С-қа дейін төмендеп кетсе, оның жуу қабілеті де нашарлайды. Сондықтан да сауу машинасын және сүт ыдыстарын жуу үшін оның 0, 5%-тік ыстық (50-60°С) ерітіндісін пайдаланады.

Силикаттар. Сауу жабдықтарын жууға натрий силикаты мен метасиликатын қолданады. Демек, металдардың мұжылмауы үшін силикатты жуу ұнтағына қосады. Силикатты сауу жабдықтарын жуу үшін дербес пайдалануға да болады. Силикаттың жуу қасиетімен қатар дезинфекциялық касиеті бар. Онымен дәріленген ыдыс үстінде ешқандай дақ қалмайды. Силикатты кальцийленген содаға қосып пайдаланғанда алюминий онша көп мұжылмайды.

"Прогресс" - кара-сары түсті, өзіне тән жеңіл ғана иісі бар, су ішінде жақсы ериді, бірақ та көптеген көбік пайда болады. Caуу аппараттарын жуу үшін оның 0, 05-0, 1%-тік ерітіндісін пайдаланада. Оның 0, 1%-тік ерітіндісі алюминийді мұжымайды, қолдын терісін тітіркендірмейді. Сауу аппаратын дәрілеп болғаннан кейін, сумен шайқагак оньщ қалған қалдығы сүт ішіне түскенмен, ол, сүттің қасиетіне ешқандай әсер етпейді. Ондай сүт зиянсыз.

Жуу қоспалары - А, Б және В ұнтақтары сауу машиналары мен қондырғыларын және сауу жабдықтарын жуып, тазалау үшін кеңінен қолданылып келеді. Сүттің тазалығы - сапалы май және басқа да тағамдарын алуда шешуші орын алады.

Дезинфекция жасауға 2-3% хлорлы өктің мөлдір ерітінділері пайдаланылады. Осындай 2% хлоры бар ерітіндіні даярлау үшін 98 л суға 25% хлоры бар 8 кг әк қосады, ерітіндіні ағаш кеспекте даярлап, ол тұнғаннан кейін бетіндегі мөлдір ерітіндіні қалқып құйып алып, оның 100-120 мл 10 л су қосып, сонымен сауу жабдықтарына дезинфекция жасайды. Ерітіндіні салқын түрінде пайдаланады. Хлорлы әкке күкірт пен тұз қышқылдарын қосса, оның бактериоцидтік әсері едәуір артады. Хлорлы әктің ерітіндісімен аппаратты дәрілеудің алдында сауу жабдықтарын жақсылап жуады.

Кальций гипохлориті - суда оңай еритін сусымалы ақ ұнтақ. Оның құрамында 47-52% аквтік хлоры бар. Сондықтан ол дезинфекция жасауға хлордан гөрі пайдалы. Сақтауға өте төзімді келеді, ал заводтан темір бидонның ішінде сақталған түрінде 5 жылға дейін күшін жоймайды. Осы мерзімнің ішінде оның активтік хлорының мөлшері 8% кемиді.

Хлорамин Б - аздаған хлор иісі бар ақ немесе сарғыпггау келген уақ ұнтақ, суға ериді, ыстық суға (50-60"С) тіпті жақсы ериді. Құрамында 27-29% хлоры бар. Хлораминнің жақсылығы - оның 0, 5% ерітіндісі металл, былғары, резина және маталарға зияны болмайды. Сырланған немесе боялған нәрселерді бүлдірмейді. Кісіге зәрі хлордан аздау болады.

Кышқылдар - сауу аппаратында тас болып қатып қалған сүт қалдықтарын кетіруге пайдаланылады. Сауу жабдыктарын жуатын ерітіндісінің сілтісі, судың тұзы және сауу аппаратына жабысқан сүт қалдығы, барлығы қосылып тастай болып қатып қалады, оны "сүт тасы" деп атайды.

Сою пунктіндегі дезинфекция

Мал ұстайтын загонды және азық салатын науаларды профилактикалық мақсатпен айына 1рет дезинфекция жүргізіледі. Дезинфекция үшін 2% активті хлоры бар хлорлы әк ерітіндісі, 2% күйдіргіш натрий және калий ерітіндісі, 20% жаңа сөндірілген әк және 2% формальдегид қолданылады.

Сойып-бөлшектеу цехында профилактикалық дезинфекцияны күнделікті жүргізеді. Дезинфекция алдында ғимаратты еттен, ұшадан және басқа да сойыс өнімдерінен босатады, инвентарды бөлек жерге апарып қояды.

Ең бірінші қабырға мен еденді сумен не әлсіз дезинфекциялық ерітінділермен суландырады, содан кейін ғана щеткамен ластанған жерлердегі кірлерді кетіреді. Ғимаратты толық механикалық тазалаудан өткізгеннен кейін 0, 4% гипохлорит натрий ерітіндісімен, 0, 1% хлорамин ерітіндісімен өңдейді. 30 минут 1 сағат кейін ғимарат пен құрал-жабдықтарды таза сумен жудық.

Ішек-қарын цехын күнделікті жұмыс аяқталғаннан кейін қалған шикізаттардан және де басқа ластанған заттардан тазартып, 1-2 % кальцийленген сода ертіндісімен, 0, 1-0, 2 % күйдіргіш натрий, калий ертінідісімен, аптасына бір рет хлорлы әкпен дезинфекциялайды.

Шұжық цехында дезинфекция жасамастан бұрын ғимаратты және құрал-жабдықтарды тазалап және 1% кальцийленген сода мен 0, 2% каустикалық сода мен залалсыздандырады.

Жұмыс орнын механикалық тазалаудан және залалсыздандырғаннан кейін 0, 2% активті хлоры бар хлорлы әкпен, 0, 2 % хлорамин ертіндісімен, 0, 5% сутегі асқын тотығымен дезинфекциялайды.

Еден мен қабырғаларды күнделікті ыстық сумен және аптасына бір ретзалалсыздандырады.

ОПВК зертханасында дезинфекциялық жұмыстар жүргізбестен бұрын механикалық тазалау жүргізеді. Жұмыс үстелдерін, құрал-жабдықтарды 40% формальдегид ерітіндісімен, қорғаушы киімдер, маска, перчатка, аяқ киімдерді 3% сутегі асқын тотығымен залалсыздандырады. Зертханалық ыдыстарды автоклавтайды. Жуғыш материалдарды 2% сода ертіндісімен 30 минут қайнатады. Союға қолданылған инструменттерді автоклавтап, 5% лизол ертіндісімен 120 минут 2% сода ертіндісімен 30 минут залалсыздандырады.

Бағасыз қалдықтарды пайдаға асыру

Малды алғаш өңдегенде әртүрлі қалдықтар алынады, оларды техникалық пайда асыруға жібереді. Ет өндіріс қалдықтарын екі топқа жіктейді.

Бірінші топқа конфискатты, яғни малдәрігерлік қадағалау негізінде тамақтыққа түгелдей жарамсыз деп табылған қалдықтар жатады.

Жұқпалы аурулармен (маңқа, топалаң, құтырық және т. б. ) ауырған малдардан алынған, тек қана терісімен бірге жоюға бөлінген өлекселер, ұшалар, ұша бөлшектері және ағзалар - мал азықтары ретінде өңдеп пайдалануға рұқсат берілмейді, ветеринарлық қатты қадағалау жасап және ерекше тәртіппен жояды, өртейді, мал қорымына (скотомогильник) көміп тастайды.

Екінші топқа, әдетте тамақтық, немесе әдейіленген техникалық өнім алуға пайдаланылмайтын шикізаттар (эмбрион жыныс ағзалары, ұшаны тазалағанда алынған, ұлпаларында және ағзаларында патологиялық өзгерістер бар кесінді еттер, қан, ішек және асқазан бөлшектері, өңеш, жұмыршақ, сүйектер, кілегейлі қабық және т. б. ) кіреді. Ветеринарлық-санитарлық қадағалау қызметінің рұқсаты болған жағдайда, бұл топтың қалдықтары мал тектес азықтық май алуға пайдаланылуы мүмкін. Мұндай шикізат барынша таза болуы, құрамында еркінше бөлініп шығатын су, қоқым-соқым және металды қоспалар болмауы қажет. Барлық шикізаттарды майқұрамды (шұжық, ет кесіндісі және т. б. ) және майсыз (бауыр, өкпе, қара бауыр, эмбрион және т. б. ) деп сорттайды да, ұсақтайды және жуады. Тамақтыққа жарамайтын қалдықтардан қан, ет және ет-сүйек ұндарын, техникалық май және пісірілген азықтар жасайды.

Құрғақ және пісірілген жануар тектес азықтар құнарлы ақуызтардың, макро-микроэлементтердің, одан басқа әртүрлі дәрумендердің қайнар көзі болып есептелінеді. Мұндай азықтардың ағзада қорытылып, сіңуі 97% -ға дейін барады. Жануар тектес құрғақ азықтар сақтағанда және тасымалдағанда өте жағдайлы. Техникалық майды құрамында май мол шикізаттардан алады. Ол сабын шығару өндірісінде, майлау заттарының құрамына енгізіліп пайда- ланылады, кейде құс және шошқа құрама жемдеріне қосады.

Конфискатты шикізаттардан және жұқпалы ауру емес мал өлекселерінен мал азығын алу үшін, құрғақ, ия болмаса ылғалды әдістерді қолданып ашық қазанда, немесе автолавкада пісіріп залалсыздандырады. Құрғақ әдісте шикізаттың құрамындағы ылғал, пісіру барысында ауаға ұшып кетеді, болмаса ваккум көмегімен шығарылады. Бұл ет қалдықтарының бағалы бөлшектерін шығынға ұшыратпай, азық дайындауға көмегін тигізеді. Пісірілгеннен кейінгі алынған массаны ұсақтайды, кептіреді де ет - сүйек ұнына айналдырады. Бұл әдіс күрделі және үлкен жабдықтарды қажет ету себептерден, тек қана ет өндірістер жағдайында пайдаланылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ветеринариялық-санитариялық гигиена
Жануарлардың өлексесін зарарсыздандыру
Ет консервілерін дайындау технологиясы және ветеринарлық санитарлық сараптамасы
Сүт өңдеу комбинатындағы дезинфекция шаралары
Дезинфекциялық дәрілік заттар
Жануарларға ауа температурасының әсері
ГОСТ және ОСТ,олардың су,ауа,топырақ,сүт,ет және мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі
Сүйелді дерматитпен күресу шаралары
Паратуберкулез
Мал шаруашылығы жұмысшыларының жеке гигиенасы және еңбек гигиенасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz