Қазақстан биоресурстары


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ОӨЖ
Такырыбы: Қазақстан биоресурстары.
Орындаған: Есркенова А. Б
Тобы: Бл-209
Тексерген: Жилкыбаева С. Д
«Семей-2015»
Жоспар:
1. Кіріспе
1. 1 Қазақстан биоресурстар пәні және маңызы.
2. Негізгі бөлім
2. 1 Қазақстан биоресурстары туралы түсінік.
2. 2 Ормандарды пайдалану.
3. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиетер.
1. 1 Пәннің қысқаша мазмұны: Қазақстан жер көлемі, табиғаты көлемі кеңдігімен дүние жүзіндегі мемлекеттердің ішінде алдыңғы орында тұрады, соның үшін Қазақстан биоресурстары мен ерекшеленеді. Қазіргі таңда табиғаттағы биоресурстарды есепке алу, одан тиімді пайдаланып, Қазақстан республикасының міндетті жұмыстарының бірі есептелінеді. Пәннің мақсаты республиканың биоресурстарын зерттеу, олардан тиімді пайдалану, қорғау жұмыстарын атқара отырып оқушыларға биоресурстар жөнінде терең білім беру.
Пәннің оқыту мақсаты: Қазақстан өсімдіктері және жануарлары ресурстарының алуан түрлілігімен, пайдалы өсімдіктер және жануарлардың жеке топтарын және түрлерін зерттеу тарихының кезеңдерімен, сонымен қатар шикізат алу тәсілдерімен және оларды қолдану жолдарымен танысу.
Пәнді оқытудың басты міндеттері:
- Пәнді игеру барысында ресми белгілі биоресурстарды және олардан алынған өнімдерді практика жүзінде пайдалануды;
- Өсімдіктер мен жануарлар ресурстарын тиімді пайдалануды және қорғауды;
- Шаруашылықта пайдалы өсімдіктердің және жануарлардың алуан түрлілігін, олардың экологиясын, таралуын, ресурстарын зерттеу тәсілдерін меңгерту.
2. 1 Адамзаттың әлеуметтік- эканомикалық прогрестің шыңдарына шығуы оның табиғаттың әр түрлі сыйлықтарын - табиғи ( немесе жаратылыстық) ресустарды пайдалануымен барынша тығыз байланысты. Адамның табиғи ресустардың әр түрін қажетсінуі біркелкі емес. Мысалы, табиғаттың баға жетпес сыйлығы - оттегінсіз адам бірнеше минут те тіршілік ете алмайды, ал ядролық отын уран мен плутонийсіз мыңдаған жыл өмір сүрді. Табиғи ресустарды игеруге жұмсалатын шығын да әр түрлі. Кейде бұл шығындар болмашы, алайда көбіне табиғи ресустарды игеру көп күрделі қаржыны керек қылады: әсіресе қымбат тұратын техника мен технологияны қолдану, кен орындарын өндіру кезінде көп қаражат жұмсалады. Барланып, өндірілген көптеген табиғи ресустар материалдық өндірістің алуан түрлі салалары үшін шикізат болып табылады. Өз кезегінде қоғамдық өндіріске тартылып, онда сан мәрте түрленіп өзгерген шикізат материалдары эканомикалық ресустарға айналады. Осылайша, табиғат элементтері оларға еңбек сіңуі нәтижесінде еңбек құралдары, ғимараттар, материалдық игіліктер болып шығады. Қазіргі заманғы әлемдік өнеркәсіп орасан көп мөлшерде шикізат қолданады. Оның құны ( отын мен электр энергиясының құнын қосқанда) өнеркәсіп өнімін өндіруге жұмсалған жинақтама шығында шамамен 75% болады. Осындай жағдай шикізаттың негізгі түрлерімен қамтамасыз ету мәселесінде көп елдердің алдына өте шұғыл проблемалар қояды. Көптеген табиғи ресустар (ең алдымен мұнай, газ, көмір) біртіндеп азайып келеді. Бұл, әрине, көңіл көншітпейді. Алайда, біріншіден, олар әлі толық сарқылмағаны былай тұрсын, әлі толық ашылған деуге де әсте келмейді. Екіншіден, өндіріліп жатқан табиғи ресустар толық пайдаланылмауда. Үшіншіден, таяудағы он жыл ішінде ресустар саласында болатын ашылыстарды болжап айту қиын. өйткені «алдынғы күні» біз электр туралы ештеңе білмейтінбіз, «күні кеше» атом ядросында орасан зор энергия қорын өндіруге болатынын білмейтін едік. әлі анық түсінбейтін күштердің «қоршауында» тұрғанымыз күмәнсыз. Бар керегі - адамзат қоғамының ақыл-ой және өндірістік қарекеті Жер шарының барлық адамдарының пайдасына қызмет етуі тиіс, табиғатты көріктендіріп отыруы, өзінен кейін құлазыған өңірді ғана қалдырып кетпей, табиғаттың өз қарымын неғұрлым түгел ашуына көмектесуі тиіс. «Табиғи ресустар» деген терминмен қатар «табиғи жағдайлар» деген неғұрлым кең ұғым жиі қолданылатын болды. Бір ұғымды екіншісінен саралайтын шек кейде өте шартты болып шығады. Мысалы, желді табиғаттың компоненты деп қарауға болады, бірақ осымен бірге ол маңызды ресурс та, ең алдымен энергия алынатын ресурс. Табиғи жағдайлар планетамыздағы табиғи ортаның бүкіл сан алуан бейнесін көрсетеді және адамзаттың тарихымен, оның қоныстануымен тығыз байланысты. Олар адамдардың өміріне әрқашан ықпалды болды, ал адамдар табиғи ортаға әсер етті. Осылайша, адам табиғат байлықтарын пайдаланбайынша тіршілік ете алмайды және осы мағынада табиғатқа тәуелді. Бірақ осымен қатар адам табиғатқа белсенді ықпал ете алады. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасының мәнісі осы. Ресустардың орналасуы және әр түрлі елдердің олармен қамтамасыз етілуі. Географияның мұның алдындағы курстарынан сендер табиғи ресустардың минерал, жер, су, өсімдік ресустары түрінде болатынын білесіндер. Мұның өзі оларды табиғат құбылыстарының қай тобына жататынына қарай топтастырудың бір түрі. Бұған қоса табиғи ресустарды жаңадан толығып отыратын және толықпайтын ресустар деп те саралайды, экономиканың белгілі бір саласына арналу белгісі бойынша, сапасы бойынша (яғни оларда пайдалы компоненттердің болуына қарай), түзілу сипатына қарай (минералдық, органикалық) және басқадай топтастырулар қолданылады. Табиғи ресустардың планета бойынша орналасуы біркелкі емес. Мұның өзі Жер шарындағы климаттық және тектоникалық процестердің айырмашылықтарына, өткен геологиялық дәуірлерде пайдалы қазбалар түзілу жағдайының әр түрлі болғанына байланысты. Табиғи ресустардың жекелеген түрлерінің қорлары да біркелкі деуге әсте болмайды. Осының нәтижесінде елдердің арасында ғана емес, қазіргі дүниенің ірі-ірі аймақтарының арасында да олардың табиғи ресустармен қамтамасыз етілуінің деңгейі мен сипатында елеулі айырмашылықтар бар. Мысалы, Таяу Шығыс елдерінде мұнай мен газдың мол ресустары бар. Анд елдері мыс және полиметалл рудаларына бай, тропиктік ормандары көп мемлекеттерде бағалы ағаш сүрегі ресурстары мол. Дүние жүзінде табиғи ресурстардың бізге белгілі түрлерінің бәріне ие бірнеше мемлекет бар. Бұлар Ресей, АҚШ және ҚХР, Үндістан, Бразилия, Австралия. Кейбір елдер табиғи байлықтардың «ассортименті» жағынан олардан кейінгі орынды иеленгенімен, басқа мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда ілгері. Көптеген елдер бір немесе бірнеше ресурстын дүниежүзілік маңызы бар мол қорларына ие. Мысалы, Габонда марганец, Кувейтте мұнай, Мароккода фосфорит қорлары мол. әрбір ел үшін өздерінде бар табиғи ресурстардың көп түрлілігінің зор маңызы бар. Мысалы, жеке бір елде қара металлургияны ұйымдастыру үшін тек темір рудасының ғана емес, сонымен қатар марганецтін, хромиттің, кокстелетін көмірдің болуы өте маңызды. Ал егер бұл ресурстар мұның үстіне бір-біріне біршама жақын орналасқан болса, онда бұл ел үшін тиімділігі де жоғары болмақ. Дүние жүзінде белгілі бір табиғи ресурссыз ел жоқ. Олар аз болған, ал кейбір елдерде мүлдем болмаған жағдайда бұл мемлекет кедейлікке душар болады деуге келмейді. өйткені қай елдің болсын ұлттық байлығы оның материалдық игілікктері мен табиғи ресурстары қорларының жиынтығымен ғана өлшенбейді, бұған қоса әр елдің адамдары, олардың тәжірибесі мен еңбекқорлығы, білімдері мен шеберліктерінің пайдаланылу дәрежесі де ұлттық байлықты құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz