Жануарларды басқа да көліктермен тасымалдау кезіндегі ветеринариялық санитариялық бақылау


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
БӨЖ
Тексерген:Доцент Оразалиева С. Б.
Орындаған:Каспи Ж. К.
Семей2015
Жоспар:
І. Кіріспе
1. Темір жол көліктерімен жануарларды тасымалдауда ветеринариялық санитариялық бақылау.
2. Жануарларды басқа да көліктермен тасымалдау кезіндегі ветеринариялық санитариялық бақылау ерекшеліктері.
ІІ. Қорытынды
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
І. Кіріспе
Қазақстан Республикасының ветеринария заңы бойынша темір жол, әуе, су, автокөлік арқылы тасымалдау тек қана жұқпалы аурулардан таза шаруашылықтан алынған,, клиникалық тексерістен өткен жануарлар ғана, ал табындық және қолданылатын жануарлар, диагностикалық зерттеулерден өңдеуден өткен соң жіберіледі. Басқа аудандарға сатылуға жіберілетін табындық жануарларды профилактикалық оқшауға қояды, ол мерзімде диспансеризация өткізіледі, 3 күннен кем емес аралықта жануарлар тасымалдау кезіндегі азықтандыру режиміне бейімделу қажет, ал союға дайындалатын жануарларды 4-5 күннен кем емес аралықта транспорттық режимге ауыстыру керек.
Темір жол, су, автокөлік, әуе жолдары арқылы жұқпалы аурулар кездескен шаруашылықтан әкелінген жануарларды тек клиникалық тексерістен өткізген соң тасымалдауға болады.
Малдарды тасымалдау әр мал тобына арналған тиісті ресми құжаттар дайын болғаннан кейін ғана рұқсат етіледі. Ветеринариялық куәлікті белгіленген тәртіп пен нұсқа бойынша жергілікті малдәрігерлік орын береді. Ауданның бас мал дәрігері бұл құжатты беруге құқы бар адамдарды анықтайды. Олардың аты - жөндері бар ауылшаруашылығы департаменті бекіткен бұйрық транспорттық малдәрігерлік-санитариялық бөлімдерде және ет өңдейтін кәсіпорындарында болуға тиісті. Малдәрігерлік куәлік берілген күннен бастап 3 тәулік бойы және жөнелту орнынан құжатта көрсетілген ет өңдеу кәсіпорындарына дейінгі аралықта ғана күшін сақтайды.
1. Темір жол көліктерімен жануарларды тасымалдауда ветеринариялық санитариялық бақылау.
Темір жол көлігімен ауылшаруашылық жануарлар мен құстардың барлық түрлерін (бағалы аңдарды, зертханалық, хайуанаттар бағының жануарларын, теңіз аңдардың, аралады, балықтарды қоса, бұдан әрі құстар) тасымалдауға ұсыну «Жөнелтушінің қоса берілген құжаттар» деген бағанында көрсете отырып, жүк құжатқа қосымшасымен және ветеринариялық қадағалау саласындағы тиісті уәкелетті органдар берген ілеспе құжаттар болған кезде жүзеге асырылады. Вагондап жөнелтілімдермен жануарларды тиеу, түсіру кірме жолдарда жүргізіледі.
Жануарларды тасымалдау алдында ветеринариялық беккеттің вет. инспекторы 2-3 күн бұрын жүк жөңелтуші шаруашылығына барып, келесі шараларды өткізіледі.
Аймақтақ саулығын
Құжаттардың дұрыс рәсімделулерін тексереді
Жануарларды клиникалық қарап, термометрия өткізеді
Азықтар, төсеніш, суару, жабдықтарын, сапалы болуын тексереді.
Жолсеріктер мен әңгіме кенес өткізеді
Осы зерттеу нәтижелері бойынша акт толтырылып, жануарларды арту стансанына жөтелтуге рұқсат беріледі.
Жөтелтуші 3-5 күн бұрын жануарларды көліктік азық режиміне көшіреді. Жануарларды экспортқа әзірлеу 3- ай бұрын «экспортқа жөнетілетін жануарлар мен құстарды таңдау, ветеринариялық өңделмеу ережелеріне» сәйкес өткізіледі. ТМД және алыс шетелдерден келетін жануарлар «ҚР жануарларды, жануартекті өнімдер мен шикізаттарды импорттау кезіндегі ветеринариялық- санитариялық шаралар туралы нұқсаулыққы» сәйкес жүргізіледі, және індеттік аурулармен ауырған, не күдікті жануарларды шет елдерден енгізу, шығару және біздің ел арқылы транзиттеуге қатаң тиым салынады. Жөнетілетін жануарларға №1 ветеринариялық сертификат беріледі.
Малды тасу үшін жасалған вагондардың ішінде су беретін науа, үлкен-ірі малдарды байлайтын шынжыр т. б. саймандар болады. Вагондар бір ярусты (ірі қара мал және жылқы) екі және үш ярусты (ұсақ мал және құстар) болады. Вагондарға малды артар алдында, оңдап тазалайды және ыстық (60-70 градус) сумен жуады. Стансаға әкелінген малдарды темір жол қызметкерлерінің малдәрігері тағыда қарайды. Ол малға берілген құжаттармен танысады, малдәрігерлік куәлікте көрсетілген мал басын әкелінгең малдың санымен салыстырады. Мал басы қабысса және ауру мал байқалмаса, өлген мал болмаса, барлық малды түсіретін орынға жібереді.
Малды түсіріп - артатын жерге, оларды күннің жарығында, артуға 2 сағат қалғанда әкелінеді. Малдарды қоршауға жайғастырып дем алдырады, 2 сағаттан кейін мал дәрігері қарайды. Ауру, ауруға бейімделген және арық малды вагонға артуға рұқсат берілмейді. Тасу құжаттары болмаса, онда малдар артуға жалпы жіберілмейді.
Малды 2- бөлікті вагонға мынадай есеп бойынша артады: ірі қара мал; ересек-8-12, жас мал 12-14, тірілей салмағы 120 кг бұзаулар 18-20, қой және ешкі 40-50 бас. Салмағы 30-60 кг шошқа 30-40, 60-80 кг 25-30, 80-100кг-22-25, 100-150кг 14-24, 150 кг жоғары 10-14 бас. Жылқылар саны 8 ден аспауы керек. Төрт білікті вагонға артылғанда, жоғары көрсетілген сандар 2 есе көбейеді. Ірі қараны вагондарға екі тәсілмен жайғастырады.
1. Ұзыннан
2. Көлденеңінен
Ұзындығынан жайғастырғанда - малды екі қатарға қойып, бастарын екі есік арасындағы алаңшаға қаратады. Алаңша жүретін жол болып есептелінеді. Ұзындығынан жайғастыру -малдың шайқалысын азайтып, олардың жараланбауын қамтамасыз етеді және де азықтандыру, суару, қарау жұмыстарын жеңілдетеді. Малдар жаңа жағдайға тез үйреніп жерсінеді, азықты жақсы жеп, олардың қоңдылығы төмендемеуіне әсерін тигізеді. Алайда, бұлай жайғаетырғанда бір вагонға 2 мал кем сияды. Бір вагонға әртүрлі малды артуға болмайды. Сонымен қатар, бір вагонға бір қатарға бұқа мен сиырды, қошқар мен аналық қойды қоюға рұқсат берілмейді. Егерде оларды бір вагонда тасу жағдайы болып қалса, онда бірінен - бірін тақтаймен арасын бөледі.
Көлденең жайғастырғанда малдың басы ұзын қабырғаға қарап тұрады. Қай тәсілмен жайғастырылса да, малдар біртіндеп жатып дем алуын ескерген жөн. Малды азықтандыру үшін жолсеріктер азықты мына есеппен алады: ірі қараның 1кг тірілдей салмағына 4, 5 кг пішен, қой және ешкіге 5, 5 кг пішен, шошқаға 2, 5 кг құрама жем. Орташа алғанда бір рет суару үшін, бір басқа шаққанда ірі қараға 10-15 л, жас малға 8-12 л шошқа, қой және ешкіге 1, 5-2 л су керек.
2. Жануарларды басқа да көліктермен тасымалдау кезіндегі ветеринариялық санитариялық бақылау ерекшеліктері.
Әуе көліктерімен тасымалдау.
Малдарды арнайы жүк таситын тік ұшақта немесе арнайы секциялы ұшақта унифицирленген контейнерлерде тасымалдауға болады.
Жүк тасуға арналған тік ұшақ бөлімдерін қажетті деген жабдықтармен жабдықтайды, яғни ондағы шетен бөлімдерін дұрыс бекітілген, азық, су, құралдар сонымен қатар жануарларды енгізетін және айдап шығаратын арнайы бөліктермен жабдықталғаны жөн.
Шетендер жеңіл, бірақ ұзындығы 20 см, металдан, ені 80-150 және биіктігі 150 см жеңіл жиналатын, іші сыртында үшкір заты жоқ металдардан жасалады.
Шетен қабырғасын киіз және резеңкемен қағып тастайды, еденін және бүйір қабырғаларын фюземент осі бойынша берік бекіту үшін жабдықтайды.
Тік ұшақтың жүк кабинасында ішетін су және шөптерге арналған жәшіктер, сонымен қатар жануарларды суғаруға арналған шелектер, тазалау жұмыстарын жүргізуге қалақ, сыпырғыш сияқты жабдықтар міндетті түрде болған жөн.
Үй жануарларын тасымалдауға негізделген ұшақтар ішінде жеңіл алынатын, бірақ мықты, беткейі гафрильденген резеңке немесе киіз төселген бір- бірінен қашықтығы 320 мм болатын саты орналастыру керек.
Авиациялық тасымалдау кезінде қатаң түрде тасымаладу ережелерін ұстанған жөн. Жабайы жануарларды, бауырымен жорғалаушыларды ұзақ тасымалдау барысында жолсеріктерін тағайындайды, олар жануарларды азықтандырып, күтеді. Жануарлар, құстар, бауырымен жорғалаушылар кеміргіштермен және азық өнімдерімен қатар тасымалданбайды. Ұшақпен тасымалдауға тек қана дені сау жабайы жануарлар, құс пен бауырымен жорғалаушылар, карантинде тұрған жөнелтуші шаруашылықтың ветеринариялық дәрігері берген ветеринариялық сертификат және мөрмен бекітіп, ауданның ветеринариялық дәрігерінің қолы, әрбір жануар түріне қатысты паспорт және қабылдау актісі болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Өзен, теңіз көліктерімен тасымалдау.
Су көліктерімен аурудан сау шаруашылықтан шыққан, жұқпалы ауруларға қарсы егілген, ветеринариялық сертификат бар жануарлар тасымалданады.
Жануарларды арту алдында ветеринариялық байқаудан өткізеді. Ауру және әлсіз малдарды тасымалдауға жібермейді. Жануарлар мен құстарды тасымалдауға тек жолсерігінің бақылауында ғана жібереді.
Бір жолсерік 20 ірі қара мал басына немесе 30 бас шошқа, бұзау, 60 бас қой, ешкі, 10-15 жәшік құс, қоян, 10 бас жылқы, бұқа, сауын сиырларға есептеліп тағайындалады. 100- ден артық мал, 200 бас шошқа немесе 400 бас қойды бір тәуліктен артық тасымалдаған жағдайда ветеринариялық дәрігерді қосымша тағайындайды.
Жануарларды жөнелтушінің өтініші бойынша 10 тәуліктен кем емес уақытта тасымалдайды. Порт- айлақ қызметі жөнелтуші шаруашылықты және көліктегі ветеринариялық санитариялық қадағалау қызметін жүктеуге бір тәулік қалғанда жағдаймен толық таныстырады. Тасымалдауға арналған кемені алдын ала капитанның рұқсатымен жануарларды еркін орналастыру, қараудан өткізу мақсатында кемеден айдау және жануарларды орналастыратын орын дайындалады.
Жануарлар тұратын металдан жасалған бөліктерін ағашпен бекітеді. Еденді 50 мм биіктікке көтеріп, плпнкалар қағады. Палубада таза емес сұйықтарды шығаруға арналған құрылғылар орналастырады.
Асыл тұқымды және өнімділігі жоғары бағалы жануарларды жеке- жекеден орналастырады. Тұратын орын ұзындығы жылқы мен ірі қаралар үшін 2, 2-3 м, ені 0, 8-1, 2 м, биіктігі 1, 2-1, 9.
Жануарларды теңізде плубаның жоғары бөлігінде тек жылы уақытта, шектелген және жаңбыр мен толқыннан сақталатын жағдайда тасымалдайды. Төбесін тығыз тақтаймен жабады. Бөлім биіктігі, кем дегенде жылқылар үшін 2, 4 м, ірі қара мал үшін 1, 9 ұсақ малдар үшін 1 м. Орындарды кеменің борт жағынан және шеттерін тақтаймен бекітеді.
Жануарларды жүк люктарында тасымалдауға рұқсат етілмейді, Твиндельген люктерде тек ұсақ малдар мен құстарды тасымалдауға рқұсат етіледі.
Автокөліктермен тасымалдау.
Жануарлардың барлық түрін автокөлікпен тасымалдау ветеринариялық қадағалау арқылы жүзеге асырылады. Жануарларды тек белгіленген автокөліктік жолдармен тасымалдаған жөн. Автокөліктік жолмен инфекциялық аурумен ауырған жануарларды тасымалдаса, жол маршруттары тексеріледі де, бақылауға алынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz