Зиянды өндірістік факторлар,олардың жұмысшыларға және қоршаған ортаға әсері


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ№3
Тақырыбы: «Зиянды өндірістік факторлар, олардың жұмысшыларға және қоршаған ортаға әсері. Жарықтандырудың адамның еңбек қабілетілігіне әсері. »
Тексерген: Жуманова. Г. Т
Орындаған: Ержан. Ә
Тобы: П-409
Семей-2015
Жоспар:
1. Зиянды өндірістік факторлар.
2. Зиянды өндірістік факторлар жұмысшыларға және қоршаған ортаға әсері.
3. Жарықтандырудың адамның еңбек қабілетілігіне әсері.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
Зиянды өндірістік фактор - оның әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттіліігінің төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар Еңбек процессіндегі адамның іс-әрекетінде өндірістік саланың әр түрлі көрсеткіштеріне әсер етеді, ол адамның денсаулық жағдайымен жұмыс істеу қабілетін анықтайды және сипаттайды, қолайсыз жағдайда еңбек өнімділігінің төмендеуіне, травма мен кәсіптік аурулардың пайда болуына әсер етеді. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлары бар. Өндірістік фактор қауіпті деп аталады, егер жұмысшыға нақты жағдайларда жарақатқа немесе денсаулығының күрт нашарлауына әсер ететін болса. Өндірістік фактор зиянды деп аталады, егер ауруға немесе жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін болса. Зиянды фактор іс-әрекеттің ұзақтығы мен едәуір деңгейде болса, қауіптіге айналады. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың іс-әрекеті табиғаты бойынша физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық болып бөлінеді. Өндірісте жағдайсыз факторлар табиғаты, біліну түрі және адамға тигізетін әсері бойынша мынадай топтарға бөлінеді: 1. Физикалық факторлар - жылжымалы машиналар мен механизмдер, қондырғылардың қозғалмалы бөлшектері, электр тоғы, жағымсыз микроклимат, қолайсыз жарық, үлкен мөлшерлі шуыл мен вибрациялар т. б. 2. Химиялық факторлар - улағыш және зиянды заттар, газдар, булар, шаңдар. 3. Биологиялық факторлар - ауру туғызатын микробтар, вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жәндіктер т. б. 4. Психофизиологиялық факторлар - физикалық, нерв-психиялық және эмоциялық қажу т. б. Еңбек шартын жақсарту бойынша шаралардың тиімділігі өндірістік жүйелердің дұрыс жағдайы мен осы жағдайдың қандай да бір көрсеткіштері бойынша толығымен немесе жеке элементтері бойынша бағаланады. Практикаға жеткілікті дәрежеде қазіргі уақытта еңбек ауырлығының ұғымы ақыл-ой және физикалық еңбекке де бірдей қолданылады.
Зиянды өндірістік факторлардың жұмысшыларға және қоршаған ортаға әсері.
Ағзаға әсер ететін факторлар екі топқа бөлінеді, зиянды және қауіпті.
Зиянды - белгілі жағдайларда ауруға әкеп соқтырады. Ал, қауіптілері - белгілі бір жағдайда травмалық зиян келтіреді.
Зиянды және қаіптілер өзара екі топқа бөлінеді. Олар:
физикалық - барлық қозғалатын, кесілетін, құлайтын, температураның көтерілуі мен төмендеуі, барометриялық қысым; газдану, шудың деңгейі, вибрация, ультродыбыс, инфродыбыс, иондық, электромагниттік сәулелену, ультрофиолет пен ультроқызыл радиация; жарықтың, сәулеліктің пульсациясы, жарықтың жеткіліксіз болуы, жарық кереғарының төмен болуы.
Химиялық - зиянды заттар, технологияда қолданылатын улы заттар, улы химикаттар; емдік дәрілер.
Биологиялық - бактериялар, вирустар, микроағзалардың ерекше түрлері, қоршаған ортаны биологиялық ластау.
Психофизикалық - өндірістік факторлар ойды қатты зорықтыру, еңбектің біркелкілігі, эмоцианалды зорығу.
Зиянды заттарды жалпылама мінездемесі
Зиянды заттар 2 топқа бөлінеді:
- табиғи;
- антропогендік - қоршаған ортаға адамның іс-әрекеті арқылы енеді.
Улы заттар кез келген сұйықтықты көп мөлшерде етіп түзе алады. Уларға әдеттегі жағдайларда және су мөлшерде түзілетін сұйықтықтар жатады.
Зиянды заттардың көп түрлілігіне қарамастан, олардыңтуғызатын сырқаттардың потологиялық процесстері ұқсас келеді.
Адамның ағзасына әсер ететін зиянды заттар:
- жалпы уландыратын - ағзаны уландыратын немесе жеке жүйелерді зақымдайтындар, сонымен қатар бүйрек пен бауырдың потологиясын өзгертеді (көміртек оксиді, қорғасын т. б. )
-тітіркенгіштік - демалу органдарының көздің, өкпенің, тері бездерінің тітіркенуі (хлор, аммиак, азот, оксид т. б. )
- сезімталдық - аллерген тәрізді қызмет атқарады.
-мутагендер - генетикалық кодтың бұзылуына әкеледі, тұқымқуалаушылықтың мәліметтерін өзгертеді.
-канцкрогендік - жаңадан қалыптасқан зияндыларды тудырады (хром, никель, асбест, хош иісті көміртектер)
Мутагендік, канцерогендік заттар репродукцияның міндетке әсер ететіндер алшақтанған химиялық қосындылармен адам ағзасына әсерін тигізеді.
Ағзаға әсері жылдар немесе 10 жылдардан кейін тигізуі мүмкін. Түрлі әсерлері ұрпаққа да әсерін тигізуі мүмкін.
Дем алғанда өкпе арқылы. Бұл ең қауіпті жолдардың бірі, яғни зиянды заттар жан-жаққа таралатын жасуша ұлпасы арқылы қанға еніп, бүкіл ағзаға таралады.
Асқазанға тамақ пен ссу арқылы кіреді. Улы заттардың ағзаға енуі гигиеналық ережелерді сақтамағандықтан болады, шылым шегу, кір қолмен ас ішу т. б. мысал үшін, қорғасын - жұмсақ металл, оңай жуылады, ас қабылдау мен шылым шеккенде ағзаға енеді.
Ас қорыту мүшелерінде оның құрамы ағзаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Химиялық заттардың көбі, бүйрекке енген кезде, аз уақыт ішінде сақталып, заралсызданады.
Зақымданбаған тері арқылы. Химиялық заттардың тері арқылы ағзаға таралуы оның суда ергіштігіне байланысты.
Биологиялық тұрғыдан басқа, кейбір заттар адамға фиброгендік әсер етеді. Бұл заттар өкпеге жеткен кезде, пневмокониоз ауруын туғызады.
Зиянды заттармен түйісу арқылы ағзаға еніп, уландырады:
-жалпы улану, удың қанға ену арқылы болады;
-нақтылы - белгілі бір жерде жасушалардың зақымдалуы;
-уланудың жүру жолдары:
-ушықтырылған күйде - апаттар мен қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан;
-созылмалы - аз мөлшерде пайда болып, бірте-бірте ағзада жиналады;
- асқындырылған - ушықтырылған күйде, өте баяу және созылмалы.
Бір удың қайталанған әсерінде байқалғандар:
- сезімталдық - сұйықтықпен араласқанда үлкен әсерін тигізеді де, аллергиялық реакция жүреді;
-үйреншіктік - зиянды заттың ағзаға қайта енгендігінен әсері әлсіз болады.
Қатты әсер беретін улы заттар
Осы топқа хлор, аммиак, күкіртті ангедрид, күкірт көміртегі, көміртегі окисі, синильді қышқыл, сынап т. б. жатады. Бұлар апат кезінде атмосфераға жайылып, адамдардың өліміне себеп болады.
Осы топтағы зиянды заттарды өндіріп шығаратындар:
Химикалық салалар, мұнай өндіруші, қағаз өндірісі, ас өндіруші сала, су құбырлары болып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz