Түйсік пен қабылдаудың патологиясы жайлы ақпарат


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атандағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Түйсік пен қабылдаудың патологиясы.
Тексерген: Тезекбаева М. Ж.
Орындаған: Байдолдаева Б.
ПХ-315 топ
Семей 2015ж
Жоспар:
- Түйсік және қабылдау туралы жалпы түсінік.
- Түйсік пен қабылдаудың патологиясы.
Адам психикасы - бүкіл материяның эволюциялық даму нәтижесі. Психика тіршілікдамуының белгілі бір сатысындатірі организммен сыртқыортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі. Психиканың ең қарапайым түрі жәндіктерге тән, ал ең жоғары формасы адамның санасы. Сана- адамның қоғамдық тарихи дамуының жемісі. Психика сезім мүшелерінің бізді қоршаған сыртқы заттар мен құбылыстарға әсерленіп, тітіркенуінен пайда болады. Психика дегеніміз - үнемі болып қозу мен тежелу сияқты физиологиялық процесстердің ми қабығында жасалуы. Сыртқы заттар мен құбылыстардың әсері мида түйсіну, қабылдау, елес тудырып, олар адамның алуан-алуан ойлау әрекеттері арқылы қортылады. Сана - адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті. Енді туралы айтпастан бұрын қалыпты жағдайда түйсік пен қабылдау не екеніне қысқаша тоқталайық. Психикалық қызметтің кейбір жақтарының бұзылуы көбінесе оның жалпы бұзылуына әкеліп соғады. Түйсік - адам танымының төменгі сатысы, заттардың жекелеген сапасы мен қасиетін бейнелейді. Қабылдау - күрделі процесс. Ол затты бүтіндей, тұтас және оның жекелеген қасиеттерінің қарым-қатынасын сипаттайды.
Түйсік пен қабылдау қоршаған ортаны танып білуде маңызды роль атқарады. Түйсік-заттар мен құбылыстардың жекеленген қасиеттерінің мида бейнеленуі және танымның алғашқы баспалдағы. Қабылдау- заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі және түйсікке қарағанда әлдеқайда күрделі. Түйсік-танымның бастапқы негізі блоып табылады. Ауытқу немесе талдағыштардың бір бөлігінің зақымдануы сезгіштіктің бұзылуларының әртүрлілігімен көрініс береді. Сезгіштік деп түйсіне алу қабілетін айтамыз. Түйсіктің ауытқулары сандық және сапалық болып бөлінеді. Түйсіктің сандық өзгерістері:
Гиперестезия (жоғарғы сезгіштік) - түйсіктің табалдырығының төмендеуінің салдарынан сезгіштіктің артуы. Мысалы: электр лампасының жарығы өте айқын, радионың бәсең дыбысы мен басқа бөлмедегі дауыстар қатты болып сезіледі. Көру және есту гиперестезиялары жиі кездеседі.
Гипостезия - түйсіктің табалдырығының жоғарлауының арқасында сезгіштіктің төмендеуі. Мысалы: науқас жарыққа, ылғал төсекке, ыстыққа, суыққа жауап бермейді. Жүйке жүйесінің, оның перифериялық бөлігі және өткізуші жолдарының аурулары кезінде жиі кездеседі.
Анестезия - сезгіштіктің жоғалуы. Ол сезгіштіктің барлық түрін (жалпы анестезия) немесе жеке бөліктерін (парциалды анестезия) қамтуы мүмкін. Түйсіктің сапалық өзгерістері:
Парестезиялар- дененің әр бөлігіндегі ұю, шаншу, күю сияқты өздігінен немесе сыртқы әсерден кейін пайда болған түйсіктер.
Сенестопатиялар - жинақталуы жағынан нақты анатомиялық және топографиялық иннервацияға сәйкес келмейтін, аяқ астынан пайда болатын ауыр түйсіктер. Мысалы: «денеде тоқ немесе толқын жүргендей» болады, дене тырысады, жарылады, қайнайды, құбылады т. б.
Сенестезиялар - дененің сезгіштігінің жалпы бұзылуы. Мысалы: аяқ астынан дененің әлсіреуі, ауырлауы немесе жеңілдеуі, жүйесіз бас айналулар, жүріс кезіндегі теңселулер мен өз -өзіне сенбеуліктер. Дәм сезу түйсігінің өзгерісін дисгвезия деп аталыныды.
Қабылдау бұзылуларына агнозия, парэйдолия, акоазма, галлюцинацияны жатқызуға болады. Қабылдаудың келесі паталогиялық ауытқуларын атап өтуге болады: психосенсорлық бұзылулар, иллюзиялар.
Психосенсорлық ауытқулар кезінде шындықтағы заттардың пішіні, көлемі ара қашықтығы бұрмалап қабылданады, бірақ тану мен сыншылдық қатынас сақталады. Мысалы: диплопия - заттардың екеу болып көрінуі, микропсия - заттың кішірейюі, макропсия - заттың ұлғаюы, дисморфопсия - шындықтағы заттардың деформациялануы, порропсия - заттарды алыстатып немесе жақындатып қабылдау.
Иллюзиялар - шындықтағы заттар мен құбылыстарды мазмұны жағынан теріс қабылдау. Иллюзиялар функциялық, физиологиялық негізінде немесе психикалық ауытқулардың көрінісі болуы мүмкін. Психикасы сау және психикасында ауытқуы бар адамдарда кездесетін күшті эмоциялардың салдарынан болатын аффективтік иллюзиялар белгілі иллюзиялардың пайда болуына анық қабылдауға бөгет жасайтын шарттар себеп болады: көмескі жарық, шулы бөлме, таныс емес жағдай.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz