Мутациялық жағдайлар жайлы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Мутациялық хағдайлар

Дайындаған: Балериан Е. Е

Пх-415

Тексерген: Тезекбаева М. Ж

СЕМЕЙ 2015ж

  1. Мутация дегеніміз не?
  2. Мутацияның ағзаға салдары.
  3. Мутациялық өзгергіштік - дегеніміз?
  4. Мутациялық жағдайлар қай жерлерде болады.

Мутация (латын тілінде mutatіo - өзгеру) - табиғи жағдайда кенеттен болатын немесе қолдан жасалатын генетикалық материалдың өзгеруі. Соның нәтижесінде ағзаның белгілері мен қасиеттері тұқым қуалайтын өзгергіштікке ұшырайды. Ғылымға мутация терминін 1901 ж. голланд ғалымы Х. де Фриз (1848 - 1935) енгізді. Генетикалық аппараттың өзгеруіне байланысты мутацияның: геномдық, хромосомалық, гендік немесе нүктелік деген түрлері бар.

Мутация (mutation) - жасушаның генетикалық материалының өзгеруі, бұл кейінгі ұрпаққа да беріледі

Бұл тосыннан, кейде сыртқы факторлардың әсерінен болуы мүмкін (қараң. Мутагендер) . Генетикалық кодты анықтайтын жүйедегі бір азоттық негіздің орнын басқа біреу алмастырса немесе бір немесе одан да көп негіздер генге енгенде немесе геннен жоғалғанда гендік мутация пайда болады. Мутациялардың көбі зиянсыз; оларды үнемі қалыпты доминанттық ген (қараң. Доминанттық) жауып тұрады.

Кейбір мутациялар айтарлықтай салдар туғызады; мысалы, ата-анасының екеуінен де тұқым қуалақшылықпен берілген белгілі бір мутация Орақ-жасушалы анемияныңпайда болуына әкеп соғады. Ұрпаққа жыныстық жасушаларда (аналық жасушасы немесе аталық ұрық) пайда болған мутациялар ғана беріледі. Әдетте, бұндай мутациялар ағзаға қауіпті.

Мутация ағза үшін тиімді өзгерістерге әкеп соғатын сирек кездесетін жағдайларда осы гені бар дербес ағзалардың саны мутацияға ұшыраған ген популяцияда қалпына келмейінше арта береді. Бұндай пайдалы мутациялар эволюцияның материалы болып табылады.

Мутациялық өзгергіштік - дегеніміз организмнің генотипінің өзгеруіне байланысты болатын, яғни тұқым қуалайтын өзгергіштік. Дарвин тұқым қуалайтын өзгергіштікті табиғи және қолдан сұрыптаудың алғы шарты деп есептеді. Бірақ Дарвиннің тұсында тұқым қуалаушылық туралы тәжірибе жүзінде алынған деректер және оның ұрпаққа берілу заңдылықтары белгісіз елі. Сондықтан әр түрлі формадағы өзгергіштіктерді тұқым қуалау тұрғысынан айыру мүмкін болмады. Өзгергіштіктің түрлері туралы мәселе XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде ғана ғылыми тұрғыдан дәлелденді. «Мутация» деген терминді ең алғаш 1901 жылы Голландия ғалымы Г де Фриз өзінің «Мутациялық теория » деп аталатын еңбегінде қолданды. Ол есек шөптің белгілерінің қалыпты жағдайдан ауытқитындығын және бұл ауытқуардың тұқым қуалайтындығын байқады. Г де Фриздің теориясының кейбір мәселелері осы күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. . Олар: 1. Мутацияның кенеттен пайда болатындығы 2. Жаңадан пайда болған формалардың тұрақты келетіндігі 3. Мутациялардың сапалық өзгеріс болып саналатындығы 4. Мутацияның өзі әр түрлі бағытта - пайдалы да, зиянды да болатындығы 5. бір рет болған мутацияның қайтадан қайталана алатындығы. Бірақта Г де Фриздің қателік жақтары да жоқ емес. Ол табиғи сұрыптау мен мутацияны бір-біріне қарсы қойды. Яғни ол мутациядан кейін бірден жаңа түр пайда болады деп есептеді. Шын мәнінде мутация тұқым қуалайтын өзгергіштіктің негізі болып есептеді ал жаңа түр ұзақ уақыт сұрыпталудың нәтижесінде пайда болады. Мутациялар әр түрлі бағытта жүзеге асады. Олардың көпшілігі организмнің тіршілік қабілетін кемітіп жібереді. Кейде өлімге душар етеді, оны летальді мутация деп атайды. Жалпы мутацияны эволюциялық процесстің алғашқы материалдық негізі деп есептеу керек. Бірақ жеке мутациялар түрді өзгерте алмайды. Мутация жыныс жасушаларындағы және хромосома аппаратындағы өзгерістеріне байланысты бірнеше типке бөлінеді. Мутацияның типтері. Мутациялық процестің өзін секірмелі түрде, яғни кенеттен пайда болатын және индукциялық деп бөледі. . Мутация сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болады, оларды мутагендер деп атайды. Мутагендердің үш түрі кездеседі. Олар: физикалық, химиялық және биологиялық мутагендер. Физикалық мутагендерге радиоактивті сәулелер, ультракүлгін сәулелер, лазер сәулелері және т. б. жатады. Химиялық мутагендерге колхицин, этиленимин, никотин қышқылы және т. б. химиялық қосылыстар жатады. Олардың саны қазір 400-ден асады. Өте жоғары концентрациядағы кейбір гербицидтер мен пестицидтер де мутация тудыра алады. Сондықтан гербицидтер мен пестицидтерді шамадан тыс мөлшерде пайдаланбау қажет. Жасушадағы зат алмасу процесі кезінде түзілетін кейбір ыдырау өнімдері мен организмге тағам арқылы келіп түсетін радиоактивті заттарда да (мысалы, сүйекте жинақталатын стронций, т. б. ) мутагендік қасиет болады. Оларды биологиялық мутагендер дейді. Мутациялық процесті табиғи жағдайда кенеттен пайда болатын секірмелі және мутагендік факторлармен арнайы әсер етуден пайда болған индукциялық деп екіге бөлуге болады. Мутацияның мұндай түрі организмде тұқым қуалайтын өзгергіштікті қолдан жасауға мүмкіндік туғызды. Мутациялар организмнің қандай жасушаларында пайда болатындығына байланысты генеративтік (жыныс клеткаларындағы) және сомалық (дене клеткаларындағы) болып екіге бөлінеді. Жыныс клеткаларында болатын мутация келесі ұрпаққа тікелей беріледі. Ал сомалық мутация жынысты жолмен көбейетін организмдерде айтарлықтай рөл атқармайды. Себебі дене клеткаларында пайда болатын өзгеріс ұрпаққа берілмейді. Жыныссыз жолмен көбейетін организмде бұл жағдай керісінше болады. Сомалық мутацияны зерттеудің обыр ауруының себептерін білуде маңызы зор. Қазіргі кезде қалыпты клеткалардың обыр клеткаларына айналуы сомалық мутация арқылы жүретіндігі туралы көптеген ғылыми деректер бар

Физикалық мутагендер (рентген сәулесі гамма сәулесі, нейтрондар, протондар, температура, центрифуталар және тағы басқалар) ; 2) химиялық мутагендер (этиламин, диэтилсульфат, 8-этоксикофеин, колхицин, аценафтен, чай, кофе, арақ, спирт және т. б. ) ; 3) биологиялық мутагендер (адамзат баласының қартаю процесі биологиялық мутагендердің ең бастысы болып есептелінеді. Бұл құбылысты тежеуге немесе тездетуге әбден болады. Белгілі үйреншікті әдеттен басқа заттарды жасамау керек. Қартаю процесінің өзі ауру ғой оныда емдеу керек екенін ғалымдар дәлелдеп келеді.
Семей облысының территориясында болып жатқан радиацияның зардабын кімдер тартып келді? Сол жерді тұрғын халықтар тартып келеді. Өйткені барлық атом бомбылары мен термоядролық сынаулар өте құпия және өте қатегездікпен өткізіліп отырған. Атом бомбылары жарылған территориялардың радиациялық фоны қалыпты жағдайда деп баспасөз беттерінде хабарланып жатты. Радио мен телеарналарда да сондай хабарлар беріліп тұрды. Сонымен бірге коммунистердің мықты ұрандарының бірі - «Бөріде халық үшін, бәрі де халықтың игілігі үшін» болған соң халық қайдан білсін айналасында не қандай сұмдықтардың болып жатқаның.
Ежелден ақ көңіл, қулық - сұмдықты білмейтін қазақ елі бәрінеде сене берді ғой. Раиоактивті элементтердің апатына араша тұратын адамдар болмады. Партия және үкімет басшылары білсе де білмеген адамдар сияқты болып отыра берді. «Айт өтіп, той тарғаннан соң - кейбір ақын жазушылар: қоғам қайраткерлер, ер сымақтар, кездесоқ адамдар «аттан» деген ұранды бетке ұстады. Бұл жұмыс өте кеш қалған қозғалыс еді. Семей-Невада деген қозғалыс дүние жүзіне тарап кетті.
Халықты алдау мен арбау күні бүгінге дейін толастаған жоқ. Өйткені наурыздың 12 жұлдызында 1993 жылы Алматы радиосынан берілген бір хабарда - Қазақстан Республикасының Ұлттық академиясының кейбір ғалымдарымен, экология және биоресурстарды қорғау министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының территориясында радиациялық фон қалыпты жағдайда деп есептейді. Бұл қағидамен келісуге болмайды. Неге десеңіз осы кездегі Қазақстанның радиоэкологиясын бірде бір республикамен салыстыруға болмайды. Қазақстандағы жағдай басқа республикалардың бірінен де кездестіре алмайсыз. Орынсыз қорытынды жасау ғалымдар арасында бұрынғы кезде көп кездескен. Ғалымдар партияға жағыну үшін қандай қорытынды керек болса, сондай қорытындыларды беріп отырған. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы территориясында бірде-бір радиоэколог даярланбаған болатын. Мамандардың болмауынан осындай жағдайларға келіп отырмыз. Радиологиялық зерттеулер Қазақстан республикасы бойынша жүргізілген емес.
Бір кезде атом бомбасын және сутек бомбасын жасағандардың барлығы орыс ғалымдары болатын жергілікті ғалымдардыңешқандай қатынасы жоқ еді. Шет елдердің ғалымдарының қазақ халқына жаны қайдан ашысын. Қазан айының 24 санында 1992 жылы «Атамекен» газетінің хабарына қарағанда, Өскемендегі өнеркәсіптік аудан экологиялық апат жағдайында, қалалық кеңестің сессиясы Өскеменнің экологиялық жағдайы Чернобыльмен пара-пар деп шешім қабылдаған.
Атырау облысында Қызылқоға, Теңіз аудандарындағы 1 миллион гектардан артық шұрайлы жерді алып жатқан әскери полигонда қырық жыл бойы ракеталар сыналып, атом бомбалары жарылған. Қазақ жеріндегі көптеген әскери-өндірістік жұмыстар жүргізу үшін 20миллион гектар жерді әскериадамдар бөліп алған. Ол жерлерге білгендерін жасап, неше түрлі қалдықтармен ластаған. Қазіргі кезде ол жерлер не егін егуге, не мал жаюға келмей қалған. Қазақ елі өз жеріне өзі ие емес еді. Империялық нұсқаулар арқылы жүргізіліп отырды. Бұрынғы кездегі партия және үкімет басшылары тек менің айтқаным болады деумен болады. Сонымен бірге олар биология, химия, экология ғылымдарынан хабары жоқ болсада, бұл ғылым салаларына тікелей араласып кетті.
Осы кезде тәуелсіз мемлекет болдық, империялық нұсқаудан құтылдық, ғасырлар бойы ата-бабаларымыз білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген боиресурстарға өзіміз иеміз. Ендігі уақытта мекен етіп отырған жер, су, өсімдік әлемі, жануарлар дүниесі олардың радиоэкологиялық апатқа ұшырамауы - өзіміздің сана - сезімімізге, білімімізге байланысты. Әрбір саналы және сауатты азамат қазақ жерінде экологиялық апаттардың болмауына тырысу керек. Радиоэкологияны тәрбие құралы ретінде пайдалану қажет.
Біздің зерттеу жұмыстарымыздың қорытындыларына қарағанда және бүкіл дүние жүзілік ғылыми әдебиеттерінің деректерін талдағанда, радиоактивтік сәуленудің аз дозасы болсада рак дертін тудыратыны сөзсіз.
Бұл кезде термоядролық сынаулар өткізілген территорияларда (Семей, Павлодар облысының кейбір аудандарында) неше түрлі қауіпті аурулар халық арасына кең көлемде таралуда. Соңғы жылдар ішінде Семей облысында әр жүз мың адамға шаққанда жүике - психикалық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-тан 1624-ке, ақыл -ойы кем адамдар 3105-тен 4612-ге, невроз және жүйке - тамыр аурулары бар адамдар 3692-ге көбейген. Ал сары ауру, іш ауру, туберкулез сияқты ауру түрлері халықты әбден әлсіретті. Әсіресе Қазақстанның радиоактивтік сәулелену жағдайды өте ауыр. Қазақстанның қай облысын алсаңызда, радиоэкологиялық апатқа ұшырмаған аймақты таба алмайсыз.
Қайғы - қасіретке толы аудандар көп кездеседі. Өйткені қазақ жерінде әскери - полигон болмаған жер аз кездеседі. Атырау облысының Қаракөл - Шонай жеріндегі, Абыралы қойнауының жазық даласындағы әлемге әйгілі аты шулы Семей полигонын айтуға болады. Маңғыстау түбегіндегі полигон соңғы жылдары ғана белгілі болды. 1946 жылдан 1989 жылға дейін Қазақстанның территориясында 642 термоядролық атом, сутек бомбыларын сынаудан өткізген.
Радиактивті қалдықтар мен аз мөлшердегі радиация екеуі бірімен бірі тығыз байланыста болады. Радиоактивті қалдықтарды қауіпсіз түрде сақтау бүкіл жер жүзі бойынша әлі күнге дейін шешімі табылмай отыр. Қазақстан Республикасы бойынша дүние жүзілік стандартқа сай келетін радиоактивті қалдықтарды сақтайтын бірде-бір орындар жоқ екенін ғалымдар мен мамандар жақсы біледі. Бәрімізге белгілі Қазақстан Республикасы уранды көп өндіретін мемлекеттердің бірі. Сонымен бірге уран өңдейтін кен-химия өнеркәсібінде кең орын алған. Семей полигонында қаншама радиоактивті элементтердің қалдықтары бар десеңізші.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Казахстанская 3 сортынынан алынған мутантты линияларға цитогенетикалық талдау
Мутациялық жағдайлар
Мутациялық жағдайлар туралы
Дизруптивті сұрыпталу
Эволюциялық ілімнің негізгі міндеттері
Бала дауысын тәрбиелеудің кейбір ерекшеліктері
Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігі
Экологиялық генетика жайлы түсінік. Экогентикалық аурулар
Мектеп оқушысын вокалды хор өнеріне баулудың әдістемелік технологиясы
Мутагендік факторлардың тірі организмдерге әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz