Экологиялық факторлар жайлы мәлміет


Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Экологиялық факторлар

Орындаған: Ермекова Б

Тексерген: Жылкыбаева С. Ж

Семей 2015 ж

Экологиялық факторлар.

Орта.

Антропикалық факторлар.

Химиялық қосынды зиянды заттар.

Бейімделу.

Минимум заңы.

Шектеуші фактор.

Эврибионтты ағзалар.

Стенобионтты ағзалар.

Төзімділік заңы.

Оптимум заңы.

Экологиялық факторлар

Қоршаған ортаның экологиялық факторлары- тірі организмдерге олардың дербес дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез-келген әрі қарай бөлшектелмейтін элементі. Бұл анықтамада экологиялық факторлардың мынандай критерийлеін ерекше атап өту қажет;

Ортаның қарастырып отырған элементінің одан әрі бөлшектенбеуі. Мысалы, су қоймасының тереңдігін немесе тіршілік ету орнының теңіз деңгейінен биіктігін экологиялық фактор ретінде қарастыруға болмайды, себебі тереңдік суды мекендеуші организмдерге тікелей емес, қысымның артуы, жарықталудың кемуі, температураның төмендеуі, еріген оттегінің азаюы, су тұздылығының жоғарлауы, т. б. арқылы әсер етеді; биіктіктің әсері температураның, атмосфералық қысымның төмендеуі арқылы жүзеге асырылады. Шын мәнінде температура, жарықталу, тұздылық және т. т. тірі организмдерге тікелей әсер етуші сыртқы ортаның экологиялық факторлары ретінде білінеді.

Экологиялық фактордың әсері тікелей емес, аралық буындар арқылы берілуі мүмкін, яғни бұндай жағдайда ол көптеген себеп-салдарлық байланыстар арқылы ықпал көрсетеді. Экологиялық факторлардың аралық буындар арқылы ықпал етуінің мысалын құс базарынан көруге болады.

Құс базарларында құстар орасан көп шоғырланады. Бұнда басты рольді биогендік заттар атқарады; құстардың саңғырығы суға түседі; судағы органиканы бактериялар минералдандырады, соған байланысты осы жерлерде балдырлар шоғырланады. Бұл өз кезегінде планктондық организмдердің, негізінен шаян тәрізділердің концентрациясының артуына әкеліп соғады. Соңғылармен балықтар қоректенеді, ал олармен базарды мекендеуші құстар қоректенеді. Демек бұл жерде құс саңғырығы экологиялық фактор ретінде көрінеді.

Экологиялық факторлар табиғаты жағынан қаншалық әр алуан болмасын, олардың әсерінің нәтижелері экологиялық тұрғыдан салыстыруға келеді, өйткені әрқашанда организмдердің тіршілік әрекетінің өзгерісі арқылы білінеді, ал бұл, ақырында, популяция санының өзгеруіне әкеліп соғады. Осы тәуелділікті талдау, оның төмендегідей заңдылықтарын атап көрсетуге мүмкіндік береді;

1. фактордың белгілі бір мәндерінде организмдердің тіршілік ету үшін ең қолайлы жағдай туады: бұл жағдайлар оптималды жағдайлар деп аталады.

2. фактордың мөлшері оптималдық жағдайдан неғұрлым көбірек ауытқыса, дара организмдердің тіршілік әрекеті де солғұрлым нашарлай түседі; осыған байланысты қалыпты тіршілік ету аймағы айқындалады.

3. фактор мөлшерінің дара организмдер қалыпты тіршілік ете алатын аралығы төзімділік шектері деп аталады; төзімділіктің төменгі және жоғарғы шектері ажыратылады.

Сонымен, қоршаған орта факторлары 3 топқа бөлінеді:

1. ) Абиотикалық факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра, ылғалдылық, жарық және т. б.

2. ) Биотикалық факторлар - тірі организмдердің әсері.

3. ) Антропогенді факторлар - адамның әртүрлі іс-әрекетінің әсерлері.

1. Абиотикалық факторларға айналадағы ортаны, яғни өлі табиғатты құрайтын жеке құрамды бөліктері жатады. Мысалы: климаттық факторлар (ауаның ылғалдылығы, жауын-шашын мөлшері, ауаның t0 -сы, жарық мөлшері, күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері, ауа қысымы, ауа құрамы) ;

Топырақтың әсері (химилялық құрамы, физикалық және химиялық ерекшеліктері) ; гидрологиялық факторлар(судың тұнықтылығы, күн сәулесінің түсуі, құрамы, қысымы, ластануы т. б. ) ; жер бедерінің әсері.

2. Биотикалық факторлар ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері жатады.

3. Антропогенді факторлар биотикалық факторлар қатарына жатқызып келген болатын. Бірақ соңғы кездегі адамның іс-әрекетінің табиғатқа қарқынды, әрі жан-жақты ықпал ететіне байланысты ол жеке қарастырылады.

Антропикалық фокторлар дегеніміз - айнала қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс-әректінің тікелей немесе жанама әсері. Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын игеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде, ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, автокөліктер, ауыл шаруашылығы салалары дами түседі. Ал олардан зияны әр-түрлі газдар, қалдықтар, лас сулар, химиялық зиянды қосынды заттар айнала қоршаған ортаға түседі. Зиянды заттардың көпшілігі табиғатта айналымға түспей, жинақталып бұкіл тіршілікке кері әсерін тигізе бастайды. Яғни, атмосфера ауасының ластануы, су айналысының бұзылуы, жердің құнарсыздануы, қуаншылық, өзен-көлдердің тартылуы, өсімдіктер мен жануарлардың сиреп немесе құрып кетуі, адам баласының денсаулығының бұзылуы және жалпы биосфера шегіндегі бұрын-соңды болмаған климаттың өзгеру құбылыстары үдей түседі. Соңғы жылдары антропикалық факторлардың табиғи ортаға және жалпы биосфераға әсері айқын біліне бастады. Осыған орай, адам баласының іс-әрекеті бақылауға алынып табиғат тепе-теңдігінің бұзылмауына жол бермеу жолдары ғаламдық проблемалар деңгейінде қарастылуда.

Антропикалық факторлар

Антропикалық фактор - өсімдік пен жануарлар дүниесі құрамына, түрлердің территория бойынша немесе су қоймаларына таралуына және олардың саны мен сапа жағына адамның әр түрлі әрекетөсер етуі. Адамның өсімдік пен жануардың өсуінен сондайақ өшуіне де әсер ету өрекеті екі түрлі болады: 1) тікелей әсер - жануарларды қыру, жою, су қоймаларын улау немесе оларды қоргау тағы басқалар. ; 2) жанама әсер - ағаштарды кесіп алу, даланы жырту, батпаңтарды құрғату тағы басқалар. Соңғы өсерге байланысты жануарлар мен өсімдіктердің бір турі жойылып, екінші бір пайдалы түрі дамиды.

Минимум заңы

Неміс ғалымы Юстус Либих 1840ж <Минимум заңын> ашты Минимум заңы. Кез келген организм топтарының өмір сүруі белгілі бір комплексті жағдайларға байланысты. Мысалы:өсімдік ылғал ауаны жарықты қоректік заттарды қажет етеді ал осы қоректік заттардың бірі жетіспеген болса онда организмнің жағдайы төмендейді

Ю. Либих өсімдіктерге тәжірибе жасап өсімдіктің өсуі топырақтағы жетіспейтін ең аз микроэлементтің мөлшеріне байланысты болатынын дәлелдеген. Бұл элементтің орнын басқа элементтермен толықтырса да, өсімдіктер дұрыс жетілмеген. Нәтижесінде өсімдіктің өсіп-дамуын олар ең аз мөлшерде қажет ететін микроэлементтер анықтайтыны белгілі болған. Бұл Либихтың <Минумум заңы> деп аталады. Ю. Либих организнің төзімділігі оның экологиялық мұқтаждығының ішіндегі ең осал буынына тәуелді болатындығын айтты. Одан шығатын қорытынды, экологиялық факторлар жиынтығына төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етіп, басты фактор болып саналады

1913ж В. Шелфорд лимиттік әсерлердің минимум заңына сай <Максимум >заңын, яғни төзімділік шек заңын ашты. Оны Шелфордтың толеранттылық зыңы деп атайды, (латын тілінен аударғанда tolerantia-шыдау, төзу ) .

Шектеуші фактор

Шектеуші фактор - 1) қайсыбір процестің, құбылыстың не организмнің (түрдің, қауымдастықтың) тіршілік етуінің өтуі үшін шектеу қоятын фактор. Мысалы, басқа түрлердің бәсекелесі; 2) ең көп не ең аз шамада болатындықтан экожүйенің құрамы мен биологиялық өніміне басқалардан гөрі ықпалы болатын экологиялық фактор. Далалық өңірде өсімдіктер үшін шектеуші фактор - су, орманды жерлерде - топырақта қоректік элементтердің молдығы, тундрада - жылу мөлшері. Шағын көлдерде қыстың ортасынан былай судағы оттек мөлшері шектеуші фактор болып шығады (ол жетіспегенде балық жаппай қырылады) . Топырақта (немесе су қойманың суында) уытты тұздардың болуы да шектеуші фактор болуы мүмкін.

Эврибионтты ағзалар. Стенобионтты ағзалар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология ғылымының қалыптасуы, тарихи кезеңдері
Қоршаған ортаның мониторингі. Қоршаған ортаның жағдайын бақылау үшін экологиялық мониторингті ұйымдастырудың негізгі жолдары
Жер мониторингі жайлы жалпы мәлімет
Экологияның күрт нашарлап кетуі
Арал
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
«Биологиялық экология»
Биологиялық экология туралы ақпарат
Арал теңізі
Арал апатына себеп болған факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz