Шағын жинақы бастауыш мектептерге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама



1. Шағын жинақы бастауыш мектептерге арналған оқу.әдістемелік құралдарына сипаттама.
2. Шағын жинақы бастауыш мектептерге арналған басқа оқыту құралдарына сипаттама.
Қазақ ССР Оқу министрлігінің 1987 жылы 10 маусымда «Республикадағы шағын комплектілі мектептердің қазіргі жайы және олардың жұмысын жақсарту шаралары жайында» қарары қабылданды. Ал 1975 жылғы 9 желтоқсанда Қазақ ССР Оқу министрлігі Коллегиясының шешімі бойынша ШЖМ үшін орыс, ана тілі, табиғаттану мен математикадан әдістемелік құралдар дайындау Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтына тапсырылды. Осы тапсырманы орындау үшін Бастауыш білім беру әдістемесі 1974-78 жж. «ШКМ-тегі оқыту мазмұны мен әдістемесін жетілдіру» атты зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Шағын жинақты бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі де кез-келген ғылым саласы сияқты екі жағдайда дамиды. Оның біріншсі - әдіскер, психолог, педагог сияқты ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асса, екіншісі – кейбір мұғалімдердің шығармашылық тәжірибелерін оқып үйренудің, оларды ғылыми түрде негіздеу, жалпылау арқылы жүзеге асады.
1970-1980 жылдары шағын жинақты бастауыш сыныптағы оқыту әдістемесін зерттеуге белсене кіріскен ғалымдарымыздың бірі – Б.Құлмағанбетова. Ол мақалаларында мұғалімге көмек ретінде әдістемелік нұсқаулар беруді мақсат ете отырып, қазақ тілі сабақтарында өздігінен орындалатын жұмыстардың түрлері мен оны ұйымдастыру жолдарын көрсетуге баса мән береді.
1974 жылы Б.Құлмағанбетованың «Аз комплектілі мектепте сабақты ұйымдастыру» деген еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте мынандай мәселелер қарастырылды: 1) аз комплектілі мектептердің қазіргі жайы; 2) аз комплектілі мектептерде жұмыс түрлерін ұйымдастыру; 3) аз комплектілі мектептерде сабақты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері; 4) аз комплектілі мектептерде тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру. Автор алдымен шағын жинақты бастауыш сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне шолу жасай келіп, әрбір сыныпта оқылатын тақырыптарды, оларға қатысты материалдарды, көрнекі құралдар мен әдістемелік жаттығуларды орынды пайдаланып, жұптасқан сабақтардың құрылысын, өздік жұмыстардың түрлерін, көлемін, оған кететін уақытты т.с.с дұрыс белгілеп алса, мұндай мектептердегі оқу-тәрбие жұмысы нәтижелі болады деген қорытынды жасайды.
1. Ж.Қ.Астамбаева, Г.И.Уәйісова « Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы»
Алматы 2010 жыл
4. Баймолдаев Т.М. «Шағын жинақталған мектептерде пәндерді оқытуда жаңа педагогикалық әдістерді пайдалану жолдары»
Алматы 2002 жыл
5. Базарбаева Н.Ә. «Шағын комплектілі мектептердегі оқу-тәрбие үрдісіндегі ерекшеліктер»
Алматы 2002 жыл

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей атындағы Шәкәрім мемлекеттік университеті.

Тақырыбы: Шағын жинақы бастауыш мектептерге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама.



Орындаған: Рахметолла Г
Тобы:П-305
Тексерген:Серикова Н.У

Семей қаласы 2015 жыл

Жоспар:

1. Шағын жинақы бастауыш мектептерге арналған оқу-әдістемелік құралдарына сипаттама.
2. Шағын жинақы бастауыш мектептерге арналған басқа оқыту құралдарына сипаттама.

Қазақ ССР Оқу министрлігінің 1987 жылы 10 маусымда Республикадағы шағын комплектілі мектептердің қазіргі жайы және олардың жұмысын жақсарту шаралары жайында қарары қабылданды. Ал 1975 жылғы 9 желтоқсанда Қазақ ССР Оқу министрлігі Коллегиясының шешімі бойынша ШЖМ үшін орыс, ана тілі, табиғаттану мен математикадан әдістемелік құралдар дайындау Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтына тапсырылды. Осы тапсырманы орындау үшін Бастауыш білім беру әдістемесі 1974-78 жж. ШКМ-тегі оқыту мазмұны мен әдістемесін жетілдіру атты зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Шағын жинақты бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі де кез-келген ғылым саласы сияқты екі жағдайда дамиды. Оның біріншсі - әдіскер, психолог, педагог сияқты ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асса, екіншісі - кейбір мұғалімдердің шығармашылық тәжірибелерін оқып үйренудің, оларды ғылыми түрде негіздеу, жалпылау арқылы жүзеге асады.
1970-1980 жылдары шағын жинақты бастауыш сыныптағы оқыту әдістемесін зерттеуге белсене кіріскен ғалымдарымыздың бірі - Б.Құлмағанбетова. Ол мақалаларында мұғалімге көмек ретінде әдістемелік нұсқаулар беруді мақсат ете отырып, қазақ тілі сабақтарында өздігінен орындалатын жұмыстардың түрлері мен оны ұйымдастыру жолдарын көрсетуге баса мән береді.
1974 жылы Б.Құлмағанбетованың Аз комплектілі мектепте сабақты ұйымдастыру деген еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте мынандай мәселелер қарастырылды: 1) аз комплектілі мектептердің қазіргі жайы; 2) аз комплектілі мектептерде жұмыс түрлерін ұйымдастыру; 3) аз комплектілі мектептерде сабақты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері; 4) аз комплектілі мектептерде тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру. Автор алдымен шағын жинақты бастауыш сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне шолу жасай келіп, әрбір сыныпта оқылатын тақырыптарды, оларға қатысты материалдарды, көрнекі құралдар мен әдістемелік жаттығуларды орынды пайдаланып, жұптасқан сабақтардың құрылысын, өздік жұмыстардың түрлерін, көлемін, оған кететін уақытты т.с.с дұрыс белгілеп алса, мұндай мектептердегі оқу-тәрбие жұмысы нәтижелі болады деген қорытынды жасайды.
Оқыту құралдары - оқытудың біртұтас әдістемелік жүйесінің бір компоненті (оқытудың мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру формалары, әдістері, принциптері сияқты).
Оқыту құралдары заттар мен құбылыстардың жиынтығы (В.Е.Гмурман, Ф.Ф.Королев), белгілер (модельдер), амалдар (П.Р.Атутов, И.С.Якиманская), сондай-ақ тікелей оқу-тәрбие үдерісіне қатысушы, жаңа білімді меңгеруді қамтамасыз етуші және ойлау қабілеттерін дамытушы (Г.С.Костюк, А.Р.Лурия, М.Н.Скаткин) сөз деп түсінеміз. Оқыту құралдары - бұл ақпарат алу тіреккөздері, бұл әр түрлі модельдердің жиынтығы деуге болады.
Оқыту құралдарын табиғаты әр түрлі модельдердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады, ал әрбір модель, біріншіден, оқытылатын ұғымдарды толығымен немесе ішінара ауыстырады; екіншіден, оқытылатын ұғым жөнінде жаңа мәліметтер береді
Оқытылатын материалдардың берілуіне байланысты модельдер заттай-материалдық (иллюстрациялық) және идеалдық (ойлау) болып бөлінеді.
Заттай-материалдық (иллюстрациялық) өз ретінде физикалық, заттай-математикалық (тура және тура емес үйлесімділік) және кеңістіктік, уақыттық т.б. болып бөлінеді. Ал идеалдық модель образдық және логикалық-заттай (баяндау моделі, аналогия моделі) болады.
Заттай-материалдық (иллюстрациялық) моделін біріктірген оқыту құралдарына приборларды, кестелерді, диапозитивтер, диафильмдер т.б. жатқызуға болады. Ал идеалдық модельден тұратын оқыту құралдарына бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, оқу құралдары, әдістемелік мақалалар, мұғалімге арналған көмекші құралдар т.б. жатқызуға болады.
Оқыту үдерісінің екі жақты үдеріс екенін ескере отырып, А.П.Усова педагог пен баланың әрекетін бөле көрсетіп, оқыту құралдарын жіктемелеудің өзіндік нұсқасын ұсынады. Осыған орай, ол дидактикалық құралдарды екі топқа бөледі. Құралдардың бірінші тобы педагогтың іс-әрекетін қамтамасыз етеді және ересек адамның оқытуды негізінен сөздің көмегімен жүзеге асыратынын сипаттайды. Оқытудың екінші тобында оқытуға әсере ететін құралдар етіліп, дидактикалық материалдар мен дидактикалық ойында ерекшеленеді, олар өз кезегінде білім беру міндеттерін, яғни көрнекілік пен баланың ондағы практикалық әрекетін ескере отырып құрылады.
Шағын жинақты бастауыш мектептерді көрнекі құралдармен жабдықтау ісінде үлкен табыстарға қол жеткізген, өз тәжірибелерін жинақтап, тарата білген үздік мұғалімдер - Ы.Құсайынов пен Б.Құсайыновалар болды. Олардың мектепті көрнекі құралдармен және оқушыларға таратып беретін дидактикалық материалдармен жабдықтау жөніндегі іс-тәжірибелері аудандық, облыстық, республикалық және сол кездегі Кеңес Одағы көлеміндегі газет-журналдарда жарияланып тұрды. Құсайыновтардың іс-тәжрибелерін таныстыратын кең ауқымды экспозиция Мәскеудегі ХШЖ-нің (ВДНХ) Халық ағарту павильонына көрмеге жіберілді. Осындай табыстары үшін кезінде Ы.Құсайынов алтын медальмен, Б.Құсайынова қола медальмен марапатталған болатын. Кейін олардың озық іс-тәжірибесі жеке кітапша болып 1970 жылы Аз комплектілі қазақ мектебі деген атпен басылып шықты. Бұл еңбек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШЖБМ-ге арналған оқу-әдістемелік мен басқа оқыту құралдарына сипаттама
ШЖБМ-ге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама
12 жылдық оқу жүйесіне бейімделуге практик – психологтың әсері
Тарих сабағында білім берудің негізгі құралы оқулықты пайдалану
Түркістан облысындағы шағын жинақы мектептердің қазіргі жағдайы мен болашағы
Мектепте дарынды балаларға білім беруді ұйымдастыру
Педагогика тарихы курсының теориялық әдіснамалық негізі және пәні және міндеті
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы (1861-1930 ж.ж. материалдар негізінде)
Бастауыш сыныптың тіл сабақтарында дамыта оқыту ерекшелігі
Оқыту құралдарының дамыту қызметі
Пәндер