Вирустардың жіктелу принциптері



І Кіріспе
1.Вирусұғымына жалпы түсінік
ІІ Негізгі бөлім
2.1.Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. 2.2.Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
Вирус – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Вирусты 1892 жылы Д. И. Ивановский ашқан болатын. Ол зақымдалған темекінің жапырақтарын әбден езіп, әдеттегі бактериялар өтпейтін сүзгіден өткізгенде оның сүзіндімен бірге кететінін байқады. Осы сүзіндіні сау темекіге жүқтырса, қайтадан ауруға шалдығатыны анықталды. Бұл вирустың ашылуына алып келді . Вирусология(лат. virus –“у” және грек. logos – ілім) – вирустар туралы ғылым. Жалпы, ғылым вирустардың табиғатын, олардың құрылысын, көбеюін, биохимиясын, генетикасын зерттейді. Вирусология патогенді вирустарды, олардың инфекциялық қасиеттерін зерттейді, олар тудыратын аурулардан сақтану шараларын, диагностикасын және емдеу жұмыстарын қарастырады. Вирусология вирустардың тұқым қуалаушылық қасиеттерін зерттейтін ғылым – молекулалықгенетикамен тығыз байланысты.
Вирустар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды.Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады.Вирустардың пішіні әр түрлі (мысалы, таяқша, иілгіш жіпше тәрізді). Вирустың жасушадан тыс (вириондар) және жасуша ішінде тіршілік ететін топтары бар. Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді. Жай вирустар – нуклеин қышқылдары мен ақуызды қабықтан (капсид) тұрады; бұларға таяқша, жіп және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар – нуклеин қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидті мембрана, көмірсу және ферменттерден тұрады. Вириондардың мөлшері 15 – 350 нм , негізінен вирустарды тек электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирус тек бір типті нуклеин қышқылынан (ДНҚ немесе РНҚ) тұрады.Вирус бактериялар клеткасына жасуша қабырғасы арқылы өтсе, жануарларда жасуша мембранасы арқылы адсорбцияланады. Өсімдіктерге вирус тек қана жасушаның зақымдалған жерінен ғана ене алады. Бір жасушаны «іштей жеген» вирустар көршілес жасушаларға ауысып, барлық организмді зақымдап, ауруға шалдықтырады. Вирустар нуклеин қышқылдарының гендік қызметін ашу үшін (генетикикалық кодты анықтау) пайдаланылады.
1. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл
2. «Ветеринариялық вирусология» Ш.Б.Мырзабекова;Алматы, «Білім», 2004 ж.
3.Дарқанбаев Т.Б. Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы, “Қайнар”, 1982.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

Факультет: аграрлық
Кафедра:ветеринариялық санитария

БӨЖ

Тақырыбы: 1.Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. 2.Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары

Орындаған: Биязбаев Е.О. Тексерген: Омарбеков Е.О. Тобы: ВС-303

Семей 2015

Жоспар
І Кіріспе
1.Вирус ұғымына жалпы түсінік
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. 2.2.Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Вирус - тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Вирусты 1892 жылы Д. И. Ивановский ашқан болатын. Ол зақымдалған темекінің жапырақтарын әбден езіп, әдеттегі бактериялар өтпейтін сүзгіден өткізгенде оның сүзіндімен бірге кететінін байқады. Осы сүзіндіні сау темекіге жүқтырса, қайтадан ауруға шалдығатыны анықталды. Бұл вирустың ашылуына алып келді . Вирусология (лат. virus - "у" және грек. logos - ілім) - вирустар туралы ғылым. Жалпы, ғылым вирустардың табиғатын, олардың құрылысын, көбеюін, биохимиясын, генетикасын зерттейді. Вирусология патогенді вирустарды, олардың инфекциялық қасиеттерін зерттейді, олар тудыратын аурулардан сақтану шараларын, диагностикасын және емдеу жұмыстарын қарастырады. Вирусология вирустардың тұқым қуалаушылық қасиеттерін зерттейтін ғылым - молекулалық генетикамен тығыз байланысты.
Вирустар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан - кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Вирустардың пішіні әр түрлі (мысалы, таяқша, иілгіш жіпше тәрізді). Вирустың жасушадан тыс (вириондар) және жасуша ішінде тіршілік ететін топтары бар. Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді. Жай вирустар - нуклеин қышқылдары мен ақуызды қабықтан (капсид) тұрады; бұларға таяқша, жіп және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар - нуклеин қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидті мембрана, көмірсу және ферменттерден тұрады. Вириондардың мөлшері 15 - 350 нм , негізінен вирустарды тек электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирус тек бір типті нуклеин қышқылынан (ДНҚ немесе РНҚ) тұрады. Вирус бактериялар клеткасына жасуша қабырғасы арқылы өтсе, жануарларда жасуша мембранасы арқылы адсорбцияланады. Өсімдіктерге вирус тек қана жасушаның зақымдалған жерінен ғана ене алады. Бір жасушаны іштей жеген вирустар көршілес жасушаларға ауысып, барлық организмді зақымдап, ауруға шалдықтырады. Вирустар нуклеин қышқылдарының гендік қызметін ашу үшін (генетикикалық кодты анықтау) пайдаланылады.
Негізгі бөлім
Вирустарды жіктеудің алғашқы ұмтылысы ХХ ғасырдың 40-жылдарында болды. Вирусология микробиологияның бір бөлігі деп есептелетіндіктен вирустарды классификациялау да бактериялар үшін критериялар бойынша атқарылды. Бірақ, көп кешікпей бактериялар таксономиясына қарағанда вирустар таксономиясының айырмашылығы болатыны айқын болды. 1966 жылы Мәскеуде вирустар номенклатурасы бойынша Халықаралық комитет құрылды. Әрбір 5 жыл сайын жаңа вирустардың ашылуына немесе белгілі вирустардың жаңа қасиеттерінің анықталуына байланысты вирустар номенклатурасы жаңартылып отырады. 2.2 - кестеде вирустардың қазіргі кездегі классификациясы берілген. Бұл классификация бойынша 4 иерархиялық деңгей қарастырылған: түр, туыстастық, тұқымдастық (кейде тұқымдасша) және қатары. Қатар, тұқымдастық, тұқымдастықша (подсемейство) және туыстастықты -virales, -viridae, -virinae, -virus сөздерін қосып белгілейді. Бүгінгі күнде 3 қатар, 64 тұқымдастық, 9 тұқымдасша, 233 туыстастық және 1550-ден астам түрлер анықталған. Вирустардың қазіргі заманғы классификациясы негізіне мынадай критерийлер жатады:
oo нуклеин қышқылының типі (РНҚ немесе ДНҚ), оның құрылымы (тізбекше немесе жіпше саны);
oo липопротеидті қабатының болуы;
oo вирус геномының стратегиясы;
oo вирионның морфологиясы және мөлшері, симметрия типі, капсомерлер саны;
oo генетикалық өзара әсерлесу феномендері;
oo қабылдағыш иелер шеңбері;
oo патогенділігі, соның ішінде жасушаларда патологиялық өзгерістер және жасушаішілік қосындылар пайда болуы;
oo географиялық таралуы;
oo антигендік қасиеттері.
Вирустарды классификациялаудың негізгі критерийлері жасалғанына қарамастан, қандай тұқымдастыққа жатқызуға болатыны анық емес вирустардың түрлері бар. Әсіресе ол өсімдіктердің вирустарына қатысты. Бактериофагтар бұтақшалары арқылы алдымен бактерия жасушасының бетіне бекінеді. Вирустар сол жабысқан сыртқы ортада белгілі өлшемі мен химиялық құрамы және дұрыс пішіні бар. Вибрион деп аталатын өлі бөлшек түрінде болады. Мұндай бөлшек түрінде кездесетін кейбір вирустар, үлкен молекулалар сияқты кристалл формасы болады. Вибриан жасуша - иесіне өтерден бұрын алдымен оның бетіне бекінеді де, сол жабысқан жерінде жасушаның немесе бактерияның қабықшасын ерітіп жібереді. Вирустың сыртқы қабығы шприц сияқты ішіндегі ДНҚ-ны жасуша иесіне бүркеді. Осыдан кейін вирус өзі бейімделген жасуша иесіне енген бойда пішінін мүлдем өзгертіп, жасушаның паразитіне айналады. Вирустағы нуклеин қышқылы "өлі" вибрионның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустардың жіктелу принциптері және олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және кқбею сатылары
Вирустардың жіктелу принциптері жайлы ақпарат
Вирусология вирустардың жіктелу принциптері. Вирустарлың көбеюінің биогенетикаоық ерекшеліктері және көбейу сатылары
Вирустардың жіктелу принциптері,олардың наменклатурасы
Вирустар жайлы
Вирустар
Вирустардың жіктелу принциптері жайлы мәлімет
Вирустар туралы мәлімет
Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары туралы ақпарат
Вирустардың жіктелу принциптері. олардың номенклатурасы. 2.Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
Пәндер