Шошқаның гигиенасы туралы мәлімет


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Факультет: аграрлық
Кафедра: ветеринариялық санитария
БӨЖ
Тақырыбы: : Шошқаның гигиенасы
Орындаған : Мукатаев Е. Б.
Тексерген: Cадуақасов М. С.
Семей 2015
Жоспар
І Кіріспе
- Шошқа шаруашылығы
ІІ Негізгі бөлім
2. 1. Шошқа шаруашылықтарының негізгі түрлері
2. 2. Торай, мегежін гигиенасы
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Шошқа шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір оның саны 0, 8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй талғамайтындықтан және тез өсіп-өнетіндіктен бұл шаруашылық адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. (Азияның кандай елдерінде шошқа мүлдем өсірілмейді, оның себебі неліктен?) Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы дамыған
Санитарлық-гигиеналық тұрғыдан жоғарғы мәдениетті шаруашылық берік азық қоры болып, зоогигиеналық талаптарға сәйкес тұрғызылған мал қоралары мен, малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне ылайықталған технологиямен және ветеринариялық-санитарлық объектілермен қамтамасыз етілген болуы керек. Шошқа шаруашылығындағы жұмыстардың ритімді (жүйелі) жүріп, жиі мал тобының алмасуы, механикаландырылған және автоматизацияланған процесстердің қолданылуы т. б. ұйымдастыру және ветеринариялық профилактикаға белгілі бір шамалы әсерлер тигізеді. Сондықтан ветеринариялық-санитарлық және гигиеналық шаралар шошқа өнімдерін өндірудегі технологиялық процесстерге кіріп, алынатын өнімдердің тиімділігі және сапасы ветеринариялық құжаттың талаптарына сай болуы керек.
Негізгі бөлім
Өндірістік процесстері жоғарғы дәрежеде механикаландырған және автоматизацияланған, өнім алынуы толық аяқталған циклмен жүргізілетін шошқа шаруашылықтарын ірілендірілген шошқа комплекстері деп атайды.
Мұндай комплекстердің негізіне шошқа еттерін үздіксіз (поток) өндіру технологиясы жатады. Ол кездерде малдарды технологиялық циклге байланысты бір орыннан екінші орынға, немесе бір қорадан екінші қораға ауыстырып отырады, яғни ұрықтандыруға жататын аналықтарды, буаз, қысыр шошқаларды, енесінен айырған және жас торайларды кезекті мезгілдерінде бір жерден екінші орынға орналастырып отырады.
Малдарды жұқпалы аурулардан сақтандыру үшін, оларды комплекстерде бөлектенген секцияларда ұстайды да, орын алмастыру кездерінде жасалған жоспар бойынша әр секцияны тазалап, дезинфекциялаудан өткізіп отырады. Шошқа фермаларының типі және размерлері, ұстау жүйелері, және қосымша салынатын объектілері әр шаруашылықтың бағытына, жер ораймен ауа райының ерекшеліктеріне байланыстырып алынады. Бағыты бойынша шошқа шаруашылықтары тұқымдық және өнімдік болып бөлінеді.
Тұқымдық бағыттағы фермалардың міндеті шошқаларды тұқымдық және өнімдік қасиеттерін жақсартып, басқа өнім өндіретін шаруашылықтарды жоғарғы өнімді малдармен қамтамасыз ету болып саналады.
Аналық шошқаларды дұрыс азықтандыру және күтіп-бағу олардың денсаулығы мен өнімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Мегежін шошқалардың денсаулығы жақсы болса ғана олардың болашақ төлдерінің эмбрионалдық және постэмбрионалдық (туғаннан кейінгі) өсіп-жетілуіне тікелей әсерін тигізеді. Жас алғашқы торайлайтын мегежін шошқалардың жасы және салмағы зор рөл атқарады. Жас шошқаларды алғашқы шағылыстан өткізу мерзімі өнімдік фермаларда 10 айлығынан (салмағы 110 кг), тұқымы фермаларда - 11-12 айлығында (тірі салмағы -120-140 кг) бастаған ең қалыпты жас болып есептеледі. Жетілмеген жас мегежіндердің организмдегі жатырдағы төлдің өсуі мен сүт түзілу процесстері қатар жүреді де, аналық жүдеп арыйды, олардың желіндерінде сүт түзілу процесстері нашарлап, көбінесе туған торайлардың өсіп-жетілуі төмен болады.
Буаздық мерзіміне қарап мегежін шошқаларды жекелеп немесе шағын топтармен ұстайды.
Қалыпты жағдайда жыл ішінде әр мегежін шошқаны 2-2, 2 рет тудырып орта есеппен 9-10 торайлардан, яғни жиыны 20-22 бастан алады. Буаз шошқалардың құнарлы заттарға сұранысы, олардың денсаулығын қалыпты жағдайда ұстап тұруға, жатыр ішіндегі ұрықтың өсіп-дамуына, олардың мүшелерінің қалыптасуына, желіндегі уыздың түзілуіне т. б. байланысты болады.
Ұрықтанған аналық клеткалар 3-5 тәуліктен соң жатырдың қабырғасына бекіп, ал плаценттің (төл сыртындағы қабаты-шуы) түзілуі буаздықтың 15-20 тәулігінде ғана жүреді де, бұл күндері жатырдағы төлдің қорғанысы нашар болып, шамалы сыртқы ортаның әсерінен (суық су ішу, суық өту, қысылып, соғылысу т. б. ) іш тастау кездеседі.
Буаз шошқаларды торайлайтын орындарға кіргізердің алдында қораны мұқият тазалап, жабдықтарды дезинфекциялаудан өткізіп, дайындықтар жүргізеді.
Мегежін шошқаларды торайлардың алдында тексеруден өткізіп, әсіресе желін ауруына көңіл бөледі. Малдың желін ауруының негізгі көрсеткіштері байқалса (қызарған, ісік, қатайған т. б. ) рационнан сулы азықтарды шығарып тастап, емдеу жұмыстарын жүргізеді.
Буаз шошқаларды тууына 5-7 күн, ал топтап ұстаған кезде10-15 күн қалғанда аналық шошқалардың қорасына ауыстырып, жекелеме станоктарға орналастырады.
Буаз шошқалардың тууына 4-5 тәулік қалғанда, олардың рационын біртіндеп азайтып, торайлайтын күніне қарсы 50 % қысқартады (жартылай аш рацион) . Туғаннан соң аналыққа жылы су береді де, 10-12 сағаттан соң бидай кебегінен және сұлу жармасынан көже жасап (0, 5-0, 7 кг) тұз және мел қосып (20-30 г) береді. 5-6 сағаттан кейін туған шошқаларды екінші рет азықтандырады да, рационның көлемін біртіндеп көбейтіп 5-7 тәулікте толық рационға көшіреді
Аналық шошқалардың сүттілігіне және ұзақтығына байланысты торайларды қолма қол немесе бірнеше тәулік бойына енесінен айырады. Торайларды енесінен біртіндеп айырғанда (3-5 тәулік бұрын), олардың рационын 50 % дейін азайтады.
Жас туған торайлардың денсаулығы, олардың туғанға дейінгі эмбрионалдық және туғаннан соңғы - постэмбрионалдық өсуіне байланысты болады.
Жаңа туған торайлардың физиологиялық жетілмеуінің басты көрсеткіші, олардың қарын сөлінде пепсиннің және бос тұз қышқылының болмау болып саналады. Мұнымен қоса жаңа туған торайлардың қарын сөлінің бактерицидтік (микробты өлтіргіш) қасиеті болмайды да, олар ішек-қарын ауруларына жиі ұшырайды.
Жас торайларды өсіру кезін негізгі төрт жауапты сатыға бөлуге болады: бірінші-алғашқы 2-3 тәулікте торайлардың туғаннан кейінгі жаңа жағдайға бейімделу кезеңі; екінші - енесінің сүтіндегі темірдің жетіспеушілігінен, торайларда анемия ауруының туу кезеңі; 5-7 тәуліктік жасында; үшінші торайлардың ауруға қарсы тұратын қабілетінің, анасының сүтімен алатын колостралдық иммунитеті азаятатын кезеңі; 14-21 тәуліктік жасында; төртінші - торайларды енесінен айырып, сүттік көректен азыққа ауысу кезеңі - 26-60 тәуліктік жастарындағы мезгілдер.
Жаңа туған торайларды аузын, танауын кілегейден тазартып, денесін сүртіп (дәкемен) кіндігі қанаған болса жібек жіппен байлап, торай қарнынан 3-4 см қашықтықта кесіп, йод ертіндісімен жағып, өңдейді. Одан кейін торайларды үстін кептіру үшін жекелеме инфрақызыл сәулелі шамдардың астына орналастырады. Шамның астындағы ауа температурасы жаңа туған торайлар үшін 30-32ºС жоғары болмауы керек. Туып болғаннан соң аналық мегежінді екінші рет санитарлық тазалаудан (желіні, жыныс жолдары т. б. ) өткізіп, дезинфекциялайды. Жас туған торайларды іріктеп, нашар, әлсіз, салмағы төмен, физиологиялық жетілмегендерін жеке бөліп алады. Енесінің бауырында, оның сүт бөлінетін емшігінің санына байланыстырып, торайларды қалдырады. Әрбір жаңа туған торайлардың тірі салмағы, енесінің массасының 1 % құрауы керек.
Жас туған торайларды енесінің уызын ішкізу 2 сағаттан кешіктірілмей, алғашқы күндері тәулігіне 20-24 рет, яғни 50-60 минутта емізіп отыру қажет. Торайларды енесін емізу кезінде, бір ұядағылардың бір мезгілде емуін қадағалау керек (алғашқы күндері) .
Енесінен айырған торайлар жаңа дағдаланбаған ортаға түскеннен кейін жиі күйзеліске ұшырап, резистентілігі төмендейді. Торайлар енесінен айырғанда мазасызданып, азыққа қарамай, қатты уайымдап кетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz