Ірі қара малдарының гигиенасы


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Ірі қара малдарының гигиенасы
Тобы: ВМ - 305
Дайындаған: Мырзағалиқызы А
Тексерген: Садуақасов М. С
Семей 2015
Жоспары:
- Кіріспе бөлім
Ірі қара малдарының гигиенасы
- Негізгі бөлімІрі қара малдарын ұстау жүйелері, тәсілдеріСуалтылған сиырлар мен құнажындардың гигиенасыБұзаулардың гигиенасы
- Қорытынды бөлім
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Ірі қара малдарының қораларын жобалап - салу және пайдалану кездерінде оларға ветеринариялық- санитариялық бақылау жүргізу технологиялық жобалау нормаларына және ветеринариялық - санитариялық ережелерге сүйеніп жасалынады.
Әр малдардың түрі, жасы, тұқымы, бағыты ескеріліп оларға арналған жобалар сызылады. Ол жобаларды таңдау әр шаруашылықтың ерекшеліктеріне, ауа райы, жер орайы, малдарды күтіп - бағу жүйелеріне байланысты жүргізіледі.
Қандай болмасын ірі қара малдарына арналған өндірістерді жобалап - салу және пайдалану кездерінде ең басты ветеринариялық - санитариялық проблема малдарды әртүрлі аурулардан ақтау және олардан алынатын өнімдердің сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету болып саналады.
Ірі қара малдарынан алынатын өнімдердің бағытына байлынысты, оларға арналған шаруашылықтар:
- Тұқымдық - мал тұқымын жақсартып, олардан тұқымды жас төлдер алуға арналған;
- Өнімдік - ет және сүт өнімдерін алуға бағытталған шаруашылқтар;
- Мал басын толықтырып отыруға арналған жас төлдерді өсіріп және бордақылау бағытындағы шаруашылықтар;
- Ірі малдарды бордақылап ет өндіру және жас бұзауларды бағып, күту мен айналысатын шаруашылықтар.
Негізгі бөлім
2. 1. Малдардың сыртқы әсерге дене төзімділігін арттырып, олардан алынатын өнімдердің мөлшері мен сапасын жоғарлатуға бағытталған әртүрлі азықтандыру, суару, орналастыру, байлау, жаю т. б. технологиялық тәсілдердің жинағы - малдарды ұстау жүйелері деп аталады.
Малдарды сіру қарқынына жер орайы, ауа райының ерекшеліктеріне байланыстыра отырып ірі қара малдарын ұстаудың мынандай жүйелері болады.
- Қолда тұрғызып - жайып ұстау. Бұл жүйе көбінесе сүт өнімін өндіруге арналған шаруашылықтарда кең таралған, себебі ветеринариялық гигиеналық тұрғыдан қарағанда бұл жүйеде ұстау кезінде малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келеді де, мал организмнің табиғи төзімділігін арттыруға мүмкіншіліктер туып, малдың өнімділігін қасиеттері жоғарлайды. Мұндай жүйемен ұстау кезінде сиырлардың қозғалысы шектелмей, денедегі зат амасу процестерінің жоғарлауына, күн сәулесінің оң әсерлері тиіп, белокқа, витаминдерге және минералды заттарға бай азықтарды қабылдауына қолайлы жағдай жасалады.
- Қолда тұрғызып ұстау. Мұндай жүйе ірі қара малдарын көбінесе жайылым жерлері жоқ, немесе малдарды көптеп - топтап шағын жерлерде ұстағанда және аз уақыт ішінде малдарды қарқынды жолмен күтіп семірту мақсатында пайдаланады. Жаз айларында сиырларды жаюға шығармай тұрғызып қолда ұстап, дайындалған көк шөптерді шауып әкеп орнында азықтандырады.
Шағын жерлерге малдарды топтандырып тұрғызып ұстау кезінде малдардың қозғалысы шектеліп, олардың физиологиялық қасиеттеріне теріс әсер тигізбеу үшін, мұндай жүйемен күтіп - бағуға өте жоғары ветеринариялық - санитариялық талаптар қойылады. Малдарды қолда тұрғызып ұстау кезінде оның жағымды әсерімен қоса кемшіліктері де, яғни малдардың қозғалысы азйып, денсаулығы төмендеп, жалпы организмі әлсіреп, әртүрлі ауруларға ұшырағыш болуы және күтіп - бағуда санитариялық - гигиеналық талаптарға сәйкес келметін кемшіліктердің жиі жіберілуі кезедеседі.
- Жайып ұстау жүйесі- кезінде малдар жылдың барлық мезгілдерінде де жайылым пацйдаланады. Шаруашылықты экстенсивті жолмен дамыту кезінде - көбінесе табиғи және жайлау шабындықты жерлерді пайдаланса, интенсивті даму тәсілінде - мәдени жасанды жайылымдарды қолданады.
Жайып ұстау жүцесін жайылым аймақтары мол жер орайы қолайлы, ауа райы жылы шаруашылқтарда пайдаланады. Ондай кездерде малдарға арнап күрделі құрылыстар қаралмай, тек жауын шашындардан, өткір күн сәулелерінен сақтау мақсаьында жергілікті арзан материалдардан жеңіл - күрке, ықтырма, жылыландырылмаған типті қоралар қаралады.
Сүт өнімін өндіретін шаруашылқтарда табиғи жайылымдардың ортасына, немесе жасанды шабыңдықтар маңаына, арнайы жылжымалы немесе тұрақты лагерлер тұрғызылып, олардың ішіне мал тұратын орындар, байлауыштар, азық, су науалары қаралып, сүт алып өңдейтін құрылымдар орнатылады.
Ірі қара малдарын ұстау жүйелерінің негізіне байланысты әртүрлі тәсілдер қолданылады.
Ірі қара малдарына арналған шаруашылқтарда көбінесе 2 тәсіл қолданылады: 1. Тұрғызып байлауда ұстау
2. Байлаусыз еркін ұстау
1. Тұрғызып байлауда ұстау - сүт өнімдерін өндіруге арналған шаруашылқтарда, кей кездерде малдарды интенсивті түрде, жедел семіртіп ет алу үшін қолданылады. Мұндай тәсілмен ұстау үшін арнайы сиыр қоралар қаралады да олардың ішінен байлау орындары, азық науалар мен су құбырлары және олардың арасынан азық таратып, көң тазалайтын, малдар мен адамдар жүретін жолдар қалдырады. Мал басының мөлшеріне байланысты мал тұратын орындарды екі немесе төрт қатарлы қылып жасайды. Көбінесе қорадағы малдың саны жүзге дейін жоспарланса екі қатарлы, ал 150 одан артық болса төрт қатарлы тұрақтар қаралған жөн. Қора ішінде мал тұратын орындар екі қатар орналасаын болса ондай қоралардың ендерінің ішкі өлшемі 12 - 15м, ал төрт қатарлы болса 18 - 21 м жасалады. Малдардың ірілігіне байланыстырып, қора ішіне үш түрлі размерде тұрақтар қаралады:
1. Ұзын тұрақ - ұзындығы 190 - 220 см, ені 120 - 150 см. Мұндай тұрақтар салмағы 500 кг - нан жоғары ірі сиырлар мен бұқаларға және сиыр бұзаулайтын бөлмелерде жасалады.
2. Орташа тұрақтар - ұзындығы 170 - 190 см, ені 100 - 120 см.
3. Кіші тұрақтар - ұзындығы 145 - 170 см, ені - 100 - 120 с, көбінесе жас малдарды және бордақылауға арналған өгізшелерді байлап тұрғызып семіту кезінде жасалады.
Малдар байланатынтұрақтарға мынандай негізгі гиигеналық талаптар қойылады:
- Тұрақ тегіс, тайғақ емес, ойық шұңқыры жоқ, сәл артқы жаққа қарай су ағар еңістігі болу қажет.
- Тұрақ орнының астына сұйық өтпейтін, яғни мал нәжістері өтіп, сіңіп, одан зиянды газдардың бөлінуіне жол берілмеуі керек.
- Тұрақ орындары мал организміне жайлы, жылу өткізгіштігі төмен, су сіңіргіш емес, құрғақ материалдардан жасалуы керек.
- Тұрақ орындары сыртқы факторлардың және химиялық ерітіндерлердің әсерлеріне төзімді болуы керек.
Мұндай талаптарға көбінесе ағаш материалдардан жасалған, жасанды керамзит қиыршықтарынан, беті кордо - резинді материалдар мен қапталған тұрақ орындар сәйкес келеді.
2. Бос еркін байлаусыз ұстау - бұл тәсілдлді қазіргі кезде екі түрде қолданады: қалың төсенішті едендерде бос байлаусыз және арнайы бокстарда ұстау.
Ірі қара малдарын қалың жиналмайтын төсеніштерде ұстау үшін қораның табиғи еденінің өсімдік қабатын қырып үстін, дезинфекциялық және ылғалдықты төмендету мақсатында, әр шаршы метр ауданға 0, 5 кг есеппен қортылған хлорлы әкі салады да, оның үстіне 10 - 15 см қалыңлықта төсеніш төселеді.
2. 2 . Сауын сиырларды суалту мерзімі шамалы қысқа болғанымен мал организмнің шындалып аналықтың өнімінің артуына эжәне болашақ төлдің ширақ аман тууына өте зор маңызы болады. Анасының жатырындағы төлдің өсуі 6 - 7 айлағында дейін өте жай жүреді де, ол туған кездегі тірі салмағының 15 - 20 пайызындай ғана болады. Буаздықтың соңғы екі айында жатырдағы төлдің тәуліктік өсу жылдамдығы 600 - 900 гр болады. Сондықтан осы мерзімде буаз сиырдың жатырындағы төлдің ағзалары мен мүшелерінің қалыпты өсіп дамуына қажет белоктар мен минералды заттарға сұранысы жоғарлайды. Соған байланысты сиырдың тууына 45 - 60 тәулік қалғанда малды саууды тоқтатады. Неғұрлым бұл мерзім аз болса, салмағы кем бұзау алынады. Сиырды суалту процесі, алдын ала рационнан концентратты және сулы азықтарды шығарып тастап, 4 - 6 тәуліктің ішінде жүргізіледі. Бұл мезгілдерде тәулігіне 1 - 2 рет желіннің әр бөлігінен сүтін саып, оның саулығын тексереді. Өйткені суалтылған сиырлардың желінсау ауруларына шалдығуы осы мерзімнің алғашқы екі аптасында, желін бездерінің микроорганизмдерге қарсы тұру қабілетінің төмендеуіне байланысты, жиі кезедеседі. Суалтылған жаз сиырларды тууына 2 ай, құнажындарды 3 ай қалғанда мал қораларының жеке бөлігіне тұрғызады. Ол малдарға жекелеме күтім жасап, физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты азықтандырып, санитарлық - гигиеналық талаптарға сай жағдайлар жасауға мүмкіндік туғызады. Суалтылған сиырлардың рационынның негізі құрамы шөптен тұрады. Шөптің ең аз нормасы әр 100 кг дене салмағына шаққанда 1 кг - нан кем болмауы керек. Сүрлемнің ең сапалы түрін тәулігіне әр центнер салмағына 2, 5 - 3, 0 кг беріледі. Буаз сиырларда серуендету жоқ болса, қалыпты тірі салмағы бар, тіпті үлкен бұзаулар тууы мүмкін. Мезгілді серуендету сиырдың жеңіл бұзаулауына әсер етіп желінінің іспеуіне және туғаннан соңғы аурулардың болмауына көмектеседі. Тек дені сау аналықтан ғана сау төл алуға болады. Аналық сиырлардың қандай ауруы болмасын, тіпті ерте уақытта болса да, оның туған төлінің қалыпты өсіп - дамуына жағымсыз әсерін тигізеді.
2. 3. Жас туған бұзаулардың өсіп - дамуы және жалпы жағдайына қарап, оларды екі түрге бөледі: физиологиялық жетілген. Олай бөлуге мынандай көрсеткіштері негізге алынады: бұзаудың туғандағы тірі салмағы, денесінің ұзындығы, тісінің барлығы, жүнінің шығуы, жылдам аяқтануы, қимыл - қозғалысының активтілігі, енесінің емшегін тауып, соруы қалыпты жағдайда өсіп, дамуы дұрыс жүрген жас төлдің туудағы тірі салмағы - 28 - 35 кг туғаннан соң 30 минут ішінде аяқтанып, бір сағаттан кеш қалмай аналығының желінін тауып, емуі, 3 - 4 тәулікке кіндігі құрғап және сыртқы ортаға реакциясы дұрыс пайда болуы ескеріледі.
Жаңа туған бұзаудың қаны мен ткань сұйықтарында, аурудан қорғайтын негізгі ірі малекулярлы гамма - глобулиндер болмайды. Бұл белоктарды жас төл тек енесінің уызымен алынады. Аалық жатырында өсіп - дамуы кезінде оның плацентінен өтпейді де, ол белоктар желін бездеріне жиналады. Мұнымен қоса алғашқы тәуліктерде желін бездерінің өзінде де мұндай иммуно - глобулиндер түзіледі. Бұл сақтандырғыш уыз белоктары өзгеріссіз түрде бұзаудың ішек қабырғасынан өтіп, қанына түседі.
Егер ірі малдардың ішінде ол белоктар ыдырап сіңірілетін болса, жас туған төлдердің ішіндегі арнайы клеткалар уыздың белоктарын ұстап алып, ыдыратпай, алғашқыда бездерге, одан кейін қанға түсіреді.
Бұлаулаған сиырдың желнінде уыздың түзілуі 4 - 7 тәулік аралығында ғана жүреді де, ондағы белоктың қорғаныс активтілігі бұзаулау мезгілінің ұзақтығына байланысты өзгеріп отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz