Сүт және сүт өнімдерін өндіру технологиясы



1.Мазмұны
2.Сүт
3.Қышқыл сүт өнімдері
4.Пайдаланған әдебиеттер
Сүт – бұл сүтқоректілердің сүт бездерінен алынатын өнім. Адам тағамында қой, сиыр, ешкі сүттері пайдаланылады. Сүттің сапасы мен дәмі көбінесе оның майлылығымен анықталады: майы көп болған сайын, оның дәмі де жақсы болып, құнарлылығы да артады.
Сүт өңдеу Қазақстанда екі жолмен: бұрыннан қалыптасқан сүтті қайта өңдейтін кәсіпорындарды жаңғырту немесе шикізат өндірушілерге жақын орналасқан жаңа ұқсату орталықтарын салу.
Бірінші сұлбаға сәйкес өңделмеген сүт үлкен тоннажды автокөлікпен алыс қашықтыққа (мысалы, Балқаш ауданы шаруашылықтары-нан Алматыға немесе Қапшағайға) тасылады, яғни күніне бір немесе екі рет сүт шикізат ретінде жиналады. Осыған орай, шикізат өңдейтін кәсіпорын жетекшілік етіп, сүтті 4-6оС температурада ұзақ уақыт сақтайтын, сүт ыдыстарын (танктерін) шаруаларға тиімді арақа-шықтықта орнатады. Сүт тасымалдаудың оптимал иінін анықтау үшін математикалық программалау (сызықтық әдісі жеткілікті) тәсілін қолданған жөн.
Кондициялық талаптарға сай, сүт шикізатын дайындау үшін фермаларда, не болмаса сүт қабылдау пункттерінде сыйымдылығы 100-3000 л цилиндр немесе эллипс тәріздес, жылуоқшауланған тотықпайтын болаттан жасалған, суықтық агенті циркуляцияланатын, сүт танктерін орнатады.
Ірі қара мал, оның ішінде сауын сиырларын өсіру - мал шаруашылығының тиімді саласының бірі. Республика жалпы ішкі өнім құрылымында ол 92%, ал түгел ауылшаруашылық өнімінің - 15%-нан артық орын алады. Соңғы жылдары сүт өндірісінің көлемі артқанымен, сиыр сауу, сүтті алғашқы өңдеу, ұқсату, сақтау және тұтынушыларға өткізу барысындағы жөнсіз шығындар азаймауда. Республика бойынша сүт өндірудің көлемі Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары шаруашылықтарында арта түсті.
1.Барақбаев Б. Сүт және сүт тағамдары. Алматы, «Қайнар», 1989ж. 6 б.
2.Елеуов Б., Жамалов Б., Мендебаев Х., Нурушев М. Сағындықов Қ. Зоотехниктің анықтамалығы. Алматы, «Қайнар», 1970ж. 242 б.
3.Ивашура А.И. Сүт тіршілік тірегі. Алматы, «Қайнар», 1979ж. 115б.
4.Ысқақбаев Б. Сүт және сүт өнімдері. «Қайнар», 1977ж. 85б.
5.Тілемісов Х. Қазақтың ұлттық тағамдары. Алматы, «Қайнар», 1995ж. 211б.
Бренц М.Я., Козлов В.Н.
6. Сүт және сүт тағамдары 1983ж. 76б.
7.Ивашура А.И. Молоко и жизнь. Москва, 1976г. 23б.

Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

СӨЖ
Тақырыбы: Сүт және сүт өнімдерін өндіру технологиясы

Орындаған: Бакытжан Б.Б
Тексерген: Қасымов С.К.

Семей 2015ж

1.Мазмұны
2.Сүт
3. Қышқыл сүт өнімдері
4.Пайдаланған әдебиеттер

Сүт - бұл сүтқоректілердің сүт бездерінен алынатын өнім. Адам тағамында қой, сиыр, ешкі сүттері пайдаланылады. Сүттің сапасы мен дәмі көбінесе оның майлылығымен анықталады: майы көп болған сайын, оның дәмі де жақсы болып, құнарлылығы да артады.
Сүт өңдеу Қазақстанда екі жолмен: бұрыннан қалыптасқан сүтті қайта өңдейтін кәсіпорындарды жаңғырту немесе шикізат өндірушілерге жақын орналасқан жаңа ұқсату орталықтарын салу.
Бірінші сұлбаға сәйкес өңделмеген сүт үлкен тоннажды автокөлікпен алыс қашықтыққа (мысалы, Балқаш ауданы шаруашылықтары-нан Алматыға немесе Қапшағайға) тасылады, яғни күніне бір немесе екі рет сүт шикізат ретінде жиналады. Осыған орай, шикізат өңдейтін кәсіпорын жетекшілік етіп, сүтті 4-6оС температурада ұзақ уақыт сақтайтын, сүт ыдыстарын (танктерін) шаруаларға тиімді арақа-шықтықта орнатады. Сүт тасымалдаудың оптимал иінін анықтау үшін математикалық программалау (сызықтық әдісі жеткілікті) тәсілін қолданған жөн.
Кондициялық талаптарға сай, сүт шикізатын дайындау үшін фермаларда, не болмаса сүт қабылдау пункттерінде сыйымдылығы 100-3000 л цилиндр немесе эллипс тәріздес, жылуоқшауланған тотықпайтын болаттан жасалған, суықтық агенті циркуляцияланатын, сүт танктерін орнатады.
Ірі қара мал, оның ішінде сауын сиырларын өсіру - мал шаруашылығының тиімді саласының бірі. Республика жалпы ішкі өнім құрылымында ол 92%, ал түгел ауылшаруашылық өнімінің - 15%-нан артық орын алады. Соңғы жылдары сүт өндірісінің көлемі артқанымен, сиыр сауу, сүтті алғашқы өңдеу, ұқсату, сақтау және тұтынушыларға өткізу барысындағы жөнсіз шығындар азаймауда. Республика бойынша сүт өндірудің көлемі Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары шаруашылықтарында арта түсті. Сондықтан, сүт және сүт өнімдерін сапалы түрде дайындаудың маңызы

зор.1999-2002 жылдары, сүт өндірудің күрт төмендеп кетуіне байланысты, кәсіпорындар сақтау мерзімі ұзақ - сарымай, ірімшік және құрғақ сүт ұнтағын өндірді. Сол себепті, сүт өңдейтін кәсіпорын рентабельдігі 5-7%-ға дейін төмендеп кетті. Оған басты себептердің бірі - сүт өнеркәсібінде моралдық және физикалық тұрғыдан ескірген жабдықтардың қолданыста болуы (70%-ға дейін). Тек, сала еңсесі көтерілуіне орай, бір ғана Алматы қаласының өзінде АҚ Агропродукт, АҚ РайымбекАгро, т.б. инновацииялық технологияларға негізделген, осы заманғы техникамен жабдықталған, ірі сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындар іске қосылды.
Дегенмен, сүт өңдейтін барлық кәсіпорындарда, ұсақ не ірі екеніне қарамай, экологиялық мәселелердің толық шешілмегендігі белгілі: өнім сапасының ішкі және сыртқы рынокта бәсекелестік деңгейін көтеру, сүт өндірісінің технологиялық регламентін қадағалау және сақтау, термия-лық, санитарлық-гигиеналық параметрлерін орнықтыру, өндірістің қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту және т.б.
Сүт тағамдарының ассортиментін және сапасын ұлғайтуда әртүрлі биологиялық активті заттарды пайдалану, полифункциялы қоспаларды қосудың рөлі ерекше. Соның нәтижесінде, тауардың бәсекелестік қабілетінің экономикалық құрамдас көрсеткіші - өткізілген сүт өнімінің бағасы арта түседі.Нарықтық экономика жағдайында адамзаттың әртүрлі өмірлік қажеттілікке сұранысы шексіз бола тұра, ресурстың (қордың) шектеулі болатындығы белгілі. Адамдар бір тауарды екінші тауарға айырбастап, өз сұраныстарын толығырақ қанағаттандырады. Экономикалық ресурс-тардың тапшылығы, сиректігі қоғамдық еңбектің бөлінуі және өндіріс салалары мен адамзат тіршілігінің мамандануына әсер етеді.
Нарықтық экономиканың заңдары объективті сипатталады, оларды есепке

алмай, сүт өнімдерін өндіру экономикасын елде және халықаралық қатынастарда дұрыс қалыптастыру мүмкін емес.
Ауыл шаруашылығын реформалау және нарықтық қатынастарға көшу барысында мемлекет сүт өнімдерін сатып алу бағасын реттеу мүмкіндігінен ажырады, отандық тауарөндірушілер өз проблемаларын өздері шешуге тиіс болды.
Нарықтық қатынастар жағдайында сүт өндірісінде негізінен материалдық, энергетикалық және еңбек шығынын аз жұмсап, даяр өнім (айран, май, сүзбе, т.б.) алуға көңіл бөлу керек. Өнімнің әрбір бірлігіне шығын деңгейі екі факторға: тікелей әр бас малға есептелгендегі ресурс (қор) шығыны және малдың өнімділігіне байланысты.
Азық-түлік тауарларының АҚШ және Батыс елдерден ел рыногына ірі көлемде түсуі, отандық тауарөндірушілер экономикасына негативтік әсер еткені рас. Сапасы төмендігіне қарамай, шетелден әкелінген тағамдық заттар (әшекейленген түрі мен арзандау бағасына орай) жергілікті мал өнімдерін сатуға кедергілер келтіруде.
Қазақстанға сүт өнімдерінің 40%-ы сырттан: Қытайдан, Ресейден және Қырғыз Республикасынан тасымалданады. Аталған елдер бізге жақын орналасқандыктан, ішкі нарықтағы импорттың бағасы да онша қымбат емес. Мұндай жағдайда отандық шағын сүт өндірушілердің олармен, әсіресе, құн жағынан бәсекеге түсуі қиын соғары анық.
Соңғы кездері отандық сүт өндірушілер ауыл шаруашылығы министрлігіне "сүт сусыны" деген термин енгізуді сұрап жүр. Бұл құрғақ ұнтақтан жасалған сүтке қатысты нәрсе. Көбіне, импорттық тауарлардың құрғақ сүттен өндірілетінін ескерсек, оның құнарлылық жағына да күмән көп. Әрі Қытай сүтінен меламин шыкқандығын, оның адам ағзасына қауіпті екенін жапатармағай жариялап жататын баспасөз беттеріндегі бұл ақпарат та көпті алаңдатпай қоймайды. Әрине, бұл мәселені өзімізде осы өндірісті дамыту арқылы ғана шеше аламыз. Айта кетейік, биыл негізгі бағ ытты шағын жөне орта бизнестің сапалы дамуына жәрдемдесу және Қазақстан экономикасын әртараптандыру үдерісіңдегі осы сектордың рөлін күшейтуге бағытталған "Самұрық-Қазынаның" "Даму" қорының "Даму-Қолдау" бағдарламасы бойынша 3 млрд теңгені құрайтын 10 жоба қаржыландырылды. Онын .ішінде тамақ өнімдері де бар. Нақтырақ айтқанда, "Даму" қорынан Өскемендегі "Raimbek Vostok-Agro" серіктестігіне бұрынғы қаланың сүт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тамақ өнеркәсібіндегі технологиялық үрдістердің қауіпсіздігі
«СП Первомайский» жеке кәсіпкерлігінде іс-тәжірибе есебі
Құс өсіру бойынша кәсіби стандарт
Меркі ірімшік зауыты ЖШС сүт өнімдерін өндіріске дайындау
Ет өнімдерінің жаңа технологиялары бойынша патенттік ізденістер
Өсімдік майын өндіру технологиясы
Жарма өндіру технологиясы
Сүт өнімдерін өндірудегі биотехнологиялық әдістер
Сүт зауытының автоматтандырудың техникалық құралдар жиынтығын таңдау
Сүт және сүт өнімдерінің өндірісін басқару
Пәндер