Әсет Найманбайұлы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Әсет Найманбайұлы

(1867-1922 жж. )

Белгілі қазақ композиторы, ақын әрі орындаушы. Жезқазған облысының қазіргі Ақтоғай ауданында дүниеге келген.

Ол 7-8 жасқа келгенде медресе имамы Зейнолладан бастауыш білім алды. Мұнда араб тілі мен Шығыс поэзиясын меңгеруге ден қояды.

14-15 жасында композитор әрі әнші ретінде өз шығамашылық жолын бастайды. Дегенмен де, Әсет ақын ретінде көбірек танымал. Қабанбай, Барабай, Қали, Самат, Әрген, Мәлике қыз сияқты ақындармен айтысу барысында оның ақындық суырып салмалық қабілеті барынша жарқырай танылады. Рымжан қызбен айтысы төңкеріске дейінгі қазақ әдебиетінің тамаша үлгілерінің бірінен саналады.

«Салиқа-Сәмен», «Ағаш ат», «Мәлік-Дарай», «Кешубай», т. б. қисса-дастандары Әсеттің даңқын көпке мәлім етті. Бұл қисса-дастандар көпшілікті Шығыста кеңінен мәлім классиқалық әдебиет туындыларымен танысуға ықпал етті, сөйтіп, оларды қазақ фольклорының жетістігіне айналдырды. Шығыс классикасынан өзге, Әсет орыс әдебиетіне де ат ізін салды. Мәселен, А. С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романын қисса-дастанға айналдырды.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысты ақын жарқын болашаққа жеткізетін бірден-бір жол деп қабылдады. Бұл кезде оның шығармашылық бағыты, стилі қалыптасып үлгерген болатын. Әсіресе «Інжу-маржан» әні Әсеттің композитор ретіндегі бар мүмкіндігін жұртқа жарқырата танытты. Белгілі ақынның өзіндік шығармашылық қыр-сыры мен әуендік ерекшеліктерін бойына жинақтаған осынау ән - халықтың ән өнерінің нағыз классикалық үлгісі. Әсеттің «Кіші Ардақ», «Қаракөз», «Мақпал» әндері де осындай туындылар қатарында.

1916 жылғы саяси оқиғалар Әсет өмірі мен шығармашылығына елеулі ықпал етті. Ол туған жерінен еріксіз ажырап, Қытай еліне қоныс аударуға мәжбүр болды. 1917 жылғы Қазан төңкерісі ақынның еліне оралуға деген үмітін оятты. Өкінішке орай, бұл арман орындалған жоқ.

Әсет өз шығармаларында өмірге деген құштарлығын, туған елі мен жеріне деген айнымас махаббатын жырлады. Ақын өлеңдері мен әндеріне көшпелі түрмыс пен қазақ жұртының тарихы және этнографиясының қайталанбас бояулары тән. Әсеттің ақындық қуатында ойдың образдылығы, шұрайлы теңеулер, жарқын шендестірулер айқын танылады.

Ол Сарыарқаның ұлы перзенттері Біржан сал Қожағұлұлы мен Ақан сері Қорамсаұлының ақындық өнер дәтүрін жалғастырып, әрі қарай дамытты. Сонымен бірге, өз өлкесі әндерінің Жетісуда, Тарбағатайда және Алтайда кеңінен тарауына мұрындық болды.

Әсет туындылары қазақ халқының музыкалық, ақындық өнер қазынасының алтын қорына айналды. Оның әндері қазір де кәсіпқой әншілер мен Қазақстанның көптеген өңірлеріндегі фольклорлық - этнографиялық ансамбльдерінің репертуарында үзбей шырқалып жүр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп..
Әсет Найманбайұлы шығармашылығы
Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік қолтаңбасы қалған ақындық өнердің өрен жүйрігі
Әсет өлеңдерінің өзіндік ерекшелігі
Әсет Найманбайұлы «Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасының жанрлық ерекшеліктері.Көкбай шығармашылығындағы Абай дәстүрі.Абайдың ақын шәкірттері
Әсет Найманбайұлы - қазақтың суырыпсалма ақыны
Күй өнері (қалыптасуы, дамуы). Қазақ күйшілері
ӘСЕТ НАЙМАНБАЙҰЛЫНЫҢ ӨЛЕҢДЕРІ МЕН АЙТЫСТАРЫ ТАРАУ
Әсет Найманбайұлы «Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасының жанрлық ерекшеліктері жайлы
Әсет Найманбаев (1867-1923)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz