Өзіндік сананың қалыптасуы мен құқықтық жауапкершілік


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Өзіндік сананың қалыптасуы мен құқықтық жауапкершілік

Тексерген: Абдуллина Г. К

Орындаған: Кимбатова Б. Ш

Семей - 2015 жыл

Өзіндік сана - адамның өзін және жеке қасиеттерін түсіну. Адамның өзі кім екендігіне ой жүгіртіп, бойындағы күш- қуатын, ақыл- ойын, қабілеттілігін, әр бір іс- әрекеттерін атқарудағы ниеті мен мақсат- міндетін, өзін қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайға, өзге адамдарға, өз басына деген көзқарасын білдіретін қасиеттерін анықтауы, аңғаруы.

  • Өзіндік сана индивидке ғана емес, қоғамға, сыныпқа, әлеуметтік топқа, ұлқа тән. Өзіндік сана- сезім рефлексиямен тығыз байланысты, мұнда ол теорилық ойлау деңгейіне көтеріледі.
  • Адамның жануарлардан айырмашылығы - ол өзін танитын және білетін, өзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі.
  • Өзіндік сана-сезім - сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнеленуінен біртіндеп қалыптасады.

Құқықтық жауапкершілік дегеніміз шартта немесе заңда көрсетілген ретте жүктелген міндеттемені бұзған субъектіге қолданылатын мүлікті өндіру немесе мүліктік салмақ салу нысанында болып келетін жауап кершіліктің түр.

Жауапкершілік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. Азаматтық құқықтық қатынастың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан жауапкершілік жөніндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде қаралады. Бірақ та бұл арада айтылған мәселе міндеттемелерден тыс құқық қатынастарына да қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз - заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне қолданылатын мүліктік өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай өкілетті тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады.

Жауапкершілікке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құқықтық нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады. Ең алдымен, азаматтық-құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайтуда, осы мақсаттың алдын алуда тәрбиелік маңызы айрықша. Құқық қатынасының субьектілері болып табылатынтараптар өзіне жүктелген міндеттерді орындамауы қоғамдық қатынастарды бұзып, мүліктік шығынға және жеке тұлғалар мен бүкіл қоғамды қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын білуі тиіс әрі өзінің міндетін бұзбауға күш салуы керек. Тәрбиелік жағын былай қойғанда, егер, әлгі айтқан құқық бұзушылыққа жол берілетін болса, онда азаматтық-құқықтық жауапкершілік оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Сондықтан да, борышқор өзі істеуге міндетті нәрсені орындамағанда ғана емес, оны орындаудан өз бетімен бас тартқан кезде де оған жауапкершілік бәрібір мойындатылады. Азаматтық құқықтық қосымша мүлікті өндіртіп алу тәрізді өзіне тән жауапкершілік қасиеті болмаса, несие беруші міндеттемесін орындаудан жалтарған борышқорға жазалау шарасын қолдана алмайды және оның іс-әрекетін өз дәрежесінде реттеп отыруы қиындай түседі. Құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиеттері:

А) борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге қайтару;

Ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау;

Б) борышқорды міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;

В) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткә болу (өйткені, контрагенттің дұрыс болмауынан пайла болатын шығынды өтеуді қамтамасыз етеді) ;

Г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше айғақтау болып табылады.

Жауапкершілікті түсінуде көп жағдайда ретроспективті көзқарас белең алады, сондықтан да ол тәртіптің бұзылуы, санкциясы жүзеге асыру (мемлекеттік мәжбүрлеу) ретінде ұғындырылады. Оның үстіне тәртіп бұзушылықтағы жауапкешіліктің мән-маңызын ұғынуда екі бағыт тілге тиек етіледі. Бұл мәселеге қалам тартқан авторлар заңды жауапкершілік тәртіп бұзушылар үшін қосымша ауыртпалық түсіру мен (қолайсыз жеке және мүліктік зардаптар) міндетін орындауға мәжбүрлеу деп болжайды, ең бастысы - ол жауапкершілік, сондықтан заңдық, жауапкершілік те -міндет, алайда олмәжбүрлеу арқылы орындалады. Осыдан кейін заңдық жауапкершілік адамға тәртіп бұзуға жол бергенге дейін болмайды деген қорытынды жасалады. Сонымен, заңдық жауапкершілік міндеттерді орындалмағаны үшін санкцияларды, айып салуды, жазалауды күшейту жолымен емес, адамдардың келісім-шарт міндеттері мен заңдылықты қатаң сақтаудағы позитивті жауапкершілігін, салалы қатынастарын күшейту жолымен жүргізген жөн. Бұл жауапкершілікті өркен жайдыратын нақты тарихи даму жолы.

Қ. Мұздытаев атап көрсеткендей жауапкершілік ретроспиктивті бағыттан перспективті көрінеді. Бұл ретте адамдардың болашақ іс-әреетінің нәтижелерін алдын-ала аңғару қабілеті емес, олардың қоршаған ортаны қайта жаңғыртуға белсенді қатысу жөніндегі ұмтылыстары да есепке алынады. Бұл жағдайда біз заңды жауапкершілікті моральдық, ішкі жауакершілікпен шатастыруға қарсымыз. Тек позитивті заңдық жауапкершіліктің бір-бірімен тығыз байланысты моральдық құқықтың негізі болатынына көңіл аударғымыз келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдер бойында құқықтық сананың қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу
Кәсіби өзіндік сана құрылымы
Құқықтық мәдениеттің элементі - құқықтық сана
Құқықтық мемлекет туралы
Мораль мен құқықтың ара-қатынасы
Құқықтық мемлкет идеясын қарастыру
Құқықтық мәдениет - қоғамның құқықтық санасынын айнасы
Құқықтық мәдениет жайлы
Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың әлеуметтік- психологиялық жолдары
Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz