Шығармашылық тапсырмаларды орындау теориясы: ТРИЗ технологиясы және ғылыми іс-әрекет


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БАӨЖ

Тақырыбы: Шығармашылық тапсырмаларды орындау теориясы

Орындаған : Байғалиева Г. Қ.

Тексерген : Нургазезова А. Н.

Семей 2015

Жоспар

  1. ТРИЗ технологиясы туралы жалпы түсінік
  2. Шығармашылықтың дамуы мен көлемі
  3. Ғылыми іс - әрекет, оның мақсаты мен ерекшеліктері

Шығармашылық тапсырмаларды орындау теориясы

1946 жылы Г. С Альтшуллер шығармашылық әдіснама бойынша жұмысын бастады. ТРИЗ атауы кейінірек 70 жылдары пайда болады. Шығармашылық тапсырмаларды орындау теориясы адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың жаңа әдістемесі үшін негіз болып табылады. Шығармашылық мүмкіндіктердің көріне бастауының себебі - балалық кездегі елестету деңгейінің жоғарлығымен, танымдық бағытының дамуымен түсіндіріледі.

ТРИЗ технологиясы студентті шығармашылық тапсырмаларды орындауды үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттілікті дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып, шығармашылыққа жүйелі түрде жетелеуге мүмкіндік береді.

ТРИЗ және оның принциптері тек техникалық қана емес, сонымен қатар басқа да шығармашылық тапсырмаларды шешуге қолайлы.

ТРИЗ күшті ойлаудың жалпы теориясына жетудің жолындағы бір кезең. Күшті талантты ойлау-бұл ең алдымен жүйелі ойлау: жүйенің өзі-осы шақ, үстілік жүйе-келер шақ, астылық жүйе-өткен шақ.

Шығармашылықтың дамуында жеке адамның ерекшеліктері өте маңызды орын алады. Себебі, шығармашылық бар жерде қиял бар. Қиял шығармашылықтың негізгі бір психологиялық құрамы болып табылады. Шығармашылық күнделікті оқу процесі негізінде жүзеге асырылады. Келесі саналы іс - әрекеттің бір түрі оның белсенділігі. Сонымен, әрекет дегеніміз - түрлі қажеттіліктерді өтеуге байланысты белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған процесс.

Шығармашылықтың көлемі әр студентте әр түрлі, сондықтан шығармашылық дәрежесін тұрақтандыру мұғалімнің алдында тұрған міндет. Себебі, ол студенттің бастапқы деңгейін, түсініктерін, соңғы нәтижелерімен салыстырады, ал оның өзі диагностика жүргізуге мүмкіндік туғызады.

Ғылыми жұмыстың мақсаты - іргелі және қолданбалы міндеттерді шешу. Іргелі ғылым табиғат пен қоршаған әлемнің ғалами мәселелерін қарастырады, оның зерттеу пәні ретінде әлем мен бүкіл жаратылыс құрылымының жалпы заңы мен ортақ заңдылықтары табылады. Бұл ғылымның маңызы ешқандай критерийлермен өлшенбейді, одан алынған нәтижелерді жақын уақытта қолдану мәселелері қойылмайды.

Қолданбалы ғылым іргелі ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, өмірге жақын түсінікті міндеттерді қарастырады. Мұнда ғылыми нәтижелерді іс жүзінде пайдалану негізгі міндет болып саналады, сондықтан бұл салаға жататын зерттеулерді бастар алдында «бұл кімге қажет ?» деген сұрақтар қойылады. Іргелі және қолданбалы ғылымның арасында айқын шекара жүргізу мүмкін емес, себебі қолданбалы ғылым өзінің даму барысында және жетістіктерін қорытындылай келе бірте - бірте зерттеудің іргелі түріне айналады. Ал керісінше, іргелі ғылым тапқан жаңалықтарды пайдалана отырып, қолданбалы ғылым өндіріс пен шаруашылықтың ірі мәселелерін шешуге көп ықпал жасайды. Жүргізіліп отырған жұмыстың түріне қарай қолданбалы ғылым теориялық немесе эмпирикалық (тәжірибе) сипат алады.

Теория сипатына ие ғылыми жұмыс жүргізу барысында соңғы нәтижеге жету үшін әдебиет көздерінен ақпарат жинақталады, талданып қорытылады, өңделеді, есептеледі, жаңа ой - пікір ұсынылып, болжау жасалады. Ғылыми жұмыстың мұндай сипаты дедуктивті әдіс деп аталады. Ғылыми іс - әрекеттің бұл түрінде зерттеушінің шығармашылық қабілеті, оның ақпараттық толықтығы, ақпараттың зор ағымынан тиісті қажет бөлігін дер кезінде табу қабілеті аса маңызды. Сырттан қарағанда мұндай іс - әрекет көзге көрінбейді. Ал шын мәнінде зерттеуші дәл сол кезде басымен, яғни миымен күшті жұмыс жасайды. Дәл осылай ғылымның көптеген негізгі заңдары қалыптасқан, мысалға физикада, математикада т. б.

Мұндай іс - әрекеттің түрі, нәтиже алуда белгілі қауіп - қатер әкеледі, себебі көп жағдайда, жоғарыда айтқандай, адамның өзіне оның шығармашылық қабілетіне, қиялына күнделікті құбылыстарды түсініксіз, әдеттен тыс фактілерді байқауында, одан жаңа идеяны ойлап табуына байланысты. Сондықтан кейбір жағдайда орасан зор уақыт өткізіп, зерттеуші ешбір қорытындыға келмеуі немесе теріс нәтиже алуы да мүмкін.

Теория ғылымы өз кезегінде аналитика және өнертапқыш түріне бөлінеді.

Аналитикалық ғылым белгілі түсініктер мен заңдарды математикалық өңдеудің есептеу әрекетінен құралады, мұның мақсаты аталған заңдармен құбылыстардың сандық сипаттамасын беру. Бұл зерттеулердің мақсаты, зерттеу объектісін жүзеге асырудың түрлі жағдайында бет алысын болжамдап математикалық байланыстылығын табу.

Теория ғылыми жүзеге асуда арнайы жабдық пен бөлмелер қажетсінбейді, зерттеуші ешкімнің көмегіне зәру емес, керек нәрсені өзі - ақ қамти алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми іс-әрекет: теориясы, шығармашылығы және зерттеу әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ТРИЗ технологиясы: әдістеме, қайшылықтарды шешу тәсілдері және психологиялық кедергілер
Ғылыми таным мен шығармашылықтың әдістемелік негіздері және ғылыми іс-әрекет түрлері
Шебер гобелені: теориясы, эскиздік жобасы және орындау технологиясы
Мектепте молекулалық физика тарауын оқытуда өзіндік тапсырмаларды ұйымдастыру және орындау әдістемесі
Білімді меңгерудің кезеңдері: іс-әрекет теориясы негізінде оқытуды бағдарламалау
Мектепке дейінгі ұйымдарда драмалық іс-әрекет арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Іс-әрекет теориясы: құрылымы, түрлері және психофизиологиялық негіздері
Мұғалім - педагогикалық іс-әрекет субъектісі: мәні, құрылымы, түрлері және шығармашылық сипаты
Ғылыми іс-әрекет пен педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістері, студенттік ғылыми жұмыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz