Киім гигиенасы жайлы мағлұматтар


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік технологиялық факультеті

«Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы

БАӨЖ

Тақырыбы: Киім гигиенасы жайлы мағлұматтар

Орындаған:Жақан С. М.

Тобы: Тк-321

Тексерген: Нұрымхан Г. Н.

Семей, 2015

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Киінің қызметі
  2. Киімнің қасиеттері
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланған әдебиеттер

I. Киім жыл мезгіліне және ауа райына сай киілінуі керек. Әсіресе балалардың киіміне ерекше көңіл аударған жөн. Тар киім киген қыздардың денесінде «Джинсовый дерматит» деген дерт пайда болуы мүмкін, үнемі тар джинсі киіп жүргендіктен. Жұмыс киімдері өте кең болуы керек. Жұмыс киімі мақтадан тігілген болу керек. Синтетикалық киімді киюдің кажеті жоқ, әсіресе жазды күні. Өйткені адам денесінің терлеуіне байланысты тер киімге сіңбей тері үстінде болып бірнеше жұқпалы ауру тарататыны микробтардың ұясына айналуы мүмкін.

Қалыпты климатты аймақ тұрғындары ультра күлгін сәуле жетіспегендіктен олардың көк, жасыл, ақ, көк, сирен түсті киімдерді кигені дұрыс. Олар денеге ультра күлгін сәулелерді мол түсіреді. Ал жаз айларында раушан түсті ақ киімдерді киген дұрыс. Синтетикалық киімдерді салқын түскен кездерде киюге болады. Белді жалпақ белбеулермен байлап алған дұрыс емес. Бауыр, асқазан және бүйрек ауруларын туғызуы мүмкін.

Балалардың киіміне өте назар аударған жөн. 15-16 жастағы қыздар өте әсем киінгені дұрыс. Әсіресе аяқ киімдері дұрыс болғаны жөн. Театрларда, басқа да сауық кештерінде киім тіпті көз тартатындай болуы керек. Адам көркі шүберек, ағаш көркі жапырақ дейді қазақ. Бұл нақыл сөз бекерден-бекер айтылмаса керек. Өмір қағидасынан алынған болуы ықтимал.

II.

Киінің қызметі

Киім гигиенасы. Киім әр түрлі қызметтерді атқарады. Ол адамды сыртқы ортаның қолайсыз факторларынан қорғайды, қолайлы жылылық жағдай қамтамасыз етеді, теріні ластанудан, механикалық зақымдалудан қорғайды. Пайдаланылуына қарай киімнің бірнеше түрлері болады: тұрмыстық, кәсіптік, спорт, балалар, әскери, ауруханалық киімдер. Киімдердің әрбір түріне өзіндік гигиеналық талаптар қойылады, бірақ олар үшін келесі гигиеналық талаптар жалпы болып табылады:

1. Жергілікті жердің белгілі климаты, ауа райы және жыл мезгілі жағдайында қолданылатын киімдердің осы жағдайларда ағзаның қолайлы жылулық жағдайын қамтамасыз ететін жылу сақтайтын қасиеті болу керек.

2. Киімнің ауа өткізгіштігі мен су өткізгіштігі адам жүрген орта жағдайыларына байланысты болуы керек.

3. Киімнің пішімі адамның еркін қимылдауын шектемеуі, тыныс алу мен қан айналымын қиындатпауы, дененің жеке бөліктерін қыспауы керек.

4. Ағзаға қосымша дене жүктемесін түсірмеу үшін, киім шектен тыс ауыр болмауы керек, оның салмағы адамның дене массасының 8-10% аспауы керек.

5. Синтетикалық материалдардан тігілген киім спецификалық иіс шығармайтын, денсаулыққа зиянды химиялық заттар бөлмейтін, сол сияқты, киімнің бетіне статикалық электрлікті жинамайтын болуы тиіс.

6. Киім берік және оңай тазартылатын болуы керек.

Қоршаған ортаның жағдайларына сәйкес киімнің қолайлылығы киім астылық микроклимат пен адамның жылу сезінуі көрсеткіштері бойынша анықталады. Киім астлық микроклимат деп, киім мен тері арасындағы ауа қабатының физико-химиялық сипаттамаларының (температура, ылғалдылығы, көмірқышқыл газының концентрациясы) жиынтығын атайды. Олардың шамасы мен динамикасы ағзаның жылу реттейтін үрдістерімен, метеожағдайлармен және киімнің қасиеттерімен анықталады.

Киімнің қасиеттері

Киімнің қасиеттері, негізінен киімнің пішімі мен киім тігуге қолданылған матаның қасиеттерімен анықталады. Киімді тігуге табиғи және химиялық талшықтардан жасалған маталар пайдаланылады. Табиғи талшықтардан жасалған мата бұрыннан қолданысқа ие, адамға гигиеналық жағынан қолайлы қасиеттері болғандықтан, басқа маталарға қарағанда, әлі күнге дейін артықшылығын сақтайды. Оларға өсімдік текті (мақта, зығыр, пенька, джут және т. б. ) және жануар текті талшықтардан (жібек, жүн) жасалған маталар жатады. Химиялық талшықтарды жасанды және синтетикалық деп бөлінеді. Жасанды талшықтарды табиғи шикізатты - целлюлоза мен басқа материалдарды өңдеу үрдісінде алады. Жасанды талшықтар тобына вискоза, ацетат, үшацетат, казеин талшықтары жатады. Синтетикалық талшықтарды көмірсутек шикізаттарынан (мұнай, газ, таскөмір) және басқа да органикалық қосылыстардан химиялық синтездеу реакциялары арқылы алады. Синтетикалық талшықтарды алу жолы мен қасиеттеріне байланысты біріктірлген бірнеше топтарға бөледі: полиамидтік (капрон, нейлон, перлон, ксилон және т. б. ), полиэфирлік (лавсан, терилен, дакрон, т. б. ), полиуретандык, поливинилхлоридтік (хлорин, винол), поливинилспирттік (винилон, куралон), полиакрилнитрильдік (нитрон, орлон, т. б. ) . Талшықтардан дайындалатын жіптер иерілген және тығыз немесе борпылдақ, жеңіл болады. Матаның құрылымы маталық және тоқылған (трикотажды) болады.

Маталарды сипаттайтын қасиеттеріне: ауа өткізгіштігі, бу өткізгіштігі, ылғал сыйымдылығы, гидрофильділігі (су сорғыштығы), гидрофобтылығы, жылу өткізгіштігі, гигроскопиялылығы (ылғал кабылдағыштығы), липофильділілігі, газ сіңіргіштігі, күн энергиясына қатынасы жатады.

Ауа өткізгіштігі деп, өзінің саңылаулары арқылы маталардың ауаны өткізу қабілетін айтады. Жақсы ауа өткізгіштігі киім астылық кеңістікте ауаның қозғалуы мен алмасуын қамтамасыз етеді, бұл теріден бөлінетін және микроағзалардың тіршілігі нәтижесінде түзілетін су буларының және зат алмасуының ұшқыш өнімдерінің шығарылуына жағдай жасайды және ағзаны қызып кетуден сақтайды.

Бу өткізгіштігі деп, маталардың киім астылық кеңістікте түзілген су буларын өткізу қабілетін айтады. Бу өткізгіштігінің, әсіресе, булану қарқынды жүретін ыстық микроклимат жағдайларында, қоршаған ортаға қалыпты жылу беруді қамтамасыз ету үшін маңызы зор. Жақсы бу өткізетіндерге - мақта матасы, аз бу өткізетіндерге - жүн маталары, одан да төмен өткізетіндерге - аң терілері, аса төмен өткізетіндерге - синтетикалық маталар жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аяқ киім гигиенасына қойылатын талаптар
Гигена туралы жалпы мағлұмат
Патриотттық тәрбие
Гигиена туралы жалпы ұғым
Кесте түрлері
Дене үзілісінің маңыздылығы
Биологияны оқыту әдістерінің тұжырымдамалық негіздері
Биология пәніндегі тәрбие әдістері мен теориясы. биология оқыту
«Көркем еңбек» интеграцияланған пәні бағдарламасының құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктері
Биологияны оқыту әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz