Ашық архитектура принциптері және IBM PC үйлесімді компьютерлері


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Автоматика және электротехника кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: «Ашық» архитектура принципі. IBM PC үйлесімді компьютерлері

Орындаған: Ершікенов М. Е

Топ: ФИКТ ВТ-305

Тексерген: Адылканова А. Ж

Семей 2015

Кіріспе

1. IBM PC үйлесімді компьютерлері.

2. «Ашық» архитектура принципі.

Қазіргі заманғы компьютерлер сандық, мәтіндік, сызбалық, дыбыстық және бейнеақпаратпен жұмыс істей алады. Ақпараттың осы бес түрі бір сөзбен мультимедиа деп, осы бес түрлі ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті компьютер мультимедиалық деп аталады. Компьютер кез келген ақпарат түрін сандық пішімге ауыстырады. Компьютерге енгізу кезінде әрбір әріп белгілі санмен таңбаланады, ал сыртқы құрылғыларға (басып шығарғыш немесе бейне бетке) шығару кезінде адам қабылдай алу үшін осы сандар бойынша әріптер кескінделеді. Әріптер жиынтығы мен сандар арасындағы сәйкестік нышандарды кодтау деп аталады. Компьютердегі ақпарат бірлігі бір бит, яғни екілік разряд болып табылады, ол 0 немесе 1 мәндерін қабылдай алады («иә» және «жоқ», «+» және «-», «сигнал бар» және «сигнал жоқ») .
Әдетте компьютерлердің әмірлері жекелеген биттермен емес, бірден сегіз битпен жұмыс істейді. Тізбекті сегіз бит байтты құрайды. Бір байтта 256 мүмкін нышанның біреуінің мәнін кодпен жазуға болады. Бұдан гөрі үлкенірек ақпарат бірліктері килобайт (Кбайт) - 1024 байт; мегабайт (Мбайт) - 1024 Кбайт және 1024 Мбайтқа тең гигабайт болып табылады. Компьютердегі сандардың барлығы адамдар үйреніп қалғандай он санның емес, нөл мен бір санының көмегімен ұсынылады. Басқаша айтар болсақ, компьютерлер екілік есептеу жүйесінде жұмыс істейді. Сандарды компьютерге енгізіп, шығаруды адамдар үшін үйреншікті болып табылатын ондық жүйеде де жүзеге асыруға болады, қажетті түрлендірулердің барлығын компьютердегі бағдарламалар атқарады.

Қандай компьютер сатып алу қажет?

Компьютер сатып алмастан бұрын, мынаны шешіп алыңыз: Сіз оны не үшін пайдаланасыз? Түрлі бағдарламалар компьютер сипаттамаларына түрлі талаптар қояды, олардың ішінде процессордың ырғақтық жиілігіне, тұрғылықты диск көлеміне, оперативті жады көлеміне, дыбыстауыш, бейнелік бейімдеуіш пен желілік тақшаның бар болуына әсіресе назар аудару қажет.
Мысалы, мәтіндік немесе сызбалық өңдегіштер, электрондық кестелер және т. б. сияқты кеңсе бағдарламалары жұмысы қор көздеріне аса қатты талап қоймайды. Компьютерлердің бұл категориясының құрылымы қарапайымдау, сондықтан недәуір арзандау болады. Бұл мақсаттарда қолдану үшін 1, 8 GHz ырғақтық жиілігі бар процессор, сыйымдылығы 80 Gb тұрғылықты диск, 256 Mb оперативті жады, аналық тақшаға қоса орнатылған бейнелік бейімдеуішті қамтитын жүйелік қорап және диагоналы 17 дюйм монитор сатып алса жеткілікті.
Ал егер Сіз тек құжаттарды әзірлеп, кестелермен жұмыс істеп, көрмелерді әзірлеп қана қоймай, кинофильмдер көріп, музыка тыңдап, ойындар ойнағыңыз келсе, алдыңғы жинақталымға бір саты жоғарырақ бейнетақша және дыбыстауыш қосу қажет (қазіргі кезде олар аналық тақшаға қоса орнатылады, сондықтан жеке-жеке сатып алудың қажеті жоқ) .
Егер Сізге Internet желісінде жұмыс істеуге арналған компьютер қажет болса, аталған құрылғыларға қоса, желілік тақша мен модем алу керек.
Сипаттамасы бойынша үйдегі компьютерге ұқсас ноутбуктар недәуір қымбатырақ тұрады, өйткені оларда өте кішкентай технологиялар, электр көзінен, яғни аккумулятордан тәуелсіз жұмыс істеуге арналған қуатты үнемдеу жүйелері пайдаланылады. Қазіргі заманғы ойындар компьютердің қор көздеріне өте қатаң талап қояды, сондықтан ол талаптарға сай келетін компьютерлердің құны қымбатқа түсіп отырады. Бұндай жинақталым үшін әдетте ең қымбат бейнелік бейімдеуіштер, қуатты көп ядролы процессорлар, өте шапшаң оперативті жадының аса үлкен көлемі және ауқымды диск кеңістігі қажет.

Интерфейс - бағдарламалаушының кәсіптік тілінде компьютерді пайдаланушымен ЭЕМ-мен өзара әрекеттесу «жазықтығы», яғни екі жүйенің, адам мен машинаның арасында мәлімет алмасуды орындайтын ақпараттық-бағдарламалық құралдар жиынтығы. Олар құрылғылар мен бағдарламалардың логикалық немесе физикалық әрекеттестігін атқаратын тәсілдер мен ережелерден тұрады. Ақпараттық интерфейске компьютерге белгілі бір құрылғыны жалғайтын сымдарды, контеллерлерді жатқызуға болады, ал бағдарламалар интерфейсіне онымен әрекеттесу барысында мәлімет алмасуға арналған меню командалары мен әртүрлі амалдарды атқаратын батырмалар тобы, сұхбаттасу терезелері элементтері кіреді.

Компьютерді бір-бірімен жалғау интерфейсінің тарихы спиральді даму теориясын дәлелдейді. COM - портының RS - 232С кезектілік порты бұрын лазерлік принтерлерді қосу үшін де қолданылған болатын. Бірақ мұнда біршама қиындықтар туындай бастады және өнімділік сапасы төмендеп кетті. Мұндай күрделі кедергілер енгізу құрылғыларын ( сканер, принтер ) және тасымалдаушылардың екі түрлі сипатымен берілген құрылғыларын қосуда да туындайды. Жылдамдықты кезектілік интерфейске ( көк жалғаушы кабельдерін дайындау мәселелерін шешеді ) өту арқылы арттыруға болады. Бұл USB Fire және Wire кезектілік шиналарының пайда болуына әкеп соқты. Олар компьютерлік периферияны қосудың күрделі мәселелерін шешуге көмектеседі.

Тактілік бөлімді ұлғайту арқылы өнімділікті арттыру жалғаушы кабельдердің толқындық қасиетіне сәйкес болып келеді.

Екі құрылғыны жалғайтын ( физикалық немесе логикалық ) интерфейс үшін алмасудың 3 мүмкін режимі бар: думплексті, жартылай думплексті және симплексті.

Думплексті режим - бір байланыс каналынан бір уақытта екі бағытта да ақпарат тасымалдауға мүмкіндік береді. Ол ассиметриялы немесе симметрияла да бола алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
IBM PC және ақпараттану негіздері
ЭЕМ-нің қызметі, құрамы және жіктелуі: IBM PC және алгоритмдік тілдер
Электрондық есептеуіш машиналардың қызметі, құрамы және жіктелуі: IBM PC және дербес компьютерлердің жұмыс принциптері мен алгоритмдік тілдер
ЭЕМ-нің құрамы мен қызметі, IBM PC дербес компьютері және алгоритмдік тілдер
Электрондық есептеу машиналарының қызметі, құрамы және жіктелуі: IBM PC мен дербес компьютерлердің жұмысы және алгоритмдік тілдер
ЭЕМ-нің қызметі, құрамы және жіктелуі; IBM PC және ұқсас дербес компьютерлердің жұмысы; алгоритмдік тілдер
Электрондық есептеуіш машинаның (ЭЕМ) қызметі, құрамы және жіктелуі: IBM PC пен дербес компьютерлер жұмысы және алгоритмдік тілдер
IBM PC жүйесінде 8253/8254 таймерін ассемблер тілінде программалау және нақты уақыт сағатын басқару
IBM PC дербес компьютерлерінің құрылымдық сызбасы: микропроцессор, ішкі және сыртқы жад, жүйелік шина
IBM дербес компьютерінің негізгі блоктары мен перифериялық құрылғылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz