Қарым-қатынастың бала дамуындағы орны



1. Баланың құрбысымен қарым .қатынасының ерекшелігі
2. Қарым .қатынастың құрамдас бөліктері
3. Қарым .қатынастың басты қағидаларының негізі
Қоғамдық ортаға жеңіл бейімделетін, елгезек, тез тіл табысқыш мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастырудың орыны ерекше. Осы тұрғыда мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасы әлеуметтік-эмоционалдық дамуын сипаттайтын мәселелер бар.
Әлеуметтік қобалжу, қоршаған орта алдындағы қорқыныш, қауіптенушілік сезімі, құрбыларының шектеп тастауы, конфликтілі жағдайдағы топтан оқшаулану сезімдері бала психикасындағы көп толғандыратын жайт.
Мектеп жасына дейінгі балалардың өз құрбылары арасындағы қарым-қатынас сипаты көбінесе ойын әрекеттерінде көрінетіндіктен, ойын барысында туындаған кейбір келіспеушіліктер мен конфликтілер баланың топтан оқшаулануының бір себебі болып табылады.
Ойын мектепке дейінгі балалардың жетекші іс-әрекеті болып табылатындықтан, қоршаған ортаны тануы, жалпы дамуы, қарым-қатынасы ойын барысында жүреді. Жетекші іс-әрекеттің шешуші маңызын көрсету бала айналысатын басқа іс-әрекеттердің назардан тыс қалдыру дегенді білдірмейді, дегенмен олар психологиялық жаңа құрылымдардың сипатын ашпайды.
Жетекші іс-әрекеттің бірқатар ерекшеліктері бар. Біріншіден, бұл баланың ересектермен қатынастарының, ал осы арқылы нақтылыққа деген қатынасының осы кезеңге сай дамуы толық көрсетіледі. Екіншіден, жетекші іс-әрекет баланы осы кезеңде психикалық дамудың қайнар көзі болып табылатын қоршаған ортаның элементтерімен байланыстырады. Үшіншіден, жетекші іс-әрекеттке ең алдымен дамудың осы кезеңінде байқалатын бала тұлғасының негізгі психологиялық өзгерістеріне тәуелді. Төртіншіден, жетекші іс-әрекет ішінде баланың негізгі психикалық процестері қалыптасады немесе қайта құрылады, баланың жаңа жоғарғы даму сатысына өтуін даярлайтын психикалық процестері дамиды.
1 Айтмамбетова Б., Бозжанова К. және т.б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.- А., 1985ж.
1 Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р. Педагогика.- А.,
2 Әбенбасв С.Ш. Тәрбие теориясы және әдістемесі.- А., Дарын, 2004 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

МӨЖ №1

Тақырыбы: Қарым-қатынастың бала дамуындағы орны

Оқытушы: Кулмышева Н.А. п.ғ.к.
Магистрант: Өмірбек А.Ө
6М010300 "Педагогика және психология"

Семей 2015
Жоспар:
1. Баланың құрбысымен қарым -қатынасының ерекшелігі
2. Қарым -қатынастың құрамдас бөліктері
3. Қарым -қатынастың басты қағидаларының негізі

Қоғамдық ортаға жеңіл бейімделетін, елгезек, тез тіл табысқыш мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастырудың орыны ерекше. Осы тұрғыда мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасы әлеуметтік-эмоционалдық дамуын сипаттайтын мәселелер бар.
Әлеуметтік қобалжу, қоршаған орта алдындағы қорқыныш, қауіптенушілік сезімі, құрбыларының шектеп тастауы, конфликтілі жағдайдағы топтан оқшаулану сезімдері бала психикасындағы көп толғандыратын жайт.
Мектеп жасына дейінгі балалардың өз құрбылары арасындағы қарым-қатынас сипаты көбінесе ойын әрекеттерінде көрінетіндіктен, ойын барысында туындаған кейбір келіспеушіліктер мен конфликтілер баланың топтан оқшаулануының бір себебі болып табылады.
Ойын мектепке дейінгі балалардың жетекші іс-әрекеті болып табылатындықтан, қоршаған ортаны тануы, жалпы дамуы, қарым-қатынасы ойын барысында жүреді. Жетекші іс-әрекеттің шешуші маңызын көрсету бала айналысатын басқа іс-әрекеттердің назардан тыс қалдыру дегенді білдірмейді, дегенмен олар психологиялық жаңа құрылымдардың сипатын ашпайды.
Жетекші іс-әрекеттің бірқатар ерекшеліктері бар. Біріншіден, бұл баланың ересектермен қатынастарының, ал осы арқылы нақтылыққа деген қатынасының осы кезеңге сай дамуы толық көрсетіледі. Екіншіден, жетекші іс-әрекет баланы осы кезеңде психикалық дамудың қайнар көзі болып табылатын қоршаған ортаның элементтерімен байланыстырады. Үшіншіден, жетекші іс-әрекеттке ең алдымен дамудың осы кезеңінде байқалатын бала тұлғасының негізгі психологиялық өзгерістеріне тәуелді. Төртіншіден, жетекші іс-әрекет ішінде баланың негізгі психикалық процестері қалыптасады немесе қайта құрылады, баланың жаңа жоғарғы даму сатысына өтуін даярлайтын психикалық процестері дамиды.
Баланың кез келген ойынында өзара қарым-қатынас орнайды. Ойынды ересек ұйымдастыратын және онымен бірге ойнайтын жағдайда, бұл - ересектермен өзара қарым-қатынас, балалар бір-бірімен ойнағанды қалайтындықтан, көбіне бұл - құрбыларымен өзара қарым-қатынас. Қарым-қатынастың құрамдас бөліктері - коммуникацияны, өзара әрекетті, өзара түсінушілікті атай отырып, біз өзара қарым-қатынасты жай ғана өзара әрекетті ұйымдастыру ретінде ғана емес, қарым-қатынастың осындай барлық құрамдас бөліктерін біріктіруші ретінде қарастырамыз. Осылайша, қарым-қатынастың екі түрін айыруға болады: ересектермен қарым- қатынас және құрбысымен қарым-қатынас. Осы салалар өзара бір-бірімен тең бе? Жоқ әрине. Бала дүниеге келісімен ересектермен қарым-қатынаста болады, бірақ оның мазмұны мен бағыты барған сайын өзгерістерге ұшырап отырады. Құрбысымен қарым-қатынас кейіннен үш жасқа қарай пайда болып, мектепке дейінгі шақта өз кемеліне жетеді.
Балалық шақ кезеңінде ересектермен қарым-қатынас ересектердің әсерінің мазмұнымен қатар формасы бойынша ажыратылатын түрлі іс-әрекет барысында пайда болады. Іс-әрекеттің негізгі үш түрін бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, ересек қоршаған ортаға деген қатынасын баланың өзіне алған рөлі арқылы жанама түрде қатысатын ойын.
Ойында баланың мінез-құлқы, ойын барысында (басқа адамдардың міндеттерін атқаратын) өзінің достарына деген қатынасы анағұрлым бедерлі түрде ересектің бағыттаушы бейнесі арқылы жанамаланады. Ойында бала түрлі рөлдерді орындау арқылы бір жағынан әдеп нормаларын меңгереді, екінші жағынан тұлғалық мінез-құлық механизмдері, яғни өзінің мінез-құлқын шынайы елес түрінде берілетін үлгіге бағындыру механизмі қалыптасады. Ойынға бір табан жақын, формасы жағынан түрліше болатын баланың өнімді іс-әрекеті - сурет салу, мүсіндеу, құрастыру болып табылады.
Ересек пен баланың осындай жаңа қатынастарының орнауы мектепке дейінгі бала тұлғасын қалыптастыру үрдісі болып табылады. Бала тұлғасының дамуында қарым-қатынас басты рөл атқарады. Себебі, өзінің ең қарапайым тікелей эмоционалдық түрінде ол қоршаған ортадағы адамдармен байланыс орнатуға алып келеді және тұлға мәнін құрайтын қоғамдық өзара қатынастар үйлесімдігінің немесе жиынтығының бірінші компоненті болып табылады. Қатынастардың көрсетілген түрлері бір-бірінен оқшау емес, керісінше бала өзін басқалар арқылы танитын үйлесімділікті құрайды.
Балалар құрбыларымен қарым-қатынасты балаға өзінің тұлғалық сапаларын дамытуға мүмкіндік беретін ойын барысында айқын байқауға болады. Бірлескен ойын іс-әрекетінде бала өзінің әрекеттерін басқа балалардың әрекеттеріне сәйкестендіруге үйренеді. Балалалар тобындағы басқа мүшелерімен нақты қатынастары ұжымдық сапаларды қалыптастырып қана қоймай, баланың өзіндік санасын да дамытады.
Құрбыларына, жаңадан қалыптасып келе жатқан ұжымның пікіріне ден қою оның бойында әлеуметтік сезімдерді: дербестікті, топқа еру қабылетін, жан ашу қабілеттерін қалыптастырады. Егер ойын сюжеті балаға ересектердің қызметімен және өзара қарым-қатынастарымен танысуға мүмкіндік беретін болса, онда нақты өзара қарым-қатынастар оны түрлі жағдайларда өзін ұстауға үйретеді.
Мектепке дейінгі барлық жас кезеңінде ойынның мазмұны мен түрі елеулі өзгерістерге ұшырап отырады. Кіші жастағы балалар ойының негізгі мазмұны - ересектердің өмірдегі шынайы заттармен жасалатын әрекеттерін (еден сыпыру, нан кесу және т.б.) ойын заттарымен орындау. Бұл жаста балалар әдетте жалғыз ойнайтынын атап өткен маңызды. Тіптен ойынды ересектер ұйымдастырып, ойын заттары ортақ болған күннің өзінде де балалар бірге емес, қатар ойнайды. Ал ересек балаларда рөлдерді орындау қажеттілігінен бірлесіп ойнауға қызығушылық туындайды.
Балалардың шынайы қарым-қатынастарын дамыту тұрғысынан маңыз алатын рөлдік қарым-қатынас пайда болады. Ойында балалар өз әрекеттерін жеңіл үйлестіреді. Рөлдік бағыну мен әрекеттерін үйлестіру сатысы құрбыларының біріне деген ұзақ қызығушылығының пайда болуына сәйкес келеді. Ойын белсенді қарым-қатынасқа себеп бола бастайды.
Қарым-қатынастың арнайы дағдыларынсыз басқа баламен бірлесіп әрекет жасау оңайға түспейді. Осыған орай бала қарым-қатынасты орнату мен құрбыларының өзіне деген ықыласын жоғалтып алмас үшін өзара түсіністік жолдарын іздестіреді. Қарым-қатынастардағы кейбір жеңілтектік, ойында серіктесін жиі ауыстыру баланың адамдар арасындағы түрлі өзара қарым-қатынастарды меңгеруге тырысуын білдіреді. Достық қарым-қатынастарды әлсін-әлсін жаңарта отырып, бала мінез-құлықтың көптеген формаларымен танысады, осылайша құрбылары арасында еркін әрекет етуіне мүмкіншілік туады.
Балалар іс-әрекетін күрделендіру көбіне досының пікірін, оның мүдесін ескеру қажеттігінің пайда болуына алып келеді. Балаларға өзара қарым-қатынас ережелерін меңгеру оңайға түспейді, және көбіне олар алғашқы кезде осы нақты жағайдың ерекшеліктерін түсінбестен оларды үстүрт қабылдайды. Өзара қарым-қатынас ережелерін меңгеру тек осы ережелерді өзгерту, бұзу және қалпына келтіру тәжірибесінде жинақтайтын балалардың тәжірибесі нәтижесінде жүзеге асады. Ересектермен жағымды өзара қатынасты орнатқан жағдайда, бала оларға сеніммен қарап, қоршаған ортадағылармен жеңіл қатынас орнататын болады.
Ересектердің балаға деген немқұрайлы қатынасы оның әлеуметтік белсенділігін төмендетеді: бала тұйықталып, шырмалып қалады, өз-өзіне сенімсіздікпен қарайды және өзінің агрессиясын құрбыларына көрсетеді. Ересектер тарапынан немқұрайлы қатынас жағдайында балалардың бір бөлігі бастаған іс-әрекетін тоқтатады, ал басқалары, керісінше жұмыс екпінін ұлғайтуы мүмкін, бірақ іс-әрекеттің өнімділігі бәрібір дереу төмендейді.
Мектепке дейінгі бала тұлғасының дамуында құрбыларымен жасалатын қарым-қатынас әсері ерекше рөл атқарады; құрбыларымен қарым-қатынас жасау қажеттілігі пайда болады. Балалар қоғамында бала ұжымдағы мінез-құлықтың, ұстаз емес, іс-әрекетке өзімен теңдей қатысушылар болып табылатын қоршаған ортадағылармен өзара қарым-қатынас орнатудың алғашқы дағдыларын меңгереді. Осылайша, ойын ересектермен де, құрбыларымен де өзара әрекеттесуге (қарым-қатынас) мүмкіндік береді.
Ойынның кез келген түріндегі қарым-қатынаста балалардың позициясы өзгеріп отырады. Ересектермен ұйымдастырылатын кез келген ойын түрлері, оның ойынға жетекші және серіктес ретінде қатысуын анықтайды. Дидактикалық ойында, ережелі ойындарда, дамытпалы ойындарда ересек - ұйымдастырушы, ойынның жетекшісі ретінде танылатындықтан, ойынның осындай түрлерінде бірінші орынға балалармен қарым-қатынас мәселесі қарастырылады. Құрбысымен ойнау көпшілік жағдайда серіктестік өзара қарым-қатынасты білдіргенімен, кейде құрбылары арасында да амалдық өзара қарым-қатынас нұсқалары да орын алуы мүмкін.
Қарым-қатынас жағдайлары мен өлшемдері бала дамыуының барлық сатысында байқалады әрі әрбір жасқа өзінің ерекшеліктері тән. Осындай сәттер оқыту барысында ескерілуі тиіс. Мектепке дейінгі сала педагогтары мен психологтарының кәсіби білімінің баламалы үлгілерінде басты қағида - тәрбиелеу мен білім беру үрдісіндегі педагог ұстанымын өзгерту. Бұл жерде басты мәселе бала болуы, ал ересек ойын арқылы оны оқытып және тәрбиелеп қана қоймай бірқатар білім беру міндеттерін шешуге тиіс.
Осылайша, мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуда ойын мен қарым-қатынастың ара қатынасын қарастыра отырып, біз өзара әрекет ретіндегі қарым-қатынастың басымдылығын байқаймыз. Мұндай көзқарас осы саладағы көптеген шетел және Қазақстандың психолог-педагог ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Божович Л.И. Проблемы формирования личности: избранные психологические труды Под ред. Д.И. Фельдштейна. -- Москва; Воронеж: Ин-т практической психологии, 1995.
2. Обухова Л.В. Детская психология:Теория,факты проблемы-1995.
3. Возрастная и педагогическая психология.Тексты.МГУ. 1992.
4. Керімбаева Р.Қ.Бастауыш мектепте дидактикалық ойындарды пайдалану.-Тараз, 2010.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

МӨЖ №2

Тақырыбы: А.В.Петровскийдің тұлға қалыптасуындағы әлеуметтік-психологиялық теориясы

Оқытушы: Кулмышева Н.А. п.ғ.к.

Магистрант: Өмірбек А.Ө
6М010300 "Педагогика және психология"

Семей 2015
Жоспар:
1. Тұлға қалыптасуның негізгі нышандары
2. Тұлға қалыптасуындағығалымдардың әлеуметтік-психологиялық теориялары
Психологтар арасында тұлғаға байланысты бірыңғай көзқарастардың болмағандағынан 300 астам анықтамалар жүзеге асуда. Тұлғаның анықтамасы сияқты оның құрылымдарында да біртұтас көзқарастар жоқ.
Л.С. Выготский алғаш рет психикалық қызметтерді жоғары - мәдени және төменгі - табиғи деп бөлінуін ұсынды. Л.С. Выготский құрылымының негізінде, тұлғаның - өзегі -оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншек жас кезеңіндегі мінез ауытқулары және оларға көмек көрсету жолдары
Мектепке дейіңгі балалардың құрдастармен қарым-қатынасына ата - аналардың тәрбие стилінің әсерін зерттеу
Жеткіншектердің арасындағы қарым - қатынас
Жеткіншек кезеңіндегілердің психикалық дамуы
Жеткіншектің психологиялық ерекшеліктері
Жеткіншектің өміріндегі жолдастарымен қарым - қатынасы
Қарым-қатынастың бала дамуындағы орны жайлы
Мектеп жасына дейінгі балалардың құрдастары мен қарым-қатынасына ата-ананың тәрбие ықпалын зерттеу
Жеткіншектердің ересектігінің құрдастарымен қарым – қатынасының ерекшеліктерін қарастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым - қатынас ерекшеліктері мен негізгі формалары
Пәндер