Психологиялық-педагогикалық зерттеудің ұйымдастыру логикасы


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақрыбы: Психологиялық-педагогикалық зерттеудің ұйымдастыру логикасы
Орындаған:Мейрамғазы Қ. М
Тексерген: Адильжанова К. С
Семей 2015
Психология - педагогика саласындағы зерттеулер - бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның нəтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті- деректер мен құбылыстарды түсіндіру жəне оларды алдын ала болжастыру.
Бағытталу тұрғысынан психологиялық- педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы жəне болжам-жобалау (разработки) деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нəтижесінде педагогиканың теориялық жəне практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер - бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер. Болжам жоба - бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар дұрыстығын дəлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.
Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған əдіснамалық тиектерге орай жүргізіледі. Педагогикада олардың қатарына - зерттелуге тиіс проблема, тақырып, нысан жəне оның дені (предмет), мақсат, міндеттер мен болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар - кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткіштер: зерттеу көкейкестілігі, жаңалығы, теориялық жəне практикалық маңыздылығы.
Зерттеу бағдарламасы, əдетте, екі бөлімнен тұрады: əдіснамалық жəне іс-əрекеттік (орындау-процедуралық) . Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен дені, мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны бастапқы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде - зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге ідер алды деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті жəне негізгі шаралары жасалады.
Тәлім-тәрбие психологиясының келесі тармақтары бар:
- 1) Оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оқыту мен балалардың ақыл-ойын дамыту сияқты өзге де мәселелерімен айналысады.
- 2) Тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді іздестіреді.
Бұлардан басқа мұғалімдер психологиясы, кемтар балаларды (ересектерді де) оқытып тәрбиелеу мәселелерін қамтиды.
Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі (динамикасы) бірнеше сатылық-эмпирикалық, гипотетикалық, эксперименталды-теориялық немесе теориялық, прогностикалық- жұмыстар орындауды қажет етеді.
Кейінгі жылдары білім беру шеңберіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының көлемі едәуір өсті. Білім беру ошақтарындағы педагогтар мен басшылар зерттеу-іздену жұмыстарының жаңа функциясын батыл түрде барлық кезеңдерін іске асыруға тырысуда, ал педагогикалық ізденіс педагогтер үшін кәсіптік қызметтің басты бағыттарының бірі болды. Педагогтердің мақсатқа бағытталған зерттеушілік қызметін жасау қажеттігі соңғы он жылда, яғни зерттеу міндеттері тек қана педагогтың құқығы ғана емес, сонымен қатар оның кәсіби міндеті екендігі қарала бастады. Зерттеушілік қызметі субъектінің ғылыми методологияға негізделген білім алу процесі кезінде жаңа, ғылыми білімді өз бойына сіңіруі деп қаралады. Кәсіби қызмет педагог үшін құнсыз, егерде ол бір кездері меңгерілген кәсіби тәсілдер арқылы құрылған жағдайда. Мұндай қызмет тек қана ондағы білімнің биік нәтижесіне жеткізетін объективті мүмкіндіктердің қолданылмауында ғана емес, ол педагогтың өзінің жеке-дара өсуіне де еш пайдасын әкелмейтін құнсыз болып есептеледі. Алайда біздің тәжірелер мен В. И. Боголовский, В. И. Загвязинский, И. А. Зимний, Н. М. Новиков, Н. М. Яковлевтің арнайы зерттеулерде, педагогтер комплексті зерттеу жұмыстарында қиыншылықтардың болатынын және көптеген жағдайларда зерттеу қызметтеріне дайындықтың аздығын көрсетеді. Мұны білім беру мекемелерінің басшыларының берген бағасы да, педагогтардың өзін-өзі бағалауы да растайды. Мұндай жағдайлардың орын алуы жоғарғы оқу орындарындағы болашақ педагогтарда өткізілетін практикалардың кәсіби деңгейде өткізілмеуінен, яғни білім алушылардың зерттеушілік құзырлығын дамытатын, зерттеу жұмысын орындауға жағдайдың жасалмауынан болады. Қазіргі таңда болашақ педагогтарды зерттеу жұмыстарына дайындаудың әр түрлі қырына арналған бөлек зерттеулер жасалуда, алайда олар ғылыми базаны зерттеу қызметінің жалпы дамуын, кәсіби зерттеу жұмыстарын жасауда өзіндік шешімге келуге толықтай жарамды болуын қамтамасыз етпейді [1] . Зерттеу әдістері - обьективті шындықты көру, танып білу. Педагогика дамуындағы негізгі фактор оның үнемі толықтырылып отырылуында және зерттеу әдістерінің нақтылығында. Педагогика ғылымының жаңа тәсілдермен толықтырылуы басқа ғылымдармен тығыз байланысының арқасында. Зерттеу жұмыстарының педагогикамен байланысы үнемі, жоғары қарқынмен дамуда. XVIII ғасырдан бастап педагогика ғылымының мазмұны практикалық бақылау нәтижесінде теориялық тұжырымдармен толықты. Сол уақыттағы педагогикалық практиканың маңызды тұлғалары: Г. Песталоцци, А. Дистервег, К. Д. Ушинский, А. Н. Толстой, П. П. Бионский, А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий және т. б. Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық тәжірибелер XIX ғасырдан бастап зерттеле бастады. XXғ басында-ақ педагогикалық эксперимент термині өзінің нақты мәнін алды және кең таралды. Эксперименттік педагогиканың атақты тұлғалары немістің және американың ғалымдары: В. Лай және Э. Мейман, С. Холл, Э. Торндайх болды. Зерттеу процесінде нақты мәліметтерді алу үшін олар талапқа сай болуы керек. Онда көбінесе философия қарастыратын зерттелетін құбылыстардың мәнін түсіну қарастырылады. Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес. Мәліметтердің өзгеруіне және эксперименттік жұмыстың шартының өзгеруіне байланысты нәтиже де әр түрлі болады. Эксперимент жүргізу үшін бір кішкене ғана компонентті өзгерткен жөн және сол кезде алынатын мәлімет бірден
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz