Дәнді дақылдарды өңдеу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Дәнді дақылдарды өңдеу
Орындаған : Аяғанова Ә. Б.
Топ : ТП-211
Тексерген : Нұрымхан Г. Н.
Семей 2015
Мазмұны:
Кіріспе
- Дәнді дақылдарды өңдеу технологиясы
- Дәнді дақылдарды сақтау технологиясы және сақтау ерекшеліктері
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Халқымызды жоғары сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін шешудің басты жолы дәнді дақылдардың түсімін арттырып, дер кезінде ысырапсыз жинап, шығынсыз сақтау және ұтымды өңдеу мен тиімді пайдалану болып табылады.
Дәнді дақылдардан өндірілетін нан, жарма, макарон т. б. тағамдық азықтар адам тамағының ең маңызды құрам бөлігі екендігі белгілі. Дәнді дақылдартан неше түрлі жем және техникалық шикізаттар да алынады.
Қазақстанның егемендікке ие бола беруінің басты шарттарының бірі - кең-байтақ еліміздің (республикамыздың) дәнді дақылдар өндірудегі ұшан-теңіз мүмкіндіктерін тиімді жүзеге асыра отырып, азық-түлік пен жем қорларын молайту және экспорт ресурстарынарттыру. Бұл міндет дәнді дақылдар егісінің құнарлығын арттыру, егіннің шығымдылығын өсіру, жинап алынған дәнді дақылдартың сапасы мен одан өндірілетін өнімнің тиімділігін жақсарту, сақтау мен өңдеу барысында шығынға жол бермеу есебінен ғана орындалады.
Алайда, дәнді дақылдар өнімдерінің бүкіл әлем көлемінде таршылығына қарамастан, оның едәуір бөлігі, өкінішке орай, халық мүддесіне жетпей қалып қояды.
Дәнді дақылдар сақтау барысында бүкіл әлем бойынша орта есеппен алғанда дәннің 10-15 %-ке жуығы шығын болып, тіпті сақтаулы өнімдердің біразының сапасы күрт төмендеп, кейде түгелдей бүлініп, пайдалануға жарамай қалуға дейін барады.
Дәнді дақылдар қорын сақтаудың өте жауапты да күрделі іс екендігін көп ғасырлық тәжірибе көрсетіп отыр. Біздің елде де дәнді дақылдар өнімдерінің сақталу барысында орын алатын шығындарды азайту мүмкіндіктерін толық пайдаланбауға ішінара жол беріліп қалатындығын, көптеген дәнді дақылдар қабылдау және өңдеу кәсіпорындарында ғылым мен озық тәжірибе жетістіктері дер кезінде тиімді жүзеге асырыла қоймайтындығын мойындауымыз қажет.
Дәнді дақылдарты шығынсыз сақтауды және оның сапасын арттыруды қамтамасыз етуде кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасының маңыздылығымен қатар, сол техникалық жабдықтарды дұрыс пайдаланып, өндіріске алдыңғы қатардағы ұтымды техникалық шараларды өндіретін, сақтау мен өңдеу процестерінің экономикалық тиімділігін көздейтін білікті мамандардың орны орасан зор. Сондықтан, сіздерге (студенттерге) осы пәнді, яғни, «Дәнді дақылдарды сақтаудың жаңа технологиясын» оқыта отырып болашақта дәнді дақылдарды сақтауды ұйымдастырудың, дәннің және одан алынатын өнімдердің сапасын артырудың ғылыми негіздері мен практикалық жолдарын толық меңгеруге мүмкіндік жасаймыз.
- Дәнді дақылдарты өңдеу технологиясы
Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өндеу кезендеріндегі сақтауды, сапаны жоғарылату мен шығынды азайтуды кямтамасьп ету. Дәнді, бұршақгы және майлы дақылдарды, тамыр жемістілерді өңдеу және сақтау ерекшеліктері. Өсімдік шаруашылығындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеудің дәстурлі және қазіргі әдістері. Сақтау кезіндегі өнімнің шығын нормасы. Өсімдік шаруашылығы шикізаттарын бағалау одістері мсн көрсеткіштері. Өсімдік шаруашылығы шикізаттарын өндеу және сактау кезінде жүретін физика-химиялық, биохимиялық, биологиялық және физиологиялық процестер. Дәнді дақылдар және тамыр жемістілерді жинағаннан кейінгі өңдеу туралы мәлімет. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау қоймаларының жіктелуі, оларға қойылатын талаптар. Дәнді дақылдарты қабылдау, құрастыру және жинағаннан кейінгі өндеу технологиясы. Сусымалы материалдың механикасы. Дәнді дақылдар қоймалары, механикаландырылған жұмысшы мүнаралары мен элеваторлар. Элеватордың жұмысын оперативті есептеу және басқару. Элеватордың технологиялық ерекшеліктері. Дәнді дақылдар өндеу өнімдерін сақтауға арналған өткізу базалары мен қоймалары.
Дәнді дақылдарды сақтау және сапасын жоғарылату саласындағы міндеттер. Дәнді дақылдар сақтау қоймаларының (қоймалар мен элеваторлар) түрлері. Дәнді дақылдардың жоғалу (шығынның) түрлері және сақтау кезінде оны болдырмау жолдары. Сақтауға келіп түскен дәнді дақылдартың жағдайы мен жалпы сипаттамасы. Дәнді дақылдардың және дәнді дақылдар өнімдерінін физикалық қасиеттері. Дәнді дақылдар сақтау барысында орын алатын физиологиялық қүбылыстар (процестер) . Дәнді дақылдар микроорганизмдері. Сақтау барысындагы дәнді дақылдартың өздігінен қызуы. ¥нды сақтау кезінде жүретін процестер. Дәнді дақылдар сақтау тәсілі мен режімдері. Дәнді дақылдар өнімдерін қабылдау, орналастыру және сақтаудың технологиялық негіздері. Дәнді дақылдар қорының зиянкестері. Зиянкестердің жалпы сипаттамасы. Дәнді дақылдар қорының зиянкестерімен күресу шаралары.
Картоп- сақтау нысаны ретінде. Картоптың физикалық қасиеттері. Сусымалық. Өздігінен іріктелуі. Қуыстылығы. Механикалық беріктілігі. Булануы мен терлеуі. Тоңазуға бейімділігі. Жылу физикалық касиеттері. Картопты сақтау кезінде журетін физиологиялық және биохимиялық процестер. Картопты сақтау кезінде жүретін микробиологиялық процестер Картопты сақтаудағы энтомологиялық факторлардың әсері. Картопты сақтауға дайындау. Картопты сақтау режімдері. Картопты сақтау және жайғастыру әдістері. Картопты шөмеледе сақтау. Қойма тұрлері. Картопты стационарлы қоймаларда сақтау. Жаңа өнімді қабылдауға қойманы дайындау. Сақтауға қойылатын өнімнің сандык-сапалық есебі. Картопты кептіру.
- Дәнді дақылдарты сақтау технологиясы және сақтау ерекшеліктері
Дәнді дақылдар, тұқымдық дән және олардан алынатын өнімдер жеке қожалықтарда, шаруашылықтарда, селекциялық станцияларда және элеваторлар мен дәнді дақылдар қабылдау кәсіпорындарында, ұн, жарма, нан өндірісі, крахмал, өсімдік майлар, сыра, спирт фабрика-зауыттарында сақталады.
Мемлекеттік дәнді дақылдар қорын шоғырландыру, орналастыру, сақтау мен және өңдеу, оны тиімді пайдалануды ұйымдастыру мен халық шаруашылығының барлық салаларын дәнді дақылдар өнімдерімен қамтамасыз ету, сол дәнді дақылдарды қабылдайтын, оның өнімдерін шығаратын мекемелерге жүктелген. Сонымен қоса бұл мекемелер дәнді бұршақты және майлы дақылдар мен жем-шөптердің сортты тұқымдықтарын да қабылдап, өңдеп өндіріске өткізіп отырады.
Халықты нан өнімдерімен қалтқысыз қамтамасыз ету мәселесі елде ұн қорының жеткілікті, мол болуына байланысты. Сол сияқты жарма іспеттес құнды тамақ өнімдері де жеткілікті болуға тиіс. Сондықтан дәнді дақылдар пен оның өнімдерін баптап дұрыс сақтау - маңызы зор мемлекеттік іс деп қаралады.
Дәнді дақылдар сапасының төмендеуі, тіпті оның бұзылып кетуінің басты себептерінен бейхабар болу, сақтаудың ғылыми негіздерін білмеу орны толмас шығынға әкеліп соғады, ауылшаруашылығы өндірісінің дәнді дақылдардың өнімділігін арттырудағы, оның жалпы түсімділігін көбейтудегі жетістіктерін жоққа шығарады.
Дәнді дақылдар сақтау ғылымы дәнді дақылдардың ерекшеліктерін, олардың сапасына физикалық, химиялық, биологиялық, технологиялық факторлардың тигізетін әсерін зерттейді.
Дәнді дақылдар жиымындағы орын алатын заңдылықтарды, құбылыстарды білу дәнді дақылдарты сақтауды ғылыми негізінде ұйымдастырып, оның сапасын арттыру мүмкіндіктерін іске асырудың кепілі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz