Материалдарды колорирлеу


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Орындаған: Аманова. С. Б

Топ:ТК-223

Тексерген:Бауыржанова А. З

Семей қ. 2015ж

Жоспар:

1. Материалдарды колорирлеу

2. Қоспалар классификациясы

3. Табиғи және жасанды талшықтарының қоспаларынан жасалған текстиль маталарын колорирлеу

1. Текстиль маталарын өндіру, пайдалану мен оған деген сұраныс аралас текстиль маталары дәуіріне еніп кетті десек қателеспейтініміз анық. Соңғы 20 жылда олардың маңызы қарқынды дамып келеді. Құрамында 100% бір типті талшықтардан өндірілген текстиль маталары тіпті шығарылмайды. Тіпті х/б және жүннен жасалған текстиль маталарының «таза» деп маркіленген сұрыптарында олардың физика-механикалық қасиеттерін жақсарту мақсатында бірнеше пайыз синтетикалық полиэфирлі немесе полиамидті талшықтар қосылады.

«Аралас текстиль маталары» терминінің толықтай мағынасын дұрыс түсініп алған жөн. Бұл анықтама матаға, тоқыма матасына және бейматаға қатысты болады.

Аралас текстиль маталары табиғаты әртүрлі физикалық және химиялық филаментті жіптер немесе талшықтар қоспасынан құралады. Бұл анықтамаға филаментті жіптер қоспасынан, әртүрті типті тоқыма жібі қоспасынан, табиғаты әртүрлі физикалық және химиялық штапельді талшықтардың гомогенизделген қоспасынан алынған аралас тоқыма жібінен жасалған тоқыма маталары, талшықтар қоспасынан жасалған бейматалы маталар, биокомпонентті талшықтардын жасалған текстиль маталары жатады.

Егер химиялық табиғаты әртүрлі талшықтардың құрылған ассортименті 12 атауға ие болады деп есептеген жағдайда, тек осылардан ғана комбинация құратын болсақ теория жүзінде 66 екілік [(11х12) /2] және 220 үштік [(10х11х12) /6] қоспалар комбинациясын құруға болады. Бұл комбинациялар әртүрлі құрамды қоспалар сәйкесігінің өзгерісін ескермейді. Егер бір химиялық құрамды талшықтардың физикалық құрылымының өзгеріс мүмкіндігін ескерсек пайда болатын комбинациялардың санының мүмкіндігі айтарлықтай ұлғаяды. Тәжірибеде текстиль матасына, бірінші кезекте тұтынушылық нарыққа қойылатын талаптар кешеніне жауап беретін қоспалардың теория жүзінде мүмкін болатын комбинациясының барлығына қатал таңдау жүргізілді. Негізгі талаптарға келесідей төмендегілерді жатқызуға болады:

-Тұтынушылық пен технология үнемділігінің артуы;

-Текстиль матасына жаңа эстетикалық қасиет беру немесе қалыптасқан эстетикалық қасиеттерін жақсарту;

- Текстиль матасының физика-механикалық көрсеткіштерін жақсарту.

Осы талаптарды ескере отырып араласқан текстиль маталарының ассортименті құрылды, мұнда 40 бинарлы, және 23 үштік комбинация есептеледі. Тұтынушылық маңызы бойынша бұл қоспалар тең дәрежелі емес. Олардың ішінде мүлтіксіз үздіктері, сонымен қатар экзотикалықтары да бар.

Біз маңызы көбірек комбинацияларды, және бірінші кезекте полиэфирлі және мақта талшықтарының қоспасын қарастырайық, ол 1995 жылы әлемдегі барлық текстиль тұтынушылығының 16%-ын және аралас текстиль маталарының жалпы көлемінің 55-60%-ын құрады.

Осы жылы барлық аралас текстиль маталары дүние жүзіндегі текстиль тұтынуының 25-30%-ын құрады, бұл біз аралас текстиль маталарының дәуірінде өмір сүріп жатқанымызды дәлелдейді. Өндіріс тәжірибесінде кеңінен таралған және аралас текстиль маталарын пайдаланудағы ПЭ/мақта қоспасынан өзге ПА/мақта, ПЭ/жүн, мақта/жүн, вискозды талшық/жүн, ПА/жүн, жүн/ПАН, вискозды талшық/ПА қоспаларын да атап өткен жөн. Сонымен қоса оларға диференциалды боялатын полиамиді және полиэфирлі талшықтарды да жатқызуға болады. Қазіргі уақытта АҚШ-да катионды бояғыштармен боялатын полиэфирлі және полиамидті талшықтар шығарылады. Бұл қабілет катионды бояғыштар ионды байланыспен байланысатын сополимерлер қосындысы ретінде қышқылды топтар (модифицирленген полиакрилонитрильді талшықтарға ұқсас) құрамын енгізуді қамтамасыз етеді.

Бұл талшықтардың қышқылды және дисперсті бояғыштармен боялатын классикалық полиамиді және полиэфирлі талшықтармен алмасуы қызықты коллориялық әсер алуға мүмкіндік береді.

Танымалдылығы төменірек, бірақ кей жағдайда тәжірибелік қолданыс табатындарға келесі қоспаларды жатқызуға болады: ПЭ/ПА, ацетатты/вискозды және ПЭ/вискозды талшықтар.

Табиғи целлюлозды мақталы талшықтан басқа аз мөлшерде болса да табиғи целлюлозды талшықтардың барлық өзге түрлері: зығыр, джут, рами және т. б. пайланылады. Гидратцеллюлозды талшықтардан вискозды талшықтан басқа N-метилморфолин ерітіндісінен экологиялық таза технология бойынша алынған жаңа заман талшықтары («лиоцелл» тектес) қолданылады.

Аралас текстиль маталарынан алуға ниеттенетін колористік әсер түріне байланысты келесідей колористік (технологиялық) шешімдерді пайдаланады:

  • Екі компонентте түс реңкі және интенсивтілігі бойынша бір түсті иемденген жағдайда біркелкі (біртүсті, біртонда) түс алу мақсатында бояу (басып шығару) ;
  • Қоспаның бір немесе бірнеше компоненттері боялмайтын (ақ түсті болып қала берген) жағдайда қоспа компонеттерінің бірінде бояуды резервілеу;
  • Қоспадағы компоненттер әртүрлі контрастты бояуға ие болғанда меланжды әсерді алу. Контраст анық болуы мүмкін және бояу интенсивтілігі, жарқырау мен түс реңкі бойынша айырықшалануы мүмкін немесе интенсивтілігі бойынша ерекшеленеді.

Жекелеген құраушыларды бояуға кететін уақыт пен салыстырғанда қоспаны бояу уақытының үнемді болуы маңызды. Бұл бірфазалы периодты немесе үздіксіз бояу әдісімен (баспадағы бірдеңгейлі бекіту) жүзеге асады.

2. Қоспалар классификациясы

Қоспалардың көптеген классификацисы бар (химиялық және физикалық табиғаты бойынша, қоспадағы компоненттер сәйкестігі бойынша және т. б. ), бірақ колорист-технолог үшін қоспаларды колорирлеуде қолданылатын бояғыштардың классы мен түрін таңдауға негізделген классификацияны таңдау дұрыс.

Егер бояғыштардың барлық классын үш топшаға бөлетін болсақ: анионды топ (А), катионды топ (К) және дисперсті топ (Д), сәйкесінше мүмкін болатын барлық екілік және үштік қоспаларды осы үш топтың бояғыштарын пайдалану қажеттілігіне байланыстыкелесідей етіп болуге болады: А, АК, АКД, АД, КД, Д. Біз бұл классификацияға пигменттерді қоспадық, себебі олармен кез-келген затты бояуға және бояуды босып шығаруға болады.

Мұндай маркілеу былайша түсіндіріледі:

А - қоспаны анионды табиғатты бояғыштармен колорирлеуге болады;

АК - қоспаны анионды және катионды табиғатты бояғыштар қоспасымен колорирлеуге болады;

АКД - қоспаны анионды және катионды табиғатты бояғыштар қоспасымен және дисперсті бояғыштармен колорирлеуге болады;

АД - қоспаны анионды және дисперсті бояғыштар қоспасымен колорирлеуге болады;

КД - қоспаны катионды және дисперсті бояғыштар қоспасымен колорирлеуге болады;

Д - қоспаны дисперсті бояғыштармен ғана колорирлеуге болады;

А тобындағы анионды бояғыштар топшасына бояғыштардың алты классы енеді, соның ішіндегі бесеуі целлюлозды талшықтар үшін пайдаланылады: тікелей, белсенді, күкіртті, кубты, азоидты(талшықта синтезделетін ерімейтін азодақтар) . Қышқылды бояғыштар ақуызды және полиамидтә талшықтарды бояйды.

Келтірілген классификация қоспаларды колорирлеуге арналған бояғыштардың класстар комбинациясының кең таңдауын ұсынады. Дегенмен тәжірибе жүзінде бояғыштар класының кей комбинациялары ғана тапсырмалардан, бірінші кезекте технолгияның экономикалық тиімділігі тапсырмасынан өтті. Бояғыштар классы мен аралас текстиль маталарын колорирлеу технологиясын таңдауда келесі факторларды ескерген жөн:

  • Қойылған колористі тапсырма қандай: біртонды эффект "үндестік үндестікке", құрастырылғандағы біреуінің резервирленуі және т. б. ;
  • Бояу беріктігіне деген тұтынушының талаптары;
  • Соңғы өңдеу талаптарында алынған бояудың беріктігі;
  • Колорирлеу талаптарына құрастырылған қоспаның беріктігі;
  • Түрлі құрастырылған қоспалар үшін қолданылатын бояғыштар класстарының сәйкестігі;
  • Қажетті құралдарды таңдау мүмкіндіктері;
  • ТВВ мен бояғыштардың құны;
  • Барлық колорирлеу циклының экономикасы.

Технолог-колрирст үшін қоспаны құрайтын табиғи талшықтар бойынша (табиғи, жасанды, синтетикалық) аралас текстиль маталардың классификациясы маңызды болып келеді.

Бұл классификация бойынша аралас текстиль маталарын келесі топтар бойынша бөлуге болады:

  • Табиғи талшықтардан құралған;
  • Табиғи және жасанды талшықтардан құралған;
  • Табиға және синтетикалық талшықтардан құралған;
  • Жасанды талшықтардан құралған;
  • Жасанды және синтетикалық талшықтардан құралған;
  • Синтетикалық талшықтардан құралған.

Қиындықтарды қарастырған кезде қоспаларды берілген классификациясы бойынша қосымша талдау жасаймыз, бірақ А, АК және т. б. классификацияларын ескере отырып.

3. Табиғи және жасанды талшықтарының қоспаларынан жасалған текстиль маталарын колорирлеу

Табиғи және жасанды талшықтарын қоспаның бір тобы бойынша карастыратын боламыз. Жасанды талшықтар түрлі физикалық құрылымның және түрлі алу әдістерінің (вискозды, жоғарымодульді және т. б. ) гидратцеллюлозды талшықтар мен ацетатты (уксусқышқылды эфирлі целлюлоздар) . Күрделі эфирлі целлюлоздар болып келетін өзінің колориристті қасиеттері бойынша целлюлозды талшықтардан ерешеленеді және синтетикалыққа жақынырақ болып келеді (гидрофобты, дисперсті бояғыштармен боялынады) . Табиғи және жасанды талшықтардан жасалған аралас текстиль маталарының өнімі екі себеппен мотивирленеді:

  • Қымбат табиғи талшықтарға (жүн, мақта, зығыр) арзан жасандылардың (гидратцеллюлозды, ацетатты) қосындының арқасында олардың сапасының нашарлануысыз өнімнің құны арзандалу мүмкіндігі;
  • Жаңа тұтынулы қасиеттерінің берілуі (эстетикалық, физика-механикалық және т. б. )

Нақты колористі эффектлерінің жетістігі бойынша келесі сорбционды қасиеттерінен бояғыштарды қолдануға болады:

А) бір табиғи туындысы бар бояғыштармен колорирлеу, яғни құралған қоспаларға қатысы бойынша жақын собционды бейімдігі. Мұндай қоспаларының мысалдары табғи жібек пен жүннің қоспалары (қышқыл, белсенді бояғыштармен колорирлеу) немесе түрлі физикалық құрылымның (азоидті, күкіртті, кубты, белсенді, тура бояғыштармен колорирлеу) целлюлозды талшықтар қоспасынан жасалған текстиль маталары болып келеді. Мұндай жағдайда тегіс бояу алу өте қиын және "үндестіктен үндестікке" эффектісін алу оңай болып келеді. Бұл жағдайда бояу технологиясы бірваннды әдіс бойынша жүзеге асады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талшықтар қоспасынан жасалған текстиль маталарын колорирлеу
Бояу және бояуды пигменттермен басу
Текстиль матасына бояуды басудың теориялық негіздері
Шлихталау
Тауарлық-материалдық запастардың жіктелуі
Тауарлы-материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі
Тауарлық- материалдық қорлар жайлы түсінік
Материалдар қозғалысының есебі және бағалау әдістері
Тауарлық-материалдық қорлар жайлы тусінік туралы ақпарат
Материалдық қорлар есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz