Тоқыма бұйымдарына күтім жасау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік технологиялық факультеті
«Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:Тоқыма бұйымдарына күтім жасау
Орындаған: Оразбеков С.
Тобы : ТК-321
Тексерген: Бауыржанова А. З.
Семей, 2015 жыл
Жоспар
- Кіріспе
- Тоқыма бұйымдарына күтім жасауМақтадан жасалған бұйымдарға күтімЖүннен жасалған бұйымдарға күтім жасауЛайкрадан жасалған бұйымдардың күтім жасауПолиэстерден мен ацетаттан жәнетрикотаждан жасалған бұйымдарға күтім жасау
- Машинамен тоқу түрлері
- Қорытынды
Тоқу (ағылш. Knitting) - жіпті шалып алып және сол шалуларды бір-бірімен біріктіре отырып бұйым жасау барысы. Тоқу қолмен және арнаулы машина арқылы жүргізіледі. Маталар мен тоқыма бұйымдарына құнттап қарау және дұрыстап күтім жасау өнімді жарату мерзімін арттыруға жағдай жасайды. Төменде маталарға күтім жасау жөнінде және әртүрлі шикізаттық құрамдағы маталарды қалай дұрыстап үтіктеуге және жууға болатыны жайлы бірнеше кеңестер келтірілген.
Мақтадан жасалған бұйымдарға күтім жасау
Мақтадан жасалған бұйымдар өте берік, жоғары температураның әсерін жақсы көтереді. Мақтаның ерекшелігі - ылғалды сіңіретін керемет қабілеті. Жуғанда оның тез мыжылып қалатыны және апшуы кемшілігі болып табылады. Мақта жуғаннан кейін өте ұзақ кебеді. Мақтадан жасалған бұйымдарды 30-40 градус температурада кір жуғыш машинада жууға болады. ақ түсті ішкиімді жууға әмбебап жуғыш құралдарды, түрлі түсті ішкиімді жууға жұмсақ жуғыш құралдарды және ағартқышы жоқ құралдарды қолданады. Қатты оңатын заттарды тек салқын суда жуады және шайғаннан кейін бірден жақсы жайылған күйінде кептіреді. Шаю үшін суға (1 ас қасық) тұз қосыңыз.
Түрлі түсті заттың оңатынын анықтау үшін оның ұшын сулап, ақ шүберекке салып сығыңыз. Егер шүберекте боялған дақ қалса, онда түрлі түсті затты басқалардан бөлек жуады. Мақтадан жасалған заттарды машинада кептіруге де болады, бірақ, олардың бұл орайда көп апшитынын есте сақтау керек. Әсем өңделген бұйымдарды дымқыл күйінде кептіру үшін бөліп-бөліп іліп қоюға кеңес береді. Мақта-мата бұйымдарын үтіктейді.
Зығырдан жасалған бұйымдарға күтім жасау
Зығыр матаның беті тегіс және күңгірт жарқылды болып келеді. Зығырдан жасалған бұйымдар аз ластанады, түгі шықпайды, ылғалды жақсы сіңіреді және бұл орайда жылдам кебеді. Зығыр мата беріктілігімен ерекшеленеді. Зығыр матаны қайнатуға болады. Зығырдың қатты мыжылуын оның оңды қасиеттеріне жатқызады. Жуу температурасын матаның әрленуіне қарай таңдайды. Зығырдан жасалған бұйымдарды кір жуғыш машинада 30-40 градус температурада жууға болады. Түрлі түсті матаны 60 градус температурада кір жуады. Зығырдан жасалған бұйымдар жуғаннан кейін апшуы мүмкін. Оларды ылғалдатқышы бар жақсы қыздырылған үтікпен үтіктейді.
Жүннен жасалған бұйымдарға күтім жасау
Жүн маталар жылуды өте жақсы сақтайды, салыстырмалы түрде аз ластанады және қатты мыжылмайды. Кейде киімнің мыжылған жерін тегістеу үшін оны былау бөлмесіне іліп немесе оған су шашудың өзі жеткілікті. Бұл бұйымды тек қана жүнге арналған жұмсақ жуғыш құралдармен қолмен жуады. Бұйымды жуғанда үйкеу және бұрауға болмайды. Жүнді ұзақ жібітіп қоймаған жөн. Жуылған бұйымды сықпайды, түкті сүлгіге орап, суға ұқыпты түрде малады. Бұйымды кептіргенде ілмеген жөн - пішінін жоғалтуы ықтимал. Жүнді заттарды дымқылды күйінде жайып қояды. Оларды дымқыл мата арқылы үтіктейді. Жоғары сапалы жүннен жасалған бұйымды химиялық тазалауға беру ұсынылады.
Жүнді заттарға күтім жасау жөнінде тағы бірнеше кеңестер:
Жүн бұйымдарын 1 ас қасық шараптың сірке суын қосып, шайқауға болады
Сарғайған жүн лимонның туралған тілімдері бар суға салып, шелекте бір тәулік ұстаса, өз түсін қалпына келтіреді;
Кір дақтарды кептіруге, содан соң құрғақ қылсүрткімен алып тастауға кеңес береді;
Жүн және аралас маталардағы бүрмелер мен қырлары сабын ерітіндісімен суланған сірке суы қосылған мата арқылы үтіктегенде кетіріледі;
Жүн матаның жылтыраған жерін ас сірке суының әлсіз ерітіндісінде суланған мата арқылы үтіктеу ұсынылады.
Жібектен жасалған бұйымдарға күтім жасау
Барлық жібек маталары өз салмағының жартысына тең мөлшерде ылғалды сіңіреді. Бұл орайда жылдам кебеді. Тері ылғалы жібек бетінен өте жылдам буланады, бірақ бұл орайда тер дақтары қалып қояды, оларды спиртпен кетіру ұсынылады. Әдеттегідей жуғанда табиғи жібек қатты оңып кетуі мүмкін. Жібекті тек қана сәл жылы суда қолмен жууға болады. Жібекті затты қолмен үйкеуге және бұрауға мүлде болмайды. Бояудың ашықтылығын қайтару үшін жуғаннан кейін жібектен жасалған бұйымды шамалы сірке суын қосып, салқын суда шайқау қажет. Жуғаннан кейін бұйымды батареялардан және тікелей күн сәулесінен алыста кептіреді. Жібек заттарды ішкі жағынан суламай, дымқыл күйінде үтіктейді, себебі судан дақтар қалып қалуы мүмкін.
Трикотаждан жасалған бұйымдарға күтім жасау
Трикотаждан жасалған бұйымдарды қолмен немесе жұмсақ жуғыш құралдардың көмегімен 30 градус температурада кір жуғыш машинада жуады. Жуылған трикотажды құрғақ ақжаймаға сәл сығады және орап қояды. Трикотаж заттарды шшкі жағынан 150 градус температурада үтіктейді.
Вискозадан жасалған бұйымдарға күтім жасау
Вискоза талшығы әртүрлі өңдеу кезінде өз жарқылы және тығыздығымен жібек, мақта немесе тіпті жүнді еске түсіреді. Вискоза талшығында тіпті зығырға тән жіптің жуандауды орындайды. Вискозадан жасалған бұйымдар ылғалды жақсы сіңіреді, бірақ ылғал күй-жағдайда беріктігін жоғалтады. Сондықтан құнттап жууды талап етеді. Вискозадан жасалған бұйымдарды жұмсақ құралдарды қолданып, қолмен немесе кір жуғыш машинада 30-40 градус температурада жуады. Бұйымды бұрау, әсіресе центрифугада сығу ұсынылмайды. вискозаны 150 градус температурада ылғалдатқышы бар үтікпен үтіктейді (термореттегіштің күйі - «жібекке» қойылады) .
Ацетаттан жасалған бұйымдарға күтім жасау
Ацетаттан жасалған бұйымдарды қолмен немесе кір жуғыш машинада 30-40 градус температурада жұмсақ жуғыш құралдардың көмегімен жуады. Бұйымды центрифугада бұрамайды және сықпайды. 150 градус температурада үтіктегі «жібек» термореттегіш күйін қолданып, ылғалдатқышпен үтіктейді.
Полиэстерден жасалған бұйымдарға күтім жасау
Полиэстерден жасалған бұйымдарды кір жуғыш машинаға 40 градуста жұмсақ жуғыш құралдардың көмегімен жууға болады. Бұйымды центрифугада сықпайды. Ақ түсті маталарды әмбебап кір жуғыш ұнтақтармен, түрлі түсті маталарды синтетикалық маталарға арналған ұнтақтармен жуады. 150 градус температурада үтіктегі «жібек» термореттегіш күйін қолданып, ылғалдатқышпен үтіктейді.
Гипюрден жасалған бұйымдарға күтім жасау
Гипюрден жасалған бұйымдарды қолмен немесе кір жуғыш машинада 30-40 градус температура жұмсақ жуатын құралдардың көмегімен жуады. Бұйымды центрифугада сықпайды. 150 градус температурада үтіктегі «жібек» термореттегіш күйін қолданып, ылғалдатқышпен үтіктейді.
Атластан жасалған бұйымдарға күтім жасау
Атластан жасалған бұйымдарды қолмен не жұмсақ кір жуғыш ұнтақпен 30 градус температурада жууға болады. Атласты үйкеуге, сығуға және бұрауға болмайды. Жуғаннан кейін атластан жасалған бұйымды түсінің ашықтылығын қайтару үшін шамалы сірке суын қосып, салқын суда шайқау қажет.
150 градус температурада үтіктегі «жібек» термореттегіш күйін қолданып, ішкі жағынан ылғалдатқышпен сәл дымқыл етіп үтіктейді.
Шифоннан жасалған бұйымдардың күтім жасау
Шифоннан жасалған бұйымдарды жұмсақ кір жуғыш ұнтақпен 30 градус температурада қолмен жууға болады. 150 градус температурада үтіктегі «жібек» термореттегіш күйін қолданып, ішкі жағынан ылғалдатқышпен сәл дымқыл етіп үтіктейді.
Лайкрадан жасалған бұйымдардың күтім жасау
Лайкрадан жасалған бұйымдарды қолмен немесе 40 градус температурада кір жуғыш машинада жұмсақ жуатын құралдардың көмегімен жууға болады. 150 градус температурада үтіктегі «жібек» термореттегіш күйін қолданып, сәл дымқыл мата арқылы үтіктейді.
Стрейч - барқыттан жасалған бұйымдардың күтім жасау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz