Шәмші Қалдаяқов


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Шәмші Қалдаяқов (1930-1992 жж. )

Аса көрнекті композитор, ән жанрының әйгілі майталманы, Казақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Казақстанның халық әртісі.

Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шүғылданды. 1956-1962 жж. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияда, В. В. Великанов класында оқыды. Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі казақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлтгық нақышпен кұнарландыруында, яғни халықтық қайнармен қабыстыруында жатыр. Ал бұл оның қазақ жұртының музыкалық дәстүрі сүтін еміп өскендігіне дәлел. Осылайша бағзы мен бүгінгі мақамдарды керемет ұштастыруы Ш. Калдаяқов туындыларының даңқын дүрілдетіп шығарып, дүйім далаға кең жайылуға кепілдік берді.

Мұхтар Әуезов өмірден озар тұсында университет студенттері алдында сөйлеген әйгілі сөзінде Шәмші саздарын Ақан, Біржан өнерпаздығынан кейінгі бір "жыл келгендей жаңалық" сезіндіретін үздік құбылыс ретінде бағалағаны мәлім. Жұрт аузында "бүкіл казақ еліне он салдырған Шәмші" атануының сыры сонда. Композитор әндері әсіресе 60-70-жылдардағы жастардың аузында жүрді. Кешеулеген "хрущевтік жылымық" дәуірінің жас адамдары шетел композиторлары мен орындаушыларына, мәселен, "Биттлзге" калай ынтықса, қазақстандық өз сазгерлерімізді де солай сүйіп тыңдады. Бұл соңғысының арасында, әрине, Қалдаяқов бірінші орында тұрды.

Әсем да ақылды көкөрім жасты ғана емес, ересек, егде қауымның да, сан түрлі мамандық, алуан ұлт адамдарының да көңілін баурап алды. Халық арасында әсіресе күллі отаншылдық, елшілдік нотасын тап басқан "Менің Қазақстаным" туындысы айрықша мәшһүр болды. 1986 жылы Желтоксан көтерілісіне қатысушы ұл-қыздар Алматы аландары мен көшелеріне Шәмшінің осы әнін ұрандай шырқап шықты.

Калдаяқовтың қалтқысыз жұмысы мен кәсіби біліктілігі арқасында Казақстанда өз ұлттық эстрадасы қалыптаса бастады, мұнда қазірге дейін кең қанат жайып отырған оның мектебі бар. Көзі тірі кезінде Қалдаяқов партия идеологиясына кауіпті деп саналған өзекжарды өз әндеріне бола ұзақ жыл өкімет тарапынан қысым-қыспаққа үшырады. 1974 жылы Алматыдан кетуге мәжбүр боп, астанаға тек 18 жылдан кейін ғана орала алды. Оған Қазақстанның халық әртісі атағы 1991 жылы 29 желтоқсанда, дүниеден өтер алдында берілді. Қазірде ондаған шәкірттері ұстаз шығармашылығын одан әрі жалғастыруда. Өмірге ол әкелген ойлы да ойнақы, тау бұлағындай тап-таза әуендер адамдар жүрегіне куаныш, өмірге іңкәрлік сыйлаумен келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Композитор Шәмші Қалдаяқовтың қазақ өнеріне қосқан үлесі
Сыныптан тыс музыкалық білім беру
Мемлекеттік рәміздер. Қасиетті көк байрақ
Мемлекеттік нышандар – Ту, Ел таңба, Әнұран
Халық ауыз әдебиетіндегі аңыз-әңгімелердің түрлері
Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер
Бастауыш сыныпта музыка сабағын ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (нышандары)
Мифологиялық ертегілер
Қазақстан халқы егемен құқы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz