Жүрек қантамыр жүйесін тексеру әдістері жайлы мәлімет


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ «ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ» КАФЕДРАСЫ

БӨЖ

Тақырыбы: «Жүрек қантамыр жүйесін тексеру әдістері»

Орындаған :Акимжанова Марал

Тобы : ВС-303

Тексерген : Муратбаев Д. М.

2015ж

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Жүрек дүрсілін карау және пальпациялау

2. 2Жүректі тыңдау (аускультация)

2. 3 Жүрек шуылдары

2. 4 Қан тамырларын зерттеу

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Жүрек-кан тамырлар жүйесін зерттеу төмендегі желіспен жүргізіледі:

1) жүрек дүрсілін карау және пальпациялау;

2) жүрек тұсын перкуссиялау;

3) жүректі тыңдау;

4) кан тамырларын зерттеу (артерия және вена кдн тамьфларын) ;

5) жүрек - кан тамырлар жүйесінің қызметін атқару жағдайын тексеру.

Жүрек-кан тамырлар жүйесін зерттеу кезінде жалпы зерттеу әдістерімен (көру, пальпация, перкуссия, тыңдау, термометрия) катар, арнайы әдістерді де (электрокардиография, фонокардиография, рентгенография, рентгеноскопия және т. б. ) қолданады.

Жүрек пен қан тамырлар жүйесі - мал организміндегі ең басты жүйенің бірі. Оның негізгі қызметі - ағзалар мен ұлпаларды оттегімен, сумен және түрлі нәрлі заттармен қамтамасыз еткізіп, зат алмасуынан қалған керексіз заттарды денеден шығару. Малда жүрек пен қантамырлар аурулары көбінесе індетті немесе түрлі жұқпалы емес аурулардың асқынуынан болады. Кейде, негізгі ауруды жойғаннан кейін малдың шығынға ұшырауына жүрек пен қан тамырларының қайтадан орнына келмейтіндей болып өзгеруі себепкер болады. Бұл аурулар арнайы бағыттандырылған шаруашылықтар мен өнеркәсіптік кешендерде жиі кездесіп тұрады. Осы бағыттағы өндіріс барысында кездесіп тұратын себептер (малдың тығыз орналасуы, үздіксіз жұмыс істеп тұрған тетіктердің шуылдары, т. т. ) малды ылғи үрейлендіріп, жүйкелерін қажытып, жүрек пен қан тамырлар жүйесінің қызметтерін бұзуларына әсер етуі.

2. 1Жүрек дүрсілін карау және пальпациялау.

Жүрек дүрсілін карау және тұсын пальпациялау мынандай клиникалық әдістермен зерттелінеді. Жүрек дүрсілін кдрауды мал тұрып тұрган кезде жүргізеді. Жарықты малдың сол жағына, жүрек тұсына түсіріп алдыңғы сол жақ аяғын барынша алға карай жылжытады. Жүрек дүрсілін жүрек түсындағы, кеуде куысы кабырғасының немесе жүнінің дірілі арқылы аныктайды. Күйлі, жүні ұзын малда жүрек дүрсілі аныкталмауы мүмкін.

Жүректің соғуы жиілеген сайын кеуденің дүрсілі күшейеді де, ал сиреген кезде діріл әлсірейді немесе мүлдем анықталынбайды. Жүрек түсының дүрсілін сипаған кезде мал тұрып тұруы тиіс. Ұсақ малды орындық үстінде зерттейді. Олардың алдыңғы аяктарын алма кезек барынша ілгері жылжытады. Тексеруді сол жактан бастайды. Малды зерттеу кезінде оң колды шоқтықка қойып, сол қолмен жүрек тұсынан көкірек жақтауының дүрсілін сезініп, оның орнына, күшіне, көлеміне, таралуына, ырғағына көңіл аударады.

Жүрек тұсының ауырсынуын бүгілген саусақтармен 3-5 кабырғалар аралығын нұқып аныктайды. Ірі кара малдың алдыңғы аяғын ілгері жылжыта алмайтын жағдайда ауырсынуын қолды жауырын мен кеуде аралығына енгізіп сипап сезеді. Осындай әдіспен оң жағын оң қолмен тексереді. Үсақ малдардың екі жағын бір уақытта сипайды. Кұстардың төс сүйегі маңын сипайды.

Сау малдьщ жүрек тұсын сипаған кезде көкірек жақтауында жүрек түрткісі немесе дүрсілі сезіледі. Сипау арқылы ауруларға байланысты түрлі өзгерістер анықталынады-сезімталдығы күшейеді, ауырсынады, перикардитте діріл сезіледі.

2. 2Жүректі тыңдау (аускультация)

Жүректі тыңдау. Жүректі тыңдаған кезде онын соғу дыбыстарының дұрыстығына көңіл бөліп түрлі патологиялык жағдайларда кездесетін өзгерістерін және жүрек тұсыңда пайда болатын патологиялык шуылдарды анықтау. Жүректі тыңдау екі жолмен жүргізіледі-

тікелей кұлақпен және аспаптар аркылы.

Тікелей тыңдау ірі малдарда екі тәсілмен жүргізіледі.

Бірінші тәсілі - жайма мата аркылы сол жақ анканеус бұлшық еттер тобының артынан сол құлақпен тыңдайды.

Екінші тәсілі - малдың аддыңғы сол жақ аяғын ілгері жылжытып, жүрек тұсын оң құлакпен тыңдайды. Бірінші тәсіддін екінішсіне қарағанда пайдалы артықшылығы бар, себебі мал бірінші тәсілді колданғанда өзін тыныш, байсалды ұстайды.

Жүректі кұралдар арқылы тыңдау стетаскол, фонендоскоп немесе стетафонендоскоп аркылы жүргізіледі. Тыңдау арқылы жүректің какпакшаларында пайда болатын дыбыстар күшін анықтайды. Ұсақ малды, ауырып амалсыз калыпта тұрған малды фонендоскоппен, стетаскоппен, стетафонендоскоппен тыңдаған ыңғайлы. Жүректі тыңдаған кезде оның жиілігіне, ырғағына, дыбыс күшіне, тембіріне және жүрек шуылы бар-жоғына көңіл бөледі.

2. 3Жүрек соғу дыбыстары.

Жүректі тындаған кезде бір-бірмен үнсіз үзіліс арқылы бөлініп тұратын, бірінші және екінші деп аталатын жүректің екі түрлі соғу дыбыстар сазы естіледі.

Бірінші систолалық жүрек сазы екінші жүрек сазына қарағанда ұзақтау және дыбысы төмен; ол ұзақ, диастолалык үзілістен кейін пайда болады да соңы баяулап барып басылады. Бұл дыбыстың шығуы жүректің дүрсілімен және аздап артериялык пульспен сәйкес келеді. Жүректің жоғарғы тұсында, (жарма қақпақшаларында) дыбысы көтеріңкі, каттырақ естіледі.

Екінші, диастолалық жүрек сазы бірінші жүрек сазына қарағанда қысқалау, көтеріңкі, соңында шорт үзіледі. Бұл дыбыс кыска, систолалық үзілістен кейін пайда болады да жүректің ірге жағында (айшық кақпақшаларда) анық, көтеріңкі естіледі. Бірінші және екінші жүрек саздарының үндерін: буу-туп, буу-туп деген сөз буыңдарын айткандағы шығатын дыбыстармен салыстырады. Буу- систолалық, туп-диастолалық дыбыстары. Cay малда бірінші, екінші жүрек саздарын олардың дыбыс сипаты және үзілістері аркылы ажырату оңай, ал ауру малда, олардың ыргағы және ара кашықтары өзгерген кезде анықтау үшін бірінші жүрек сазының жүрек дүрсіліне (түрткісі) және артериялық қан тамырының соғуына сәйкес екенін ұмытпау керек.

Кез келген жүрек қақпақшасынан шыккан дыбыстарды және жиі қақпақшалардың өзгеру кезіңде пайда болған саздарды дұрыс бағалау үшін кеудедегі жүрек қақпақшаларының дыбысы нақты естілетін орнынан тыңдайды. Ірі кара мен ұсак малда кеуденің сол жағында екі жармалы мал қақпақшаның нақты орны кеуденің 1/3 бөлігінің қақ ортасыңда, 4-кабырға аралығында, сол жакта, колканың айшық какпакшасының накты орны иық буыннан жүргізілген түзу сызық бойынан төмен, 4 -кабырға аралығында, сол жақта, өкпе кан тамырының айшық қақпакшасының нақты орны кеуденің төменгі 1/3 бөлігінін қақ ортасында, 3-кабырға аралығында, сол жақта үш жармалы кақпакшаның накты орны кеуденің оң жағының төменгі 1/3 бөлігінің қақ ортасында, 4- кабырға аралығаында орналаскан.

2. 3 Жүрек шуылдары

Жүрек шуылдары: жүрек шуылдарына жүрек саздарына жүрек ырғағына байланысты, қалыпты жүрек саздарының ерекшеленетін жүрек тұсынлағы барлық дыбыстың кұбылыстары жатады. Шуылдардың ырғағы естілу орнына байланысты. Олар эндокардиальды (органикалык функциональны) және экстракардиальды перикардиальды, плевроперикардиальды, кардиопултифиальды болып бөлінеді.

Эндокардиальдар шуыл жүректің ырғағына байланысты болады, олар ысылдағанда жел үрлегендей, ызылдағандай болып естіледі.

Органикалық эндокардиальды шуылдар кақпақшалардың ішкі кұрылысының өзгерісінен пайда болады. Ол кезде қақпақшалар толық жабылмайды да, кақпақшалардың саңылауында ақау пайда болады. Сондықтан ол тарылып, кақпақшалардың дембрендары ұлғаяды.

Жүрек қақпақшаларының мұндай өзгерістерін жүректің акаулары деп атайды.

Жүректің 4 саңылаулары және 4 қақпақшалары болады. Сондықган да 8 ақау кездеседі. Жүрек шуылдары систолалық және диастолалық болып екіге бөлінеді. Жүректің органикалық шуылы тұрақты болып келеді. Малды жүгірткен кезде үлғаяды, дерминдердың естілетін орны кақпақшалардың нақты естілетін орнымен сәйкес келеді. Олар артериялық жөне венозды тамырларының соғуынан, жүрек шекарасының өзгеруінен пайда болуы мүмкін.

Функционалды эндокардиалды шуылдар-әркашан систолалык болып келеді, ол шуылдар жай естіледі, жүректің көлемі ұлғайғанда, жүрек бұлшық етінің гипотониясында анемияда кездеседі.

Жай жүрек ақауларының әр түрлері кездесуі мүмкін.

Перикардиальды шуылдар - үйкеліс және шалпыл дыбыс жүрек пен жүрек калтасында пайда болады, ол жүректің дүрсілімен сәйкес келмейді. Тыңдаған кезде нақты, құлақ түбінен естілетін шуылдар (әсіресе жүректің абсалютті шекарасында) . Олардың орны өзгеріп түрады. Көбінесе олар созылмалы перикардитте кездеседі (фибриналды, іріңді, іріңді- дембронозды) .

Үйкеліс дыбыстары неше түрлі болыл шығады, ал шуылдар тырсылдағандай, тырналғандай, шалпыл дыбыс жаңа тері қытырлағандай, бұрқылдағандай, гүрілдегендей, ысылдағандай болып естіледі.

Журектің перикардиалды шуылдары систолада да, диастолада да естіледі, кей кездерде үадіксіз естіле береді. Бул шуылдардың нақты естілетін жері болмайды. Жүректің ақаулары шуылдарымен салыстырғаңда жүректің кез-келген жерінен естіледі.

2. 4 Қан тамырларын зерттеу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүрек соғуын тоқтатпасын
Жүрек қантамыр жүйесін тексеру әдістері жайлы
Медициналық интроскопия (экг,хм,эхокг)
Артериялық гипертония жаһандық мәселе
Ішкі аурулар пәнінен дәрістер
Қанайналым жүйесі ауруларының қауіп факторларының маңыздылығы
Психологиялық стресстің негізгі ерекшеліктері
Жүрек қантамыр жүйесін тексеру әдістері туралы
Аймақтық және интегралдық реография
Периодонттың қабынуы (воспаление периодонта)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz