Шырайгүл өсімдігі, күтіп баптау технологиясы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Шырайгүл өсімдігі, күтіп баптау технологиясы

Орындаған:Мұхтарбеков Е. Н

Тексерген: Есенгулова Н. Ж

Топ: АГ-213

Семей қаласы 2015 жылы

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Алқалар тұқымдасы
  2. Алқалар тұқымдасының түрлері
  3. Шырайгүл өсімді, ерекшелігі
  4. Шырайгүл өсімдігін күтіп -баптау

Пайдаланылған әдебиеттер:

Кіріспе

Ертеден өсімдіктер азық пен дәрілік шикізат ретінде ғана бағаланды. Навуходоносор патшасының бұйрығымен шөл далада салынған Семирамиданың аспалы бақтары ертеде әлемнің жеті кереметінің бірі болып саналған. Бұрыннан Ежелгі Грецияда өзіміз жақсы білетін гиацинт өсімдігін өсіреді. Ол грек тілінен аударғанда «жаңбыр гүлі» деген мағынаны береді. Грек аңызы бойынша, Гиацинт Спарта патшасының ұлы болған. Ол өте сұлу болғандықтан онымен құдайлар да достасты. Оңтүстік желдің құдайы Зефир мен Аполлон құдайы Гиацинтпен жиі күш пен ептілікке сайысты. Бір жолы Аполлон дискті бұлттардың дәл астына лақтырды, ал Зефир жеңілгісі келмей қатты үрледі, құлаған диск Гиацинтке ажалды жара әкелді. Қапаланған Аполлон спарта жігітінің қан тамшыларын таңдаулы гүлдер-гиацинттерге айналдырды. Бақшалы сарыгүлдер ортағасырлық христиандардың пікірі бойынша Құдай ананың ана жүрегінің азаптарын бейнелейді. Алғашқыда сарыгүлдерді Еуропадағы монастырлар мен сарайлардың жанында отырғызылған, кейін қарапайым қала тұрғындары да отырғыза бастады. Гүл өсіруші мамандар ақтан қараға дейін түрлі түсті гүлдерді өсірді. Сарыгүл атауын Ирида ежелгі грек әйел құдайынан алды. Гладиолустың биік гүлденгіш сабағын ежелгі римдіктер қан тамшылаған суырылған семсерге ұқсатты. Латын тілінен аударғанда семсер «гладиус», осыдан гүлдің атауы алынды. Римдіктер гладиолустарды гладиаторларға арнады, ал ортағасырларда гладиолустың баданасын мойнына ілген адам зақымданбайды деген сенім болған. Көптеген ботаниктердің пікірі бойынша, адамдар гүлзарға отырғызған алғашқы гүл - нәркес болып табылады. Ежелгі грек аңызы бойынша, Нәркес есімді жігіт бұлақ суындағы өз бейнесін көріп, ғашық болып қалады. Ұйқы мен тыныштығын жоғалтып ол күнде бұлақ суына қайта оралатын, соңында мүлдем жоқ болып кетті. Ал бұлақ жағасында хош иісті ақ гүл өсіп шықты. Раушанды гүлдердің патшайымы деп атайды. Оның отаны - Парсы елі, ежелде Гүлістан «раушан бағы» деп аталған. Ежелгі гректерде бұл гүл махаббаттың, ал католиктерде ерекше рақымшылықтың символы болып саналатын. Францияда раушан гүлдерін өсіру құқығы бәрінде болмаған. Бүгінде раушан гүлдерінің 30 мыңнан аса түрі бар, олардың өсірілуі көбісі атақты адамдар немесе белгілі бір оқиғалармен байланыстырылған.

Негізгі бөлім

  1. Алқалар тұқымдасы

Алқалар тұқымдасы (Solanaceae) - қос жарнақты, бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Бұта түрінде кездеседі. Дүние жүзінде тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерде кездесетін 80 - 90 туысы, 2500-дей түрі белгілі. Қазақстанда Алқалар тұқымдасының 11 туыс, 23 түрі бар. Бүтін жиекті немесе тілімденген жапырағы тік не жатаған сабағына кезек орналасады. Гүлі қос жынысты. Гүлшоғыры бұйра болады. 5 тостағанша жапырағы бірігіп, жоғарғы жағы тілімденген. 5 күлте жапырағы, бірігіп қысқа түтік түзеді. Аталығы 5, аналығы біреу. Жемісі - көп тұқымды жидек, түйнек немесе қауашақ. Алқалар тұқымдасы негізінен аса бағалы тағамдық (баклажан, қызыл бұрыш, қызанақ, картоп, т. б. ), сәндік және техникалық (темекі) өсімдіктер болып саналады. Олардың құрамында бірнеше улы алкалоидтар болады, сондықтан оларды мал жемейді. Жабайы түрлерінен дәрі алынады.

Алқа тұқымдас өсімдіктердің ортақ белгілері

Алқа тұқымдастардың ғаламшарымызда 2900-ге жуық түрі бар. Бұлардың көпшілігі мәдени өсімдіктер. Алқа тұқымдастардың жабайы түрлері де көп. Ауа райы ыстық елдерде бұталы және сабақтары шырмалып өсетін де түрлері бар. Әсіресе Оңтүстік Америкада алқа тұқымдастардың жабайы өсетін түрлері көп. Қазақстанда 23 түрі кездеседі, көпшілігі қолдан өсіріледі. Бұлар - күлтелері тұтасқан, жапырақтары кезектесіп орналасатын шөптекті өсімдіктер. Гүлдері гүлшоғырда немесе жеке-дара орналасады. Гүлі кіріккен 5 тостағанша жапырақшалар, кіріккен 5 күлте жапырақшадан тұрады. Сондықтан бұл өсімдіктер кіріккенкүлтелілер деп аталады. Күлте жапырақшалардың түп жағы қысқа түтікшеге бірігіп, қоңырау тәрізді болады. Оның ортасында 5 аталық, екі жемісжапырақшалы аналық орналасады. Бұлар - жоғары жатынды өсімдіктер. Бірнеше симметрияга бөлетін сызықтар жүргізуге болатындықтан, алқа тұқымдастар дұрыс гүлді (*) өсімдіктер болып есептеледі. Гүл формуласы: *Т (5) К (5) А 5 Ж (2) . Жемісі - жидек немесе қауашақ.

2. Алқалар тұқымдасының түрлері

Тағамға пайдаланылатын баклажан, қызанақ, болгар бұрышы, өзге де көкөністер өздеріңе бұрыннан мәлім. Дәрілік, сәндік және улы өсімдіктері де бар. Арамшөп ретінде белгілі меңдуана, сасық меңдуана - нағыз улы өсімдіктер. Сонымен бірге олар дәрілік өсімдіктерге де жатады. Меңдуаналардың жапырағы мен тұқымы демікпеге, құрыспа ауруларға дәрі ретінде пайдаланылады. Шырайгүл(петуния) және қызылқұлақ(физалис) сәндік өсімдіктер болып табылады. Шырайгүл күтім талғамайды және ұзақ гүлдеп тұрады.

3. Шырайгүл өсімді, ерекшелігі

Шырайгүл - бразилья сөзінен шыққан 'реtun‘-табак. Ең алғаш шырайгүл сорты Монтевидео (Уругвай) маңайынан 1793 жылы табылды. Шырайгүлдің Оңтүстік Америкадан шыққан 25-ке жуық түрі бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біріккен күлтелілік қатары. Айлаулықтар, сабынкөктер, алқалар тұқымдасына сипаттама
Педагогикалық практикадан есеп
Дәндік жүгері өсіру технологиясы
Майкененің өсіру технологиясы
Тарының халық шаруашылығындағы маңызы
Қарақұмық топырақ таңдайтын дақыл
Солтүстік Қазақстан жағдайында жүгері негізгі сүрлемдік дақыл
Жүгеріні өсіру технологиясы жайлы
Майкененің халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі
Қант қызылшасын тұқымға өсіру технологиясы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz