Аталықтардың белсіздігі


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Аталықтардың белсіздігі

Тексерген:Мухамедиева. Н.

Топ:ВМ-201

Орындығын:Қанатова Б.

Семей 2015

Жоспар

I. Кіпіспе

II. Негізгі бөлім

2. 1. Белсіздік

2. 2. Белсіздік белгілері

2. 3. Бедеулік

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Ветеринарияның алдында тұрған ең негізгі міндет - мал шаруашылығының ветеринарлық тазалығын сақтау, адамдардың денсаулығын мал мен адамға ортақ аурулардан қорғау, жоғары сапалы ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және территорияны малдардың аса қауіпті ауруларының енуінен қорғау болып табылады.

Акушер, гинекология және өсіп-өну биотехнологиясының ауылшаруашылығындағы маңызы зор. Дұрыс ұйымдастырылған акушер-гинекологиялық жұмыстардың нәтижесінде шаруашылықта төл алудан жоғарғы жетістіктерге жетіп, мал басын көбейтуге, жұқпалы аурулардың алдын алу мүмкіншілігіміз бар. Сонымен қатар аурудың пайда болу себептерін, ауруды анықтау әдістерін, емдеу әрекеттерін және алдын алу, сақтандыру шараларын жетік игеру қажет.

Белсіздік, импотенция (латынша: impotentia - әлсіздік, дәрменсіздік) - еркектің жыныс қабілетінің нашарлауы немесе оған мүлдем қабілетсіз болуы. Мамандар белсіздікті дербес ауруға жатқызбайды, оны орталық жүйке жүйесінің бұзылуынан, эндокриндік бездердің сырқатынан, ұзаққа созылған аурудың (мерез, соз, т. б. ) салдарынан пайда болатын жағдай санайды. Белсіздік туғаннан және кәріліктен, маскүнемдіктен де, ретсіз жыныстық азғындану жолына түсушіліктен де орын алады. Егерде мал миының қызметі бұзылса, оның жыныстық шабытының күшеюі немесе тежелуі мүмкін. Жыныстық шабытқа малдың көңіл күйі де әсер етеді.

Аталық жыныс жасушасы , спермий (грек. spеrma - тұқым) - аналық тұқым жасушасымен қосылып, жануарлар мен өсімдіктердің жыныстық көбеюіне қатысатын ұрық жасушасы.

Аталық жыныс жасушасы үш бөлімнен: қасәулелі протоплазмалық және ұзын сәулелі талшықты астроциттер. Қысқасәулелі протоплазмалық астроциттер - орталық жүйке жүйесі мүшелерінің сүр затында, ал ұзын сәулелі талшықты астроциттер - аталған мүшелердің ақ затында орналасады. Қысқа сәулелі прото-плазмалық астроциттің тармақталған қысқа өсінділері болады. Ол зат алмасу және оқшаулау қызметгерін атқарады. Ұзын сәулелі талшықты астроциттің жүйкелік глия талшықтарына айналатын жіңішке де ұзын келген 30-40 шақты өсіңділері болады. Нейроглия талшықтары - қан тамырлары мен ми және жұлынның сыртқы бетіндегі оқшаулау жарғақтарын түзуге қатысады.

Сперматозоид (грек. Sperma, spermatos - ұрық, zoon - тіршілік иесі және eіdos - түр) - адамның, жануарлар мен көптеген өсімдіктердің жетілген гаплоидты аталық жыныс клеткасы. 1677 жылы сперматозоидты сүтқоректілердің спермасынан Антони ван Левенгук тапты. Ал сперматозоид терминін ғылымға 1827 жылы К. М. Бэр енгізді. Сперматозоид сперматогенез процесінің (адам мен жануарлар аталық безінде сперматозоидтардың түзілуі) нәтижесінде пайда болып, аналық жұмыртқа клетканы ұрықтандырады. Сперматозоидпен аналық жұмыртқа қосылғаннан кейін зигота түзіледі де, ұрықтың дамуы басталады. Жануарлардағы сперматозоидтың ұзындығы әр түрлі болады. Мысалы, омыртқалы жануарларда 10 - 100 мкм, жәндіктерде бірнеше мм-дей болады. Адам сперматозоидының орталық көлемі 16 - 19 мкм3.

Сперматозоидтар талшықты және талшықсыз болып бөлінеді. Кәдімгі талшықты сперматозоидтар барлық омыртқалы жануарлар мен көптеген омыртқасыздарға тән. Талшығы (құйрығы) қозғалу қызметін атқарып, сперматозоидты жылжытады, онда аденозин үш фосфор қышқылын ыдырататын белок, денесінде қысқа басы болады. Басында аталық тұқым қуалайтын материал сақтайтын ядросы бар. Оның алдыңғы жағында акросома (Сперматозоидтың жұмыртқа қабығы арқылы өтуіне жағдай жасайды) орналасқан. Сперматозоидтардың тіршілік ету ұзақтығы да әр түрлі. Мысалы, әйелдің жатырында 2, 5 сағат, жылқының жыныс жолында 5 - 6 тәулік, қоянда - 30 сағат, құстарда - 3 апта, жабайы араларда - 3 - 4 жылға созылады. Талшықсыз сперматозоидтар құрттарға, көпаяқтыларға, шаянтәрізділер мен кенелерге тән. Ал реликт термиттерде (Mastotermes darwіnіesіs) ғана көп талшықты сперматозоидтар (100-ге жуық, олар жай қозғалады, акросомалары болмайды) кездеседі.

Ғылыми әдебиеттегі мәліметтерге сүйенетін болсақ мал бедеулігінің алдын алуда ең алдымен бедеулікке әкелетін факторларды және бедеулік түрлерін анықтап алған дұрыс деп есептейміз. Бүгінгі таңда теориялық және тәжрибелік тұрғыдан алғанда профессор А. П. Студенцовтың мал бедеулігі туралы ілімі негізге алынады. Профессор А. П. Студенцов бедеулікке байланысты төмендегі ұғымдарды ұсынады және ол туралы жақсы мәлімет бере білген:

1. Төлшендік-малдың үнемі тұқым беру қаблеті.

2. Бедеулік-өсіп-өну қызметінің бұзылуы.

3. Аналық малдың төлшендігі-бір буаздық кезіндегі аналық жатырындағы дамып, туған төл саны.

Бедеулік - дегеніміз малдың уақытша ұрықтанбай, төл береалмай қалуы, бағып - күтудің нашарлығынан, жыныс мүшелерінің ауру салдарынан туындайтын күрделі биологиялық құбылыс.

Қысыр қалу - дегеніміз экономикалық тұрғыдан алғанда келесі есеп беру жыл басындағы аналық мал басына шаққандағы алынған төл басының саны. Мысалы есептегі 100 бас сиырдың 80 басы тірі өміршең төл берсе, 20 пайызы қысыр қалды деп есептеледі.

А. Ю. Тарасевич бедеуліктің төменгі себептерін анықтаған: 1. Экстрогениталдық - малдың жасының ұлғайуы, эндокриндік безінің қызметінің бұзылуы, жүйке және сүт безі қызметінің бұзылуы, инвазиялық және індетті аурулар.

2. Интрогениталды - аналық безінің күлдіреуігі, персистенттік сары дене, эндометриттер, анофродезия, нимфомания, ұрықтану және зиготаның теліну кезіндегі жатыр қызметінің бұзылуы.

3. Экзогендік-алиментарлық факторлар - моционның болмауы, күн сәулесінің жетіспеуінен туындайды.

Н. Ф. Мышкиннің айтуынша бедеуліктің негізгі себебі аналық және аталық малдың жыныс мүшелерінің аурулары. Ал П. А. Волосков малшарушылығындағы қолдан ұрықтандыру кезіндегі кемшіліктер деп есептейді. А. П. Студенцовтың айтуынша бедеулік себептері өткінші, брақ мал организмінде морфологиялық, қызметтік өзгерістерге әкеліп соқтырады.

Туа біткен бедеулік - бедеуліктің бұл түрі атадан балаға берілетін тұқым қуалау, эндокриндік бездердің қызметінің бұзылуы, экологиялық факторлар, туысқандық будандастыру, зат алмасуының бұзылуы, тағы басқа себептер салдарынан туындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аналықтардың бедеулігі
Туғанан кейінгі аурулар туралы ақпарат
Аталықтардың белсіздігі жайлы
Аналықтардың бедеулігі. Аталықтардың белсіздігі.Туғаннан кейінгі кезең аурулары
Аналықтардың бедеулігі. Аталықтардың белсіздігі. Туғанан кейінгі аурулар
Туғаннан кейінгі аурулар. Аналықтардың бедеулігі. Аталықтардың белсіздігі
Цитогенетикадағы зерттеудің негізгі бірлігі - хромосомалар
Ботаника ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Гүл
Асыл тұқымды жылқылардың тіркеу кітабы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz