Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР «Ветеринария туралы» заңы туралы мәлімет


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Минсистрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Факультет: аграрлық
Кафедра: ветеринариялық санитария
БӨЖ
Тақырыбы: Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР «Ветеринария туралы» заңы
Орындаған : Мукатаев Е. Б.
Тексерген: Ахметжанов О. Н. Тобы: ВС-303
Семей 2015
Жоспар
І Кіріспе
1. Ветеринария туралы түсінік
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы заңы»
2. 2 Қазақстандағы ветеринариялық қызметтің құрлымы
2. 3 Ветеринариялық қызметті халықаралық талаптармен үйлестіру
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ветеринария (лат. вет. - малды бағып-қарайтын қызметкер, жануарларды емдейтін маман) - жануарлар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, мал дәрігерлік сараптау және тексеру арқылы санитарлық тұрғыдан таза жануарлар өнімдерін өндіру нәтижесінде, адамзатты антропозооноз (адамға жұғатын) ауруларынан сақтау, сыртқы қоршаған ортаны қорғаудағы ветеринарлық-санитарлық проблемаларды шешу мәселелері туралы ғылыми ілім. Жануарларды емдеу туралы көне мәліметтер 4 мыңыншы жылдардан бері белгілі. Ветеринарияның дамуы медицина, биология, химия, физика және т. б. табиғаттану ғылымдарының дамуымен тікілей байланысты. Ветеринарияның ғылым ретінде қалыптасуына К. Алкмеон, Гиппократ, К. Гален, К. Буржела, Э. Дженнер, В. И. Всеволодов, К. И. Скрябин, С. Н. Вышелесский және т. б. ғалымдар атсалысқан. Ветеринария - қалыпты анатомия, гистология, физиология, биохимия, патологиялық анатомия және физиология, ветеринарлық микробиология және вирусология, эпизоотология, паразитология, ветеринарлық санитария, ветеринарлық-санитарлық сараптау, клиникалық анықтау (диагностика), емдеу (терапия), хирургия (оташылық), фармакология, жануарлар гигиенасы, ветеринарлық акушерлік және гинекология сияқты ғылыми салаларды біріктіреді.
Ветеринарияның алдыңда тұрған кезек күттірмейтін мәселелер: жануарларды жұқпалы аурулардан қорғаудың жаңа әдістерін (оның ішінде вирусты және гельминтозды - құрт ауруларды) табу, осы аурулардан адамзатты қорғау, елі- міздегі ветеринарлық жағрапияны зерттеу арқылы жұқпалы аурулар таралуының алдын алу, шаруашылық қожалықтарындағы малдарды жұқпалы аурулардан сақтау және ауырған малды емдеу, сөйтіп, мал басының көбеюіне тікелей ықпал ету. Қазақстан Республикасында жүргізілетін ветеринариялық қызметтің негізігі мақсаты шаруашылықтарда ветеринариялық шараларды сапалы әрі уақытылы жүргізіп, жануарларды жұқпалы емес, жұқпалы және паразиттік аурулардан тазарту, қауіпті індеттерден адамды сақтандыру, мал ауруын азайту, шығынға жол бермей, шаруашылықтарға келтіретін зиянды барынша азайту болып саналады. Ветеринария саласының экономикалық, биологиялық және медициналық санитариялық маңызы да жоғары. Әлемнің және республикамыздың ветеринария саласындағы жетістіктері де айтуға тұрарлықтай. Көрнекті ғалымдардың жан жақты жүргізген ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде жануарлардың көптеген ауруларын жою әдістері және аурулардан сақтандырудың жолдары ойластырылып табылған. Сондай ақ Қазақстан Республикасында сиыр обасы, ала өкпе қабынуы, жылқы маңқасы жойылған.
Қазақстан Республикасында жануарлар ауруларымен күресу шаралары ҚР Президенті бекіткен (Бірінші заң 1995 жылы 25маусымда, екіншісі 2002 жылы 10 шілдеде қабылданған, заң 6 тараудан 37 баптан тұрады) . «Ветеринария туралы заң» негізінде, Үкімет жарғылары және ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринария туралы заң актілері мен нұсқаулары бойынша жүргізіледі. Қазақстанда ветеринария саласын қадағалау органдары мемлекеттің басқаруында болады, жүргізілетін ветеринариялық шаралар жоспарлы түрде, ал аса қауіпті жұқпалы ауруларды және карантиндік шараларды қоспағанда, ветеринариялық жұмыстардың барлық түрлері бәсекелестік ортаға берілген және лицензиялауға жатады. Ветеринариялық препараттарды өндіру саласы да бәсекелестік ортаға қарайды.
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы заңы»
Ветеринариялық істі басқаратын және ветеринариялық қызмет көрсетудің ретін анықтайтын, оның мақсаттарын айқындайтын «Ветеринария туралы заң» аясында ветеринариялық қызмет жүргізіледі. ҚР «Ветеринария туралы заңы» бірінші рет 1995 жылы 25 маусымда, екіншісі 2002 жылы 10 шілдеде қабылданған, заң 6 тараудан 37 баптан тұрады:
Бірінші тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдарға түсініктеме берілген.
2-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары
1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
3-бап. Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер
2-тарау . Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу
4-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясат
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ветеринария саласындағы құзыретi
6-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесi.
7-бап. Ветеринарияны мемлекеттiк басқару органдары
1. Ветеринарияны мемлекеттiк басқару органдарына:
1) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
2) ветеринариялық бақылау постылары бар шекарадағы және көлiктегi мемлекеттiк ветеринариялық қадағалаудың аймақтық бөлiмшелерi;
3) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық бөлiмшелерi;
4) селолық округтердiң, базарлардағы, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау орындары бақылайтын жүктердi өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткiзу жөнiндегi ұйымдардағы ветеринариялық инспекторлары бар ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аудандық (қалалық) аумақтық бөлiмшелерi жатады.
2. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары - Қазақстан Республикасы мен тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторлары, ал олардың орынбасарлары Қазақстан Республикасы мен тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторларының орынбасарлары болып табылады. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң тиiстi лауазымдарына қоса «бас мемлекеттiк ветеринариялық инспектор», «бас мемлекеттiк ветеринариялық инспектордың орынбасары» деген арнаулы атаулар бepyгe құқылы.
8-бап. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi
9-бап. Мемлекеттiк органдардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелерi
10-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті;
10-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң құзыретi. Осы Заң ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негiздерiн айқындайды, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған.
2. 2 Қазақстандағы ветеринариялық қызметтің құрлымы
Республикамыздағы ветеринария қызметі бірегей мақсатпен арнайы қызмет атқарушы органдар, мекемелер, ұйымдар және қызметтер жүйесінен тұрады. Олар ветеринариялық қызметті тікелей атқарушы және оған тиісті жағдай туғызып, қамтамасыз етуші болып екі топқа бөлінеді. Статистикалық деректер бойынша ветеринария мамандарының 80% астамы бірінші топтағы ұйымдармен мекемелерде істейді. Бұл мамандар тікелей мал шаруашылығында және сонымен өндірістік байланысы бар кәсіпорындарда, көлікте, сауда саттық жүйесінде ветеринариялық қызмет атқарады. Бұл топқа мемлекеттік және жеке меншік ветеринариялық қызметтер кіреді.
Екінші топтағы ұйымдар мен мекемелерге жататындар:
- ветеринариялық ғылыми зерттеу институттары, станциялары, лабораториялары;
- биопрепараттар өндіруші кәсіпорындары, лабораториялары, дәрі дәрмек, құрал жабдық шығаратын кәсіпорындар және олардың өнімдерін тұтынушыға жеткізуші зооветжабдықтау жүйесі;
- жоғары және арнаулы орта білім беруші ветеринариялық медицина оқу орындары.
Осы топтағы мекемелер мен кәсіпорындар ветеринарияның дамуына, талапқа сай жұмысын атқаруға зор ықпалын тигізеді. Шынында да ғылыми зерттеу ветеринариялық шараларды табуға, жетілдіруге мүмкіндік береді; оқу орындары мамандар даярлайды; кәсіпорындар препараттар мен құрал жабдықтарды өндіреді. Олардың жұмысы ветеринарияны ғылыми және материалдық техникалық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған.
Еліміздің ветеринариялық жүйесі мемлекет тарапынан құрылады. Сондықтан барлық ветеринариялық органдар, мекемелер мемлекеттік ветеринарияға жатады. Олардың барлығы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесіне кіреді. Мемлекеттік ветеринарияға ерекше міндеттер жүктелген, арнайы құқықтар берілген. Сондықтан ол ветеринариялық шараларды жоспарлауда, ұйымдастыруда жетекші роль атқарады. Ветеринария саласында мемлекеттік саясат жүргізіп, оның мүддесін қорғайды. Мемлекеттік ветеринарияның мамандарды сұрыптап, тиісті орындарға тағайындауға, қаражат қорларын шоғырландырып, эпизоотиямен күрестің шешуші бағыттарына жұмсауға құқы бар. Сауықтыру шараларын нәтижелі жүргізу үшін және ветеринариялық препараттарды өндіру, жарамдылығы мен сапасын анықтауға ғылыми мүмкіншілікті пайдаланып, білікті ғылым қызметкерлерін тартуға құқықты. Ветеринариялық қызмет еліміздегі әкімшілік аумақтық бөліну принципіне сәйкес ұйымдастырылған. Сондықтан, оның әр сатысы өз құзыры жүретін аймақтағы барлық ветеринариялық нысандарда, ведмостволық бағыныштылығына қарамастан, тиісті міндеттерін атқарады. Бірақ, тасымалдау жүйесіндегі және шекарадағы ветеринариялық бақылау қызметтері тікелей Республикалық Ветеринариялық бақылау Комитетіне бағынады. Елімізде жекеменшік кәсіпкерлік ветеринария нарыққа өтпелі кезеңде заман талабы бойынша туындады. Ветеринариялық қызметтің бұл түріне жекеменшік әдісімен қызмет етуші дәрігерлер, ветфельдшерлер, препараттар мен мүліктер өндіруші шағын кәсіпорындар, кооперативтер, серіктестіктер, бірлестіктер, сондай ақ лабораториялар және т. б. жатады. Жекеменшік кәсіпкерлік қызметветеринарияны басқарушы мемлекеттік органдардың рұқсатымен (лицензиясымен) тиісті әкімшілік аумақта жұмыс істейді. Оларға ҚР «Ветеринария туралы заңы» бойынша ауырған малдарды емдеуге, аурулардың алдын алу шараларын жүргізіп, малдың денсаулығы туралы құжаттар беруге рұқсат берілген. Егер жұқпалы аурулардың белгілерін байқаса, мемлекеттік ветеринарияға тез хабар беріп, ауру ошағын жоюға шаралар қолданады, қарантиндік шаралар жүргізуге қатысады. Жекеменшік қызметтің жұмысына мемлекеттік ветеринариялық органдар басшылық етіп, үстінен бақылау жасайды. Ветеринариялық қызмет өз міндетін атқару үшін қажетті керек жарақпен қамтамасыз етуді, яғни жабдықтауды талап етеді. Бұл ауыл шаруашылығы Министрлігінің негізгі қызметтерінің бірі болып саналады. Ветеринарияны жабдықтауды ұйымдастыру, басқару және бақылау үшін арнайы орган және мекемелер жүйесі құрылған, оны «қаззооветжабдықтау» деп атайды. Жабдықтау көлемі аудандарда, облыстарда және бүкіл республика бойынша жоспарланған ветеринариялық шаралар көлеміне байланысты болады. Негізгі жабдықтау бұйымдарына: биологиялық препараттар, дәрі дәрмектер, залалсыздандырғыш заттар, лабораториялық жабдықтар мен реактивтер, түрлі аспаптар, таңғыш заттар, арнайы киімдер және т. б. жатады.
Қазақстан бойынша ветеринарияда қолданылатын тауарлар өндіруші кәсіпорындар бұрыннан салынбаған. Қазір шприцтер, дәрі дәрмек өндіруші және т. б. ветеринариялық, медициналық өнімдер шығаратын кәсіпорындар ашылуда. Бірақ, негізгі мұқтаждықты өтеу үшін осы кәсіпорындардың өнімдері жеткіліксіз болғандықтан, көпшілік тауарлар алыс жақын шетелдерден сатып алынады.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz