Жұмыс мазмұнын талдау. Қызметтік нұсқау туралы


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қалалық Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

ОӨЖ

Тақырыбы: Жұмыс мазмұнын талдау. Қызметтік нұсқау.

Тексерген: Кушуков Г. С.

Орындаған : Қалелов Т.

Топ: ГУ-307

Семей - 2015

Жоспар:

  1. Жұмыс мазмұнын талдау.
  2. Қызметтік нұсқау.
  3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

I. Жұмыс мазмұнын талдау.

Жұмыс мазмұнын талдау - бүл жұмыстардың мазмұнын жүйелі және терең зерттеу үдерісі. Мұндай талдауды әр түрлі тәсілдерді пайдалану арқылы жүргізуге болады. Егер бұл күнделікті әр түрлі жұмыстарға қатынасты болса, онда жаксы бакылау акпарат көздері есебіңде күнделікті бақылау жүргізген жөн. Кей бір жағдайда бұл ақпаратты алу үшін тікелей орындаушылар мен олардын бастыктарының (шеберлер, бригадирлер және т. б. ) көмегіне жұгінеді. Дегенмен мұндай зерттеулерде субъективті факторлардың әсері күшті болады.

Жұмыс мазмұнын талдау арқылы лауазымдық нұсқауларды жасауға мүмкіндік туады. Бұл іс қағазында орындаушылардың негізгі мәселелері, керекті дағдылары, жауапкершіліктері және құрылымы көрсетіледі

Персоналды басқару мазмұны. Персоналды басқару әдістері бұл ұйымның алға қойған мақсаттарына жету үшін басқарушылық объектіге әсер ететін әдістердің жиынтығы.

1. Ұйымдастырушы әкімшілік әдістері еңбек тәртібінің қажеттілігін, жауапкершілікті адамның белгілі бір ұйымда тікелей директивалық нұсқауларға негізделген жағдайларда еңбек ету керектігін түсінген саналы мотивке (уәжге) бағытталған. Ұйымдастырушы әкімшілік әдістері негізінде жетекшінің билігіне, оның құқығына, тәртіпті ұйымдастыру мәніне және жауапкершілігіне тіреледі. Ұйымдастырушы әкімшілік әдістері бұйрық, шешім, қаулы, жарғы және т. б. жатады. Бұйрық - басқарушының ӛкілеттілігін міндетті түрде орындау. Құжаты. Ол жалпы, жеке, ауызша, жазбаша болуы мүмкін. Шешім - басқарушының бағынушыға берген оның нәтижесі туралы хабарлама. Қаулы - белгілі шешім қабылдауда ұжымдық басқару органдарымен қабылданған акт. Жарғы - нақты орындаушыға бағытталған басқару шешімінің формасы.

2. Басқарудың экономикалық әдісі - негізгі нәсілдердің қатарына жатады және келесі түрде жүзеге асырылады: жоспарлау, талдау, шаруашылық есеп, бағаның қалыптасуы, қаржыландыру, ұжымдық материалдық қорды, таза табысты, еңбек ақыны пайдалануда өз билігін жүргізу, экономикалық мүдделерін, жаңа мүмкіндіктерді және пайда болған резервтерді пайдалануға экономикалық тәуелсіздік алуға мүмкіншілік беру. Персоналды басқарудың экономикалық әдістеріне техникалық экономикалық талдауларда жатады. Экономикалық әдістер басқарудың барлық деңгейінде қолданылады.

3. Әлеуметтік - психологиялық әдістер еңбек ұжымында кездесетін жеке қарым-қатынастар байланысына әсер ететін арнайы әдістердің жиынтығын білдіреді. Экономикалық - әлеуметтік әсер ету әдістемелері мен тәсілдері кӛп жағдайда жетекшінің дайындығы, жеке білім деңгейі, ұйымдастырушылық қабілеті мен психология саласындағы білімдерімен анықталады.

Кәсіпорын деңгейінде әлеуметтік - психологиялық әдістердің мына түрлері қолданылады: сұрау, интервью, әңгімелесу, тест, анкета.

Сұрау әдісі - бұл нақты сұраққа бір жақты жауап беру (иә, жоқ) ақпарат алу үшін қолданылатын әдіс. Әңгімелесу - сұраққа жауап беру.

Интервью - сұраққа жауап беру арқылы, бірақ барлық алынған жауаптар, сұрақтар жазылып отырады.

Анкета - жазбаша түрде дайын жауапқа жауап беру.

Тест - дұрыс жауапты таңдау.

Персоналдық басқарудың мазмұны - кәсіпорынның тиімді әрекет етуі мен ондағы жұмыс істейтіндердің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыскердің еңбек ету сапасын пайдалану үшін жағдай жасау, кәсіпорын деңгейіндегі жұмысшы күшін қалыптастыру, бөлу, қайта бөлу процестеріне өзара байланысқан ұйымдастырушы экономикалық және әлеуметтік шаралардың көмегімен жүйелі, жоспарлы түрде ұйымдастырылған әсері.

Жұмысқа қабылдау үдерісі келесі кезеңдерден тұрады:

  • бос орында жұмыс істеу үшін үміткерлерге койылатын талаптарды нактылау;
  • үміткерлерді іріктеп алу;
  • үміткерлерді сұрыптап алу;
  • жұмысқа қабылдау.

Жұмысқа үміткерлерді іріктеу процессін жеңілдету үшін лауазымдық нұсқаудан басқа берілген лауазымды жұмысты тиянакты орындау үшін керек болатын талаптардын сипаттамасы көрсетілген іс кағаздары болуға тиісті:

  • мамандық картасы;
  • біліктілік картасы (тамаша қызметкердің суреті) . Лауазымдық нұсқау негізінде жасалған мамандык карта төмен дегідей мамандыктың сипаттамасынан тұрады: жалпы білімі; арнайы білімі; шет тілін білуі; компьютерде жұмыс іс тей білуі және т. б.

II . Қызметтік нұсқау.

Қызметтік нұсқау дегеніміз - ұйым ішінде белгілі бір қызметті орындаушы қызметкердің негізгі функциялары, міндеттері, құқықтары мен барлық жауаптылығы ашық көрсетілген құжат. Ол ұйым ішіндегі әрбір штаттық қызмет бойынша жасалады және де ол белгілі бір тарапқа негізделмеген болуы тиіс. Қызметтік нұсқау еңбек келісім-шартын жасасу барысында (оның ішінде өзге қызметке ауысуда, не уақытша қызметтің міндетін орындауда да) қызметкерге таныс етіледі. Қызметкер бұл құжатпен танысқаны жөнінде қол қояды.

Кәсіпорын ашқаннан кейін персоналға қатысты тиісті жоспарларыңызды орындап, еңбек ресурстарына деген қажеттілігіңізді анықтап болған соң, өзіңізге қажет қызметкердің жұмысына қатысты барлық ерекшеліктерді бүге-шігесіне дейін белгілеп, көрсетіп қойғаныңыз дұрыс. Бұл үшін қызметтік нұсқау әзірлеу керек. Қызметтік нұсқау дегеніміз - ұйым ішінде белгілі бір қызметті орындаушы қызметкердің негізгі функциялары, міндеттері, құқықтары мен барлық жауаптылығы ашық көрсетілген құжат. Ол ұйым ішіндегі әрбір штаттық қызмет бойынша жасалады және де ол белгілі бір тарапқа негізделмеген болуы тиіс. Қызметтік нұсқау еңбек келісім-шартын жасасу барысында (оның ішінде өзге қызметке ауысуда, не уақытша қызметтің міндетін орындауда да) қызметкерге таныс етіледі. Қызметкер бұл құжатпен танысқаны жөнінде қол қояды. Бұл құжат, сондай-ақ, басқарушы мен оның қол астындағы, қарамағындағы қызметкердің ара-қатынасын реттеп, белгілеп анықтап отырады, ұйым ішіндегі ақпараттар ағынын реттеп, үйлестіреді.

Енді төменде бұл құжаттың құрылымдарына тоқтала кетейік:

1. Жалпы жағдайлар

  • Қызметкер жайлы ақпарат (штаттағы есеп бойынша), қызметтік нұсқау арқылы реттеліп отыруы тиіс қызметкердің міндеттері, құқығы мен жауапкершілігі. Егер мәселе жаңа бағыт туралы болатын болса, онда бұл тармақ өте маңызды. Бұл тұрғыда белгіленген нұсқау атқарылуы тиіс жұмыстың мазмұнын барынша ашық етіп көрсетуі керек және де оны қызметкер де, өзге адамдар да оң қабақ, шын көңіл-ниетпен қабылдайтындай етіп.
  • Қызметке тағайындау және қызметкерді орнынан алу тәртібі. Бұл арада қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы шешімдерді кім қабылдауы тиіс екендігін анықтап алғаныңыз жөн.
  • Қызметкердің тікелей бағыныштылығы. Бұл арада қызметкер кімге бағынуы тиіс, сол сияқты тікелей басшы болмаған жағдайда басшылық кімнің құзырына өтеді - осы жағын толыққанды ашып көрсететін болыңыз.
  • Қызметкерге кім бағынышты, қызметтер мен қол астындағылардың, қарамағындағылардың саны. Бұл арада мәселе бір саты төмен тұрған персонал жайында, яғни олар тікелей өз басшысына (сіз белгілеген қызметкерге) бағынады.
  • Қызметкердің білімі мен тәжірибелігіне, еңбектегі дағды-машығына қатысты талаптар. Қызметкердің Компанияның ішкі тәртіп-ережелерін реттеуші құжаттар мен техникалық қауіпсіздік нұсқауларымен, тәртіптерімен, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауға қатысты барлық құжаттармен танысып, оларды меңгере білуіне қатысты талаптар. Сол сияқты бұл арада аталған қызметті орындауға тағайындалуы үшін қызметкер бір шама қажет талаптарды қанағаттандыра алатындай болуы керек, айталық, ең алдымен, білім деңгейі және кәсіби біліктілігіне қатысты талаптар.
  • Егер қызметкер уақытша жұмыс орнында болмаса, оны алмастыру жөніндегі мәліметтер. Бұл арада қызметкердің қысқа не ұзақ мерзімде жұмыс орнында болмауы себепті оны алмастыру қажет пе, қажет болса, оның қызметін кім атқарады деген тұрғыдағы мәселелерді анықтап алғаныңыз дұрыс.

2. Функционалдық міндеттер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыс мазмұнын талдау. Қызметтік нұсқау
Жұмыс мазмұнын талдау
Фирманың тауар саясаты
Білім басқарудың мемлекеттік – қоғамдық жүйелері
Мектеп директорының қызметтік міндеттері
Педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері
Қазіргі замандағы оқытудың негізгі бағыттары
Іс қағаздары компьютерде басуда ескерілетін емле ережелері
Мектеп педагогикалық жүйе және ғылыми басқару нысаны ретінде
Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларының танымдық үрдістерін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz