Өндірістік партияларды жинақтау


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекттік университеті
БАӨЖ
Тақырып: Өндірістік партияларды жинақтау.
Орындаған : Қожабекова Б. Б
Топ : ТК-223
Тексерген: Бауыржанов А. З
Семей қ . 2015жыл
Жоспар:
1. Өндіріс ұғымына түсініктеме.
2. Өндіріс түрлері.
3. Өндіріс партиларын жинақтау.
Өндіріс - өнімді шығару үрдісі.
Автоматтандырылған өндіріс - барлық өндірістік компоненттерінің жұмысын (технологиялық жабдықтар, қоймалық және көлік жүйелері, жинақтау учаскелері және т. б. ) компоненттер қызметі бағдарламасы, сөйтіп, өндіріс объектісі ауысқан кезде технологияларды жедел қайта құруды қамтамасыз ететін біртұтас көп деңгейлі басқару жүйелерін үйлестіретін өндіріс белгісі (линия, участок, цех - завод) .
Дара өндіріс - жасап шығарылатын және жөнделетін бұйымдарды аз көлемде шығару және кең номенклатурамен сипатталатын өндіріс.
Массалық өндіріс - ұзақ уақыт бойы үздіксіз жасалынатын немесе жөнделетін бұйымдарды үлкен көлемде шығару мен аз номенклатурамен сипатталатың өндіріс.
Тәжірибелік өндіріс - қайта жобаланылатын өндірістің технологиялық құжаттамасын және конструкциясын жасап шығару немесе зерттеулер жүргізу үшін бұйымдарды үлгілер партиялар мен серияларлық етіп өндіру.
Өнеркәсіп өндірісі - өнеркәсіп өндірісі бірліктерінде (линияларда, учаскелерде, цехтарда, заводтарда) өнім шығару.
Сериялық өндіріс - мерзімді партиялап қайталынатын жөндеу немесе жасап шығару бұйымдарының салыстырмалы түрде көп көлемде шығарумен және шектеулі номенклатурамен сипатталатын өндіріс.
Өндірістік партияларды жинақтау. Кең сұрыптамаға қарамастан, аң терісі - үлбір шикізат түрлерінің көпшілігі кейбір жалпы белгілерге ие, олар технологиялық үдерісті құрудың жалпы қағидалы сызбасын және біріңғай тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді. Терілерді өңдеудің үдерістері мен операцияларын шартты түрде келесі түрмен топтастыруға болады: өндірістік партияларды жинақтау, дайындау операциялары, өңдеу және бөлу операциялары.
Стандартты және өндірістік белгілері бойынша бір текті және біруақытты бір жабдықта өңделетін және біріңғай құжат бойынша бір операциядан басқасына берілетін терілердің тобын өндірістік партия деп атайды. Тұқымы және кряжасы, қалбырлау әдісі, тері ұлпасының қалыңдығы, сұрпы, ақаулар тобы, ауданы, түсі және жүнді жабындының қоюлығы-өздерінің негізгі белгілері бойынша шамамен бірдей терілерден өндірістік партияларды жинақтайды.
Өндірістік партияның өлшемін ( даралар санын, шикізат салмағын) жабдықтың сиымдылығына байланысты белгілейді. Шикізаттардың көптеген түрлері үшін есептік ретінде терілердің салмағы қабылданған. Қой терісі партиясының өлшемін сондай-ақ терілердің жалпы ауданының, олардың жүнділігінің, қалбырлау әдісінің есебімен белгілейді.
Шикізаттың өндірістік партиясын терілердің нақты түрін өңдеудің істегі технологиясының талаптарына сәйкес жинақтайды. Сақтауға арналған терілерді жинау алдында өндірістік партияны жинақтауға жол беріледі. Шикізаттың жинақталған өндірістік партиясын өңдеуге жіберудің алдында өлшейді.
Өндірістік партияның көлемі және оны құратын терілердің сапалық сипаты туралы мәліметтердің негзінде шикізатты жіберуге жөнелтпе құжатты және өндірістік төл құжатты рәсімдейді. Партияның сапасы мен көлемі туралы мәліметтерді шикізат шығынының ведомосіне және шикізат қозғалысын есептеу карточкасына енгізеді.
Шикізат дайындау цехінің бөлмесінде жинақталған терілердің өндірістік партиясын, терілерді өңдеудің істегі технология талаптарына және шикізат партиясының техникалық құжаттама мәліметтеріне, таңбалауға терілерде дәйекті сапасының сәйкестігін тексере отырып, шикізатты бояу өндірісінің өкілі саны және сапасы бойынша қабылдайды.
Сапасы бойынша қабылдау тұтастай немесе іріктей бақылау жолымен жүргізілуі мүмкін.
Қабыл дауға ұсынылатын өндірістік партияға партияның көлемінен ауытқуларға жол берілуі, %, артық емес;
- Өлшемді бойынша, ауданы бойынша 2;
- Сұрыптылығы бойынша (аралас сұрыптауға) 5;
- Ақаулардың тобы бойынша 2;
- Кряжалар бойынша 3;
- Түсі бойынша 5;
- Тері ұлпасының ұалыңдығы бойынша 5.
Айырмалардың жалпы қосындысы партияның құнынан 0, 5% аспауы керек. Іріктеуге терілерді жүйелеу әдісімен алады: біріншісі -алғашқы 10 теріден туынды ерікті, кейінгілері - әр бір он теріден кейін. Әртүрлі сапа градацияларының терілер санына пропорционалды бақыланатын партияның әртүрлі бөліктерінен терілерді алуға жол беріледі. Егер іріктеуде терілер сапасын тексеру барысында табылған ауытқулардың саны белгіленген рұқсаттардан аспаса, партия шығару құжаттары бойынша қабылдануы мүмкін. Егер іріктеу бойынша ауытқулар белгіленген рұқсаттардан асып кетсе партия ақаулы деп танылады, яғни тұтас бақылау жолымен сапа көрсеткіштері көрсетілген таңбалауға сәйкес келмейтін терілерді бөледі. Бұл терілер сапа көрсеткіштері таңбалауға сәйкес келетін терілермен алмастырылады немесе партия толықтай қоймаға қайтарылады және құжаттармен сәйкесті рәсімделеді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
2. edu. semgu. kz
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz