Ғұндар. саяси тарихы. шаруашылығы. мәдениеті


ҒҰНДАР. САЯСИ ТАРИХЫ. ШАРУАШЫЛЫҒЫ. МӘДЕНИЕТІ
Б. з. д. 2-1 ғасырда тарихқа “Халықтардың ұлы қоныс аударуын” әкелген ғұндар Қазақстан жеріне Орта Азиядан келді. Тарихи әдебиеттерде олар “хунну, сюнну” деген атпен белгілі. Ғұндар Атилланың басшылығымен Европаны ойрандап, атақты Рим империясын құлатып халықтардың ұлы қоныс аударуына негіз болды. Территориясы: Забайкальеден тибетке дейін, Хуанке өзенінен Шығыс Түркістанға дейін болды. 55 жылы құдіретті ғұн мемлекеті - оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Хань империясына ал Чжи-чжи бастаған солтүстік ғұндар Монғолияның солтүстік-батысына орналасқан Қырғыз нұр көлінің маңына орналасты. Ол қаңлылармен бірігіп үйсіндермен, қытаймен ұзақ соғысып, жеңе алмай өзара жанжалдасып тынды. Ғұндардың Қазақстан жеріне екінші рет қоныс аударуы б. з. 93 жылынан басталды. Олар Сырдария, Арал жағасын, Оңтүстік және Батыс Қазақстанды одан әрі Дунайға дейінгі жерлерді алды.
Ғұндардың алғашқы билеушілерінің бірі - Мөде. Ол б. з. б 202-203 жылдары Саян, алтай және Жоғарғы Енисей тайпаларын бағындырған. Осылайша, ғұн державасының солтүстік шекарасын анықтаған. Б. з. б. 200-188 жж. ғұндар Хань династиясы әскерлерімен соғысып, Баден қаласының маңында оларды жеңіліске ұшыратады. Олардың арасында некеге негізделген бейбіт келісімге қол қойылады.
Б. з. б. 174-161 жж. Мөде және оның мұрагері Лаошань юечжи тайпасын жеңіп, Шығыс Түркістандағы ғұндардың батыс шекарасын анықтайды. Б. з. б. 133-71 жж. ғұн тайпалары қытай, үйсін, дунху және енисей динлиндерінің бірлескен күштерінен жеңіліске ұшырайды. Осылайша ғұндардың Орталық Азиядағы саяси үстемдігі дағдарысқа ұшыраған.
Б. з. б. 56-47 жж. ғұндар солтүстік және оңтүстік ғұндар болып екіге бөлінеді. Хуханье- шаньюй бастаған оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын мойындаса, Чжи Чжи - шаньюй бастаған солтүстік ғұндар қаңлылар территориясына көшіп кетеді. Б. з. б 42 ж. Біріккен қаңлы және ғұн әскерлері үйсіндердің астанасын талқандаған. Ал б. з. б. 37-36 жж. қаңлы-ғұн одағы ыдырап, Талас жазығында Чжи Чжи ордасы пайда болады.
Б. зб. 36 жылы ғұн ордасы қытайлармен талқандалып, Чжи Чжи өлтіріледі.
Б. з. 93 ж. Солтүстік ғұндардың Жетісу мен Шығыс Қазақстан территориясына қоныстануының екінші толқыны басталады. Бұның нәтижесінде ғұндар Жоңғария мен шығыс ТяньШаньдағы гегоманияға жету мақсатында жеңіліске ұшырайды.
Б. з. 437 ж. Аттила басқаруымен ғұн әскерлері Бургун корольдығын жеңілісіке ұшыратады. Б. з. 448-451 жж. Аттиланың Шығыс және Батыс Рим империясына қарсы соғыстары жүріп, ал б. з. 452 ж. Солтүстік Италияға жорық жасайды.
Б. з. 453 ж. Ғұн империясы өзара ішкі қақатығысытар мен сыртқы соғыстардың нәтижесінде ыдырайды.
Шаруашылығы. Ғұндар негізінен көшпелі мал шаруашылығы, сонымен қатар отырықшылық пен егіншілік және аң аулау дамыды. Сонымен қатар ғұндар көршілерімен үнемі сауда-саттық жасап тұрған.
Қоғамдық құрылысы: Мемлекет басында шексіз билікке ие болған шаньюй тұрды. Оған түменбасы аталған князьдар (көбінде өзінің балалары мен інілері және туыстары) болды. Шаньюй мыңбасы, жүзбасы, онбасыын сайлады. Бұл лауазымдар ұрпақтан-ұрпаққа берілді. Ғұн қоғамы 24 руға бөлінді. Сонымен қатар құлдар, дәйекшілер, бақташы, кәсіпқой, малшы, егіншілер болып бөлінді. Малға әулеттік және жеке меншік болған.
Мәдениеті. Ғұндардың ең көркем дүниесі алтыннан, күмістен, қоладан, асыл тастардан жасаған көркем өнер үлгілері болып табылады. Сонымен қатар, алтынмен зерлеп тіккен әсем киімдері мен бас киімдерімен де ерекшеленеді. Ғұндарда қолөнер, металл, сүйек пен мүйіз, тас пен саз және ағашты өңдап пайдаланған.
Археологиялық ескерткіштер: Алтай төңірегі, Пазырық, Қотанды, Шибэ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz