Баға құрылымын жетілдіру түрлері жайлы мәлімет


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Баға құрылымын жетілдіру түрлері.

Тексерген: Тойкин С. Х

Дайындаған: Серікқанова А. Д

Семей

2015 жылы

Жоспар

1. Кіріспе

2. Баға ұғымы, маңызы, баға құрылымының негізгі ұғымы

3. Баға құрылымын жетілдіру әдістері мен түрлері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Баға және бағаны жасау нарықтық экономиканың өте маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Баға - күрделі экономикалық категория болып табылады. Баға негізінде тауарлар өндірісі. өткізілуі, олардың құнын анықтау мәселесі, ұлттық жалпы өнімді шығару, тарату және қолдану сияқты сұрақтарды шешеді.

Бағаның екі негізгі теориясы бар. Бірінші теория бойынша тауар бағасы оның құнын айқындайды . Негізін қалаушылар Вильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо. Олардың ойларынша тауар құны оны өңдіруге кеткен еңбек мөлшерімен анықталады. Бұл теорияның әрі қарай дамытқан К. Маркс болатын, оның ойынша тауардың құны және бағасы болады. Құн - қоғамға пайдалы еңбек шығындары. Әртүрлі тауарлар құндарының ара-қатысы оларға кеткен абстрактты еңбек мөлшерлерінің ара-қатысы болып табылады. Ал тауар бағасы осы тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол әртүрлі кездейсоқ нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.

Басқа теория бойынша тауар бағасы деп өндірістік қорларды ең тиімді пайдалану жағдайында болған ақшалай шығындар мөлшерін айтады. Яғни, бұл жағдайда тауар бағасы өңдірушінің шығындарын сипаттамай, сатып алушының осы тауардың пайдалылығын бағалау деңгейіне (сұраныс) тәуелді болады. Мұнда баға тауар құнынан «босатылады» және оның қажеті жоқ.

Қазіргі заманғы экономикалық теория осы екі теорияны біріктіруге тырысуда.

Қанша айтқанмен, тауарды өңдіруге және өткізуге кеткен шығындарды анықтау объективті қажеттілік ретінде қалды, өйткені кез келген фирма өзінің шығындарын қайтарып, қалыпты пайда алуға мәжбүр.

Тарифтер және сауда бойынша генеральды агентство қалыпты құнның анықтамасын келесі түрде береді: қалыпты құн деп сауда арқылы орны толтырылатын тауар пайда болған елдегі тауарға кеткен материалдар және жасау құны мен жалпы шығындар және қалыпты пайда мөлшерінің қосындысын атайды.

Баға ұғымы, маңызы, баға құрылымының негізгі ұғымы

Баға - тауар мен көрсетілетін қызмет бірлігі үшін төленетін немесе алынатын ақша (не өзге тауар мен қызмет) мөлшері. Тауар өндірісі мен ақша-тауар қатынасының пайда болып, дамуымен бірге Баға да пайда болды.

Баға құрылымы дегеніміз - бағаның, олардың құрылымының, деңгейлері мен арасалмақтарының қалыптасуы мен өзгеруі үдерісі. Экономиканы басқарудың аса маңызды құралдарының бірі. Қазіргі кезде отандық жоне әлемдік тәжірибені басшылыққа ала отырып, бағаның қалыптасуының негізгі үш әдісін бөліп көрсетуге болады, олар: шығын, сұраным мен бәсекеге бағдарланған әдістер. Шығынға бағдарланған тәсіл бағаны "шығын пайда қағидасы бойынша белгілеуді, сондай-ақ пайданың жалпы көлемін алу және залалсыздық арқылы белгілеуді көздейді. Әлемдік экономикада нақты заман талабына сәйкес Бағаның көптеген түрі қолданылады. Олар меншік түріне қарай мемлекеттік баға және еркін Баға: қоғамдық өндірістің жіктелуіне қарай өндіріс қоры Бағасы және тұтыну тауары бағасы; экономикалық айналым мен тауар қозғалысының сипатына қарай көтерме сауда бағасы және бөлшек сауда бағасы; транспорттық шығындарды келісе отырып бөлісуге байланысты өндіріс орнындағы баға және тұтыну орнындағы баға; қамтитын аумағына қарай әлемдік баға, аймақтық баға және жергілікті баға; статистикада қолдануына қарай базистік баға, ағымдағы баға, орташа баға, салыстырмалы Баға болып бөлінеді. Мемлекеттік баға - мемлекеттік органдар тарапынан белгіленетін баға. Оның екі түрі бар: кесімді және реттелетін бағалар.

  • Кесімді баға - мемлекеттің нақты көлемін бекіткен бағасы.
  • Реттелетін баға - мемлекет бекіткен ережеге сәйкес өзгеріп отыратын баға.

Нарықтық баға - сұраныс пен ұсыныстың қарым-қатынасына орай қалыптасқан орташа баға. Өндіріс қоры бағасы - өндіріс қоры құнының өзгерген мөлшері, ол тауар өндірісінің шығындары мен орташа пайдадан құралады.

Бағаның өзгеруіне әсер ететін факторлар:

Бағалардың төмендеуіне көмектесетін факторлар:

Өндірістің өсуі, техникалық прогресс, өндірістің және айналыстың шығындарын төмендету, еңбек өнімділігін өсіру, бәсеке, салықтарды төмендету, тура байланыстарды кеңейту.

Бағалардың өсуін тудыратын факторлар:

Өндірістің төмендеуі, экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, кәсіпорынның монополиясы, ажиотажды сұраныс, айналыстағы ақшаның өсімі, салықтардың өсуі, еңбек ақының өсуі, кәсіпорын пайдасының өсуі, тауар сапасының өсуі, модаға сәйкес болу, жұмыс күші құнының өсуі, кәсіпорында барлық қорларды дұрыс қолданбау.

Баға құрылымын жетілдіру әдістері мен түрлері

Орталықтандырылған экономикада өнім бағасы кейде өндірістің басталуына дейін анықталуы мүмкін, яғни баға негізінде шығындарды есептеу болатын.

Нарықтық баға жасаудың ең түбегейлі ерекше белгісі ретінде тауар бағасының өндірісте, тіпті кәсіпорында емес, өткізу өрісінде анықталатынын, яғни сұраныс пен ұсыныстың ықпалына тәуелді болатынын атау қажет. Тауар бағасы және оның пайдалылығы тек нарықта ғана тексеріледі және қалыптасады. Біздің елде, өкінішке орай әлі де болса, тауар бағасы негізінен кәсіпорын шығындарына қарай қалыптасады. Оның себебі ретінде біздің еліміздегі сұраныстың ұсыныстан әлдеқайда көп болуын және монополиялардың бар болуын атауға болады.

Нарықтық баға жасаудың келесі белгісі ретінде тауар бағасын оны өңдірген тұлға белгілейтінін атауға болады. Мемлекет тек шектелген тауар түрлеріне ғана бағаның жасалу процесіне реттеу жүргізе алады. Сонымен қатар, мемлекет баға жасаудың жалпыға бірдей ережелер мен қағидаларды іске қоса алады. Бірақ нақты тауар бағасын бәрібір кәсіпорынның өзі қояды. Сонымен, нарықтық баға жасау мемлекеттік баға реттеу жүйесімен өте икемді үйлесуі керек.

Нарықтық экономикада бағалардың динамикасына екі маңызды фактор әсер етеді: стратегиялық және тактикалық. Стратегиялық фактор - бағалар тауарлар құнының негізінде құрылады. Бағалар осы құнның төңірегінде тербеліс жасау мүмкін. Бұл өте күрделі және ұзақ уақытты процесс. Тактикалық фактор - бағалар нарық конънктурасына тәуелді өзгеру мүмкін. Осы екі факторды кез келген кәсіпорын жақсы меңгеріп білу қажет, әйтпесе қосымша шығындарға ұшырау мүмкін. Бірінші фактор өте жақсы ұйымдастырылған фирма, яғни шығындары ең аз кәсіпорын үшін тиімді. Екінші фактор нарық конъюнктурасын әрі тез және икемді қолдана алатын фирмалар үшін тиімді. Мұнда тыңғылықты дайындық және жоғары білікті кадрлардың маңызы зор. Ал ең көп пайданы осы екі факторды пайдалана алатын фирмалар алады.

Осы бағалардың динамикасына және нарық конъюнктурасына мемлекет те экономикалық тұрғыдан әсер ету қажет. Бізде бұл әсер әлі де дұрыс қалыптаспаған.

Ол үшін меншік түрлерінің алуан түрлілігін және заңның бәріне бірдей болуын қамтамасыз ету қажет. (жекешелендіру, мемлекет иелігінен алу мәселесі) . Бәсеке нәтижесінде нарықта тек шын мәнінде өндірісті дұрыс ұйымдастырып, шынайы кәсіби біліктілікті көрсете алатын шаруашылық субъектілердің қалуына негіз болады. Тіпті банкроттықтың өзі ел үшін тиімді бола алады.

Бәсекеде ұтысқа жетудің негізі ретінде икемді өндірісті жасау болып табылады, яғни жаңа қажеттіліктерге тез арада ауыса алатын, көп шығынсыз жаңа өнімді шығаруға бейімделген өндірістер.

Директивті баға жасау мен нарықтық баға жасаудың бәсекені өсіруге ықпалын қарастыру. Негізгі міндет келісімдік (еркін) баға жүйесіне ауысу. Ол үшін келесі шарттарды орындау қажет:

А) кәсіпорындардың іс жүзіндегі шаруашылық дербестігі

Б) тауарлардың дефицитін болдырмау

В) монополияларды жою

Г) экономиканы қайта құру, қару-жарақ өнеркәсібінің конверсиясы

Д) біріңғай экономикалық кеңістікті орнату

Е) тұтынушыларды және жабдықтаушыларды өз еркімен таңдау мүмкіндігі

Үлкен мәселе ретінде бағалардың және тауар құндарының территориальдық бөлінуін зерттеу болады, яғни аймақтық және бүкіл мемлекеттік нарықтарды үйлестіру мәселесі. Сонымен қатар, әлемдік бағалардың қозғалысын және үрдістерін зерттеу қажет.

Баға жасау процесінің негізгі кезеңдері:

а) Мақсат қою. Тауар шығару мақсатын, оның нарықтағы орнын анықтау қажет. Жалпы алғанда үш басты мақсат болады: фирманың қызметін сақтау; пайданы өсіру ; нарықтағы орнын сақтау .

б) Сұранысты анықтау (бағаның максимальды деңгейін көрсетеді) .

в) Шығындарды талдау (бағаның минимальды деңгейін көрсетеді)

г) Бәсекелестердің бағаларын талдау.

д) баға жасау әдісін таңдау

е) соңғы бағаны анықтау

Баға белгілеудің әсіресе кең таралған әдістеріне келесілер жатады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіптік кәсіпорынның бизнес-жоспарын жасау
Мектеп ақпараттық жүйесін құру
Кәсіпорында өнімдерді өткізу жөнінде мәлімет және өткізудің кәсіпорын жұмысына тигізетін әсері
Кітапханалық қызмет ету маркетингі
Аудиттің түрлері мен нұсқалары
Туристік фирма қызметінің анализі
Туристік бизнесті жоспарлау
Кәсіпорынның бизнес-жоспары
Жазба жұмысын жоспарлау
Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz