ҚР – да тұрғындарды жұмыспен қамту


Жоспар :
- ҚР - да тұрғындарды жұмыспен қамту.
- Еңбекпен қамтуды арттыру жолдары.
- Пайдаланылған әдебиеттер.
- ҚР - да тұрғындарды жұмыспен қамту.
Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметiнiң негiзгi әлеуметтiк басымдықтарының бiрiне жатады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзi, адами ресурстар әлеуетiн дамыту мен iске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмiр сүру сапасын жақсартудың басты құралы
Әлеуметтiк-экономикалық өзгеру барысында елде қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсендiлiгi мен жұмыспен қамтылу деңгейi тұрақты өсуде. Соңғы 10 жылда жұмыспен қамтылған халық саны 6698, 8 мыңнан 8141, 4 мың адамға артты, ал жұмыссыздық деңгейi 2001 жылғы 12, 8 %-дан 2010 жылдың соңында 5, 5 %-ға дейін төмендедi.
Жол картасы шеңберiнде жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң арнайы шараларын әзiрлеу және iске асыру әлемдiк қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерiне байланысты уақытша экономикалық қиындық жылдары да (2008 - 2010 жылдар) жұмыспен қамтудың жоғары деңгейiн сақтауға мүмкiндiк бердi.
Қазiргi уақытта жүзеге асырылып жатқан үдемелi индустриялық-инновациялық дамуға көшу, бiр жағынан, жұмыспен қамтудың одан әрi өсу мүмкiндiктерiн кеңейтедi, екiншi жағынан - еңбек нарығына жұмыс күшiнiң iшкi резервiн тартудың, еңбек ресурстарының сапасы мен экономикалық белсендiлiгiн арттырудың жаңа тәсiлдерiн әзiрлеудi және iске асыруды талап етедi.
Еңбек нарығындағы мемлекеттік саясат бүтіндей алғанда және халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау саласында «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңының 4 бабында айқындалған. Ол азаматтардың өнімді және еркін таңдалған еңбекке қол жеткізуіне бағытталып, мыналардан тұрады:
- Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға бiрдей мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етуге;
- Нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықты азайтуға, жұмыс орындарын ашуға;
- Бiлiм беру жүйесiн еңбек рыногының қажеттерiне және инвестициялық саясатты ескере отырып, оның даму перспективасына сай кадрлар даярлау iсiне бағдарлауға;
- Азаматтардың заңдарға сәйкес жүзеге асыратын еңбек және кәсiпкерлiк бастамаларын қолдауға, олардың өнiмдi және шығармашылық еңбекке қабiлетiн дамытуға жәрдемдесуге;
- Бар жұмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс орындарын, оның iшiнде нысаналы топтарға арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушiлердi ынталандыруға;
- Уәкiлеттi орган және жеке жұмыспен қамту агенттiгi арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға;
- Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты қызметтi лицензиялауға;
- Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу жолымен iшкi еңбек рыногын қорғауға;
- Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық iс-шараларды жергiлiктi атқарушы органдар қолданатын шаралармен ұштастыруға;
- Халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтi экономикалық және әлеуметтiк саясаттың басқа да бағыттарымен үйлестiруге;
- Еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;
- Мемлекеттiк органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн шараларды әзiрлеу мен iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiрiп, реттеп отыруға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
- Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi және шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қызметiне байланысты мәселелердi шешудi қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға;
- Жұмыс ерушiлер, қызметкерлер және қоғамдық ұйымдар өкiлдерiнiң мемлекеттiк жұмыспен қамту саясатын әзiрлеу мен iске асыруға қатысуын қамтамасыз етуге;
- Жұмыспен қамту саясатымен үйлестiрiлген, қосымша жұмыс орындарын ашу iсiн ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық және инвестиция саясатын жүргiзуге бағытталған
2. Еңбекпен қамтуды арттыру жолдары.
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің мынадай бағыттарын атауға болады: еңбек ресурстарын жұмыспен қамтудың санын арттыруды ынталандыру және мемлекеттік секторда жұмыс орындарының санын ұлғайту бойынша бағдарламалар; жұмыскерлерді даярлау және қайта даярлау бойынша бағдарламалар; жұмыскерлерді жалдауға қолдау көрсету бойынша бағдарламалар; жұмыссыздықты әлеуметтік сақтандыру бойынша бағдарламалар (жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар) . Жұмыссыздықтың өсуi, қызметкерлердiң одан әрi босатылуы, әсiресе өндiрiстiң экспортқа бағытталған салаларында болжанды. Құрылыс, сауда, көлiк және байланыс салаларында да жұмыс орындарының қысқару қаупi күтілді . Осындай жағдайда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi жұмыспен қамтуға, жұмыссыздықтың айтарлықтай өсуiне жол бермеуге, жұмыс орындарын сақтауға және жаңаларын құруға бағытталған арнайы Жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын (Жол картасын) әзiрледi.
Жол картасы шеңберiнде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарын (әлеуметтiк жұмыс орындары, жастар практикасы, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру) кеңiнен қолдану халықтың нысаналы топтары құрамындағы азаматтардың белсендiлiгiне ықпал еттi, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейi (4, 7 %) алғаш рет елдегi жұмыссыздықтың жалпы деңгейiнен төмен көрсеткiште белгiлендi.
Жол картасының негiзгi нәтижелерi: шамамен 9 мың жоба iске асырылды; 392 мың жұмыс орны құрылды; шамамен 150 мың адам даярлауға және қайта даярлауға жiберiлдi, олардың жартысына жуығы жұмысқа орналастырылды; 192 мыңнан астам адам әлеуметтiк жұмыс орындарына және жастар практикасы шеңберiндегi жұмыс орындарына орналастырылды. Дағдарыс жағдайында iске асырылған халықты жұмыспен қамтудың қысқа мерзiмдi стратегиясы - Жол картасы жұмыссыздық деңгейiнiң өсуiне жол бермеумен катар, оның деңгейiнiң 2009 жылғы екiншi тоқсандағы 6, 9 %-дан 2010 жылғы желтоқсанда 5, 5 %-ға дейін төмендеуiне қол жеткiзуге мүмкiндiк бердi.
Жұмыспен қамтудың өсуi халық табысының артуы мен кедейлiк деңгейiнiң төмендеуiне негiз болды. Табысы ең төмен күнкөрiс деңгейiнен аз халық үлесi 2001 жылғы 46, 7 %-дан 2006 жылғы 18, 2 %-ға және 2010 жылғы 6, 9 %-ға дейін азайды.
Әлемдiк практикада осы тектес проблемаларды шешу үшiн еңбек нарығындағы белсендi бағдарламалар (бұдан әрi - ЕНББ) қолданылады. ЕНББ еңбек ресурстарын дамыту (кәсiптiк даярлау және қайта даярлау), жұмыс күшiне деген сұранысты арттыру (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, қоғамдық жұмыстар), еңбек нарығын реттеудi жетiлдiру (жұмыспен қамту қызметтерiн құру, ақпараттық қолдау), еңбек күш-жiгерiн жандандыруды мемлекет жүзеге асыратын әлеуметтiк қолдау жүйесiмен үйлестiру («құқықтар мен мiндеттер» немесе «өзара мiндеттемелер» стратегиялары, бұл жағдайда мемлекет жұмыспен қамту және оқыту бойынша жоғары сапалы қызметтер көрсетуге мiндеттенедi, ал ЕНББ-ға қатысушы жұмысты қарқынды iздеудi жүзеге асыруға мiндеттенедi) арқылы жүзеге асырылады.
ЕНББ экономикалық тұрғыдан - жұмыспен нәтижелi қамту ықтималдығының артуын, еңбек өнiмдiлiгi мен жалақының өсуiн, әлеуметтiк тұрғыдан - жұмыссыздықтың төмендеуiн, еңбек белсендiлiгiнiң артуы мен адам әлеуетiнiң дамуын болжайды.
Бастапқыда мұндай бағдарламалар экономикалық күйзелiс кезінде және жұмыссыздық деңгейi жоғары кезде қолданылған, ал қазiргi уақытта -экономикасы өтпелі елдердегi өнеркәсiптiк қайта құрылымдаудың керi әсерiн жұмсарту және еңбек нарығынан барынша шалғай халықтың осал топтарын кiрiктiру үшiн қолданылады.
Осының негiзiнде қол жеткiзiлетiн оң нәтижелер ЕНББ әзiрлеудiң және қазақстандық еңбек нарығында да қолданудың өзектiлiгiн арттырып отыр. Жол картасын iске асыру барысында жинақталған еңбек нарығында туындайтын тәуекелдерді басқару тәжiрибесi бiздiң бұл тұрғыдағы мүмкiндiктерiмiздi арттыра түседi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz