Қабыршақ қанаттылар


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы

Мемлекеттік Университеті

БАӨЖ

Тақырыбы: Қабыршақ қанаттылар

Орындаған: Жанәділова А

Тобы: АГ-313 с

Курс: ІІI

Тексерген: Мухаметжанова О. Т

Семей 2015

Жоспар

1. Қабыршақ қанаттылардың эволюциясы

2. Таралуы

3. Сипаттама

4. Көбеюі

5. Қоректенуі

6. Жыртқыш аңдардан қорғау

7. Пайдаланылған әдебиеттер

Қабыршақ қанаттылар

Қабыршақ қанаттылар, көбелектер (гр. Lepidóptera , көне грекше: λεπίς, көне грекше: λεπίδος - қабыршақ және көне грекше:πτερόν - қанат) - жәндіктер класының бір отряды. Бунақденелілер отряды.
Көбелектер 140 000 жуық түрі белгілі Канаты мен денесі қабыршақпен қапталған Қабыршақ - түріөзгерген түкшелер Көбелектердің ауыз қуысы Көбелектердің ауыз қуысы аппараты - бізтұмсық немесе ұзын тұмсық деп аталады. Ауызының калыптасуына астыңғы жақ пен астыңғы ерін көмектеседі. Үстінгі жағы болмайды.

Эволюция

Бұлардың қазба қалдықтары бор кезеңінен белгілі.

Таралуы

Жер шарында кең тараған. Қабыршақ қанаттылырдың 200-ге жуық тұқымдасқа бірігетін 140 мыңдай түрі белгілі. Қазақстанда 3 мыңнан астам түрі кездеседі. Ең үлкен әлемдегі күндізгі көбелектердің бірі - құсқанат Александра, Жаңа гвинеяда кездесетін. Бұл кобелектердің салмағы 25 г және қанатының серпілісі 28 см асады. Ең үлкен түнгі көбелек ол - Бразилиядағы Аргипину түнгі көбелегі, қанатының серпілісі 30 см дейін жетеді. Еліміздегі ең ірі көбелектін бірі - желкенші Маака, Қиыр Шығысымызда көптеп кездеседі. Қанатының серпілісі 13 см. Әлемдегі ең кішкентай көбелек ол - Канар аралында тіршілік ететін Стигмелла радикулоза шіркейі. Қанатының серпілісі 2 мм. Біздің фаунамыздағы ең кішкентай көбелек ол - тісті шіркей. Қанатының серпілісі 6-15 мм. Шешім: Бунақденелілер - табиғаттың бір бөлігі, қоректену тізбегіндегі басты орынды алады. Бунақденелілер - гүлді өсімдіктерді тозаңдандырады. Бунақденелілер - ауыл және орман шаруашылығына зиян келтіреді, қауіпті ауруларды тасымалдаушы болып табылады. Құрт-құмырсқамен күресуде - химиялық, механикалық, биологиялық күресу амалы қолданылады.

Сипаттама

Екі жұп қанаттары болады, олардың беттерін ұлпа қабыршақ басып жатады (отрядтың аты осыған байланысты қойылған) . Бұл қабыршақтар көбелектің қанаттарын алуан түске құбылтып тұрады. Қабыршақтарының құрылысы, ондағы пигмент түсі әрбір түр, жүйеленімдік топта әр түрлі болады. Қанаттары бір-бірімен ілмек арқылы жалғасады. Қанатының түсі арқылы күндіз ұшатын көбелектер өз түріне жататын көбелектерді ажыратады, сондай-ақ қанатының түсі мен оның бетіндегі өрнегінің қорғаныштық та маңызы бар. Қабыршақ қанаттылырдың денесінің ұзындығы 3 - 8 мм-ден 200 - 300 мм-ге дейін ең ірісі - Оң түстік Америкалық қоңыр көбелек (жайған қанатының ұзындығы 30 см-дей), Еуропа көбелектерінен - емен көбелегінің қанаты 12 - 15 см. Аузы гүлдің шырынын соруға бейімделген, ұзын тұмсыққа айналған. Тыныштық күйде ол шиыршықталып оралып жатады. Кейбір түрлерінде мұндай тұмсық жетілмеген. Денесі бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Басында бір жұп фасетті көздері, көзшелері және иіс, дәм сезу қызметін атқаратын мұртшалары орналасқан. Бұлардың көру органы жақсы жетілген. Дәм сезу органдары тек аузында емес, кейде аяғында да болады. Кеудесінде үш жұп аяқтары және екі жұп қанаттары бар. Құрсағында 2 - 5 қос «жалған» аяқтары болады.

Көбеюі

Қабыршақ қанаттылыр түрленіп дамиды, яғни жұмыртқадан дернәсіл сатысына өтіп, одан қуыршаққа, қуыршақтан ересек түрге айналады. Қабыршақ қанаттылырдың дернәсілі - жұлдызқұрт. Қабыршақ қанаттылырға ғана тән ерекшелік - жұмыртқасының әр түрлі пішінді болуы.

Қоректенуі

Қабыршақ қанаттылыр өсімдіктің гүл шырынымен, жемістердің тәтті нәрімен, т. б. қоректенеді. Көбелек қоректенер кезде, ұзын тұмсығын бір қалыпқа келтіреді де, гүлдің түбіне дейін жеткізеді. Сол мезетте гүл шырынын өзіне сіңіреді. Көбелектердің көбеюі мен жетілуі күндізгі көбелектер. Күндіз белсенді. Ұзын қанаттары бар . Денесі дұрыс қалыптасқан, кеуде және құрсақ бөлімі жіңішке . Шарықтап жай ұшады . Мұртшалары қысқатектес . Түнгі көбелектер кешке жене түнгі уакытта белсенді қысқа қанаттары бар дене және құрсақ бөлімі жуан мұрттары әрқалай калыптасқан белсенді ұшады, жиі қанат серпілісімен жібек құрты. Жібек құрты қуыршаққа айналар алдында арнаулы бездері бөлетін жібек жіпше - піллә түзеді. Өндірістік жібек, негізінен, тұт ағашының қолдан өсірілетін (асыранды) құртынан және жабайы емен құртынан алынады. Асыранды жібек құрты барлық жібектің 90%-ын береді. Көп еңбек қажет ететіндіктен, жібек ең қымбат саналады

Жыртқыш аңдардан қорғау

Көптеген түрі кеште, түнде ұшады. Түнде ұшатын жоғары сатыдағы Қабыршаққанаттылырда есіту органы болатыны анықталған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабыршақ қанаттылар отряды саналуандылығы және Қазақстанда кездесетін түрлері
Қабыршақ қанаттылар отряды (Lepidоptera)
Қабыршақ қанаттылар немесе көбелектер отряды
Қабыршаққанатылар немесе көбелектер тобы - LEPIDOTERA
Көкөніс және бақша дақылдарының зиянкестері жайлы
Көпқоректі тура қанаттылар отрядына жататын бунақденелілердің түр құрамы
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері жайлы
Эволюция
Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері
Қабыршақ қанаттылар, көбелектер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz