Адам өміріндегі достықтың мәні



I . Достық.
II. Қазақ мақал.мәтелдерінің бір арнасы . достық.
III . Достықтың Құран.кәрімде сипатталуы.
IV. ҚОРЫТЫНДЫ.
I . Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болса , оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс.
Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ.
«Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. Күнделікті өмірде көңіліңе шапа­ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбы­лаң­ды тең ететін айналаңдағы доста­рың­ның басы бұзылмағаны қандай жақсы.
Парсы жазушысы Кабустың әйгілі «Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» – деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі, әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады». Және халықта «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар. Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті

СӨЖ №2
Тақырыбы: Адам өміріндегі достықтың мәні.

Орындаған: Жарылқасын А.Б
Топ: Т-441
Тексерген: Серикбаева Н.Б

Семей 2015 жыл
Жоспар:
I . Достық.
II. Қазақ мақал-мәтелдерінің бір арнасы - достық.
III . Достықтың Құран-кәрімде сипатталуы.
IV. ҚОРЫТЫНДЫ.
I . Достық - адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі - достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болса , оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс.
Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық - бірде бар, бірде жоқ.
Достық туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің Өмірлік данышпандықтың афоризмдері деген еңбегінде: Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз - досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды деген. Күнделікті өмірде көңіліңе шапа­ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбы­лаң­ды тең ететін айналаңдағы доста­рың­ның басы бұзылмағаны қандай жақсы.
Парсы жазушысы Кабустың әйгілі Қабуснама кітабында былай делінген екен: Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: Дос пен ағайынның қайсысы жақсы? - деп сұрапты. Данышпан Дос жақсы,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі, әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады. Және халықта Алтын берген - дос емес, ақыл берген - дос деген мақал бар. Достық - бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық.
Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Сенім мен жарқын көңіл - достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Күнделікті өмірде көңіліңе шапа­ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбы­лаң­ды тең ететін айналаңдағы доста­рың­ның басы бұзылмағаны қандай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия тарихындағы адам өміріндегі достықтың орны
Шынайы дос
Отбасындағы тәрбиенің кереметі - еңбекке баулу
Адам өміріндегі достықтың орны
Социологияның деңгейлері, құрылмы, санаттары, қызметі мен тәсілдері
Социология пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі
Социология пәні және оның нысаны
Ойлау ұғымына түсініктеме
Әлішер Науаидың, Омар Хайямның, Мақтымқұлының, Өтебойдақ Тілеуқабылұлының тәрбие тағылымдары
Отбасы басты құндылық ордасы
Пәндер