Корпорациялық табыс салығының қалыптасу тарихы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қалалық Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Корпорациялық табыс салығының қалыптасу тарихы
Топ: ГУ-307
Тексерген: Акишева Д. М.
Орындаған: Тұрсынғазин А. Ғ
Семей 2015
Қазақстан Рсспубликасында табыс салығы «Қазақ КСР азаматарынан, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалардан табыс салығы» тұралы Заңымен 1991 жылдан бастап енгізілді. Заңды тұлғалар табыс салығын 1994 жылдан бастап 2001 жыл аралығында төледі. 2002 жылдан бастап табыс салығы корпоративті табыс салығы деп аталатын болды.
Корпоративті табыс салығы мемлекетік бюджедтің кіріс бөлігі мен маңызды бабы болып табылады. Бұл салықтық реттеудің негізгі құралы. Өйткені кез-келген кәсіпкерлік кызметтің түпкі мақсаты пайда алу, яғни ол жылдық жиынтық табыстан барлық шегерімдер мен бюджетке төленетін салықтарды алып тастағанға тең. Корпоративті табыс салығындағы реттеушілік бастамасы, экономикалық және әлеуметтік тиімділікке жету мақсатында салық төлеушілерді әр түрлі жеңілдіктермен және санкциялармен манипуляциялау мүмкіндігінде корытылады.
Корпорациялық табыс салығының функциясы әр түрлі. Ол бюджеттің кіріс бөлігінің кайнар көзі, каржылық пропорциялардың және жалпылау процестерінің реттеушісі; экономикалық өсу ырғақтылығы; кәсіпкерлік қызметті экономикалық ынталандырудың тұтқасы; басқару құралы; шаруашылықтың экономикалық шарықтарын тузеудің нақты формасы болып табылады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері табыстарға салық салудың үш схемасын пайдаланды. 1991жылдан 1994 жылдың акпанына дейін Қазақстанда салық салу ретінде пайда және кірісі болды. 1995 жылдың шілдесінен бастап 2001 жылдың аяғына дейін салық салу субьектісі ретінде, салық салынатын табыстан табыс салығы енгізілді, ал 2002 жылдың қаңтарынан бастап салық салынатын табыстан корпоративтік табыс салығы алынды, осылайша, салық салу жүйесінде жаңа категория - корпоративтік табыс салығы пайда болды, бұл экономикасы дамыған елдердің тәжірибесімен тексерілді.
Корпоративті табыс салығы салынатын объектілер келесілер болып табылады:
- салық салынатын табыс, түзетулер есебімен әрекет ететін Салық Кодексімен карастырылған, жылдық жиынтық табыс пен шегерімдер арасындағы айырмашылық ретінде анықталады;
- төлем көздерінен салық салынатын табыс;
- Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы өз кызметін жүзеге асыратын резидент емес Заңды тұлғаның таза табысы.
Қазақстандық кәсіпорындарындағы салықтар:
- Тіркелген активтердің құнын анықтау ушін, негізгі құралдардың бастапкы құнына, оларды алуға, есептеуге, құрастыруға, орнатуға, сонымем қатар олардың құнын арттыруға кеткен шығындар қосылады.
- Құрастырушылар мен қатысушылар жарғылық капиталға өздернің негізгі құралдарын салым ретінде салғанда, аталған құралдардың бастапқы құны Қазақсған Республикасының азматтық Заңнамасына сәйкес анықталады.
- Негізгі құралдарды кайтарымсыз түрде алу барысында олардың бастапқы құнымен кабылдау - беру мәліметтері бойынша анықталады. Бірақ олардың құны нарықтық құннан жоғары болмауы тиіс.
- Магериалдық емес активтердің бастапқы құнына құрушылар мен қатысушылардың шығындарын қоса, оларды алуға және құруға кеткен шығындар жаткызылады.
Корпоративтік табыс салығы салықтық түсімдерде және мемлекеттік бюджет кірістерінде едәуір орын алады ( тиісінше 32, 7% және 23%-ға жуық (2008 ж) . Бұл салықты мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңи тұлға-резиденттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында кызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикадағы көздерден табыс алатын заңи тұлға-бейрезиденттер төлейді. Сондай - ақ Қазақстан Республикасында әрекет етіп тұрған «Салықтар мен бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер» тұралы Заңына сәйкес арнайы салық режимін қолданатын Заңды тұлғалар корпорациялық табыс салығын төлейді.
Жылдық жиынтық табыс әр түрлі көздерден алынған заңи тұлға-бейрезиденттердің жылдық табысы болып табылады.
Егер табыстардың бірнеше баптарында бір және сол табыстар көрсетілуі мүмкін болатын жағдайда, көрсетілген табыстар жылдық жиынтық табысқа тек бір рет кіріктіріледі. Алынған ЖЖТ түзетілуі, яғни салық төлеушілердің бұл табысынан белгілі бір сомалар алып тасталуы тиіс.
Салық салынатын табысты айқындау үшін түзетілген Жылдық жиынтық табыстан шегерімдер жүргізіледі.
Салықтық шегерімдер деп салық заңнамасына сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты салық төлеушінің шығыстарын айтады.
Салық заңнамасына сәйкес төлем көзінен ұсталатын табыстарға мыналар жатады: ұтыстар; бейрезиденттердің салық заңнамасына сәйкес айқындалатын, мұндай бейрезиденттердің тұрақты мекемесімен байланысы жоқ Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары; заңи тұлғаларға төленетін сыйақы. Төлем көзінен ұсталынатын салықтың сомасын салық агенті анықтайды.
Корпоративтік табыс салығының мынадай мөлшерлерде мөлшерлемелері белгіленген:
табыс көзінен салық салынбайтын табысқа - 20%; заңи тұлғалар - ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің табысына, егер мұндай табыс ауыл шаруашылығы өнімін, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің көрсетілген өнімді өңдеу және өткізу бойынша кызметін жүзеге асырудағы алынған болса- 10%; Салықтық кодекске сәйкес анықталатын бейрезиденттердің тұрақты мекемесімен байланысты емес төлем көзінен салық салынатын табыстарына 5%-дан - 20%-ға дейін:
- төменде көрсетілген табыстарды қоспағанда табыстарына - 20%;
- жеңілдікті салық салуы бар мемлекетте тіркелген тұлғаның табыстарына - 20%;
- тәуекелдерді сақтандыру (қайта сақтандыру) келісімшарттары бойынша сақтық сыйлықақыларына-10%;
- халықаралық тасымалдарда көлік кызметтерін көрсетуден түсетін табыстарына- 5%;
- кұн өсімінен түсетін табыстарға, дивидендтерге, сыйақыларға, роялтиге-15%;
Қазақстан Республикасында кызметін тұрақты мекеме аркылы жүзеге асыратын заңи тұлға-бейрезиденттің таза табысы корпоративтік табыс салығына қоса белгіленген тәртіппен - 15%.
Бейрезиденттердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын, осындай бейрезиденттердің тұрақты мекемесімен байланысты емес табыстарына жеке табыс салығының белгіленген мөлшерлемелері бойынша салық салынады.
Салық заңнамасында корпоративтік табыс салығы, жер салығы, мүлік салығы бойынша инвестициялық салық преференцияларын беру карастырылған. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде салық заңнамасына сәйкес оның есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады. Осындай көзделген салық сомасын кеміту корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеу кезінде де колданылады. Арнаулы экономикалық аймақтардың аумағында орналасқан және кызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша:
- жер салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффиценті;
- мүлік салығын есептеу кезінде салық салу объектілерінің жылдық орташа құнына 0 пайыздық мөлшерлеме колданылады.
Корпоративтік табыс салығына арналған салық кезеңі 1 каңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл болып табылады.
Корпоративтік табыс салығының төлеушісі орналасқан жері бойынша салық органына корпаративтік табыс салығы бойынша маглұмдаманы 31 наурыздан кешіктірмей табыс етеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz