Адам қызметін басқару және топтастыру жайлы



1. Басқару қызметі
2. Басқару функциялары
3. Лидерлік: басқару стилі мен менеджер имиджі
Басқару қызметі – мән-мағынасы бар қызмет, мақсаты – ұйымдастырудың нәтижелілігін арттыру. Иелік етудің жаңа шарттары, менеджерлердің білім деңгейін көтеру және жетілдіру басқару мәдениетінің дамуына түрткі болды.

Басқарудағы басты элемент – адам. Оның білімі, біліктілігі, тәжірибесінен басқару еңбегінің қызметін және өндірістің соңғы нәтижесін көруге болады. Өндіріс пен басқарманың мәдениет деңгейі басқару кадрларының даярлық деңгейіне байланысты болады. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік дамуы осымен тығыз байланысты. Өндірісті басқару мәдениеті мен өндіріс мәдениеті түрлі ұғымдар болып табылады.

Өндіріс мәдениеті – өндірістің техникалық-экономикалық деңгейіне қойылатын нормативтік талаптар жиынтығы, яғни жаңа техника мен технологияларды енгізу, кәсіпорынның барлық жерлеріне НОТ, еңбек пен тұрмыстың әлеуметтік жағдайларын жақсарту, эргономика, экология және қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау.

Қазіргі заман өндірісін басқару мәдениеті элементтерінің іріленген жиынтығына мыналар жатады:

1) басқару қызметкерлерінің жеке басының мәдениеті;

2) басқару үрдісі мен еңбек шарттарының мәдениеті;

3) құжаттармен және ақпараттармен жұмыс мәдениеті.

Барлық элементтер органикалық өзара байланыста болады, алайда соның ішіндегі бастысы - басқару аппараты қызметкерлерінің жеке мәдениеті.

Жеке бас мәдениетінің бірнеше сипаты болады: жұмыскердің жалпы мәдениеті; жеке адамгершілік-саяси және іскерлік қасиеттерінің болуы, экономика дамуының замануи талаптарына сай келеді, яғни басқару ғылымын және озат тәжірибесін білу, қазіргі заман техникасы мен технологиясын қолдана білу. Жұмыскерлердің жеке бас мәдениетінен басқару әдістерін тиімді меңгеру және белгілі бір қызметті табысты орындау үшін қажетті түрлі әлеуметтік қасиеттер кешенін байқауға болады.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Адам қызметін басқару және топтастыру.

Орындаған: Закиева А.А
Тексерген : Карипбаева Ш.Т

Семей 2015

Жоспар:

1. Басқару қызметі
2. Басқару функциялары
3. Лидерлік: басқару стилі мен менеджер имиджі

Басқару қызметінің мәдениеті

Басқару қызметі - мән-мағынасы бар қызмет, мақсаты - ұйымдастырудың нәтижелілігін арттыру. Иелік етудің жаңа шарттары, менеджерлердің білім деңгейін көтеру және жетілдіру басқару мәдениетінің дамуына түрткі болды.

Басқарудағы басты элемент - адам. Оның білімі, біліктілігі, тәжірибесінен басқару еңбегінің қызметін және өндірістің соңғы нәтижесін көруге болады. Өндіріс пен басқарманың мәдениет деңгейі басқару кадрларының даярлық деңгейіне байланысты болады. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік дамуы осымен тығыз байланысты. Өндірісті басқару мәдениеті мен өндіріс мәдениеті түрлі ұғымдар болып табылады.

Өндіріс мәдениеті - өндірістің техникалық-экономикалық деңгейіне қойылатын нормативтік талаптар жиынтығы, яғни жаңа техника мен технологияларды енгізу, кәсіпорынның барлық жерлеріне НОТ, еңбек пен тұрмыстың әлеуметтік жағдайларын жақсарту, эргономика, экология және қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау.

Қазіргі заман өндірісін басқару мәдениеті элементтерінің іріленген жиынтығына мыналар жатады:

1) басқару қызметкерлерінің жеке басының мәдениеті;

2) басқару үрдісі мен еңбек шарттарының мәдениеті;

3) құжаттармен және ақпараттармен жұмыс мәдениеті.

Барлық элементтер органикалық өзара байланыста болады, алайда соның ішіндегі бастысы - басқару аппараты қызметкерлерінің жеке мәдениеті.

Жеке бас мәдениетінің бірнеше сипаты болады: жұмыскердің жалпы мәдениеті; жеке адамгершілік-саяси және іскерлік қасиеттерінің болуы, экономика дамуының замануи талаптарына сай келеді, яғни басқару ғылымын және озат тәжірибесін білу, қазіргі заман техникасы мен технологиясын қолдана білу. Жұмыскерлердің жеке бас мәдениетінен басқару әдістерін тиімді меңгеру және белгілі бір қызметті табысты орындау үшін қажетті түрлі әлеуметтік қасиеттер кешенін байқауға болады.

Ұйымдастыру мәдениеті, жоғарыда айтып өткендей, жеке элементтерден тұрады. Бұл элементтер қызметінің материалдық жағын көрсететін субъективті, объективті болып келеді.

Субъективті элементтерге мыналар жатады:

1) ұйымдастырушылық құндылықтар (экономикалық, саяси, технологиялық, әлеуметтік және басқалар), атап айтқанда, кез келген үрдістер мен құбылыстардың адамдар үшін эмоционалды жағымды қасиеттері. Бұл Құндылықтар жүйесі мәдениеттің ішкі негізін қалыптастырады;

2) пәлсапа, яғни ұйым үщін ең маңызды не деген сауалға жауап беретін, сол арқылы өзін, өзінің міндетін көрсететін өзекті құндылықтар жүйесі, маңызды қызмет принциптері мен сапалы мақсаттар жиынтығы. Пәлсапа ұйым қызметінің басты бағыттарын, басшылық ету стилін, мотивация негізін, дауларды шешу тәртібін, персоналдардың өздерін ұстау ережесін шығарады;

3) салт, яғни белгілі бір уақытта, арнайы себеппен өткізілетін стандартты іс-шара, мысалы, зейнеткерлікке шығарып салу кеші;

4) рәсім, яғни СС ұйымының мүшелеріне психологиялық әсер ететін әрекеттер жиынтығы, оның мақсаты - ұйымға адалдығын нығайту, бірлігін арттыру, психологиялық жағымды жағдай жасау, қажетті құндылықтар мен сенімдерін қалыптастыру. Бірақ олар кейбір жағдайларда қара бастың қамына айналып кетеді;

5) Аңыздар мен мифтер, қажетті жерде және шартты белгі түрінде ұйым тарихының, мұраға қалған құндылықтардың, белгілі қайраткерлерінің портреттерінің сөзбен бейнеленген көрінісі;

6) әдет-ғұрып, бұрыннан және өзгеріссіз ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп келе жатқан адамдардың қызметі мен қарым-қатынастарын әлеуметтік реттеу формалары;

7) субъектілер нормалары ( әлеуметтік стандарттар, нақты мінез-құлық үлгілері) және мінез-құлық стилі (бір-бірімен, сыртқы ортамен қарым-қатынастары, басқару қызметін жүзеге асыру және т.б.);

8) ұрандар - үндеулер, ұйымның негізгі міндеттерін қысқаша түрде беру. Қазір ұран ретінде ұйымның миссиясы тұжырымдалады;

9) менталитет - ұйым мүшелерінің ойлау дағдысы, ол қызметкерлердің күнделікті мінез-құлқына және өз міндеттерін атқаруда үлкен әсері бар сана-сезімдерімен, дәстүрлермен, құндылықтармен анықталады.

Ұйымдастырушылық (корпоративтік) мәдениетінің мақсатты қалыптасуында (өзгеруі) мыналарды қолдануға болады:

- компанияның адами ресурстарын оның стратегияларын жүзеге асыру үшін тиімді пайдалану;

- компанияны басқару деңгейін көтеру;

- команда бірлігін нығайту;

- қызметкерлерді компания мақсаттарына жетуге бағыттайтын стратегиялық дәлелдеу факторларын пайдалану.

Ұйым мәдениетін құру ұйымның сыртқы ортасымен байланысты: тұтастай іскер орта және кейбір салалар, ұлттық мәдениет үлгілері.

Компанияның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық қонақ үй ісін ұйымдастырудың теориялық – әдістемелік негізі
Қонақ үйлік қызметтер
Қонақ үйлердегі қызмет көрсету сапасын ұйымдастыру
Қонақ үйдің шығу тарихы
Қонақ үй қызметінің жетілдірілуі, негізгі бағыттары
Машиналық оқыту алгоритмін құжаттарды топтау үшін қолдану
Тауар нарығын сегменттеу кезеңдері
Қазақ әдебиетін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Кәсіпорында бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
Мемлекеттің пайда болу сипаты
Пәндер