Шәкәрім мұрасы туралы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СРО
Тақырыбы: 1. Шәкәрім мұрасы Ә. Бөкейханов зерттеуінде.
2. "Әдебиет танытқыш" - ұлттық әдебиет туралы ғылымның алғашқы қарлығашы.
3. Шәкәрім шығармаларының текстологиясы
Тексерген: Еспенбетов. А. С
Орындаған: Серик. А
Топ: КЯ-313
Семей
Жоспар
- Шәкәрім мұрасы туралы
- Шәкәрім мұрасы Ә. Бөкейханов зерттеуінде.
- . "Әдебиет танытқыш" - ұлттық әдебиет туралы ғылымның алғашқы қарлығашым
- Шәкәрім шығармаларының текстологиясы
Жалпы әр қаламгердің өз қолтаңбасы, бүкіл шығармашылық табиғатына ортақ темірқазықтай нысана ойлары болуы заңды. Шәкәрімнің мұрасына тән ерекшеліктерді айтқан тұста, оның аудармашылық даралығын арнайы сөз еткен жөн сияқты. Себебі, Шәкәрім өзге әдебиеттің кез-келген шығармасын талғаусыз аударатын ақын емес.
Біріншіден, “Дубровский” романы мен “Боран” повесі қазақ ақынының жүрегіне етене жақын сезілген болу керек. Себебі, оларда баяндалатын оқиғалар да, солар арқылы берілетін идея да Шәкәрімнің өмірлік мұраттарымен үндес.
Екіншіден, орыс ақынының прозалық туындыларын Шәкәрім қазақ өлеңінің үлгісінде аударды. Мұның бірнеше себептері бар. Ең алдымен ескеретін жайт - прозаны өлеңмен аударуы, ең алдымен, Шәкәрімнің қара сөзге қабілетінің жетпегенінен емес. Оның көркем прозаға да қаламының жүйрік болғаны мәлім.
Шәкәрім ақынның шығармалары мен есімі 1988 жылғы ресми шешім қабылданғанға дейін көпшілікке беймәлім болып келді деуге келмейді. Ақынның өлеңдері мен мақалалары кезінде баспасөзде жарияланды, 1911 жылы Орынборда “Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі”, 1912 жылы Семейде “Жолсыз жаза яки кез болған іс”, “Қазақ айнасы”, “Қалқаман-Мамыр” жинақтары, 1924 жылы “Дубровский әңгімесі”, 1935 жылы “Ләйлә-Мәжнүн” кітаптары жарық көрді. Ақын өлеңдері 1959 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінде, 1978 жылы Ленинградта шыққан “Поэты Казахстана” жинағында басылды.
Ал Шәкәрімді зерттеу, оның жекелеген шығармалары туралы пікір айту кеше ғана басталған іс емес. Рас, соңғы жиырма жылдың көлемінде Шәкәрімнің мұрасы ғылыми тұрғыдан, монографиялық сипатта жан-жақты зерттеліп келеді. Дәл осы жылдары шәкәрімтану саласының іргесі бекіп, керегесі кеңи түсті десек болады. Бұл жылдары Шәкәрім шығармашылығы мектептер мен жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына енді.
Ал шындыққа жүгінер болсақ, бұл бағыттағы алғашқы қадамдар ақынның көзі тірісінде басталған. Шәкәрім шығармашылығы жөнінде алғаш пікір білдірген Әлихан Бөкейханов болды. Ол ақынның “Қалқаман-Мамыр” поэмасы жөніндегі пікірін 1915 жылы “Қазақ” газетінде жариялады.
Қазақ әдебиетінде шәкәрімтанудың негізін салып, ірге тасын қалаған алаш арыстары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов сияқты ойшыл қайраткерлері. Олар Шәкәрімнің Абайдан кейін қазақ поэзиясын жаңа сатыға көтеруші екендігін жан-жақты дәлелдеді. Ақынның поэзиясының ерекшеліктерін, дүниетанымының күрделілігін анықтады. Шәкәрім көтерген махаббат мәселесін оның дастандарының мысалында талдады. Мысалы, Әлихан Бөкейханов Шәкәрімнің адам, қоғам, Алла мәселелеріне ерекше назар аударғандығын сөзге тиек етед. Қазақ қоғамының салт-әлеуметтік мәселелеріне қатысты Шәкәрім пікірлерін қуаттайды. Ә. Бөкейханов “Түрік, қырғыз, қазақ hәм хандар шежіресіне”, “Қалқаман-Мамыр” поэмаларына жазған рецензияларында Шәкәрімнің творчестволық лабараториясына жоғары баға береді. /2/ Осы рецензияларды шәкәрімтанудың бастауы ретінде қарастыруға болады.
Әлихан Бөкейханов Шәкәрімнің “Қалқаман-Мамыр” дастанын талдап, сын да жазған. Бұл дастан 1912 жылы жазылып, 1914 жылдан бастап “Қазақ” газетінде жарық көрді.
Ә. Бөкейханов Қалқаман-Мамыр жанрын «тарихи хроника» деп анықтайды. Қалымгер пікірінше, оқиға өмірден алынған ел аузында жүріп, Шәкерімнің жырына арқау болған. Енедш, шарт- шығармада Қалқман-Мамыр заманындағы «қазақ жұртының салты, қазақ мінезі, қазақтың іс қылығы» көрінуі керек.
Әлихан көп бергеннен көп сұралады дей отырып аталған мәселе бойнша Шәкерімнің жақыннан қайырып ойдағыдай толымды қылып жазбағанын жанашырлықпен сынайды. Қаламгер Шәкерім жырының маңызын көкейкестілігін жоққа шығармайды бірақ, жалпы әдебиеттің келешек өрісі мен өрісі үшін елеулі ескертпелер жасайды. Бірінші ескертпе шығарма оқиға болып жатқан дәуірдің тынысын көрестуі керек. Кейіпкерлер сол жақтың ұғым, түсінігімен сөйлеуі қажет. Екінші, ескертпе шығармадағы оқиғалар дамуы ситуация бейнелер сипаты өмірге жақын болуы шарт. Әлиханмен сырлас, алашымен мұңдас Шәкерім қаржы әдебиеттегі көкейкісті мәселелерді қамтыған аталған мақалаға түсіністікпен қарады.
Бірден айту керек, «Әдебиет танытқыш» - Ахмет Байтұрсыновтың эстетикалық-философиялық танымын, әдебиетшілік көзқарасын, сыншылық келбетін толық танытатын жүйелі зерттеу, қазақ филологиясының орны ерекше зор, айтылған ойларының тереңдігі мен дәлдігі арқасында болашақта да қызмет ететін, ешқашан маңызын жоймайтын қымбат, асыл еңбек.
Оның «Әдебиет танытқыш» атты еңбегі-ұлттық әдебиеттанудың әлемдік ғылымдағы зерттеулерге-деңгейлес, әдеби ұғым түсініктердің тұңғыш рет ұлттық ұғымға лайықталған, арнайы «пән сөздері» жарияланған ғылыми зерттеу екенін айтады. Академик З. Қабдолов 1988-ші жылы ғалым есімі, ақталғаннан кейін, А. Байтұрсынұлының әдеби мұрасы хақында «Әдебиет танытқыш» - тұңғыш қазақы трактат, әдебиет теориясының басы» екенін, кітаптың қадірі мен қасиеті, тарихи мәні мен маңызы кешегі кеңес кезінде бұрмаланғанымен, әлем ғалымдары арасын-да ғылыми тұрғыдан мойындалған ғылыми зерттеу еңбек екендігін ашып жазды, бүгінгі таныммен талдап таратты . Академик Р. Нұрғали «Күлтегін» баспасынан жарық көрген өзінің «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» атты зерттеу-еңбегінде «Әдебиет танытқыштың» қазір Алматыда сақталған кітаптарының соңғы беттері жыртылғандықтан, еңбектің тексті түгел берілмей отыр.
Зейін салған кісі, аңғарса керек, А. Байтұрсынов былай дейді: «ұстасу шығармалар қайраткердің түріне қарай үшке бөлінеді: 1) әлектеніс; 2) азаптаныс; 3) әуреленіс. Осылардың біріншісі - әлектеніс пен үшіншісі әуреленіс тал-данады, ал екіншісі - азаптаныс жоқ. Сондықтан сақталған кітап бойынша болашақта «Әдебиет танытқыштың" толық текстін табу міндеті тұр, тағы бір мәселе әр түрлі жанрлық формаларды талдап болғаннан кейін А. Байтұрсынов әр жерде бұларды нұсқалықтың пәленше нөмірлерінен қара деп ескертеді. Ендеше „Әдебиет танытқыш“ оқулық, оның хрестоматиясы - нұсқалығы да болған ғой. Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны Қысқасы, Ахмет Байтұрсыновтың ұлы еңбегі „Әдебиет танытқыш“ төңірегінде әлі-де көп зерттеулер жүргізу керек» деген толғақты ойын әдебиеттанушы ғалымдарға арнайды
Шындығында, қазақ әдебиеттану ғылымына негіз болған бұл зерттеу еңбектің келешекте арнайы кешенді түрде зерттейтін өзекті тақырып. Еңбектегі әдеби терминдер бұл күні әдбен халықаралық терминдерге бой алдырған әдебиеттану ғылымының сөздік қорын қазақыландыруға септігі тиер еді. Академик Р. Нұрғалиұлы: «„Әдебиет танытқыш“ әдебиеттанудың әлемдік терминологиялық стандарт-деңгейіне көтеріліп, шет сөзді араластырмай, қонымды, ықшамды, бір-бірімен сабақтас, ұйқас, ұялас ұғымдардың тұтас ұлттық қазақы жүйесін жасап берді.
«Әдебиет танытқыш» туралы, ондағы атаулар мен терминдердің қазақ әдебиетінің барлық ұғым-түсінігіне сай келетінін айтып, зерттеуші: «Мұндай еңбек бізде бұған дейін-де, бұдан кейін-де қайталанған жоқ. Ол - әдебиет теориясы мен әдебиеттану ғылымының міндет-парызын қатар атқарып, біздің алдыңғы, ағаларымыздың эстетикалық сауатын ашуға мұрындық болған жүйелі оқулық. Ондағы анықтамалар мен терминдердің өзі күні бүгінге шейін біздің ғылыми арсеналымыздан орын алатын құнды қағидалар мен атаулар. Көркемдік әлеміндегі сөз өнерінің сай-саласын ұғындыратын „Әдебиет танытқыш“- қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаған өміршең қондырғы-фундамент» деген қорытындыға келеді
“Әдебиет танытқыштағы” қазақ әдебиетінің өзіне тән жанрлық формаларын топтап, жіктеп берудегі ғалым даналығына таң қаласың. Эпосты - әуезе, лириканы - толғау, драманы - айтыс деп бір қайтарып алып, сала-салаға жіктеп әкетеді; шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме, тарихи әңгіме, саясат шешен сөз, билік шешен сөз, қошемет шешен сөз, білімір шешен сөз, уағыз, көсемсөз (публицистика) . Ауыз әдебиеті түрлері былай жіктеледі: ертегі, аңыз-әңгіме, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, бас қатырғыш - бұлар бір топ. Батырлар жыры, тарихи жыр, айтыс өлең, үгіт өлең, толғау, терме - бұлар екінші топ. Мысал, ділмар сөз (афоризм), тақпақ, мақал, мәтел - бұлар үшінші топ. Тойбастар, жар-жар, неке қияр, беташар, жоқтау, жарапазан, бата - бұлар төртінші топ. Жын шақыру, құрт шақыру, дерт көшіру, бесік жыр - бұлар бесінші топ. Сан алуан фольклорлық шығармаларды топтап, саралауға мүмкіндік беретін сауықтама, зауықтама, сарындама, салттама, ғұрыптама, қалыптама деген терминдер қазіргі ұғымымызға өзі сұранып тұр.
Ахмет Байтұрсыновтың әдеби-ғылыми мұрасының ішіндегі ең көлемді және айрықша тиянақталған тұжырымды еңбегі - “Әдебиет танытқыш”. Шолу ретінде, атүсті айтылғанмен, бұл еңбек дәлді зерттеліп, әділ бағасын әлі алған жоқ.
Текстология (мәтінтану) - қазақ әдебиетін зерттейтін ғылымда кенже қалып келе жатқан сала. Мәтінмен шұғылдану тонналаған руданың ішінен бірнеше грамм алтын іздейтін
кеншілердің жанкешті еңбегін еске түсіреді.
Шәкәрім Құдайбердіұлы қолжазбаларының аумалы-төкпелі заманда өртеніп, жоғалып мұрагер ұрпақтың қолына
тимеуі трагедияның үлкені. Төңкеріс заманы, одан бергі саяси қуғын, жаппай қырғын, репрессия Шәкәрім мұрасын сақтауға мүмкіндік бермеді. Бұл - мәтінтанудағы, әсіресе Шәкәрім
мұрасын жариялаудағы басты кедергі, ойсыраған олқылық. Қолжазба мұраларының бүгінгі күнге жетпеуі жүйелі, тиянақты
ізденістерге қолбайлау болып келе жатқандығы мәтінтанудың көсегесі көгермеуіне басты себеп. Олай дейтініміз, мәтінтану үнемі қағаберіс қалуда.
Шәкәрім текстологиясын сөз етуде алдымен назар аударатын мәселелеріміз. Бірінші Ш. Құдайбердіұлының көзі тірісінде жарық көрген кітаптары: «Мұсылмандық кітабы», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Жолсыз жаза», «Қазақ айнасы», «Қалқаман- Мамыр», «Дубровский». Сондай-ақ көзі тірісінде газет-журналдарда шыққан туындылары.
Ақын қолжазбаларынан бізге жеткені С. Мұқановқа жолданған хаты және фотосуреті сыртындағы жазу. Басқасы жойылған, өртелген, қолды болған. Шәкәрім қолжазбалары Қытайдағы
қандастарымыздың қолында болуы ғажап емес.
Зият Шәкәрімұлы Қытайға өткенде өзімен бірге әкесінің қолжазбаларын ала кеткен.
Шәкәрім текстологиясын зерттеу объектісіне айналдырғанда төмендегі ойларды назарда ұстаған жөн. Қандай да болмасын
қаламгердің мұрасын тану мәтінтанудан басталмақ керек. Неге десеңіз бір қаріптің өзгеруі шығарманың көркемдік құны мен айтпақ ойына, образдар жүйесіне зор нұқсан келтіруі
әбден мүмкін.
Мәтіннің бұзылуы, жариялаудағы ұқыпсыздық қауіп-қатердің орасан зоры екендігін ұққан айқын.
Шаһкәрімнің өзін сөйлетейік: «Қазақ тілі» газетінің басқармасына өтініш. Төменгі сөзіме газетіңізден орын берсеңіз
екен.
Баяғы түріктің атақты ақыны (поэт) Физули өлеңінің басында айтқан: «А, құдай! Менің өлеңімді үш түрлі антұрғаннан сақта.
Бірінші, әннің ретін білмейтін кісіден сақта, себебі ондай кісіге айтқан жақсы өлең де жаман көрініп байыбына бара алмайды.
Екінші, күншілден сақта, оның себебі жақсы өлеңімді жамандап, теріс мағыналап, халықтың жүрегіне азғыру салады. Үшінші, қате жазушыдан сақта, оның себебі менің «көз» деп жазғанымды «көр» деп жазып, ашық көзімді соқыр көрсетеді», -
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz