Экология ғылымының шығу тарихы


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым минмстірлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: 1) Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері.
2) Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы.
3) Қоршаған ортаны құрумен айналысатын халықаралық ұйымдар.
Тексерген: Мурзалимова А. К
Орындаған: Баукенова А. Е
Тобы: КЯ-517
СЕМЕЙ 2015ж
1) Экологияның шығу тарихы. Қалыптасу кезеңдері
2) Экология ғылымының құрылымы
3) Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын ұйымдар
Экологияның шығу тарихы. Қалыптасу кезеңдері
Тіршілк - бізді қоршаған ортадағы ең күрделі құбылыс. Оны көптеген ғылым салалары зерттейді. Биологиядан басқа ғылымдардың (механиканың, оптиканың, коллоидты химияның физикалық географияның және т. б) жетістіктері тіршілікті түсінуге өз септігін тигізеді. Табигпт туралы мұндай көп жақты білімдер жүйесінде экологияның алар өз орыны бар. Өйткені эколгия ғылымы биологиялық объектілердің бір -бірімен және орта жаңдайларымен байланысын қарастырады. Экология (грекше oikos -үй, баспана, logos -ғылым, ілім) -ТІРІ Организимдермен қоршаған ортаның ара қатыгнасын, бір-бірімен өзара байланысын зерттейтін ғылым. Экология жеке ғылым ретінде 19ғасырдың 2жартысында бастап қалыптаса бастағанымен, қоршаған ортаны танып білуге деген құштарлық сонау адамзат дамуы кезінен басталды деуге болады. Алғашқы қауымдастық қоғамның өзінде-ақ адамдар өздерімен бірге қатар өмір сүріп келе жатқан аңдардың қарсылығына тап келгені белгілі. Оларды адамдар жеке -жеке емес бірлесіп қауымдасып аулағанда ғана жене алатындығына, сөйтіп өздеріне азық етулеріне болатындығына көздер жетті. Осылай қандай анды, қандай уақытта, қандай жерде қолдарына түсіре алатындығын түсіне бастады олардың бұл әрекеттерін біз бүгінде тас бетіне түсірілген және архмиологиялық қазба жұмыстарының жүргізу барысында тастан, ағаштан, т. б жасаған қаруларын табу арқылы көзімізді жеткізіп отырмыз. Сондай -ақ мұндай деректер ежелгі Египет, Үнді, Қытай т. б мәдениет ескерткіштерінде қол жазбаларында сақталғаны мәлім.
Қоршаған орта туралы мәліметтер ежелден келе жатқан халықтардың эпикалық шығармаларында да кездеседі. Мысалы үлкендердің «Махабхарат» жырында ( б. з. д 6-4 ғасырлар) табиғаттың дүлей күштері - су тасқыны мен жер сілкінісі туралы деректер келтіліп 50-ден астам жан-жануардың аттары аталып олардың тіршілік етуі сипатталады. Тіпті кейбіреулерінің санының артуы және кемуі туралы мәліметтер де келтірілген. Орта ғасырлар дәуірінде табиғатты зерттеу жөнінде жұмыстар жүргізу біршама тоқырап қалды. Бұл кезде құдайға құлшылық етуге баса назар аударылғандықтан, жаратушыға қарсы шығуға, ол туралы өздерінің ой-пікірлерін білдіруге көпшіліктің батылы жете бермеді. Жалпы қоршаған орта мен тіршілік нелерінің байланысы бар екендігін ещкім ашып айта алмады. Барлық нәрсе «тек құдайдың жаратушылық құдыретімен жасалған» деген ұғым көптеген көзі ашық, көкірегі ояу адамдардың өзінің «қол-аяғын байлап» тастаған болатын. Басқаша ой ойлау, өзге идеяны насихаттау былай тұрсын, тіпті ежелгі философ ғалымдардың еңбектерін оқығаны үшін кейбір адамдарды тірідей отқа өртеудің көптен орын алғаны белгілі.
Қалыптасу кезеңдері
Бірінші кезеңде - экология ғылымы туралы деректер жеке организмдерге сипаттама беру арқылы жинақтала бастады. Бұл кезең адамның пайда болған күнінен бастап XIX ғасырдың 60-жылдарына дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Алғашқы экологиялық түсініктер, ұғымдар мен тұжырымдар кез келген халықтың аңыз-әңгімелерінде, мақал-мәтелдерінде және басқа да ауыз әдебиет үлгілерінде жиі кездеседі. Мысалы, халқымыздың "құндыз - суда, құлан - қырда" деген мәтелі әрбір жануардың тіршілік ортасын нақты аңғартып тұр. Ал "Жылқының жауы - бөгелек, жыланның жауы - дегелек" деген мақал жануарлар арасындағы қоректік тізбекке нақты дәлел бола алады. Экология ғылымы туралы кейбір ұғымдар мен түсініктер өте ерте кездерден басталды. Бастапқы экологиялық көзқарастар, негізінен, ботаника және зоология ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде калыптасты. Организмдердің тіршілік етуі өздері тіршілік ететін табиғи орта жағдайларымен тығыз байланысты болатындығы ертедегі ойшыл ғалымдар Эмпедоклдің (б. з. д. 490-430 жж. ), Теофрасттың(б. з. д. 372-287 жж. ), Аристотельдің (б. з. д. 384-322 жж. ) еңбектерінде атап көрсетілген. Орта ғасырлардағы өндіріс деңгейінің нашар дамуы және діни көзқарастардың кеңінен таралуы биология ғылымдарының дамуына едәуір кедергі болды. Дегенмен де Разес (865-925 жж. ), Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж. ), Әбу Әли ибн Сина (Авиценна, 980-1037 жж. ) және т. б. ғалымдардың еңбектерінде табиғат жайлы нақты ғылыми деректер кездеседі. Осындай ғылыми еңбектердің арқасында алғаш рет тірі организмдер мен орта жағдайларының өзара қарым-қатынасы туралы нақты деректер жинақталып, ғылыми қорытындылар жасала бастады. Қайта өрлеу дәуірінде табиғат туралы зерттеулерге қызығушылық арта түсті. Ботаника және зоология, т. б. ғылым салаларында нақты ғылыми мәліметтер жинақталып, басқа да жаңа ғылым салалары қалыптаса бастады. Көптеген саяхатшылардың жаңа жерлерді ашуына сәйкес сол аумақтардың өсімдіктері мен жануарлары туралы ғылыми еңбектер жарық көрді. Голланд ғалымы Антони ван Левенгуктің (1632-1723 жж. ) микроскопты жасап шығаруы арқылы бұрын белгісіз болып келген ұсақ организмдер жайлы жаңалықтар жарияланды.
Екінші кезеңде - экология ғылымы өз алдына жеке ғылым саласы болып қалыптасты. Бұл кезең XIX ғасырдың 60-жылдары мен XX ғасырдың 50-жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде орыс ғалымдары К. Ф. Рулье (1814-1858 жж. ), Н. А. Северцов (1827-1885 жж. ) және В. В. Докучаев (1846-1903 жж. ) еңбектерінде алғаш рет көптеген экологиялық ұғымдар мен қағидаларга ғылыми тұрғыдан дәлелді қорытындылар жасалды. К. Ф. Рулье органикалық дүниенің дамуы үнемі өзгеріп тұратын орта жағдайларының әсерлеріне тікелей байланысты деп қорытынды жасады. Сонымен катар ол жануарлар экологиясы ғылымының негізін салды. Н. А. Северцов 1855жылы "Воронеж губерниясындағы аңдардың, құстардың, қосмекенділер мен жорғалаушылардың тіршілігіндегі маусымдық құбылыстар" деген еңбегін жариялады. Бұл еңбек сол кездегі зоология ғылымындағы жан-жақты жүргізілген теңдесі жоқ экологиялық зерттеу деп бағаланды. Топырақтану ғылымының негізін салған В. В. Докучаевтың табиғат белдемдері жайлы ілімі экология ғылымының дамуына зор ықпал етті. Ғалым өз еңбектерінде өсімдіктер мен топырақ арасында болатын өзара қарым-қатынастарға жан-жақты талдау жасады. Экология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин (1809-1882 жж. ) болды. Оның "тіршілік үшін күрес" және "табиғи сұрыпталу" туралы түйінді тұжырымдары тікелей тірі организмдердің өзара және олардың орта жағдайларымен байланыстарына негізделді. Неміс ғалымы Эрнст Геккель алғаш рет экологияны өз алдына жеке ғылым саласы деп, оған ғылыми анықтама берді. Сондықтан да Э. Геккель экология ғылымының негізін салған ғалым деп өте орынды аталады. XX ғасырдың 30-40-жылдарында табиғат жүйелерінде болатын өзара байланыстарды зерттеу жоғары сатыға көтерілді. Ағылшын ғалымы Артур Тенсли (1871-1955 жж. ) 1935 жылы "экожүйе" ал орыс ғалымы В. Н. Сукачев (1880-1967 жж. ) 1940 жылы "биогеоценоз" туралы ұғымдарға ғылыми нақты түсініктемелер берді. Атақты орыс ғалымы В. И. Вернадскийдің (1864-1945 жж. ) дүние жүзі ғалымдары мойындаған биосфера туралы ілімі қазіргі экология ғылымының ғылыми теориялық негізі болып есептелінеді.
Үшінші кезең - XX ғасырдың 50-жылдарынан басталып қазіргі уакытқа дейінгі аралықты қамтиды. бұл кезеңде экология ғылымы өз алдына көптеген жаңа салалар мен бағыттарға бөлінді. Сонымен бірге экология жаратылыстану және қоғамтану ғылымдарының басын қосып отырған кешенді ғылымға айналды.
Экология ғылымының құрылымы
Экология ғылымы -күрделі де көп қырлы. Қазіргі танда экология ғылымын көп салалы ғылымдар жүйесі деп қарастыруға болады. Мұнда шартты түрде бірнеше үлкен бағыттарды. Биоэкология ( жалпы экология) , геоэкология, қолданбалы экология, адам экологиясы, әлеуметтік экология деп ерекшелеуге болады. Қазіргі кезде экология ғылымы-жаратылысстану, техникалық және қоғамдық құбылыстарды біріктіретін пәнаралық білім. Сондықтан экологияның барлық бағыттарының іргетасы негізінде биоэкология идеялары жатыр.
Биологиялық жүйелерді зерттеу бойынша биоэкология:
-аутэкология (особътаржәне организмдер экологиясы;
-демэкология ( популяциялар экологиясы) ;
-эйдэкология (түрлер экологиясы) ;
-синэкология ( қауымдастықтар экологиясы) ;
-ғаламдық экология ( биосфера экологиясы) болып бөлінеді.
Жалпы экология ( экзоэкология) - тірі материяның жоғары: организм, популяция, түр, биоценоз, биогеоценоз, биосфера деңгейлерін зерттейді.
Геоэкология ( грекше geo- жер) -географиялық ( табиғи -территориялық кешендер, геожүйелер), биологиялық (биоценоз, биогеоценоз, экожүйе) және әлеуметтік -өндірістік жүйелердің қарым-қатынастары туралы ғылым.
Әлеуметтік экология- қоғам-табиғат жүйесіндегі қарым-қатынастарды, қоршаған ортаның қоғамға әсерін зерттейді. Адам социум ретінде қарастырылатын болғандықтан, әлеуметтік экология пәні-әлеуметтік статусына, еңбек түріне, жасына байланысты адамдардың ірі топтарын біріктіреді.
1974 жылы американдық биолог Барри Коммонер биоэкология мен әлеуметтік экология ережелерін толықтыра келіп экологияның негізгі төрт заңын тұжырымдады:
- Табиғатта барлығы бір-бірімен байланысты.
- Түбінде бәрі жоғалуы тиіс.
- Табиғат жақсы біледі.
- Ештеңе тектен-тек келмейді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz